Интернет - банкинг
Презентация қосу
Нурбанк
Интернет-
банкинг
Жеке тұлға Заңды тұлға
«Open24/
«CORREQTS»
Nurbank24»
Интернет-Банкинг
Жеке тұлғаларға
«Open24/Nurbank24» Интернет-банкинг жүйесі
қашықтан банктік қызмет көрсету – Интернет
арқылы шоттарды алыстан басқарудың арнайы
жүйесі, соның арқасында Сіз, ешкімнің көменгінсіз
көптеген банктік операцияларды атқара аласыз және
Интернетке қосылған компьютер бар жерден өзіңізге
қажетті барлық ақпарат ала аласыз.
«Open24/Nurbank24» Интернет-банкингтің мүмкіндіктері:
Баланс және шоттар мен депозиттердің жағдайы туралы анықтамалы
ақпарат алу.
Банктің бөлімдеріндегіге қарағанда, азат деректемелерге, тиімдірек
тарифтармен қаражат аудару.
Қызметтер, соның ішінде ұялы байланыс, коммуналдық, Интернет-
провайдер қызметтері үшін төлем жасау ыңғайлы.
Салықтар, айыппұлдар бюджетке төленуі тиіс басқа да төлемдерді
төлеу.
Барлық депозиттерді толықтыру.
Мерзімді төлемдерге арналған өз үлгіңізді пайдалану.
Интернет арқылы әлемнің кез келген жерінен төлем жасау.
Тауарлар, соның ішінде Интернет-дүкеннен алынған тауарлар үшін
шоттарға қаражат аудару.
Пластик карталардың шотынан ақша қаражатын алу/толықтыру.
Осы уақыт режимінде шотқа түскен төлемдер туралы ақпарат алу.
Тегін және рұқсатсыз кіруден қорғалған сервис.
«Open24/Nurbank24» Интернет-банкингтің артықшылықтары:
Уақыт пен ресурстарды үнемдеу
Жүйе белгілі бір жерге немесе нақты бір копьютерге тәуелді болмайды. Бұдан былай
Сіз Банкке, офистегі немесе үйдегі компьютерге тәуелді емессіз, жер шарының кез
келген нүктесінен, кез келген уақытта өз шоттарыңызда жұмыс істей бересіз.
Банктік интернет-қызмет клиенттер үшін ғана ыңғайлы емес, оның арқасында банк
клиенттерге жоғарғы дәрежеде қызмет көрсетуі үшін кейбір филиалдарын 24 сағат
бойына ашық ұстау қажет деген мәселеден құтылады.
Ыңғайлылығы
Клиент банкке келместен, кез келген уақытта өзінің банктік шоттарын өзі басқаруына
мүмкіндік алады.
Ағымдағы немесе карта шотынан басқа ағымдағы, карта немесе депозит шоттарына
банкішілік және банктер аралық аударма операцияларын жасауға болады. Өз шотыңа
да, басқа да жеке және заңды тұлғалардың шоттарына ақша аударуға болады.
Банкке бармай-ақ, кредит бойынша берешекті төлей аласыз.
Әлемнің кез келген жерінен, кез келген компьютерден жұмыс істеу мүмкіндігі.
Қауіпсіздік
Жасалған операциялар туралы ақпаратты жоғалып кету тәуекелін азайту: барлық
мәліметтер банктің серверінде сақталады.
«Open24/Nurbank24» Интернет-банкингі Сіздің компьютер мен Банк арасында сенімді,
қорғалған байланыс орнатуға мүмкіндік беретін SSL (Secure Sockets Layer) қауіпсіз
қосылудың арнайы хаттамасымен қорғалып, ақпараттарды алып қою істерінің жолын
мүлдем кесіп тастады.
«Open24/Nurbank24» Интернет-банкингінде жұмыс істеген кезде, Mobipass сеанс кілті
генерациясының технологиясы қолданылады.
«Open24/Nurbank24» Интернет-банкингте жұмыс істеу үшін
төмендегілер қажет:
Клиенттің осы кездегі немесе келешектегі клиенті болуы.
Банктің кез келген Бөлімінде Банк пен клиент арасындағы
«Open24/Nurbank24» жүйесіне қосылу туралы келісімшарт жасауы.
Төлем карточкасы немесе Банкте ағымдағы шоттың болуы осы қызметтің
көрсетілуіне қажетті міндетті шарттардың бірі.
«Open24/Nurbank24» Интернет-банкинг қызметін қалай қосуға болады:
«Нұрбанк» АҚ-ның VISA немесе MasterCard банктік картасын алыңыз.
Жеке басыңызды куәландыратын құжатыңызды алып, Банктің кез келген
бөліміне келіңіз де, «Open24/Nurbank24» сервисіне қосылуды рәсімдеңіз.
Онлайн түрінде шотқа кіру мүмкіндігіңіз болса, қарапайым банктік
операциялар жүргізу үшін банктің офисіне барудың қажеті жоқ, яғни
кезекке тұрып, түбіртек толтырып, уақыт жоғалтпайсыз.
«Open24/Nurbank24» Интернет-банкингтегі барлық операцияларды үйдегі
компьютерден, ал егер сапарда жүрсеңіз, ноутбуктен немесе үнемі
қолыңызда жүретін ұялы телефоннан жасай аласыз. Интернет-банкинг
клиенттер үшін тәулігіне 24 сағатқа, аптасына жеті күнде қол жетімді.
Интернет-банкинг жүйесі жеке қаржыларды басқару кезінде жоғарғы
дәрежелі құпиялықты ұсынады. Жүйеге кіру үшін пайдаланушының ерекше
логині мен құпиясөзін енгізу қажет.
«Open24/Nurbank24» жеке тұлғаларға арналған
Интернет-банкинг жүйесі бойынша жиі
қойылатын сұрақтар
1. «Open24/Nurbank24» Интернет-банкинг жүйесіне қалай
қосылуға болады?
«Интернет-Банкинг» жүйесіне қосылу үшін сіз Банктің кез
келген бөлімшесіне жүгінсеңіз болады. Қолыңызда жеке
басыңызды куәландыратын құжатыңыз болсын.
2. Интернет-банкинг жүйесіне сенімхат арқылы қосылуға
бола ма?
Жоқ. Интернет-банкинг жүйесіне қосылу үшін Клиенттің өзі
жүгінуі тиіс.
3. Мен Интернет-банкинг жүйесіне тек өз компьютерімнен
ғана емес, сондай-ақ басқа компьютерлерден кіре аламын ба?
Сіз жүйеге Интернет желісіне қосылған кез келген
компьютерден кіре аласыз. Жүйеге қонақ жұмыс орындарынан
(интернет-кафелер, көпшілікке қолжетімді орындар және т.б.)
кірмеуге кеңес беріледі.
4. «Интернет-банкинг» жүйесінде операцияларды растайтын қандай құралдар пайдаланылады?
Сізге «Интернет-банкинг» жүйесінде операцияларды растаудың екі нұсқасының бірін таңдауға болады:
• біржолғы құпиясөздердің (40 құпиясөз) скретч-картасы, картаның қолданылу мерзімі шексіз;
• «Mobipass» БҚ- біржолғы құпиясөздердің генераторы, «Mobipass» БҚ-ның қолданылу мерзімі шексіз.
5. Қосылу қанша уақыт созылады?
«Интернет-банкинг» жүйесіне қосылу Жүйеге қосылу туралы келісімшарт жасалған күні жүзеге
асырылады.
6. «Интернет-банкинг» жүйесін пайдалану ақысы қанша?
«Интернет-банкинг» жүйесіне қосылу және абоненттік төлем – мүлдем тегін.
7. «Интернет-банкинг» жүйесінде жұмыс істеу үшін нелер қажет?
• Келесі операциялық жүйелердің кез келгені орнатылған компьютер: Windows ME/2000/XP/Vista.
• Интернет жүйесіне қосылу мүмкіндігі.
• 128-биттік деректерді шифрлеуді пайдалануға болатын Интернет-браузер.
8. «Интернет-банкинг» жүйесіне кіру үшін қандай деректер қажет?
«Интернет-банкинг» жүйесіне кіру үшін келесілерді енгізу қажет:
• Логин
• Құпиясөз
9. Егер мен құпиясөзді ұмытып қалсам, не істеуге болады?
Жаңа құпиясөз алу үшін «Нұрбанк» АҚ-ның кез келген бөлімшесіне жүгіну қажет.
10. «Интернет-банкинг» жүйесінде құпиясөзді жиі ауыстырып тұру қажет пе?
• Клиент құпиясөзді шексіз рет және кез келген уақытта ауыстыра алады.
• Құпиясөз белгілі болған (белгілу болу ықтималы болған) жағдайда ол құпиясөзді шұғыл түрде
ауыстыру қажет
• Құпиясөзді ауыстыру кезінде бұрын пайдаланылған құпиясөзді қолдануға болмайды. Жаңа
құпиясөз бұрынғысынан ең кемінде жартысына басқаша болуы тиіс.
11. Комиссия операция сомасына кіре ме?
Жоқ. Комиссия әрқашан бөлек көрсетіледі және төленеді. Комиссияны операцияға қол
қоюдан/операцияны мақұлдаудан бұрын көруге болады.
12. Ұялы байланыс үшін төлем жасаған кезде ақша шотқа қаншалықты тез түседі?
Төлем жасалғаннан кейін бірден түседі.
13. «Оpen24» жүйесінде «Нұрбанк» АҚ шығарған карточкадан «Нұрбанк» АҚ-дағы
ағымдағы шотқа ақша аударуға бола ма? Ақша тез түсе ме?
Иә, мұндай қызмет түрі іске қосылған. Ақша қаражаттары бір жұмыс күні ішінде шотқа түседі.
15. Қазақтелекомның түбіртектерін алу туралы нұсқаулық бар ма немесе түбіртектерді
алу үшін не қажет екенін түсіндіріп беріңізші?
«Қазақұтелеком» түбіртегін жүктеу үшін:
1-ші тәсіл:
Мәзірде «Қызметтер үшін төлеу» - «Коммуналдық төлемдер» - «Қазақтелеком» - Түбіртек
сұрау – «Телефон нөмірін енгізу» - Жалғастыру – Жаңарту.
2-ші тәсіл:
Сервис – Дербес деректер – «Қазақтелеком қызметтері» – «Телефон нөмірін енгізу» -
Жалғастыру – Құпия кілтпен растау. Осылайша бір рет түбіртек алуды баптап қойсаңыз, келесі
айда түбіртек дағдылы түрде жүктеліп отырады.
16. «Open24/Nurbank24» ИБ жүйесінде мен көрсеткен шотқа әр айда белгіленген бір күні
менің карточкамнан ақша аударып отыратын ұзақ мерзімді тапсырма рәсімдеуге бола
ма?
Иә, болады. «Open24/Nurbank24» Интернет-банкинг жүйесінде «Мерзімдік төлем» қызметі
бар.
17. «Open24/Nurbank24» Интернет-банкинг жүйесінде төлем карточкасы бойынша
толық есепті алуға, қанша ақша түскенін, қанша ақша алынғанын, ақша алған кезде
ұсталған комиссияларды көруге бола ма?
Төлем карточкасы бойынша ақша қаражаттарының қозғалысы бойынша толық ақпаратты
«Карталар бойынша үзінді көшірме алу» қызметін пайдаланып алуға болады.
18. «Open24/Nurbank24» Интернет-банкинг жүйесінде «Нұрбанк» АҚ-дан алған кредитті
төлеуге бола ма?
Иә, «Open24/Nurbank24» Интернет-банкинг жүйесінде мұндай қызмет түрі де қарастырылған.
Интернет-Банкинг
Заңды тұлғаларға
«CORREQTS» Интернет-банкингі - бұл заманауы, ыңғайлы, қауіпсіз және
қашықтан банктік қызмет көрсетуді қолданатын жүйе, оның көмегімен
Интернет арқылы заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер өз шоттарын басқара
алады. Осы жүйенің көмегімен Сіз Банкке барып-қайтуға жұмсаған көлік пен
кеңсе шығындарын, уақытыңыз бен қаржы шығындарын мейілінше азайта
аласыз.
«Интернет-банкинг» қызметі банктік шоттарыңызға өзіңіз қалаған уақытта кіре
беруге мүмкіндік береді. Сонымен бірге есептік операциялар жасау үшін Сіздің
банкке баруыңыздың қажеті жоқ.
Бұл жүйенің «Банк-Клиент» жүйесінен айырмашылығы: арнайы бағдарлама
алып, оны орнатып жатудың керегі жоқ, келісімшартқа қол қойғаннан кейін
өздігіңізден жүйеге қосыла бересіз.
«CORREQTS» Интернет-банкинг жүйесінде жұмыс істеу үшін төмендегілер
қажет:
«Нұрбанк» АҚ-дағы ағымдағы шот, егер болмаса, оны ашуға жасалған келісімшарт.
Интернетке қосылған дербес компьютерді дайындау.
«Интернет-банкинг» жүйесінде электронды банктік қызметтерді ұсыну туралы
келісімшарт жасау үшін Банк филиалының менеджеріне хабарласу.
«CORREQTS» Интернет банкингтің мүмкіндіктері:
Банктік шоттарға тәулік бойы бақылау жасау.
Интернет желісінің көмегімен кез келген елден кез келген кезең ішіндегі шоттағы
қозғалысты қадағалау.
Банкішілік және банктер аралық аударма операцияларын жасау.
Құжаттар күй-жайының өзгерістері мен төлем жасалу барысы туралы
хабарламаларды банктен алып тұру.
Келесі істерді рәсімдеу және жасау:
— тізім қосылған төлем тапсырмасын (еңбекақыларды аудару, зейнетақыларды
аудару, әлеуметтік төлемдер жасау);
— ұлттық және шетел валютасындағы төлем тапсырмаларын.
Бюджетке төлем жасау.
Валюта сатып алу мен сату.
Банкке хат жіберу және жауабын алу.
Банкке берілген төлем құжаттарының мұрағатын жасау, банктен үзінді-көшірме алу.
«CORREQTS» Интернет банкингтің артықшылықтары:
Банк клиенттері үшін қарапайым және ыңғайлы.
Техникалық талаптардың ең аз мөлшері.
Интернет желісі болған жерде кез келген уақытта банктік операциялар жасау.
Клиент жүйенің бас бетінен шоттардың күй-жайын, шотта жасалған соңғы
операцияларды, Банктен түскен хат-хабарларды, сонымен бірге банктің жедел
хабарламаларын бірден көреді.
«CORREQTS» - қауіпсіздіктің соңғы талаптарына жауап бере алатын қашықтан банктік
қызмет көрсетудің заманауи құралы.
Компьютер бұзылғанда немесе оны ауыстырғанда, операция жүйесін жаңартқанда
локалдық мәліметтер сақталмай қалады деп уайымдамайсыз. .
Көптарапты пайдалану режимінде құжатпен жұмыс істеу мүмкіндігі – офисте отырған
бухгалтер құжатты жасайды, ал іссапарда жүрген директор төлем тапсырмасына бірден
қолын қояды.
On-line түрінде құжаттар мен хаттар (төлем құжаттары, ескертулер, ұсыныстар) алмасу
мүмкіндігі.
Валюталық келісімшартарға On-line түрінде келісім беруі мүмкіндігі.
Төлем құжатарын толықтай бақылау – белгілі бір кезеңнің On-line көшірмесі.
Төлем құжаттарын өңдеу жылдамдығын арттыру.
Соңғы жаңалықтар мен банктің жедел хабарламаларын қадағалау мүмкіндігі.
Төлем құжаттарының қозғалысын бақылауды арттыру.
Күн сайын, демалыссыз кәсіби кеңес алу.
«CORREQTS» Интернет банкингтің қауіпсіздігі:
Жүйенің топологиясын ұйымдастыру. Клиенттерге қызмет көрсетуге арналған
ақпараттар жүйенің жеке сегментіне шығарылады, оған ғаламдық жүйеден кіру
мүмкін емес.
Сақталған сокеттердің SSL хаттамасын қолдану. Клиент пен сервер арасында
мәліметтер алмасудағы қауіпсіздікті қаматамасыз ететін трафикті шифрлеу
алгоритмі.
Клиенттің логин мен құпия сөзді дұрыс көрсеткендігін тексеру арқылы Клиентті
сәйкестендіру.
Логин мен құпия сөзді автоматты сақтау (есте сақтау) жолы қарастырылмаған.
Әрекетсіз жағдай 15 минутқа жалғасқанда, жүйеден автоматты түрде шығару мен
сессияны аяқтау.
Клиенттің «CORREQTS»-те жасаған әрбір операциясы «Тумар-CSP» ақпараттарды
криптографиялық қорғаудың бағадарламалы құралында жасалған құпия кілт
арқылы шифрланады.
Жүйеге IP-мекенжайлар бойынша қосымша қорғаныс енгізілген, оны әрбір ұйымға
жеке-жеке баптап қоюға болады. Бұл арада ұйым жұмыскерлерінің жүйеге кіруіне
мүмкіндік беретін мекенжайлардың тізімі көрсетіліп қояды.
Жүйеге IP-мекенжайлардың қара тізімі қолданысы енгізілген. Осы тізімдегі
мекенжайлардан жүйеге кіруге рұқсат жоқ, қолданушы тіптен логин/құпиясөз
енгізетін бетке де кіре алмайды.
«CORREQTS» Заңды тұлғаларға арналған
Интернет-банкинг жүйесі бойынша жиі
қойылатын сұрақтар
1. Төлем тапсырмалары Банкке құжаттың нөмерінсіз келуі мүмкін бе?
Мүмкін емес. Төлем құжатының нөмірі дағдылы түрде жүйеде түрлендіріледі. Жаңа құжат нөмірсіз
жасалмайды.
2. Төлем құжаты Банкке ЭСҚ-сыз орындау үшін келуі мүмкін бе?
Жоқ, Банкке ЭСҚ-сыз төлем келмейді..
3. Интернет-жүйесінде жұмыс істеу кезінде веб-браузерлердің қандай нұсқаларын пайдалану
ұсынылады?
Заңды тұлғаларға арналған Интернет-банкинг жүйесі келесі браузерлер үшін қолжетімді:
8.0 және одан жоғары нұсқадағы MicrosoftInternetExplorer (MicrosoftInternetExplorer қауіпсіздік
баптамаларында cookies-ке және Java қосымшасының скриптерін орындауға рұқсат берілген болуы
тиіс),13.0 және одан жоғары нұсқадағы MozillaFirefox, 19.0 және одан жоғары нұсқадағы
GoogleChrome.
4. Жүйеде бір күн ішінде үзінді көшірме алу мүмкін бе?
Мүмкін. Ағымдағы күн үшін үзінді көшірме алу үшін ақша қаражаттарының қозғалысы туралы
ақпарат алуға алдын ала сауалхат жіберу қажет.
Банк Клиент
«Нұрбанк» АҚ Клиенттерге компьютерлік-модемдік байланысты
пайдаланып немесе Интернет арқылы қолма-қол ақшасыз төлемдерді
жүзеге асыруға мүмкін болатын «Банк-Клиент» қызметімен танысуды және
сатып алуды ұсынады.
Біз өз клиенттерімізге дәстүрлі банктік қызмет көрсетудің алдында
бірқатар артықшылықтары бар сенімді және ыңғайлы бизнеске қызмет
көрсету тәсілін ұсынамыз:
Ақпараттылық: клиенттердің шоттарының күй-жайы және басқа да
қаржылық көмек туралы ақпаратты жылдам алу;
Жылдамдық: алынған ақпарат негізінде жылдам шешім қабылдау және
нақты уақыт шарттарында есептесу мүмкіндігі;
Ыңғайлылық: төлемдерді офистен шықпай-ақ жасап отыру мүмкіндігі;
Ресурстарды үнемдеу: жұмыс уақытын тиімді пайдалану, көлік
шығындарын азайту;
Қауіпсіздігі жоғары: бірнеше электрондық қолтаңбалар жүйесін
пайдалану.
«Банк-Клиент» жүйесі ұсынатын банктік қызметтер кешені келесілерді қамтиды:
Төлемдер мен аударымдар теңгемен және шетел валютасында жасалады;
Зейнетақы қорына жасалатын төлемдер;
Шетел валютасын айырбастау (сатып алу/сату);
Қызметкерлердің еңбек ақысын ағымдағы және карточкалық шоттарға аудару;
Шоттың күй-жайы туралы үзінді көшірме алу (шығыс, кіріс қалдығы, бір күнгі
операциялар, әр операция бойынша үзінді көшірмелер);
Валюта бағамдары мен басқа да қаржылық-анықтамалық ақпараттар туралы ақпарат
алу.
«Банк-Клиент» қызметін көрсету үшін қажет шарттар:
Банкте ағымдағы шоты болу;
Компьютерлік-модемдік байланысты пайдаланып немесе Интернет арқылы банктік
қызмет көрсету туралы келісімшарт жасау;
Офисінде «Клиенттің жұмыс орны» атты автоматтандырылған жұмыс орнының болуы.
«Клиенттің жұмыс орны» атты автоматтандырылған жұмыс орнын ұйымдастыру
үшін келесілер қажет:
Компьютерлік-модемдік байланысты пайдаланған кезде:
дербес компьютер;
модем (IDSL емес);
телефон байланысының бос желісі,
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz