ОҚЫТУ ҚҰРАЛДАРЫ


Slide 1

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

Презентация

Тақырыбы:оқыту әдістерінің

дидактикалық психологиялық және

технологиялық аспектілері

Орындаған: Жобалаева. Ж

Қабылдаған: Ибраимова. Ж. К

Slide 2

Әдіс терминіне сипаттама

Әдіс(грек. < > - шындыққа жетудің жолы) ретке келтірілген іс- әрекеттің белгілі бір тұрғыда мақсатқа жету жолын білдіреді.

Оқыту әдісі дегеніміз - оқытушы мен білім алушылардың ретке келтірілген өзара байланысты іс- әрекеттерінің оқу үдерісіндегі білім беру, тәрбиелеу және дамыту міндеттерін шешуге бағытталған іс- әрекет түрі.

Оқыту әдістері оқу тәрбие үдерісінде үйретуші, дамытушы, тәрбиелеуші, ынталандырушы және бақылау түзетушілік қызметтерді атқарады.

Slide 3

Оқыту әдістері

оқушыларға білім беру және оларды дамыту мақсатында

мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жасайтын қызметі

мен қарым-қатынасының тәсіл-амалдары - деген пікір айтылады

оқытушы мен оқушылардың жұмыс істеу әдісі,

оның арқасында білім, іскерлік, дағды қалыптасып,

оқушылардың дүние танымдылығы мен қабілеттілігі артады.

мұғалім мен оқушылардың бірлесе жасайтын әрекеті

мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетінің

барысында білім алу жолдары.

мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетінің негізінде

білім, тәрбие және таным процесін жетілдіру.

Slide 4

Педагогиканың оқыту әдістерінің жіктемесі

Оқыту әдістерінің тобы

Оқыту әдістерінің тобына жататын әдістер

Сөздік

Дәріс, әңгіме, сұхбат, түсіндіру, пікір талас, кітаппен жұмыс

Көрнекілік

Иллюстрация және демонстрация

Практикалық

Жатттығу, педагогикалық есептерді шешу, дидактикалық және іскерлік ойындар, тренингтер, зертханалық жұмыс

Индуктивті және дедуктивті

Талдау, салыстыру, абстрактілеу, жинақтау, қорыту, модельдеу, педагогикалық жағдаяттарды талдау

Slide 5

Репродуктивті

Түсіндіру, дәріс, әңгіме, нұсқау беру, кітаппен жұмыс, жаттығу

Проблемалық -ізденістік

Эвристикалық әңгіме, проблемалық сұрақ, жағдаятты талдау, салыстыру, жинақтау, жүйелеу, модельдеу

Өзіндік жұмыс әдістері

Кітаппен жұмыс, жаттығу, тест шешу, жоба құру

Оқу -танымдық іс -әрекетті ынталандыру әдістері

Оқу пікірсайыстары, иллюстрация және демонстрация, дидактикалық және іскерлік ойындар, тренингтер, жеке(топтық) жобалау

Оқытудағы бақылау және өзін -өзі бақылау әдістері

Ауызша бақылау: жеке, фронтальды тексеру.

Жазбаша бақылау: жазбаша бақылау жұмыстары, тестілеу, түсіндірмелі және графикалық диктанттар.

Машиналы бақылау: тестілеу, виртуалды зертханалық жұмыс

Slide 6

Оқыту әдістерін таңдау кезінде мынандай критерилерді басшылыққа алу керек:

Әдістердің оқыту мақсаты мен міндеттеріне сай келуі

2. Әдістердің оқыту принциптеріне сәйкес келуі

3. Әдістердің оқылатын тақырыптың мазмұнына сәйкес келуі

4. Әдістердің студенттердің оқу мүмкіндіктеріне сәйкес келуі: жас ерекшелігі,

физикалық дамуы, психикалық дамуы, дайындық деңгейі

5. Әдістердің техникалық жағдайлар мен оқу үшін бөлінген уақытқа сәйкестігі

Slide 7

Оқыту әдістерінің тағы бір тобын дидактика мамандары М. А. Данилов пен Б. П. Есипов оларды атқаратын қызметіне қарай жіктейді:

Slide 8

Дидактикалық мақсаттар бойынша Г. И. Щукин мен И. Т. Огородников оқыту әдістерін екі топқа бөледі:

Оқу материалын алғаш меңгеруге әсер ететін әдістер

Алынған білімді бекіту мен жетілдіруге әсер ететін әдістер

Slide 9

Оқу әдістерін білім көзі бойынша топтастыру.

Әңгімелесу- пікір алысу, сұхбаттасу, әлеуметтік ғылымдарда қолданылатын зерттеу әдістерінің бірі. Педагогикадағы әңгімелесу - оқушылардың ойы мен тілін дамыту үшін қолданылатын оқыту әдісінің бір түрі. Әңгімелесу кезінде оқушы мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап беру арқылы оқу материалын пысықтап, ой қорытады. Әңгімелесу әдісі - оқушыларға эмоциялық, эстетикалық әсер ететін тиімді әдістердің бірі.

Түсіндіру - жеке ұғым, құбылыстарды, құралдар, көрнекі құралдардың жұмыс істеу әдіс-тәсілдерін ауызша баяндау. Мысалы, шет тілі сабағында жаңа мәтінді өтер алдында оқушыларға жаңа сөздердің мағынасы түсіндіріледі. Мұғалім оқушыларға таныс емес құралдарды немесе басқа көрнекі құралдарды сабаққа алып келіп, жаңа материалды түсіндірмес бұрын оларды оқушыларға түсіндіреді.

Сұхбат əдісі - қажетті ақпаратты алу немесе бақылау барысында түсініксіздеу болған құбылыстың мəнін аша түсу мақсатымен дербес не қосымша қолданылатын зерттеу тəсілі. Сұхбат айқындалуы тиіс нақты сұрақтар бойынша күні ілгері түзілген жоспармен орындалады.

Дәрісбаян (лекция) - көлемді материалды монологтық жолмен баяндау.

Дәрісбаянның басқа сөздік әдістерден өзгешелігі қатаң құрылымды, мол ақпаратты, баяндалуы қисынды, білім мәнін ашу жүйелілікке негізделеді.

Slide 10

Оқу-танымдық іс-әрекетті ынталандыру әдістері

Оқу пікірсайыстары

дидактикалық және іскерлік ойындар

тренингтер,

жеке (топтық) жобалау,

, зертханалық жұмыс

Slide 11

Оқыту құралдары

Оқыту құралдары білім алудың, іскерліктерді қалыптастырудың көзі, сонымен қатар оқу үдерісінің тиімділігін арттыруға арнайы әзірленген материалдық заттар, құралдар, құрылғандар.

Педагогиканы оқыту құралдары іс әрекет субьектісіне, нысандар құрамына, оқу апаратына, оқытушы қызметін алмастыра алу мен оқушы әрекетін автоматтандыру мүмкіндігіне байланыстыжіктеледі.

Slide 12

Іс әрекет субьектісіне байланысты құралдардың бөлінуі:

Slide 13
Ұқсас жұмыстар
Оқыту формалары, әдістері мен құралдары
Оқыту формалары,әдістері,құралдары ТПҮ қозғаушы күші ретінде
Қашықтықтан оқытудың құралдары
Оқыту әдістері мен құралдары
МУЛЬТЕМЕДИА ЖҮЙЕСІ.КОМПЬЮТЕР ЖӘНЕ ВИДЕО
Бастауыш мектепте математиканы оқытудың әдістері
Ақпараттық - коммуникациялық технологиялар және білім беру ортасы
Педагогика ғылымының әдіснамасы
Мультимедиялық технологиялар
Оқытудың әдіс тәсілдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz