Тәрбие заңдылықтары


Slide 1

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

Презентация

Тақырыбы: Тәрбиенің түрлері, әдістері және құралдары

Орындаған: Жобалаева. Ж

Қабылдаған: Ибраева Ж

Алматы 2020

Slide 2

«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек. Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне апат әкеледі» - деп ұлы шығыс ғалымы, ғұлама - философ әбу Насыр әл - Фараби бекерден айтпаған болса керек.

Тәрбие - күрделі әрі ұзақ процесс. Оған белгілі бір дәрежеде білім, тәжірибе, шеберлік қажет. Ондай болмаған жағдайда тәрбие саласында белгілі бір нәтижеге қол жеткізу қиындыққа түседі. Сондықтан да біз тәрбиені шығармашылық жұмыстарының жемісі деп білеміз. Тәрбие, сонымен бірге педагогикалық әрекетте

- мәдени құбылыс;

- педагогикалық ықпал ету;

- балалардың әрекетін ұйымдастыру;

- қарым - қатынас құралы ретінде жан - жақты қарастырылады.

Slide 3

Тәрбие педагогикада бірнеше қырларымен танылған

Әлеуметтік мағынада - бұл аға буын жинақтаған тәжірибені жас ұрпақ өкілдеріне өткізу. Тәжірибе дегеніміз - адамзаттың өз тарихи даму барысында жасаған рухани мұрасы, дәлірек айтсақ: адамдарға белгілі болған білімдер, ептіліктер, ойлау тәсілдері, құқықтық, адамгершілік және т. Б. Нормалар.

Педагогикалық мағынада - бұл тәрбиеленушіге ықпал жасау үшін ұйымдастырылған арнайы іс - әрекет, тұлға қалыптастыруға бағытталған мақсатты процесс.

Slide 4

Тәрбиенің қалыптасуы

Мектеп

Отбасы

Айналадағы орта

Өзін-өзі тәрбиелеу

Slide 5

Тәрбие процесінің негізгі ерекшеліктері

Біріншіден, тәрбие көп факторлы процесс, ол тек мектепте ғана емес жанұяда, мектептен тыс мекемелерде, қоғамдық орындарда іске асырылады. Оқушылардың санасының, тәртібінің қалыптасуына әдебиет, өнер, телехабарлар, компьютерлік технология, бейнефильмдер әсер етеді. Қазіргі кезде балаларға әсер етуші хабарлар өте көп, оның кейде жағымсыз әсерлері де болатындығын ескеруіміз керек.

Екіншіден, тәрбие процесі - ұзақ процесс. Ол бала өмірге келгеннен басталып, өмір бойы жүреді. Адам есейген шағында да тәрбиеленіп тіпті қайта тәрбиеленуі де мүмкін. Адам еңбек, моральдық тәжірибені, эстетикалық құндылықтарды меңгеріп білімін кеңейтеді. Әсіресе, баланың мектептегі шағында оның дамуы тез жүреді. Тәрбие ұзақ процесс болғандықтан оның нәтижесін бірден көруге болмайды. Мыс: оқушы қысқа уақыт ішінде тарихи оқиғаларды оқып алуы мүмкін, бірақ тез жақсы жолдас немесе ұжымшыл адам етіп тәрбиелеуге болмайды.

Үшіншіден, тәрбие процесі сатылы сипатта болды. Ол ерекше кезеңдерге бөлінеді.

I-кезеңде бала жанұядағы, мектептегі алғашқы ережелерді меңгереді. Оларда қарапайым тәртіп дағдылары қалыптасады.

II-кезеңде оқушылардың тәртіп туралы алғашқы түсініктерінің негізінде, әртүрлі жағдайда дұрыс шешім қабылдау, қоғамдағы тәртіп ережелерін сақтау қалыптасады.

III- кезеңде тұрақты мінез-құлық дағдыларына ие болады.

Slide 6

Төртіншіден, тәрбие процесінде бірнеше рет қайталауға орын беріледі. Мысалы адамның бір сапалық қасиеттерін қалыптастыруға қайта-қайта оралуға тура келеді. Бұл жай қайталау емес, жас ерекшелігіне қарай баланың білімін тәрбиесін, тереңдету.

Бастауыш класта қарапайым тәртіпке көңіл бөлінсе, орта буын кластарында жауапкершілік сезімін қалыптастыруға бірінші орын беріледі. Ал жоғары класта жоғары саналылық қалыптастырылады. Алайда сапалық қасиеттер бір уақытта дамытылады. Бірінші тоқсанда шыншылдыққа, екінші тоқсанда ұжымшылдыққа тәрбиелеймін деуге болмайды.

Бесіншіден, тәрбие процесі - екі жақты, белсенді процесс. Оны тек тәрбиеленушіге педагогикалық әрекетпен шектеуге болмайды.

Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуі міндетті түрде қажет., баланың ішкі белсенділігін ояту керек. Тәрбие процесінде балалардың қажеттілігі мен қызығушылығын да ескереміз.

Алтыншыдан, тәрбие процесінде балалар ұжымын ұйымдастыру жұмыстары маңызды орын алады. Сондықтан А. С. Макаренко “тәрбие жұмысы - ұйымдастырушының жұмысы” - деді. Мектеп директоры, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, класс жетекшісі, мұғалімдер тәрбие жұмысын ұйымдастырушылар. Тәрбие нәтижесі көбіне тәрбиешілердің педагогикалық шеберлігіне, оқушылар ұжымымен дұрыс қарым-қатынас ортада білуіне байланысты.

Жетіншіден, тәрбие болашаққа бағытталған процесс. Тәрбие беру де тек бүгінгі күн міндеттерін ғана емес, алдағы мақсаттарды да ескеруіміз керек.

Slide 7

Тәрбиенің негізгі мақсаты.

Адамгершілік, имандылық, ізгілік, елжандылық.

Ақыл-ой әрекетімен қатар іскерлікке машықтандыру.

Ұлттық сана сезімі, мәдениеті, парасаты, ар-ожданы мол адам тәрбиелеу.

Біртұтас әлем туралы ғылыми негізделген көзқарас қалыптастыру.

Slide 8

Оқу мен тәрбие - өзара байланысты екі процесс. Олардың міндеттері әрқилы, дегенмен, бір - бірімен ажырамас ұштасқан күйде бір уақытта қатар жүріп отырады, бірақ ұйымдасу әдістері және формалары тұрғысынан түбегейлі өзгеше.

Тәрбиелік іс - әрекет тәрбиешінің жекеленген әрекет аймағы түрінде (өз мақсаттарына, міндеттеріне, мазмұнына ие) немесе оқу процесіне тікелей енген (себебі оқу тәрбиелік сипатқа ие) қалыпта болуы мүмкін.

Оқу мен тәрбиенің ортақ белгілері:

- тәрбие процесі өз ішіне оқу элементтерін қамтиды: қандай да ережені орындауды талап етуден бұрын оның іске асырылу жолдарын үйрету қажет;

- оқу процесі мұғалім мен оқушы арасындағы ықпалдасты іс - әрекеттің ұйымдастырылу формасына сәйкес өтеді. Өз қызметі барысында мұғалім оқушыға тәрбиелік ықпал ажсайды;

- оқу және тәрбие процестерінде бірдей әдістер (түсіндіру, қадағалау және т. б. ) пайдаланылады.

Жалпы педагогикалық процестің аталған екі қызметінің арасындағы принциптік айырмашылық: оқу барысында шәкірт әртүрлі ғылымдар негізін меңгереді, ал тәрбие процесі оқушының тұлғалық сапа - қасиеттерін қалыптастыруға бағышталады.

Slide 9

Тәрбие процесіне тән ерекшеліктер:

мақсатты бағыттылық (мақсаттың түсінікті болуы нәтиже тиімділігі- нің кепілі) ;

мақсаттар бірлігі (тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арасындағы қызметтестіктің көрсеткіші) ;

нәтиже ұзақтығы (оқу процесіндегідей нәтиже бірден көрінбейді) ;

көп жағдаяттылығы (тұлға көп әрі сан қилы ұнамды да, ұнамсыз да ықпалдарға кезігеді. Тәрбие барысында олар реттеледі. Тараптардың тұлғаға болған ықпалы өзара сәйкес келсе, тәрбие нәтижесі тиімді болады.

ауыспалылығы (тәрбиеленуші мақсатты, көзделген және кездейсоқ әсерлерге бірдей кезігіп отырады) .

үздіксіздігі (ешқандай науқанды, бір мәртелік шара қаншама жарқын болмасын, аса ыждағаттылықпен жүйелі дайындалған тәрбие істерінің орнын баса алмайды) ;

баламалылығы (тәрбиеленушілер даралық ерекшеліктері және әлеуметтік тәжірибесінің әр түрлілігімен ажыралады. Тәрбие процнсінде бұлар ескерілуі шарт, себебі әсері бірдей болғанның өзінде де тәрбиелік нәтиже әрқилы болуы ықтимал) ;

екі тараптылығы (тәрбиелік ықпалды жүргізуші - мұғалім, ал ықпалды қабылдаушы - оқушы) ;

тәрбие процесі - өмірлік, ол қозғалмалы да ауыспалы;

тәрбиеші тұлғасы - тәрбие барысына ықпалды маңызды жағдаят (тәрбие процесінің өнімді болуының кепілі - мұғалім ептілігі, шеберлігі, құндылықты бағыт - бағдары, қызметтестік қатынасқа түсе білу қабілеті) ;

қарама - қайшылықты болуы (қарама - қарсылықтар тәрбиенің қозғаушы күші ретінде қарастырылады) .

Slide 10

Тәрбие түрлері

Қоғамдық тәрбие - тарихи аренада адамдар қоғамының пайда болуымен бірге туды. Қоғамдық тәрбиенің мақсаты, мазмұны, құралы мен әдістері қоғамдық қатынастардың қарқынымен, қандай қоғамдық-экономикалық формацияның шарттарында іске асатынымен анықталады

Ізгілік тәрбиесі - жеке тұлғаның моральдық қасиеттерінің, көзқарастары мен сенімдерінің қалыптасу үрдісі. Ізгілікті деп жалпы адамзаттық моральдың ережелері мен талаптарын, нормаларын өз көзқарасы мен сенімі ретінде, мінез-құлығының үйреншікті формасы ретінде көрсететін адамды есептеуге болады.

Дене тәрбиесі міндеттері: оқушылар ағзасын дамыту; жастарды еңбекке, Отанды қорғауға даярлау, төзімділікке, батылдыққа, ептілікке, іскерлікке, тәрбиелеу.

Эстетикалық тәрбие міндеттері:

бейнелеу өнері (кескіндеме, графика, мүсін) көркемөнер шығармашылығы (көркем өдебиет, музыка, театр, кино) арқылы баланың сезімдері мен талғамдарын дамытып, сұлулық туралы ұғымдарын қалыптастыру

• эстетикалық құралдарды пайдалануға дағдыландыру.

• әсемдікке үлесін қосуға тәрбиелеу.

Еңбек тәрбиесінің негізгі міндеттері:

а) оқушыларды іскерлікке, еңбек дағдысына үйрету;

ә) оқушыларды халық шаруашылығының басты салаларымен, еңбек түрлерімен таныстырып, мамандық таңдауға тәрбиелеу;

б) озық еңбек дәстүріне тәрбиелеу.

Адамгершілік тәрбиесінің міндеттері: гуманизм, адалдық, батылдық, төзімділікті қалыптастыру; адамға сүйіспеншілік, құрмет, қайырымдылық сезімін дамыту; оқушыларды өз міндетіне, өзгенің мүддесіне байыпты қарауға үйрету; өз Отанын сүюге, ұлттар достығын құрметтеуге тәрбиелеу;

Ақыл-ой тәрбиесі - оқушылардың ойлау қабілетін, дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру, ғылыми білім жүйесін меңгерту. Ақыл-ой тәрбиесінің басты міндеттері: оқушыларды табиғат және қоғам жайындағы ғылыми білімдермен қаруландыру; ойлау қабілеттерін жетілдіру арқылы таным іс-әрекетін дамытып, ғылыми көзқарасын қалыптастыру.

Slide 11

Тәрбиелік жүйе - ол біртұтас әлеуметтік ағза, оның қызмет істеу шарты: негізгі компонентері бір-бірімен тығыз байланыста (мақсат, мазмұн, іс-әрекет-тәсілі) болады. Мектеп ұжымының басты міндеті тәрбие жұмысының жүйесін қалыптастыру.

Л. И. Новикова мектептің тәрбие жүйесінің 9 белгісін айқындаған:

Мектептің “кіші тұжырымдамасының” айқындығы - оның ата-аналармен, мұғалімдермен, оқушылармен қабылдануы.

Мектеп өмірінің (оқу, еңбек, ойын-сауық, шығармашылық істер балаларға қолайлылығы, олардың қызығушылығына сәйкес келуі, бейресми қатынастардың құпталуы.

Балалар өмірінде оқушылар күтіп жүретін қуанышты оқиғалардың болуы.

Мектептің, баланың, топтың еркін дамуына шектеу келтіретін “ұйымдастырылмаған аралдың” болуы.

Балалардың күнделікті өмірін бейнелейтін “сөйлеп тұрған қабырғалардың” болуы.

Қоршаған айналаның мектепке, мектептің қоршаған айналаға енуі.

“Ішкі қайшылықтарды” шешуі.

Мектептегі адамдар арасындағы жалпы ізеттілік қарым-қатынастың қалыптасуы.

Оқушылар өздерін мектеп ұжымынан ажыратпауы, мектеп ұжымы мүшесі екенін толық сезінуі.

Slide 12

Тәрбие кешенін құрудың қажеттілігі:

Тәрбие жүйесі

Бір-бірімен байланысқан, біртұтас тәрбие үдерісін ұйымдастыру мүмкіндігі.

Кез-келген оқушының әрекетін жүзеге асыруына қолайлы жағдай жасайтын орта.

Сынып жетекшіге тәрбиелеу әрекетін ұйымдастыруда өз күш-жігерін, уақытын тиімді қолдану мүмкіндігі.

Сынып ұжымы мүшелерінің дербестігін айқындайтын, сыныптың кейпі, бейнесі қалыптасады.

Сынып жетекшінің балаларға ықпал етуін кеңейту.

Slide 13

Тәрбие әдісі - қойылған мақсатқа жетудегі оқушылар ұжымы мен тәрбиешілер іс-әрекетінің күрделі жиынтығы. Оның көмегімен, тәрбие процесінде оқушыны тұлға ретінде қалыптастыру мақсатты түрде іске асырылады. Әрбір әдіс құрал болып табылады, оның көмегімен тәрбиеші оқушы санасына, сезіміне, тәртібіне әсер етіп, әртүрлі іс-әрекеттер ұйымдастырады. Олар түрлі тәсіл көмегімен іске асырылады. Тәжірибелі ұстаздар көптеген жанама әдістерді де қолданады. Олар тікелей әсер етпейді, жолдастары, ұжым, қызықты іс-әрекет, көркем әдебиет, т. б. арқылы әсер етеді. Жанама әрекеті оқушы бойында белсенділік, тәуелсіздік туғызады.

Педагогика оқулықтары мен ғылыми зерттеу еңбектерінде тәрбие әдістерін жіктеуге байланысты ортақ пікір жоқ. Дегенмен де қалыптасақан тәжірибе бойынша әдістерді негізінен үш топқа жіктейді Г. И. Щукинаның «Педагогика» оқулығында М, . 1977 ∕тәрбие әдістерін:

1. Жеке адамның санасын қалыптастыру;

2. Қоғамдық мінез-құлықты қалыптастыру, іс-әрекетті ұйымдастыру;

3. Мінез-құлық пен іс-әрекетті ынталандыру деп жіктесе,

В. А. Сластенин ∕ Педагогика М., 1988 ∕ оған қосымша мінез - құлықпен, іс-әрекетке бақылау, жасау, өзін - өзі бақылауды ұйымдастыру және өзіне-өзі беру әдістерін қосады.

Ғалым - педагогтар Н. И. Болдырев, Н. Г. Гончарев, Р. Р. Королев еңбектерінде тәрбие әдістерін сендіру, жаттығу, мадақтау және жазалау деп қарастырады.

Тәрбие тәсілі - тәрбие әдісінің құрамды бөлігі және жеке бөлшегі. Тәсіл білгілі бір жағдайда әдісті нақты қалай қолдануды қамтамасыз етеді. Мысалы: мақтау әдісінің түрлі тәсілдері бар: құптау, мақтау, алғыс, марапаттау, т. б.

Тәрбие процесінде сендіру әдісінің маңызы зор және ол төмендегідей тәсілдер арқылы іске асырылады; сендіру, көзін жеткізу, түсіндіру, әңгімелесу, баяндау, т. б.

Slide 14

Тәрбие әдістері

Жеке адамның санасын қалыптастыру

Әңгіме

Пікірталас

Сендіру

Этикалық әңгіме

Үлгі - өнеге

Іс - ірекетін ұйымдастыру және қоғамдық тәлім - тәрбиеге үйрету

Педагогикалық талап

Қоғамдық талап

Үйрету

Жаттығу

Тәрбиелік жағдайлар

Мінез - құлықты көтермелеу әдістері

мадақтау

Марапаттау

Жазалау

Жарыс

Slide 15
Ұқсас жұмыстар
Тәрбие принциптері және заңдылықтары
Тәрбие процесінің заңдылықтары мен принциптері
Педагогикалық процестің жалпы заңдылықтары
Тұтас педагогикалық үдерістің (ТПҮ) мәні, құрылымы, оның заңдары мен заңдылықтары
Тәрбие заңдылығы
Тәрбие процесінің ерекшеліктері
Жалпы педагогика туралы
Тәрбиенің заңдылықтары
Тәрбие принциптері
Жалпы педагогика
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz