Бокс ережелері



Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
Тақырыбы: БОКС
Орындаған: Қырықбай Аян
Тексерген:
Алматы 2020

Бокс (ағылшынша box - қорап) - арнайы жұмсақ қолғаппен белгілі бір ереже бойынша жекпе-жек күш сынасатын спорт түрі. Жекпе-жекке шыққан екі ойыншы қарсыласының денесінің белгілі бір жеріне дәл соққы беруді көздейді. Жекпе-жек аумағы 4, 9x4, 9 м немесе 6, 1x6, 1 м, жан-жағы 1, 3 м биіктікте арқанмен керілген рингте өтеді.
Бокс ойынының әуесқойлық (3 раунд) және кәсіпқойлық (6 - 12 - 15 раунд) ережелері бар.

Бокс ерте Грек елi - Элладамен тығыз байланысты. Аңыздарға сенсек, ол кезеңдегi ең танымал «қолғап иесi» - Тезей болған көрiнедi. Ал Платонның жазуы бойынша, жұдырықтасу өнерiнiң атасы - теңiз құдайы Посейдон мен Мелия есiмдi нимфаның ұлы - Амыкус екен. Ерте Грекияда болған бокстың алғашқы белгiлерiн қыш құмыраларда салынған боксшылардың бейнесi де дәлелдейдi.
Ал жақында археолог ғалым бiздiң жыл санауымыздан 3 мың жыл бұрын салынған шiркеудiң қабырғаларынан бокс қолғабының суретiн де тауып отыр. Бiр қызығы, ол кезеңдерде кубок жеңiлген боксшыларға берiлген көрiнедi. Айталық, соғыс өнерi десе, сақалын кесуге бар Рим императоры Калигула сонау Африкадан қайратты құлдарды сатып әкелiп, көз алдында қоразша төбелестiредi екен. Императордың екi сүйiктi спортшысы болса керек. Бұл Глаукос пен Меланкомас аталатын алыптар дәл қазiргi бокста қолданылатын бiршама соққы түрлерiне негiз салып кеткен екен.
Бокстің алғашқы түрі ежелгі Грекияда ұйымдастырылып (б. з. б. 688 ж. ), Олимпиялық ойындар қатарына енген. Ол кезде жекпе-жекке шыққан жігіттер қолдарын жұмсақ терімен немесе дәкемен орап айқасқан. Төбелес екі жігіттің бірі естен танып жығылғанша жалғаса берген.

Бүгiнде әлем бойынша кәсiби боксқа аса көңiл бөлiнiп келедi. Кәсiби бокс алаңында Мұхаммед Әли, Джо Фрейзер, Джордж Формен, ағайынды Спайкстер, Флой Патерсонның есiмдерi ерекше аталады. Олимпиада тарихында боксшылары ең көп алқа тағынған ел - АҚШ. Бiрақ бүгiнде кубалық спортшылар алғы шепте келедi. 1992 жылғы Барселонада өткен олимпиадада кубалық боксшылар 12 алтын алқаның жетеуiн қанжығаға байлап кеткен. Ал 1996 жылы Атланта Олимпиадасында 4 алтын, 3 күмiс медальды жеңiп алды. Олимпиада тарихында екi боксшы ғана 3 мәртеден жеңiмпаз атанған. Олар - венгриялық Л. Папп пен кубалық Т. Стивенсон.
Бокс ережелері
Жекпе-жек қабырғалары ұзындығы 5-тен 6 метрге дейін болатын және 4 қатар канатпен шектелген алаң - рингте өтеді.
Жеңіс көп ұпай еншілеген боксшыға; нокаутпен ұтқанға; қарсыласы пәрменсіз болып жекпе-жекті жалғастыра алмағанда, дисквалификацияға ұшырағанда немесе жекпе-жектен бас тартқан жағдайларда беріледі.
Бокста белден төмен, желкеден, арқадан ұруға, баспен ұруға және құлап жатқан қарсыласты ұруға тыйым салынады. Жекпе-жекке - ринг ішіндегі бір төреші, сыртындағы 3-5 төреші төрелік жүргізеді.

Санат
Салмақ
Бірінші ауыр салмақ - «крейсер салмағы» (ағылш. 'cruiserweight')
190 фунт (86, 2 кг) ; ақырында төменгі шегін 200 фунтқа немесе 90, 7 кг-ға дейін көтерген, кейде super cruiserweight - 195 фунт немесе 88, 5 кг салмақта да жекпе-жек өткізілген
Екінші орта салмақ - «суперорта» (ағылш. 'super middleweight')
165 фунт (74, 8 кг)
Екінші жартылай орта немесе бірінші орта салмақ (ағылш. 'super welterweight, light middleweight')
154 фунта (69, 9 кг)
Екінші супер жеңіл немесе бірінші жартылай жеңіл салмақ (ағылш. 'junior featherweight, super bantamweight')
122 фунта (55, 3 кг)
Екінші ең жеңіл немесе бірінші супер жеңіл салмақ (ағылш. 'super flyweight, junior bantamweight')
116 фунт (52, 6 кг)
Бірінші ең жеңіл салмақ (ағылш. 'light flyweight, junior flyweight')
110 фунт (49, 9 кг)
Ең аз салмақ (ағылш. 'strawweight, minimumweight')
105 фунт (47, 6 кг)
Қазіргі кезде кәсіпқой бокста 17 түрлі салмақ дәрежесі бар. Бүкіләлемдік Бокс Кеңесі (ағылш. 'WBC') енгізген салмақ дәрежелері:

Санат
Салмақ
Ең жеңіл салмақ
49 кг.
Екінші ең жеңіл салмақ
52 кг.
Супер жеңіл салмақ
56 кг.
Жартылай жеңіл салмақ
60 кг.
Жартылай орта салмақ
64 кг.
Бірінші орта салмақ
69 кг.
Екінші орта салмақ
75 кг.
Жартылай ауыр салмақ
81 кг.
Бірінші ауыр салмақ
91 кг.
Суперауыр салмақ
91 кг. жоғары
Әуесқой бокста басқа жүйе істейді, соған сәйкес боксшылар 11 түрлі салмақ дәрежесіне бөлінеді (ресми түрде кг-мен белгіленгендіктен бұл жердегі аттары шартты түрде берілген) :

Соққылар түрлері
Бокстағы негізгі соққылар түріне:
тура соққылар (джеб, кросс) ;
жанынан соққы (хук, свинг) ;
төменнен соққы (апперкот) - жатады.
Қазақ боксының жетістіктері
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz