Синапстар құрылысы және қызметі




Презентация қосу
Синапстар құрылысы
және қызметі
Орындаған:
Синапс
Синапс — орталық нейрондық жүйенің морфофункционалды құрылымы, ол
нейронды басқа нейронды сигнал беруді немесе нейронды эффекторлық жасушаға
(бұлшықет талшығына, секреторлық клеткаға) кепілдік береді.
«Синапс» — термині мен тұжырымдамасы C. Sherrington физиологиясына
енгізілді. Ол орталық жүйке жүйесінің жұмысын зерттеп, 1897 жылы енгізген, шын
мәнінде нейрондық синаптич деп атаған арнайы механизмнің көмегімен бір-бірімен
байланысады. Бұдан кейінгі жылдары бұл идея бекітілді.
Синапстың құрылымы:
Синапс 3 бөлімнен тұрады: пресинапстық (синапстың
алдындағы), синапс саңлауы және постсинапстық
(синапстың соңындағы) бөлімдер. Пресинапстық бөлімнің
пресинапстық мембранасы бар. Пресинапстық мембрана
неиронның аксонының жуандаған ұшы — синапс
түймешесінің қабығы. Синапс түймешесінің іші
синапстық көбікке толы болады.
Бұл көбік медиатор деп аталатын белсенді химиялык
заттан тұрады (лат. медиатор — делдал, арада жүруші).
Медивтор – қозу үдерісін жеткізетін химиялық зат.
Қабылдаушы нейронның пресинапстық бөлімімен
жалғасатын жерінің қабығын постсинапстық мембрана
деп атайды. Пресинапстық және постсинапстық
мембраналардың арасында синапс с аңлауы болады. Ол —
клетка аралық сұйыққа толы кеңістік.
Синапстың қызметі
Әрбір нейронның денесіндегі синапстардың саны 100, тіпті бірнеше мыңға дейін болуы
мүмкін. Ал әрбір нерв талшығы 10 мыңға дейін синапс түзе алады.
Қазіргі кезде жұлын мен мидың түрлі бөлімдерінде 2 түрлі синапстар бар екені
анықталды: қоздырушы және тежеуші синапстар.
Орталық жүйке жүйесіндегі тежеуші нейрондардың аксондарының ұштарында тежеуші
медиатор болады да, ол қабылдаушы нейронға тежеп әсер етеді. Ми сыңарларының
қыртысындағы нейрондарда амин май қышқылы (ГАМК) тежеуші медиатор ролін атқарады.
Әрбір нерв клеткаларында көптеген тежеуші және қоздырушы синапстар болады. Бұл
нерв әрекеттерінің бір-бірімен байланысты қызмет атқаруын қамтамасыз етеді.
Нерв талшығы арқылы келген қозу синапстық көбіктегі медиатордың пресинапстық
мембранасынан өтіп, синапс аралығына құйылуына түрткі болады. Ол медиатор синапс
аралығындағы клеткаралық сұйықта диффузды түрде тарап, постсинапстық мембрананы
тітіркендіреді. Постсинапстық мембранада медиатордың әсері қайтадан қозуға айналады.
Адамның миы нәтижелі еңбек еткен сайын оның синапстары көп болады. Сондықтан
жаңа туған нәрестелерде синапстар аз болып, ер жеткен сайын көбейе түсіп, ересек адамда өте
көп болады.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

Ұқсас жұмыстар
НЕЙРОН ҚЫЗМЕТІ. СИНАПСТАРДАН ҚОЗУДЫҢ ӨТУІ
НЕРВ ТАЛШЫҚТАРЫ
Нейрондардың жіктелуі
Жүйке жасушалары
Жүйке талшығы
Жүйке жүйесінің құрылысы
Парасимпатикалық жүйке жүйесінің құрылымы және қызметі
НЕРВ ҰЛПАСЫ
Қозғыш ұлпалар физиологиясы
Биомембрана құрылымы, клетка қабырғасының құрылысы
Пәндер