Жүректің жұмысы



« Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті »
Презентация
Тақырыбы: Жүрек қан тамырлар жүйесі жайлы жалпы сипттамасы, қызметі
Орындаған: Қырықбай Аян Тексерген:
Алматы 2020

Жүрек - қан тамырлары жүйесі
Әрбір жасушаға қоректік заттар, оттек, су тасымалданып, зат алмасу өнімдерін сыртқа шығару жағдайында организмнің тіршілік әрекеті жүзеге асады. Бұл процестерді мүшелері жүрек және қан тамырлары болып табылатын жүрек-қан тамырлары жүйелері жүзеге асырады.
Қанның тұйық жүрек-қан тамырлары жүйесі бойынша үздіксіз қозғалуы қанайналым деп аталады.

''Жүрек'' - көкірек қуысында орналасқан қан айналу жүйесінің орталык мүшесі. Жүрек еті, қаңқа еттері сияқты, көлденең жолақ ет талшықтарынан құралады. Бірақ қаңка еттерімен салыстырғанда, оның морфологиялык және физиологиялық ерекшеліктері бар. Калың ет пердесі оны оң және сол бөлімге бөледі. Көлденең пердемен жүрек жүрекше мен карыншаға бөлінеді.


Жүрек қабырғасы үш қабаттан тұрады: ішкі қабаты эндокард, ортаңғысы - миокард, ал сыртқысы - эпикард деп аталады.
Эндокард жүректің ішкі бетін жауып жаткан жұка қабыкша.
Миокард - жүректің ет қабаты. Оның қалыңдығы жүректің әр бөлігінде әр түрлі және жүрек камераларының аткаратын кызметтеріне байланысты. Қарыншалар кабырғасы жүрекшелер кабырғасымен салыстырғанда қалындау, ал сол карыншаның миокарды оң карыншаның миокардынан қалындау. Онын себебі қанды үлкен шенберге қуалау үшін сол қарыншаға үлкен күшпен жиырылуға тура келеді.
Эпикард - жүректің сыртын жауып жатқан, жұқа қабықша. Ол жүрек табанында жүректің сыртын қаптап жататын берік дәнекер тканьнен түзілген жүрек кабына - педикардқа айналады. Перикард пен эпикард аралығындағы куыста сұйықтық болады. Ол жүрек жүмысы кезінде қабықшалардың өзара үйкелісін азайтады. Перикард жүрек еттерінің шамадан тыс босаңсуына мүмкіндік бермейді.


Жүректің жұмысы
Адамның жүрегі 1 минутта 70-75 рет соғып, жүрек циклі 0, 9-0, 8 сек. созылады, онын 0, 1 секундында жүрекше жиырылады, 0, 3-0, 4 сек. карынша жиырылады, 0, 4-0, 5 сек. қарынша мен жүрекшенің босаңсуы мен үзіліс (пауза) болады. Жүрек циклына арналған уақыттың жартысы жиырылуға, ал калған жартысы босаңсу мен үзіліске кетеді. Сондықтан жүрек әрбір циклде жүмыс істеп те, дем алып та үлгереді. Сол себептен жүрек өмір бойы талмай-шаршамай қызмет етеді.


Адам денесінде қан тарататын тамырлардан екі тұйық жүйе - үлкен және кіші қанайналым шеңбері түзіледі Үлкен қанайналым шеңбері -жүректің сол жақ қарыншасынан қолқа артериясы қантамырынан басталады. Оттекке қаныққан қан алдымен қолқаға, одан ірі және ұсақ артерия ұантамырларына жеткізіледі. Қан ұсақ артерия қантамырларымен ішкі мүшелерге, жүректің өзіне, бұлшықеттерге, сүйектерге барады. Мүшелерде артерия қантамырлары тарамдалып, қылтамырларға бөлінеді.




Ағзаның ішкі ортасы
-қан, ұлпа сұйықтығы, лимфа жатады.
Қанның қызметі:
-адам ағзасында қан әрбір мүшені, дененің әрбір жасушасын бірімен-бірін өзара байланыстырады;
-оттегін өкпеден ұлпаларға жеткізіп, көмірқышқыл газынан тазарта-ды;
-қорек заттарды асқорыту мүшелерінен ұлпаларға жеткізеді;
-ағзаның соңғы қажетсіз өнімдерін бүйрекке және т. б. мүшелерге тасымалдайды;
-дене температурасының тұрақтылығын сақтайды;
-ағзаны зиянды микробтардан қорғайды;
-ішкі секреция бездерінен бөлінетін гормондарды тасымалдайды;
-жасушаларда қышқылдың, судың деңгейін реттейді;
-қорғаныштық қызмет атқарады (қанды ұйыта алады)

Қан тамырлары
Қан тамырлары (лат. vasa sanguinea) - адам мен жануарлар организмінің жүрек-тамырлар жүйесіне жататын, қабырғасы серпімді келген түтікше мүшелер.
Қан тамырлары:
қанды жүректен алып шығып, организмге тасымалдайтын қызыл тамырларға - артерияларға,
қанды организмнен жүрекке алып келетін көк тамырларға - веналарға және
оларды өзара байланыстырып организмдегі жасушалық және ұлпалық деңгейде үздіксіз жүретін зат алмасу процестерін қамтамасыз ететін микроайналым арнасының қан тамырларына (қызыл тамырша - артериола, қылтамыр - капилляр, көк тамырша - венула) бөлінеді.

Артериялар мен вена тамырлары қанды тасымалдаушы тамырларға жатады. Олардың қабырғасы қалың. Түтікше мүше ретінде артериялар мен веналардың қабырғалары үш қабықтан құралған: ішкі - интима, ортаңғы - медиа, сыртқы - адвентиция. Микроайналым арнасы қан тамырларының қабырғалары арқылы қан мен оны қоршаған ұлпалар арасында зат алмасу процесі жүреді. Қан тамырла- рының ішкі беті эндотелиймен астарланған. Вена тамырлары интимасында жүрекке қарай ғана ашылатын қақпақшалар (клапандар) болады.

Артерия және вена құрылысы

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz