Сапалы талдаудың міндеті тәуекелділіктің факторын анықтау


Slide 1

Бизнес - жоспар жағдайында мүмкін болатын қауіп-қатердің көрсеткіштері

Орындаған: Маратова Айнур, Жақсығұлова Сымбат.

Тексерген: Момынқұлова С. М.

Slide 2

Жоспар:

Кіріспе;

Бизнес жоспар дегеніміз не?

Бизнес - жоспар жағдайында мүмкін болатын қауіп-қатердің көрсеткіштері;

Қорытынды.

Slide 3

Кіріспе

Кәсіпкерліктің аса өзекті мәселелерінің бірі болып бүгінгі күні бизнес-жоспарлар әзірлеу саналады. Шетелде ғана емес, бізде де осы тақырыпқа жарияланымдар мен кітаптардың көп жазылуы кездейсоқ емес. Бизнес-жоспардың тарауларына тікелей көшпес бұрын, олардың негізгі қолданылу мақсатын түсініп алу керек.

Жоспарлау - ол менеджмент қызметтерінің бірі және кәсіпорынның келешектегі қызметін, яғни келесі: фирма қандай бағытта, қандай қарқындармен дамытылатын болады; қойылған мақсаттарға қалай жету керек; айқынсыздық пен тәуекелдік дәрежесін төмендету үшін не істеуге болады деген тәрізді мәселелердің шешімін болжауды білдіреді. Тиімді жоспарлау - ол мақсаттарды белгілеу үдерісі ғана емес, сонымен қатар оларға қол жеткізу жолдарын табу. Жоспарлау жаңа кәсіпорын құру кезінде де, оны ары қарай дамыту кезеңінде де жүргізілуге тиіс.

Slide 4

Бизнес жоспар дегеніміз не?

Жоспарлау үдерісі нәтижелерінің бірі - бизнес-жоспар. Бизнес-жоспар - ол бизнесті ұйымдастыру мүмкіндігін сипаттайтын (жаңа кәсіпорын құрудың қандай негіздемелері бар) және менеджерлердің кәсіпорынды қандай түрде ұйымдастыруды ойластырып жатқанын анықтайтын құжат.

Slide 5

Толық бизнес-жоспардың әдетте көлемі айтарлықтай үлкен болады, бірақ көбінесе егжей-тегжейлірек жоспарларды әзірлеу үшін бастапқы нұсқалар ретіндегі мини-бизнес-жоспарлар да пайдаланылады. Бизнес-жоспар - ол өнімге қарағанда, көп дәрежеде үдеріс, әрі бизнесті жоспарлаудың нәтижелері өзгеріссіз де емес, сондықтан фирма қызметінің бастапқы белгіленген нәтижелерден ауытқуы орын алған жағдайда, міндетті түрде бизнес-жоспарды түзету қажеттілігі болады.

Slide 6

Бизнес - жоспар жағдайында мүмкін болатын қауіп-қатердің көрсеткіштері

Бизнес-жоспар әзірлеген кезде ұсынылатын және ұсынылмайтын іс-әрекеттер деп екі топқа бөлуге болатын ұсыныстарды басшылыққа алу қажет, бизнес-жоспар жасаған кезде ненің ұсынылмайтынын қарастырайық:

команда мүшелерінің қатарында қазіргі уақытта басқа фирмаларда жұмыс істейтін және кейіннен келіп қосылуды жоспарлайтын адамдарды көрсетуге болмайды;

асыра боямалы брошюраларға, слайдтарға, дабыра таныстыруларға әуестенудің керегі жоқ - барлығы да табиғи көрінуге тиіс;

күмәнді, негізсіз және айқын емес, мысалы, сатылымдар көлемін бағалау команданың жорамалына құрылған мағлұматтарды айтуға болмайды;

Slide 7

техникалық өнімдерді немесе өндіріс үдерісін осы саладағы мамандарға ғана түсінікті терминдерде сипаттауға болмайды, өйткені ол бизнес-жоспардың тартымдылығын төмендетеді. Мысалы, инвестор өзі түсінбейтін нәрсеге қаражатын салмайтын болады. Тиісті саланың маманы емес адамға мәселенің мәнін жай сөздермен түсіндіре алмайтын команданың біліктілігіне күмән келтіру жиі кездеседі;

бизнес-жоспарды әзірлеуді тым ұзақ мерзімге созып жіберуге болмайды, ол уақытта мүмкіндігінше бизнесті ұйымдастыруды және іске қосуды бастап кету керек.

Slide 8

Бизнес-жоспар жағдайында мүмкін болатын қауіп-қатерлердің сандық және сапалық талдауларын жүргізуді қажет етеді.

Сапалы талдаудың міндеті тәуекелділіктің факторын анықтау. Мөлшерлік сандық таңдау, яғни тәуекелділік мөлшерін анықтау әр түрлі тәсіл қолданып шешетін күрделі мәселе. Бұның ең бастысы мыналар:

статистккалық тәсіл (шығын шығу мүмкіндігін есептеу үшін әр түрлі шаралар тиімділігінің статистикалық деректері талданады, тәуекелділік ауытқымасы сызылады) ;

сарапшылык (эксперттік) баға тәсілі;

шыққан шығынның тиімділігін талдау (тәуекелділікгің ауытқымасы бойынша және қаржының тұрақтылық деңгейі мен мүмкін болатын шығындарға байланысты өнеркәсіптің қаржы жағдайы және әлуметті тәуекелділік аймағы анықталады) ;

ұқсастықты қолдану әдісі

Slide 9

Қорытынды

Жоспарлау үдерісінде жұмысты мейлінше ұтымды үйымдастырудың маңызы зор. Аса тиімді жол - бизнес-жоспардың тарауларын орындаушылар арасында: біреуі - экономикалық-маркетингтік жоспармен, екіншісі - қаржы жоспарымен, үшіншісі өндірістік жоспармен айналысатындай етіп бөлу. Содан кейін ақпарат бизнес-жоспарда қорытындыланады, ол кезде атқарушылық түйіндеме соңғы кезекте ғана дайындалады. Бизнес-жоспардың бірінші және соңғы нұсқасының айы-күні белгіленеді. Одан өзге, бизнес-жоспар бойынша жұмыстарды орындаудың егжей-тегжейлі кестесі айқын анықталған бірізділікпен жасалады. Бизнес-жоспар жазылып біткен бойда пікір білдіретін кеңесшілерге беріледі: олар қажетсіз ақпаратты алып тастауға және кәсіби әзірлемешілер ретінде ұсыныстар мен ескертулер жасауға тиіс.

Slide 10
Ұқсас жұмыстар
Қаржылық тәуекелдерді талдау және бағалау
Бұрмалаулар және түрлері (алаяқтық фактісі) Аудиторлық тәуекелдік және оның компоненттері “Тәуекелділікті бағалау” “Ішкі аудит”
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ҚҰРЫЛЫМЫ, ОНЫҢ ТАЛДАУЫ МЕН ӨМІРЛІК ЦИКЛЫ
Зертханалық зерттеу әдістері
Экономикалық талдау әдістері
Қаржылық инвестициялар, инвестицияның сапасы мен тиімділігін бағалау туралы
Тәуекелді талдау
Қаржылық талдау мақсаты және міндеттері
ТАЛДАУ ТӘУЕКЕЛДІ ТАЛДАУ
ҚАРЖЫ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ТАЛДАУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz