КӘСІПТІК ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ


Slide 1

КӘСІПТІК ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ

Орындаған:

Кәсіптік оқыту

1 Курс магистранты

Қабылашимова Айгерим

Slide 2

Педагогикалық менеджмент - оқу-тәрбие және оқу-таным процестерін тиімді ұйымдастыру мен басқаруға бағытталған принциптер, әдістер, ұйымдастыру формалары мен технологиялық тәсілдер кешені.

Педагогикалық басқарудың білім беру жүйесіндегі басты объектісі - өскелең ұрпақ болып табылады.

Педагогикалық менеджменттің негізгі мақсаттары:

- білім мекемесіндегі барлық қызметкерлер мен оқушылардың күш-қуатын, уақытын және барлық құралдарды нәтижелі де жоспарлы пайдалану;

- білім менеджерлері қызметінің нақты мақсаттарға және қоғамның рухани, әлеуметтік-экономикалық даму жоспарына сәйкестігін анықтау;

- оқу-тәрбие процесінің барлық жеке мақсаттарын түпкілікті мақсатқа - еркіндік пен жауапкершілікті қатар сезінетін, шығармашылық бағытта ойлай және әрекет ете білетін тұлға қалыптастыруға бағыттау.

Slide 3

Педагогикалық менеджменттің негізгі міндеттері:

шешімдерді қабылдау және орындау:

- қарамағындағы қызметкерлердің жұмысын жоспарлау, яғни іс-қимыл стратегиясын әзірлеу;

- басқару шешімдерін рәсімдеу, оқыту мазмұнына сай бағдарламалар мен жоспарлар әзірлеу, олардың орындалумерзімі мен жауапты қызметкерлерді нақты белгілеу;

2) жиналыстар, педагогикалық кеңестер, семинарлар өткізу туралы нұсқаулар беру:

Сапалы түрде мақсат белгiлегенде директормен бiрге оқытушылар, студенттердің де осы жұмысқа тартылуы, олардың әрқайсысының педагогикалық процесте белгiлi бiр құқық, мiндет, жауапкершiлiк арқалауына жағдай жасайды.

Slide 4

Педагогикалық менеджменттің функциялары

Жоспарлау немесе шешім қабылдау функциясы

(бұйрықтар, жарлықтар, нұсқаулар, жоспарлар, кеңес шешімдері, педагогикалық кеңес шешімдері және т. б) .

Қабылданған шешімдер мен жоспарларды орындауды ұйымдастыру функциясы - педагогикалық менеджменттің екінші компоненті:

- қабылданған шешімді (жоспарды) орындаушыға жеткізу;

- қабылданған шешімді (жоспарды) орындауға материалды-техникалық жағынан қамтамасыз ету.

Мотивация функциясы. Ұйым мүшелері өздеріне тағайындалған жұмыстарды атқаруы тиіс. Жұмыстың мотивтері- бұл еңбегі үшін тиісті марапаттау.

Алдын-ала, ағымдағы және қорытынды бақылау функциялары.

Бақылаудың алдын-ала кезеңінде жоспарларды тексеру жүзеге асырылады, ал қалған бақылау түрлері - бұл тексеру барысында алынған ақпараттар негізінде орындаушылардың қызметін тексеру, талдау және баға беру.

Бақылау - педагогикалық менеджменттің үшінші компоненті, оқу-тәрбие процесінің барысы мен нәтижелері туралы мәліметтерді алу, өңдеу және шешім қабылдау процесі.

Slide 5

Мақсатқа

бағыттылық

Жоспарлау

Ұйымдастыру

Бақылау

Коммуникативті

Мотивация

Педагогикалық менеджменттің функциялары

Slide 6

Білім беру менеджері қызметінің принциптері:

- менеджменттің педагогикалық бағыттау приципі;

- менеджердің диагностикалық қызметінің нақтылығы мен

мақсаттылық принципі;

- қызметтік мақсатқа лайықтылық принципі;

- басқару процесінің пәрменділік принципі;

- басқару қызметін өзара бөлісу принципі және т. б.

Педагогикалық менеджменттің негізгі төрт әдісі бар:

 бірінші топ - экономикалық әдістер, немесе экономикалық ынталандыру әдістері;

 екінші топ - ұйымдастыру-басқарушылық әдістері немесе әкімшілік басқару әдістері;

 үшінші топ - психология-педагогикалық әсер ету әдістері;

 төртінші топ - қоғамдық пікір арқылы әсер ету әдістері.

Slide 7

Педагогикалық менеджмент деңгейлері

1) тұлғалық - қызметкерлердің нақты жұмыс орнына сай болуын қарастырады;

2) топтық - ұжымдағы қызметкерлерді тиісті орындарына қою сұрақтарын қарастырады;

3) әлеуметтанымдық - басқарудағы «элиталық топтарды» (әртүрлі дәрежедегі басшылар) құрудың арнайы механизмдері қалыптасады.

Педагогикалық менеджментте міндеттер мен құзіреттілікті орындауға жауапкершілікттер деңгейлері

- Директор (жоғары деңгейдегі менеджер немесе топменеджер)

- директордың оқу-тәрбие жұмысы жағынан орынбасары (бірінші орта деңгейдегі менеджер)

- ғылыми- әдістемелік орталықтардың жетекшілері (екінші орта деңгейдегі менеджерлер)

- топ жетекшілері (бірінші төмен деңгейдегі менеджерлер)

- мұғалімдер мен шеберлер (екінші төмен деңгейдегі менеджерлер) .

Slide 8

Кәсіптік оқыту жұмысының тиімділігінің маңызды факторы - сенім арту.

Сондықтан кәсіптік мектеп менеджері өзінің жұмысын мұғалімге сенім артып бастаған жөн, сенім - мұғалімді рухтандырады, қайраттандырады, өзіне деген сенімділік пайда болады, жауапкершілігін тудырады. Басшының сенім артуы шын сезімнен туындауы қажет. Сенім артудың маңызды құралы делегирование болып табылады.

Делегирование ( латын тілінен аударғанда делегат ретінде жіберу түсінігін береді) - міндеттер мен құзыреттілікті орындауға жауапкершілікті алу. Делегированиенің көмегімен қызметкерлердің міндеттері бөлініп беріледі. Бұл ұйымның алдына қойған мақсаттарына жетуіне мүмкіндік береді.

Slide 9

Педагогикалық менеджменттің тиімділігін айқындайтын факторлар

Педагогикалық жүйені басқаруды ұйымдастырудың тиімділігінің негізі болып кәсіптік оқыту мекемелеріндегі білім беру процесіндегі формализм элементтерінің алдын алу және оны жою болып табылады.

Педагогикалық менеджменттегі формализм - іс жүзінен гөрі қағаз жұмыстарын жоғары санау, орындаушылар әрекетінің тиімділігін жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, анализдеу мен бағалау мәселелеріне қолданылатын жүйенің бұзылуы.

Оқытудағы формализм - ережелерді, заңдарды, анықтамаларды ойсыз жаттап алу, оларды түсінбеу және тәжірибеде саналы қолданбау.

Тәрбиелеудегі формализм - тәрбиелеуде ауызша әдісті (көрнекі және тәжірибе жүзінде емес), жұмыстың массалық формаларын (жеке ықпал ету емес), тәрбиелеудегі жекелеген бағыттарды (кешенді тәсілді емес) артық көру, тәрбиеленушілердің ынта ықыласы мен дербестігін басу (директивті тәрбие) .

Slide 10

Білім беру процесін жоспарлаудағы формализм - нақты уақытты, орындаушылардың іс жүзіндегі мүмкіндіктерін, жоспарланған іс-шаралардың өзектілігі мен мақсатқа сәйкестігін ескермеген жоспарлы іс-шаралардың үлкен көлемі, сондай-ақ жоспардағы жекелеген тұжырымдардың нақты емес, ұран тәріздес сипатта болуы.


Ұқсас жұмыстар
МЕКТЕПТЕГІ БІЛІМ БЕРУДІҢ МАҚСАТТАРЫ
Басқа сөзбен айтқанда, менеджмент - ғылым мен адамдарды және әлеуметтік процестерді басқару өнерін біріктіру
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ
Кәсіптік оқыту
Педагогикалық менеджменттің принциптері
Сапа анықтамалары
Арнайы психология және педагогикадағы коррекция ұғымы
Педагогикалық менеджменттің құрылымдары
Билік және басқару мәдениеті
Музыкалық-педагогикалық әрекет ізденістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz