Дүниенің діни, философиялық және ғылыми бейнесінің тарихи және теориялық талдауы


Slide 1

Дүниенің діни, философиялық, ғылыми бейнесі

Орындаған: Кәсіптік оқыту мамандығының 1 курс магистранты

Қабылашимова А. М

Slide 2

Кез-келген дүние картинасы мынандай көзқарастардан тұрады:

- сәйкес ғылыммен зерттелетін, барлық басқа құбылыстар қалыптасатын іргелі пәндер туралы;

- зерттеліп отырған пәндердің типологиясы, классификациясы;

- пәндер арасындағы қатынастың жалпы заңдылықтары туралы.

Slide 3

Дүниенің ғылыми бейнесі- шындықтың жалпы қасиеттері мен заңдылықтары туралы түсініктердің іргелі ғылыми түсініктерді, принциптерді және теорияларды жалпы қорыту мен синтездеу нәтижесінде құрастырылған тұтас бейнесі.

Дүниенің философиялық бейнесі- көптүрлі. Бірақ бәрі адам және дүние қатынасының төңірегінде қалыптастырылған. Бұл қатынас материалистік немесе идеалистік, диалектикалық немесе метафизикалық, объективтік немесе субъективтік тұрғыдан түсінілуі мүмкін.

Slide 4

Дүниенің философиялық бейнесі

Әлемнің аристотельдік кескінінде бүкіл Ғарыш екі аймаққа бөлінген. Олардың арасындағы шек ай болып табылады. Жер орталығы мен Ай арасындағы орталық үнемі болатын өзгерістер мен шексіз біркелкі емес қозғалыстардың шоғырын білдіреді. Ал

Ай орбитасы мен қозғалмайтын жұлдыздардың шеткі сферасы арасындағы аймақ мәңгі біркелкі қозғалыстардың шоғырын білдіреді. Бұл кемелденген, өтпелі емес, мәңгілік мекені.

Slide 5

Дүниенің философиялық бейнесі

Әлемнің аристотельдік философиялық

-ғылыми кескінінің ғылыми кескінге айналуын Птолемей аяқтады. Өзінің әлемдік кескінін Птолемей «Ұлы құрылым» трактатында баяндады, ол араб тіліне бейімделген «Альмагест» атауымен көбірек танымал. Әлемнің бұл кескіні ұзақ ғасырлар бойы ғылым, философия және тіпті дін үшін де негізгі канон болып қалды. Сырттай ол өзгеріске түсті (әсіресе Орта ғасырларда), бірақ оның қаңқасы өзгеріссіз қала берді.

Slide 6

Дүниенің діни бейнесі- негізгі элементі-жалғыз Құдай бейнесі монотеистік діндер немесе құдайлар санының көптігі политеистік діндер. Қай уақытта болмасын, барлық діндер біздің эмпирикалық шындық өз бетімен сүре алмайды және өзін-өзі қамтамасыз ете алмайды, тек жаратылған, себебі ол екінші, нағыз, ақиқат шындықтың-Құдайдың жемісі, проекциясы деп есептейді.

Slide 7

Дүниенің діни бейнесі

Орта ғасырларда Еуропада мәдениеттің, жетекші және тіпті барлығын анықтаушы саласы дін болды.

Бұл Еуропа халықтарының алуан түрлі пұтқа табынушылығының орнына келген христиан діні болатын.

Бұл дүниетанымды теоцентристік (грекше «тэос» -құдай) деп атайды.

Христиандық доктрина мен шіркеу ақыл мен білімнен сенімнің сөзсіз үстемдігін бекітті. Бұл доктринаның негізқұраушы идеялары- жаратылыс идеясы, күнәһарлық идеясы және одан тазару (құтқарылу) идеясы.

Slide 8

Фома Аквинский қандай да бір оқиғаларға жын дардың немесе періштелердің араласуынтылсымдық деп есептемеді, өйткені олар өз табиғатына сай әрекет етіп отыр.

Бұл әдеттен тыс көрінуі мүмкін, бірақ ешқандай керемет емес. Нағыз керемет -бұл Құдайдың тікелей, періштелер сатысын айналып өтіп, қандай да бір нәрсені жасауы. Өйткені әдетте ол өзі емес,

періштелері арқылы әрекет етеді.

Slide 9

иерархизм

(сатылық)

символизм

(рәмізшілдік)

тателеологизм және

теоцентризм

Дүниенің теологиялық -

ғылыми кескінінің негізгі ұстанымдары

Slide 10

Дүниені ғылыми бейнесі түсінігі ХIХ және ХХ ғасырлар аралығында қалыптасты.

Белгілі физик, кванттық механиканың негізін қалаушы Макс Планк 1908 жылы «Әлемнің физикалық кескінінің біртұтастығы» деген тақырыпта баяндама жасады. Бұл түсінікпен қатар, «табиғат кескіні», «әлем үлгісі», «әлем бейнесі», «табиғат бейнесі» және, тіпті «адам кескіні»деген ұғымдар да қолданыла береді.

Дүниенің ғылыми бейнесінің басқа барлық бейнелерден артықшылығы, Планктың пікірінше, оның «бірлігінде-барлық зерттеушілер, барлық халықтар, барлық мәдениеттер тұрғысынан алғандағы бірлігінде», яғни ғылыми бірлігінде екен.

Slide 11

Ғылыми бейнесінің функциялары

Ғылыми білімнің онтологиясы ретінде шындық дүние болмысы мен ғылыми білім арасында байланыс орнатады.

Ғылыми білімді жүйеге келтіру қызметін орындайды.

Зерттеу программасы қызметін атқарады.

Slide 12

XVII ғасырдың екінші жартысындағы әлемнің механикалық көрінісі

Slide 13

Бүгінгі күнгі әлемдер қабаттары

Slide 14

Әдебиеттер тізімі


Ұқсас жұмыстар
Философияның мәні мен қызметтері және ежелгі дүниенің философиялық мектептері
Орыс космизмі: XIX-XX ғғ. тарихы, діни және ғылыми тенденциялары мен негізгі философиялық идеялары
Шерхан Мұртазаның Қызыл жебе хамсасы және Тұрар Рысқұлов бейнесінің тарихи-көркем талдауы
Өзін-өзі танудың философиялық негіздері мен тарихи-теориялық тұжырымдары
Этика және құндылықтар: философиялық, діни және ұлттық аспектілер
Материя: тарихи қалыптасуы, құрылымы және философиялық-ғылыми тұжырымдамалары
Қазақ ойшылдарының діни-философиялық ойлары: Қожа Ахмет Иасауи, Абай және Шәкәрім
Кибернетика мәселелері: философиялық және теориялық аспектілері
Ғылыми білімдегі эмпириялық және теориялық ұғымдар: ақиқат концепциялары мен критерийлерінің салыстырмалы талдауы
Рене Декарттың ғылыми-философиялық әдіснамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz