Жаратылыстану ғылымдарының философиялық проблемалары


Slide 1

Жаратылыстану ғылымдарының философиялық проблемалары

Орындаған: Кәсіптік оқыту мамандығының

1 курс магистранты

Қабылашимова Айгерим

Slide 2

Математика философиясы, бір жағынан, философия бөлімі, басқа жағынан-математиканың жалпы әдістемесі болып табылады.

Оның негізгі мәселелері-математиканың мәнін, оның пәні мен тәсілдерін, математиканың ғылымдағы және мәдениеттегі алатын орнын анықтау.

Математика философиясының тәсілдері- рефлексивті, проективті, нормативті. Математика философиясы математиканы болжамды бағдарлау қызметін атқарады.

Математика (грек тілінен mathema-ғылым) -нақты дүниенің сандық қатынастары мен кеңістік нысандары туралы ғылым.

арифметика

алгебра

геометрия

тригонометрия

жоғарғы математика

Slide 3

Математиканың негізгі тәсілдері

Математика пәнін анықтаудың аспектілері

Slide 4

Математикалық танымның негізгі сипаттамасы дәлелдеу болып табылады. Математика және оның тәсілдері рөлінің өсуі ХХ және ХХІ ғасырлар ғылымының маңызды сипаттамасы болып табылады. Логика бұнда математика әдісімен қатар математикалық теория ретінде орын алады.

ХІХ ғ. басында О. Коши математикаға тіршілік ету теоремаларын енгізген, олар математикалық объектінің статусын түсінуде жаңа кезең ретінде болды. Математикалық тіршілікті түсінуде алдыңғы қатарға логикалық жағдай шыға бастады, сыртқы эмпирикалық жағдайға негізделмей, өз математикалық анықтамалар негізінде қандай да бір жорамалдың мүмкіндігін негіздеу талабы.

Slide 5

ХІХ ғ. математиканы негіздеу мәселесі туындайды.

Б. Рассел көптілік теориясы мен оның негізгі ұсынымдарының бастапқы ұғымдарының анықтамаларынан туындайтын логикалық қарама-қайшылықты байқаған.

Көптілік теориясының басқа парадокстары математиканы негіздеудің құлдырауына әкелді.

Канторлық математиканы негіздеу дағдарысынан шығу жолын Б. Рассел және А. Уайтхед математиканың гносеологиялық негіздерін өзгертуде а. а. канторлық көптілік теориясын дәйектеуді шектеу қажеттілігінде тапқан.

Рассел теориясы типтерге жіктеліп, заттар мен көптіліктерді зерттейтін теория ретінде қалыптасып, «типтер теориясы» деп аталған. Көптіліктер теориясының терминдерін логикалық терминдер ретінде анықтауға болатындықтан, осы теорияны логика деп атайды. Аталмыш бағыт «логицизм» атауына ие болған.

Slide 6

ФИЗИКАНЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ

ПРОБЛЕМАЛАРЫ

Қазіргі кездегі физикадағы детерминизм және қатыстылық категориясына байланысты проблемалар жаратылыстанудың өзекті философиялық проблемалары болып табылады.

Детерминизм материалдық және заттық дүние құбылыстарының объективті заңды өзара байланысы мен өзара шартталуы туралы философиялық ілім.

Slide 7

Қазіргі кездегі физиканың негізгі қағидалары

фундаменталды физикалық теориялар

Физикадағы симметрия

Физикалық өлшемдерді сақтау заңдары

Симметрия қағидалары мен сақтау заңдарының қазіргі кездегі физикадағы үлкен мағынасы, осы қағидаларға жаңа фундаменталды теорияларды жасауда, ал философиялық мағынасы, олардың детерменизм көрінісінің жалпылама нысаны ретінде болуында.

Slide 8

Физика және синергетика

Энтропия ұғымын енгізу қазіргі кездегі физиканың концептуалды жаңаруына әкелді. Аталмыш ұғымды ғылыми айналысқа 1965 ж. неміс физигі Р. Клаузиус енгізді.

Энтропия (грек. еntropia- бетбұрыс, айналыс) термодинамикалық жүйе жағдайының қызметі

Термодинамика пәні

термодинамикалық

тепе-теңдік саласы

нашар теңсіз сала

күшті тең емес сала

Slide 9

АСТРОНОМИЯ МЕН КОСМОЛОГИЯНЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫ

Астрономия - ғаламдағы ғарыштық денелер, олардың құрылымы, құрылысы, дамуы туралы ғылым.

Ең көне ғылымдардың бірі адамның іс-жүзіндегі мұқтажадықтарының негізінде пайда болды: кеңістікті игеру, теңіз жолына шығу, уақытты өлшеу т. б.

Қазіргі кезде астрономияның бірнеше салалары белгілі, мысалы: аспан денелері мен ғарыш кеңістігіндегі физикалық-химиялық үрдістерді зерттейтін астрофизика, галактикаларды зерттейтін жұлдыздық астрономия, аспан денелерінің қозғалысын зерттейтін механика, ғарыш нысандарын зерттейтін атмосферадан тыс астрономия, астрономиялық құралдар және оларды қолдануды зерттейтін - практикалық астрономия.

Slide 10

Космология - Әлемнің эволюциялық теориясы, астрономиялық зерттеулерді жүргізудің мүмкін бөлігін қарастыратын сала. Космологияның теоретикалық бастауы құрамына негізгі философиялық теориялар (қатысымдылық, өріс теориялары т. б. ), математикалық аппарат және философиялық-әдіснамалық негіздер кіреді.

Космология нысанының статусы - Әлем.

Кванттық космология мегаәлем шекарасын кеңейтіп біздің мегагалактика Ғаламдағы көптеген галактикалардың бірі ретінде танылды.

Әлем моделін жасауда шешуші рөлді келесідей тұрақты заттар (константалар) атқарады: гравитациялық тұрақты, Планк тұрақтысы, жарық жылдамдығы, материяның орташа тығыздығы, т. б.

Компьютерлік техниканың дамуына орай, компьютерлік модельдеу туды. Бұлардың негізінде инфляциялық фазалы Әлем моделі өңделді.

ХХІ ғ. -дың басында ғарыштан алынған ақпараттар негізінде «күңгірт материя» мен «күңгірт энергияны» есепке алған әлем моделі жасалды.

Slide 11

Уақыт категориясы - космологияда көп талқыланатын категориялардың бірі.

Көптеген зертеушілер уақытқа обьективті сипат береді, бірақ Августин мен И. Канттан басталатын дәстүрге сай, уақыт пен кеңістік субъективті түсіндіріледі.

Уақыт - ешқандай факторға тәуелсіз өлшеуіш ретінде немесе материяның қозғалысымен байланысты өлшеуіш түрінде қарастырылады.

Ең көп тарағаны - уақытты қозғалыста елестетін динамикалық тұжырымдама, бірақ оған қарсы тұжырымдама ұсынылды, ол - статикалық деп аталады. Әр модельдерде уақыт циклды немесе ақырғы, я шексіз және сызықтық болады.

Slide 12

Информатиканың философиялық мәселелері


Ұқсас жұмыстар
Ғылым философиясы
Қазіргі жаратылыстану концепциялары пәні және оның әлеуметтік маңызы
Фарабидің толық аты - жөні
Еуропада феодализмнің құлдырап және алғашқы буржуазиялық қоғамның қалыптасуы кезінде дамыған философиялық социологиялық ілім
Қайта өрлеу философиясы
Қазіргі заман қазақ философиясы
Ғылымдарды іріктеу жөнінде
БИОЛОГИЯЛЫҚ ДЕРКҚОРЛАРДЫ АҚПАРАТТЫ ІЗДЕУ
Жаратылыстану ғылымдарының ғылыми емес білімдерден ерекшелігі
Мемлекет және құқық теориясы қоғамдық ғылым ретінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz