Философияның қалыптасуы




Презентация қосу
й да
па
ы ң
мн м е н
ы ы
л луы суы
Ғ бо т а
л ып
қа
7М01402 Кәсіптік оқыту
Қабылашимова А.М
Мазмұны
1 Ғылым түсінігі

2 Философияның қалыптасуы

3 Орта ғасырдағы ғылым

4 Қайта өрлеу ғылымы

4 Қорытынды
Ғылым түсінігі
Ғылым (лат. scientia — білім) — уақыт пен кеңістікте бар,
зерттеуге болатын шынайы нақты нәрселердің заңдары мен
қағидаларын, тәртібі мен құрылымын объективті түсіндіретін,
эксперимент пен бақылауға негізделіп, математикалық есептеуді
қолданып, жүйелі түсінік қалыптастыратын таным саласы.

Ғылымның арғы тамыры 3500-3000 жыл бұрынғы ежелгі
Мысыр мен Месопотамия өркениеттеріне барып тіреледі. Олар
математика, астрономия, медицина секілді ғылымдардың алғашқы
кейпін жасап, 2600 жыл бұрын басталған Грек табиғат философиясына,
антикалық классикаға арқау болды.

15 ғ бастап Еуропада Ренессанс сана жаңғыруын жасап, ғылымға жаңа
көк жиек ашты. Әсіресе Астрономиядағы Католик шіркеуінің мың
жылдық өтірігін ашқан гелиоцентризмнен кейін ғылымның тасқынын
ендіқайтып ешкім тоса алмастай болды. Өнеркәсіп революциясының
ғылым мен техникаға мұқтаждығы ғылымға жаңа күш бітірді.
Заманауи ғылым
Тармақтары
Жаратылыстану ғылымы (Биология, Химия, Физика...) ұлы
табиғатты зерттейді.

Қоғамдық ғылымдар (экономика, психология, әлеуметтану...)
жеке адам мен қоғамды зерттейді.

Формалды ғылым (философия, логика, математика, теориялық
компьютер ғылымы...) негізінен абстаркт ақылдық ұғымдарды
зерттейді.

Санаттары
•Жаратылыс құбылыстарын (биологиялық өмірді қоса) зерттейтін
жаратылыстану ғылымдары
•Адамзат өмірі мен қоғамдарын зерттейтін гуманитарлық ғылымдар.
•Фундаменталды ғылым- математика
Ежелгі Шығыста (Бабыл, Мысыр, Үндістан,
Қытай) болашақ ғылымға негіз болған білімнің
алғашқы нышандары қалыптасты.
Оның алғышарты ретінде мифологияны атауға
болады. Бірақ танымның бұл формасы өзінің діни-
антропоморфты сипатына байланысты нағыз
ғылымнан алшақ жатқан еді.
Б.з.б 6 ғасырда Ежелгі Грекияда (Фалес, Демокрит, т.б.)
қалыптасып, табиғи бастау арқылы болмысты түсіндіретін
мифологияға қарама-қарсы теориялық жүйе пайда болды.

Мифологиядан бөліне отырып, теориялық
натурфилософиялық білім синкретті түрде өзіне ғылым
мен философияны танымдық бағытта біріктірді.
Аристотель, т.б. қоғам мен табиғат заңдылықтарын ашып,
мәдениет тарихында ұлы рөл атқарды; олар ғылымның ерекше
тәсілі дәлелдеу негізін қалыптастырды. Осы дәуірде білімнің кейбір
салалары даралана бастады.
Қорытынды
Кейбір ғалымдар антикалық ғылым феноменіне назар
аударады, яғни, сол кезде теориялық ғылымның негіздері қалыптасты
деген пікірде.

Тағы бір нұсқа — ғылымның соңғы орта ғасыр мəдениетінде пайда
болуы туралы. Кейбір мəліметтерде ғылымның шығуын Батыс
Еуропада /12-14 ғғ./ соңғы орта ғасыр мəдениетінің өркендеуінде деп
санаған. Ағылшын епископы Роберт Гроссетест /1175-1253 жж./ пен
ағылшын францискан монахы Роджер Бэконның /1214-1292 жж./
қызметінде тəжірибелік білімнің ролі басқаша қарастырылған.

Ғылымның пайда болу туралы ең дəстүрлі нұсқасы — ғылымының
бастамасы Жаңа заманда болған, жалпы еуропалық тұрғыда /16-17 ғғ.
басы/, Коперниктің талпарысы, Галилей мен Ньютонға негізделген
классикалық механиканың заңдары, дүниенің ғылыми бейнесі.

Ұқсас жұмыстар
Философиялық мәселелердің жеке табиғаты
Исламдық орта ғасырлық мәдениет контекстіндегі арабтық- мұсылмандық философия
Грек мифологиясы
Ойлау мәдениеті
Әлеуметтану ғылымының даму тарихы
Неотомизм және персонализм бағыттары
Ежелгі Дүние дәуірі Ежелгі Дүние дәуірі Ежелгі Дүние дәуірі
Ежелгі Грек философиясының мектептері
«Исламдық орта ғасырлық мәдениет контекстіндегі арабтықмұсылмандық философия»
Ғылымның тарихы
Пәндер