Инъекцияға арналған ерітінділер


Slide 1

Инъекцияға арналған ерітінділер.

«Астана Медицина Университеті» КеАҚ

НАО «Медицинский Университет Астана»

Кафедра Фармацевтических Дисциплин

Дисциплина: «Технология лекарственных форм»

Абдіқалықов Р. Д

Фармацевтикалық пәндер кафедрасының

аға оқытушысы

Нур-Сұлтан

2020

Slide 2

Негізгі сұрақтар:

Slide 3

Инъекцияға арналған дәрілік түрлер ағзаға шприц арқылы тері немесе кілегей қабаттарын бүтіндігін (іnjectіo-впрыскивание) бұзу арқылы енгізілетін дәрілік түрлердің ерекше тобына жатады.

Көлемі 100 мл және одан көп болатын инъекцияға арналған ерітінділер инфузиялық (лат. іnfusіo - құю) деп аталады

Инфузиялық ерітінділер дәріханалардың экстемпоралдық рецептурасының, 12-25%, аурухана және ауруханааралық дәріханалар экстемпоралдық рецептураның 40-45% құрайды.

Алғаш рет дәрілік заттардың ерітінділерін тері арқылы жіберуді 1785 жылдың басында Владикавказ әскери госпитальдің дәрігері Лазарев жасаған

1852 жылы чех дәрігері Правац қазіргі заманғы шприц конструкциясын ұсынған.

Инъекцияға арналған дәрілік түрлердің сипаттамасы.

Slide 4

Дәрілік препараттарды енгізу жеріне байланысты

Тері ішілік (іnjectіones іn tracutaneae) инъекция.

Тері астылық инъекция (іnjеctіones subcutaneae) .

Бұлшық етке енгізілетін инъекция

Қан тамырына енгізілетін инъекция

Жұлын-милы инъекция

Мисауыт ішілік инъекция

Slide 5

Тез терапевтік әсер көрсетеді

Дәрілік зат дәл дозаланады

Енгізілетін дәрілік заттар бірден қанға түседі

Дәрілік заттарды өзгертіп, кейде тіпті бұзатын асқазан-ішек жолдары, бауыр сияқты ағзаның қорғаныс барьерлерінен өтпейді

Ес-түссіз жағдайындағы науқасқа дәрілік затты енгізуге мүмкіндік береді

Жағымсыз иісі мен дәміне және асқазан-ішек жолдарын тітіркендіруіне байланысты жағдайларды болдырмайды;

Қанды көп жоғалтқан кезде, оны сұйықтықтарымен алмастыру мүмкіндігі (қан алмастырғыштармен)

Инъекциялық дәрілік түрлердің артылықшықтары:

Slide 6

инфекция енгізу қаупі

шприц инесімен ұлпаны жарақаттану нәтижесінде ауырсынуы, осмостық қысымының өзгертуі, рН-мәнінің ауытқуы және т. б

майда қан тамырларының қатты заттармен немесе ауа көпіршіктермен бекітілу қаупі - эмболия

дәрілік затты ағзаға енгізу үшін арнайы білімі бар медициналық қызметкердің қажеттігі

Инъекцияға арналған дәрілердің кемшіліктері:

Slide 7

Бөлмені-асептикалық блокты дайындау

Фармацевт-технологты дайындау

Ыдыстарды және қосымша материалдарды дайындау

Дәрілік заттар мен еріткіштерді дайындау

Дәрілік заттарды еріту

Тұрақтандыру

Фильтрлеу

Ерітінді құрамындағы әсер етуші заттарды химиялық талдау

Флаконды тығындап, механикалық қоспалардың болмауын бақылау

Тығынды бекітіп, маркалау

Ерітіндіні стерильдеу

Ерітіндінің мөлдірлігін анықтау, түстілігін, механикалық қоспалары болмауын анықтап, химиялық талдау жасау;

Безендіру және босату

Инъекцияға арналған ерітінділер технологиясы

Slide 8

Сипттамасы

Идентификациясы (микробқа қарсы консерванттар)

Мөлдірлігі

Түсі

Қышқылдылығы (сілтілігі немесе pH)

Механикалық қоспалар

Бөгде қоспалар

Бөлініп алынатын көлем

Пирогендер немесе бактериалды эндотоксиндер

Стерильділік

Сандық анықтау

Қапатама, таңбалау, тасмалдау

Сақтау шаралары

Инъекцияға арналған ерітінділердің

сапасын бағалау

Slide 9

Стерильдеу (лат. cөзі Sterіlіs - ұрықсыздандыру) - дамудың барлық сатысында болатын микроорганизмдердің барлық түрлерін объектіде жою, өлтіру процесі болып табылады

Стерильдеу

Стерильдеу тәсілі

Физикалық тәсіл

Химиялық тәсіл

Жылумен стерильдеу

Ыстық ауамен стерильдеу

Ағынды бумен стерильдеу

Стерильді фильтрлеу

Микросаңылаулы мембраналық фильтрлер

Ультракульгін (УК) саулелермен стерильдеу

Иондаушы сәулемен стерильдеу (радиациялық әдіс)

Нипагин

Нипазол

Хлорбутанол гидрат (хлорэтон)

Трикрезол

Фенол - 0, 5%

Жаңа стерильдеудің әдісі

Slide 10

Изотониялық ерітінділер

Инъекцияға арналған ерітінділердің ішінде изотонды ерітінділер ерекше топ құрайды, яғни бұл ерітінділердің осмостық қысымы ағза сұйықтықтарының: қан плазмасы, жас сұйықтығы, лимфа және т. б. осмостық қысымына тең болады

Изотонды деген атау грек тілінен isos - тең, tonus - қысым дегенді білдіреді

Осмостық қысымы төмен ерітінділер гипотонды, ал жоғары - гипертонды деп аталады

Гипертонды ерітінділер медициналық практикада ісінуді қайтару үшін қолданылады.

Натрий хлоридінің 3, 5, 10% концентрациядағы ерітінділері іріңді жараларды емдеуде іріңді сыртқа шығару үшін қолданылады. Сонымен қатар гипертонды ерітінділер микробқа қарсы әсер де көрсетеді.

Slide 11

Физиологиялық және қан алмастырушы, шокқа қарсы ерітінділер инъекцияға арналған ерітінділердің ішіндегі ең күрделі тобына жатады

Еріген заттардың құрамы бойынша клеткалар мен мүшелердің өмір сүру қабілетін бір қалыпта ұстап, ағзадағы физиологиялық тепе-теңдікті өзгертпейтін ерітінділерді физиологиялық ерітінділер деп айтады.

Қасиеті бойынша адам қанының плазмасына максималды жақын ерітінділер қан алмастырушы ерітінділер (сұйықтықтар) немесе қан алмастырғыштар деп аталады

Плазмамен алмастыратын (физиологиялық) ерітінділер

Slide 12

Қазіргі кезде плазма алмастырғыштарды 6 топқа жіктейді

Су-тұз және қышқыл-сілтілі тепе-теңдікті реттеуші ерітінділер

Гемодинамикалық ерітінділерге (есеңгіреуге (шокқа) қарсы қан алмастырғыштар

Дезинтоксикациялық қан алмастырғыштар

Парентеральды қоректендіруге арналған препараттар

Оттегі тасымалдау қасиеті бар қан алмастырғыштар. Қанның тыныс алу функциясын қалпына келтіруге арналған

Комплексті әсерлі қан алмастырғыштар. Құрамына плазма алмастырғыш ерітінділердің бірнеше топтары кіретін, кең спектрлі ерітінділер

Slide 13

Инъекциялық дәрілік түрлердің технологиясын жетілдіру

Приборларды, аппараттарды, кіші механикалық құралдарын енгізу: дистилляторлар, инъекцияға арналған суды жинағыштар, өлшегіштер, араластырғыштар, фильтрлеу аппараттары, инъекцияға арналған ерітінділердің сапасын бақылауға арналған қондырғылар

Тұрақтандырғыштар ассортиментін көбейту;

Жаңа физика-химиялық талдау әдістерін енгізу;

Жаңа орамдау және тығындау материалдарын енгізу

Препараттың тұрақтылығына әсер ететін негізгі проблемаларды кешенді шешу

Slide 14

Спасибо за внимание


Ұқсас жұмыстар
ДӘРІЛІК ҮЛГІЛЕРДІҢ МЕДИЦИНАДА
Сарысу алмастырушы және дезинтоксикациялық заттар туралы
Ұшпалы сусыз ерітінділер
Сарысу алмастырушы және дезинтоксикациялық заттар
Дәрілердің сапасын дәріханаішілік бақылауды ұйымдастыру
Бұлшықет ішіне енгізудің ауырсынуы азырақ
Төменгі молекулярды дірілік заттардың ерітінділері. Жоғары молекулярды ерітінділердің қосындылыры және коллоидтар
Вакцина антигендер
Қатты дәрілік қалыптар
Ксантин туындылары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz