Сәйкестікті бағалау шеңберінде құқықтық реттеу


Slide 1

ДӘРІС № 12

ТАҚЫРЫБЫ: Техникалық регламентерді әзірлеу реті. Техникалық регламентерді қабылдау, өзгерту және кері қайтару реті.

Slide 2

Техникалық кедергілерді жоюға қатысты программалардың негізін Үкіметтің шаруашылық субъектілерінің рыноктағы жұмыс ретін ұйымдастыруға бағытталған техникалық реттеу шеңберіндегі іс-қимылдары құрайды.

Slide 3

Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңына сәйкес техникалық реттеу - санитарлық және қоспағанда, сәйкестікті растау, аккредиттеу және белгіленген талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі қызметті қоса алғанда, өнімге, көрсетілетін қызметке, процестерге қойылатын міндетті және ерікті талаптарды анықтауға, белгілеуге, қолдануға және орындауға байланысты қатынастарды құқықтық және нормативтік реттеу.

Slide 4

Қазақстанда техникалық реттеудің халықаралық жүйесіне ауысудың алғашқы қадамдары 1999ж. СТБ (саудадағы техникалық бөгеттер) негізгі талаптары мен «техникалық регламент» түсінігі енгізілген ҚР «Стандарттау туралы» заңының қабылдануымен байланысты. Қазақстанның техникалық нормалаудың халықаралық жүйесіне техникалық регламенттер арқылы өту жағдайларын қарастыратын мемлекеттік стандарттаудың 2005 жылға дейінгі даму Концепциясы құрастырылды.

Slide 5

Техникалық нормалау бойынша жұмыс «Техникалық заңнама» ТК үйлестіріледі. 2003ж. ҚР «Стандарттау туралы», «Сертификаттау туралы» заңдарына енгізілген өзгерістер стандарттау және сертификаттаудың мемлекеттік жүйелерінің әрекеттегі халықаралық ұқсас жүйелермен ары қарай жақындасуына бағытталған.

Slide 6

Техникалық регламенттерді қабылдау мақсаттары:

• Адам өмірі мен денмаулығын, жеке немесе заңды тұлғалардың мүліктерін, мемлекеттік және муниципалдық мүліктерді қорғау;

• Қоршаған ортаны, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау;

• Өнімнің, көрсетілетін қызметтің қауыпсіздігіне қатысты тұтынушыларды жаңылыстыратын іс-әрекеттердің алдын алу;

• Саудадағы техникалық кедергілерді жою;

• Отандық онімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

• Табиғи және энергетикалық ресурстарды үнемдеу.

Slide 7

«Техникалық реттеу»

- өнімдерге, процестерге, сәйкестілікті нақтылау бойынша әрекетке, аккредиттеу мен мемлекеттік бақылауға, бекітілген талаптардың орындалуы бойынша қойылатын міндетті және ерікті талаптардың бекітілу, қолданылу және орындалуы саласындағы қатынастардың құқықтық және нормативті реттелуі. Әрекеттегі техникалық реттеу жүйесінің 75-жылдық тарихы бар. Осы кезеңде 50 мыңнан астам нормативті акттер: мемлекеттік және салық стандарттары, техникалық шарттар құрылды.

Slide 8

Өндірістік дамыған елдердегі техникалық реттеу жүйесі өнімге қойылатын талаптарды екі бөлікке бөледі:

біріншісі - мемлекет жауап беретін қауіпсіздік;

екіншісі - талаптарын нарық қоятын, қауіпсіздікке еш қатысы жоқ, өнімнің тұтынушылық сапасы.

Slide 9

«Техникалық реттеу туралы» заңда екі деңгейлі жүйені құру қарастырылады:

Парламент және Үкімет деңгейінде қабылданатын, өнімнің жеке топтарына, әсер ету факторларына қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша мемлекеттің жалпы міндетті талаптары шоғырланған нормативті құқықтық акттер (техникалық регламенттер) және ерікті стандарттар немесе басқа нормативті акттер.

Slide 10

Техникалық заңнама

- техникалық объектілерге: өнімге, оның өмірлік циклі процестеріне, қызмет көрсетуге және қойылған талаптардың сақталуын тексеруге қатысты талаптарды регламенттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.

2004 жылдың 9 қарашасында қабылданып, 2005 жылдың 14 мамырынан қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасының « Техникалық реттеу тұралы» Заңы 1999 жылдың 16 шілдесінде қабылданған «Стандарттау туралы» және «Сертификаттау туралы» Заңдарының күшін жойды.

Slide 11

Техникалық реттеу жүйесін реформалаудың негізгі мақсаты, ол адам өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны, соның ішінде жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғаудың нәтижелі жүйесін құру және саудада қисынсыз, артық кедергілерді болдырмау.

Slide 12

Ол үшін мына шаралар көзделеді:

• Өнімнің ерікті стандарттарын міндетті техникалық регламенттерден бөлу (өмір мен денсаулықты қорғауға қатысы барларын)

• Ұлттық стандарттарды халықаралық стандарттармен ең жоғары деңгейде үйлестіру;

• Сәйкестікті растау жүйесін ымырышылдандыру және әрір мүмкін жағдайда сәйкестікті ерікті растау сызасын еңгізу;

• Тәуелсіз және алаламайтын аккредиттеу жүйесін құру;

• Қазақстанның сәйкестік сертификатының шетелдік нарықта мойындалуына қол жеткізу.

Slide 13

Практика тұрғысынан Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңын қабылдауға қандай ішкі және сыртқы себептер ұйықты болғанын білу маңызды. Мұндай себептердің бастылары мыналар:

Slide 14

• бірінші жағдай - елдің техникалық заңдылықтарын дамыған шет елдердің заңдылықтарына мүмкіндігінше үйлестіру. Тек қана осындай үйлестіру арқылы еліміздегі бизнес қазіргі замандағы экономикалық кеңістікке кіре алады және барлық болып жатқан өзгерістерге дер кезінде құлақ асып, бәсекелестікке дайын болуға тырысады.

Slide 15

• екінші жағдай - кәсіп иелерінің талпынысы мен азаматтық бизнесіне мемлекет тарапынан қойылатын артық әкімшілік кедергілерді болдырмау. Стандарттарда келтірілген санитарлық ережелер мен нормалар, құрылыс нормалары мен ережелері және т. б. өте көлемді және нашар реттелген міндетті талаптар кәсіп иелерінің жұмысын шектейді.

Slide 16
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан республикасындағы техникалық реттеу жүйесі және сертификаттау ережелерін бұзғаньі үшін жауапкершілік
Қазақстан Республикасының Техникалық реттеу туралы заңы
Қазақстан Республикасы мемлекеттік стандарттары
ҚАУІП-ҚАТЕР ТҮСІНІГІ
СЕРТИФИКАТТАУ ЖҮЙЕЛЕРІ
ЕАЭО СӘЙКЕСТІК СЕРТИФИКАТЫ
Мемлекеттің кәсіпкерлік қызметті реттеудегі ролі және мемлекеттік реттеуді жүргізетін мемлекеттік органдар
Сертификатты мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізілімінде тіркеу
Сәйкестікті растауды бағалау бойынша жұмыстарды жүргізу тәртібі
Өнімді сертификаттаудың құжаттарын рәсімдеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz