Ғылым - танымның ерекше формасы ретінде


Slide 1

Ғылым - танымның ерекше формасы ретінде

Орындаған: Әбдірәсіл Г. Б.

Notes: Оригинальные шаблоны для презентаций: https://presentation-creation. ru/powerpoint-templates. html

Бесплатно и без регистрации.

Slide 2

Fылыми таным абстрактылы ұғымдармен жұмыс жасаса, көркемдік таным нақты тірі адамды бейнелі, көрнекілік тұрғыда қарастырады деген пікір қалыптасқан. Бұл тұжырым белгілі мөлшерде әділ болғанымен, ол да ғылыми танымның ерекшелігін көрсете алмайды. Шындығында, білімнің формасы түріндегі және оның өзге формалардан артықшылығы, ғылымның теориялық білімдер жүйесі түрінде өмір сүруінде. Fылыми білімнің ең жетілген формасы теория болып табылады.

Slide 3

Теория деген не? Теория - бұл тәжірибенің, практиканың немесе бақылаудың қорытындылануы деп жиі айтылады. Кез-келген қорытынды жекелеген заттармен, жағдайлармен және процестермен бірқатар бақылаулар мен эксперименттердің мазмұнын құрайтын ортақ жалпылықты ерекшелеп бекітеді. Бірақ барлық қорытынды ғылыми теория қалыптастыратындай теориялық бола алмайды.

Slide 4

Заңдарды құрастыруда өзге салаларда қалыптасқан теорияларда және оларда жеткілікті дәл мән мен мағынаға ие болған (мысалы, "энергия" және "жұмыс" ұғымдары механикада өзінің мәні мен мағынасына ие болады және кәдуілгі тілдегі осындай ұғымдардан көбіне өзгешеленеді) ұғымдарды енгізумен сипатталатын концептуалдандыру тәсілі

Slide 5

Fалымдар осы тәсілдерді қолдана отырып, эмпирикалық қорытындылар болып табылатын ғылым заңдарын қалыптастырады. Ол сырттай қарама-қайшы болғанымен, іштей ортақ қасиеттері мен қырлары бар жекелеген құбылыстардың арасындағы қайталанатын, қажетті мәнді қатынастар мен байланыстарды бейнелейді. Осылайша, біз объективті әлем заңдары мен ғылым заңдары арасындағы маңызды айырмашылық пен бағыныштылықты анықтай аламыз. Оның алғашқысы бізден тәуелсіз, тыс нақтылықтың өзінде өмір сүреді.

Slide 6

Екіншісі эмпирикалық қорытындылар күйіндегі олардың бейнелері болып табылады. Бұл жағдайда әлемнің объективті заңдары ғылым заңдарында барынша толық емес, шартты, жақын, объективті әлем байланысын қайталайтын ерекше формада - аралары логикалық байланыстармен бекітілген ерекше ғылыми абстракциялардың көмегімен бейнеленеді. Алайда ғылымның барлық заңдары эмпирикалық қорытынды ретінде пайда бола бермейді.

Slide 7

Бастапқыда көптеген ғылым заңдары гипотеза (грекше hіpothesіs - негіз, жорамал) формасында көрінеді. Гипотезалар бұл толығымен бекітілмеген, дәлелденбеген, белгілі мөлшерде ғана негізделген болжамдар, жорамалдар. Гипотезалар екі үлкен топқа бөлінеді: айғақтық және теориялық гипотезалар. Алғашқылары - жекелеген заттар, жағдайлар мен процестер туралы болжамдар мен жорамалдар. Екінші топтағы гипотезаларға, мысалы, Д. И. Менделеевтің химиялық элементтердің қасиеттері өзгеріп және мерзімді түрде қайталанып отырады деген бастапқы болжамын жатқызуға болады. Осы гипотезаның негізінде жаңа химиялық элементтер мен олардың қасиеттері болжанды. Бұл болжамдар дәлелденгеннен кейін гипотезаны ұсыныс ретінде емес, берік, ғылыми дәлелденген заң ретінде қарастыра бастады.

Slide 8

Теориялық гипотезалар мен заңдар кейде тікелей сезімдік бақылауға қайшы келіп отырады.

Теориялық гипотезалар бастапқыда қызық әрі фантастикалық болып көрінуі мүмкін, мысалы, соңғы онжылдықтардағы Fаламның құрылысы туралы гипотезаларға байланысты пікірталастар осындай. Алайда гипотезалар қаншалықты кездейсоқ болғанымен, олар шығармашылық бей-берекетсіздіктің нәтижесінде емес, оның алдындағы "сәтсіз" гипотезалар мен көптеген эксперименттік мәліметтерге талдау жасаудың негізінде ашылады. Жаңа гипотезалар оның алдындағылардың көмегімен түсіндіріле алмаған айғақтарды жүйелеп, түсіндіріп, болжауды мақсат тұтады. Егер жаңа гипотезалардың салдарлары бақылаулар және эксперименттермен дәлелденетін болса "яғни, верифицияланса (латынша verus -ақиқат), онда мұндай гипотезаны жоғары деңгейдегі ақиқат ұсыныс немесе, ғылымның заңы ретінде қарастыруға болады.

Slide 9

Сонымен, теориялық білімдер өзінің құрамына практикада дәлелденген, бекітілген, орныққан ғылым заңдарын ғана емес, сонымен қатар объективті шындық ретінде мойындалмаған, бірақ теріске де шығарылмаған айғақтық және теориялық гипотезаларды да әр түрлі эмпирикалық түйіндерді де кіргізеді. Олардың арасындағы бұрынғы бекітілген заңдарға қайшы келмейтін және жоғары дәрежеде дәлелденген гипотезалар ғана белгілі бір теорияның құрамына ене алады. Теория осылайша теориялық білімдердің неғұрлым қатаң және тексерілген бөлігі болып табылады. Өзінің логикалық формасы жағынан өзара бір-бірімен белгілі бір логикалық қатынастармен байланысқан пікірлердің (заңдардың) жүйесі болып көрінеді.

Slide 10
Ұқсас жұмыстар
Таным теориясы мәселелері
Әдістеме деңгейлері
Таным термині
Ғылыми танымның эмпирикалық және теориялық әдістері
ҒЫЛЫМИТАНЫМНЫҢ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Таным философиялық мәселе ретінде
Алғы философия
Философтардың философия туралы түсініктері
Философияның қалыптасуы
Өндіргіш күштер функциясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz