Түбірі қалыптаспаған уақытша және тұрақты тістердегі периодонтитті емдеу


Slide 1

С. Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА

УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С. Д. АСФЕНДИЯРОВА

Балалар жасындағы стоматология кафедрасы

Тақырыбы: Түбірі қалыптаспаған уақытша және тұрақты тістердегі периодонтиттерді емдеу

Қабылдаған: Онайбекова Н. М.

Орындаған: Титан

Факультет: Стоматология

Курс: ІV

Топ: Ст14-001-01

Алматы 2018 жыл

Slide 2

Уақытша тістердегі жедел

периодонтиттің емі

Емдеу үрдісі қабыну сипатына, таралу дәрежесіне және бала ағзасының жалпы жағдайына тәуелді болады.

Ағзаның өте күшті улану жағдайында немесе көрші тұрған тіске және тұрақты тістердің тұқылдарына қабыну үрдісі таралу қаупі туса, онда кез келген жас шамасында сүт тісті жұлып тастауға болады, қажет болғанда баланы госпитализациялау керек.

Slide 3

Қабыну тек периодонт маңында ғана орын алса онда:

(аппликациялық және инъекция әдiстерi) жансыздандыру жасап,

тіс қуысын ашып,

некроздалған ұлпа түбірін алып тастау керек.

Тісті 7-10 күнге ашық қалдырады.

Содамен шаюды тағайындайды.

Көрсеткіштерге қарай қабынуға қарсы препараттар тағайындайды.

Келесі емдеу созылмалы периодонттиттегідей жүргізіледі.

Slide 4

Уақытша тістердегі созылмалы

периодонтиттің емі

Созылмалы перидонтиттердiң негiзгi диагностикалық белгiсi рентгенография, ол арқылы периодонттағы деструктивті өзгерістерді және үрдістің таралу дәрежесін анықтауға болады. Уақытша тiсті келесi жағдайларда жұлып тастауға болады:

1) патологиялық үрдістің тұрақты тістердің ұрығына таралып, ол фолликуланың кортикальды пластинкасын зақымдаса;

2 ) тісжегі қуысының түбі тесілуінде;

3 ) үш келімнен кейін үрдістің асқынуында ;

4) 2/3 ұзындықтағы түбiрлердің резорбцияларында.

Slide 5 Slide 6

Бір түбірлі тістерде грануляциялық тін өзекке қарай өсіп кетсе бірінші келімде емдейді. Қан кетуіне қарамастан фенол анестезинмен грануляцияны алып тастайды және цинк эвгенолды, Генис пастасымен пломбалайды.

Slide 7

Егер көп түбірлі тістетерде грануляциялық тін өзекке қарай өсіп кетсе мумифицирленген құралдармен емдеу жүргізіледі.

Бірінші келімде тіс және тісжегі қуысын ашқаннан кейін өзек ішіндегі және өзек ұшының үстіндегі тамақ қалдықтарын алып тастағаннан кейін фенол формалинді ерітіндіні салып тісті герметикпен жабады.

Slide 8

Екіншілік келімде өзек ішіндегілерді алып тастайды, аспаптармен өңдеу өткізеді, резорцин формалин әдісін қолданып таңғыштармен жабады.

Үшіншілік келімде бос бөліктерді резорцин формалинді пастамен толтырады да тісті пломбылайды.

Slide 9

Түбірлері толық қалыптаспаған тұрақты тістердегі жедел және созылмалы периодонтитті

емдеудің қағидалары

Жансыздандыру

Тіс бетін тазалау, сілекейден оқшаулау

Бұзылған тіс тіндерін алу

Түбір өзегіне жол ашу

Түбір өзектерін өңдеу

Slide 10

Түбір өзектерін пломбалау (уақытша немесе тұрақты пломбалық пасталармен)

Уақытша таңғыш

Динамикалық бақылау

Оң динамика болғанда - тұрақты пломбалау

Клиникалық және рентгенологиялық белгілері қалыпқа келгенше динамикалық бақылау.

Slide 11

Түбірі толық қалыптаспаған тұрақты тістердегі жедел периодонтит емі:

Периапикальді тіндердегі экссудаттың сыртқа шығуын қамтамасыз ету үшін жүргізіледі:

- Жергілікті жансыздандыру

- Тіс қуысын ашу

-Тіс түбірлерін механикалық өндеу(түбірін кеңейту)

Антисептиктер ерітіндісімен медикаментозды өндеу(1% Натрий Гипохлорид ерітіндісі, 0, 02% Хлоргексидин ерітіндісі, йодинол, хлорофиллипт)

Егер қызыл иек үсті мен астында экссудат жиналып қалса кесу жүргізіледі.

- Түбір өзегін турундамен кептіру, (бумажными штифтами)

1-2 күнге антисептик, антибиотик, кортикостероидтарды түбір өзегіне қою

Жалпы терапия тағайындау(қабынуға қарсы)

Егер де перкуссияда тістің ауыру сезімі болмаса, тіс түбірінен шіріген иіс шықпаса тұрақты пломбалық материал қойылады.

Slide 12

Көрсеткіштер болса микробқа қарсы ем, гипосенсибирленген терапия, қуаттандырғыш терапия, УЖЖ терапия тағайындайды. Жедел токсикалық периодонтитте ұлпаның сауыт және түбір бөліктерін алып тастайды (түбірлері қалыптаспаған тістерінен басқа) .

Түбір ұшына пломбалық материалды көп енгізіп жібергеннен кейін пайда болатын жедел жарақаттық периодонтитті физиотерапиямен емдейді.

Slide 13

Созылмалы периодонтит

Келесі емдеу кезеңдеріненнен тұрады:

- Аспапты әдіс, медикаментозды емді қосқанда;

-Физиотерапиялық әдіс(өзекішілік УЖЖ, түбір өзектерінің йонофарезі, лазер, диотермокоагуляция)

-Жартылай эндодонтиялық әдіс (резорцин формалин әдісі)

-Хирургиялық эндодонтия әдістері (тіс ұшының резекциясы, гемисекция, реплантация және т. б. )

-Бала эндодонтиясының негізгі бастаушы әдісі аспапты болып саналады, ол өзіне біртұтас шаралар жиынтығын қосады: эндодонтиялық жол жасау, түбір өзектерінің аузын ашу, өзекті аспаппен өңдеудің барлық этаптарын дұрыс жүргізу, түбір өзектерін пломбылау арқылы медикаментозды ем жүргізу

Slide 14

Түбірі толық өспеген периодонттың практикасында екі түрлі клиникалық варианты кездеседі: сақталған немесе өлген өсу зонасы.

Бірінші этапта дәрігердің тактикасы екі вариантта да бірдей: аспаптармен өңдеу, түбір өзегін шаю, ферменті бар антибиотиктер, қабынуға қарсы ем және физиотерапия. Екіншілік және үшіншілік келімдегі өзектерді тазалаудан кейін көп түбірлі тістерді пломбылауға көшеді.

Егер өсу зонасы сақталса бала бірінші немесе екінші топтағы дені сау балалар қатарына жатып, тісжегінің компенсирленген тобын құрайды да, өзекті кальций құрамды препараттармен пломбылайды

Slide 15

Өсу аймағымен жанасқанға дейін пломбылайды, ешқашан пастаны түбір өзегінің ұшынан терең нығыздауға болмайды.


Ұқсас жұмыстар
Тұрақты және уақытша сақталатын құжаттарды ведомстволық мұрағатқа әзірлеу және тапсыру тәртібі
Сүт және тұрақты тістердің анатомиялық-құрылымдық ерекшеліктері мен клиникалық маңызы
Квадрат түбірі бар өрнектерді түрлендіру және есептер шығару: сабақтың мақсаты мен жоспары
Мұрағаттық құжаттарды уақытша пайдалануға беру және олардың жай-күйін тексеру тәртібі
1917 жылғы Ақпан төңкерісі және қазақ өлкесіндегі Уақытша үкіметтің саясаты мен салдары
Жер салығы: анықтамасы, мақсаты және уақытша жерпайдалануға байланысты есептеу мен төлеу тәртібі
Экология және тұрақты даму: техногенезден тұрақты дамуға көшу және жасанды экожүйелердің биоәртүрлілікке әсері
Экологиялық туризмнің негіздері және тұрақты даму концепциясы
Жасөспірім психикасының ерекшеліктері және Т.В. Снегировтың мені құнды-уақытша құрылымының алты типі
Төтенше жағдайлар мен соғыс кезеңіндегі эвакуация шараларын ұйымдастыру және уақытша орналастыру тәртібі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz