Лейкоплакияның этиологиясы




Презентация қосу
Тақырыбы:
Лейкоплакия.Этиологиясы патогенезі

Орындаган:Маханбетов
Дауыт
Факультет: Стоматология
Курс: 5
Тобы:506A
Лейкоплакия
❖ Leucoplakia (leucos-белый, plaqua-бляшка)
❖ Беті кілегей қабықпен жабылған ағзалар немесе тіндер
бетінде кездесетін, жабынды эпителийдың шамадын тыс
мүйізгектенуімен және дәнекер тіннің созылмалы
қабынуымен сипатталатын патологиялық үрдіс.
❖ Лейкоплакия факультативті обыралды ауруға жатады.
Лейкоплакияның этиологиясы

●Ұзақ әсер ететін механикалық тітіркендіруші
факторлар: темекі түтіні, ішімдік, гальваникалық ток.
Ерін жиектерінде – күн сәулесінің, ауарайының, шаң-
тозаңның, шылымшегудің зиянды әсерлері.
●Көбінесе 40-50 жастағы ер адамдарда кездеседі.
Жазық лейкоплакия
(плоская лейкоплакия – leicoplaqia planus)

●Жабынды эпителийдің мүйізгектенуі біркелкі
болмағандықтан, жарақат ошағы ақшыл-сұр немесе ақ
түсті даққа ұқсайды, қырып байқағанда алынбайды.
●Кілегей қабық бетінде созылмалы зақымдануға
ұшыраған аймақта гиперкератоздану нәтижесінде
әртүрлі көлемді ақшыл-сұр түсті күңгірт біртұтас
ошақ пайда болуымен сипатталады.
●Жұқа шылым оралған қағазды жапсырып қойғандай
көрініске ие болады.
Клиникалық белгілері
●Ешқандай субъективтік
белгілерді туындатпайды, ұзақ
жыл сақталуы мүмкін, кейде
жарақат ошағында құрғау,
кедір-бұдырлық сезімдерді
мазалауы мүмкін.
●Жарақат ошағы ақшыл-сұр
немесе ақ түсті даққа ұқсайды,
қырып байқағанда алынбайды,
шекарасы тегіс емес, иір-қиыр,
беті кедір-бұдырлау және
құрғақ.
Орналасу жерлері
Лейкоплакия ошағы көбінесе:
✕ ұрттың кілегейлі қабығында;
✕ тістердің тістесу деңгейінде;
✕ езуге жақынырақ, тілдің бүйір
беттерінде немесе үстінде;
✕ тістері жұлынған альвеола
өсіндісің қырында;
✕ ерін жиегінде көбірек
ораналасады.
✕ Езуге жақын орналасқан
лейкоплакия ошағы шыңы ұртқа
қараған үшбұрышқа ұқсас Езудің кілегей қабығындағы жазық
келеді лейкоплакия ошағы
Таппейнер лейкоплакиясы
●Жазық лейкоплакияның бір түрі – Таппейнер
лейкоплакиясы (шылым шегушілер лейкоплакиясы,
таңдайдың никотиндік лейкокератозы). Көп жағдайда
шылым шегушілер арасында кездеседі және қатты таңдай
кілегейлі қабығының ақшыл-сұрланып қалыңдануымен
және күңгіртенумен сипатталады, бетінде көптеп кеңейген
ұсақ сілекей бездерінің түтіктері ашық-қызыл ноқаттар
түрінде көрінеді. Егер біраз тосып байқаса, олардың
ауызынан еріген шыққа ұқсас мөлдір тамшылар (сұйықтар)
бөліне бастайды.
●Жазық лейкоплакияның бұл түрінде ешқандай
субъективтік белгілер туындатпай, ауызда ұзақ
жылдар сақталуы, ал кейде жарақат ошағында
құрғау, кедір-бұдырлық сезімдері мазалауы
мүмкін.
● Аурудың бұл түрі 1-5% жағдайда қатерлі ісікке
(обырға) айналуы мүмкін.
Таппейнер лейкоплакиясы
Таппейнер лейкоплакиясы
● Егер де созылмалы зақымдаушы ықпалдардың әсері
жойылмаса көп жағдайда жазық лейкоплакия веррукозды
немесе эрозиялы-жаралы түріне ауысады.
● Гистологиялық зерттеулер лейкоплакия ошағындағы
кілегейлі қабықтың нағыз дәнекер тін қабатында жайылған
созылмалы қабыну үрдісі, ал жабынды эпителийде акантоз,
паракератоз, гиперкератоз байқалатынын көрсетті.
Салыстырмалы диагностика
●Қызыл жалпақ теміреткі
●Қызыл жегі
●Екіншілік мерез
●Жұмысақ лейкоплакия
●Химиялық заттардан күю
●Кандидоз (сүттеме)
●Қызыл жалпақ теміреткі кезінде ақшыл-сұр түсті,
жылтыр, диаметрі 1-3 мм полигоналды папулалар әртүрлі
өрнек құрап, симметриялылықпен көбінесе екі ұрттың
кілегей қабығында үлкен азу тістер сыртында орналасады.
●Қызыл жегі кезінде мүйізгектену ошағында атрофиялану,
ал төңірегінде тұрақты қызару үрдістері байқалады.
●Екіншілік мерез кезінде топтаса орналасқан ақшыл-
сұр папулалардың астында тығыздық байқалады және
беттерін қырып байқаса, эпителий қабаты сылынып,
эрозияланған ошақ көрінеді. Эрозия бетінен алынған
қырмада бозғылт трепонемалар табылады және
серологиялық реакциялар оң болады.
●Кандидоз (сүттеме) кезінде ақ түсті қақ жарақат
ошағынан оңай қырылып алынады және онда көп
мөлшерде саңырауқұлақ клеткалары мен жалған
мицелий анықталады.
●Жұмсақ лейкоплакия кезінде жарақат ошағындағы
кілегей қабық белгілі шекарасыз ақшыл-сұр түсті
болып күңгірттенген, борпылдақ консистенциялы,беті
толассыз түлеуге ұшырап отырады.
●Химиялық әсерден күю кезінде кілегейлі қабық
бетінде ақшыл-сұр түсті тығыздау консистенциялы
жарғақ пайда болып, төңірегінде қабыну үрдісі дамып,
ауру сезімі мазалайды.
Назарларыңызға рахмет !!!

Ұқсас жұмыстар
Бүйрек шумақтарында несептің сүзілуі
Тіл-жұтқыншақ нерві невралгиясы Жоғарғы көмей нерв нейропатиясы Тіласты нерві нейропатиясы
Дисфагия синдромы
Арқа омыртқа өсіндісінің остеомиелиті, этиологиясы, диагностикасы, емі
Хромосомалық аурулар. Этиологиясы және жіктелуі. Онтогенезде хромосомалық ақаулардың байқалуы
ЛИПОИДТЫ НЕФРОЗ
Өкпенің жедел қабыну аурулары
Тамақтан соң ауырсынудың болуы
Бүйректің патофизиологиясы
ТЫРЫСҚАҚ
Пәндер