ХИМИЯНЫҢ ЖӘНЕ БИОХИМИЯНЫҢ ДАМУЫ ТАРИХЫ



ХИМИЯНЫҢ ЖӘНЕ БИОХИМИЯНЫҢ ДАМУЫ ТАРИХЫ
Дайындаған: Аспандияров Нұргүл Досымханқызы

Химия және биохимия, басқа ғылымдар сияқты адам қоғамының материалдық мұқтажын өтеуден өсті
Әскери өнеркәсіп
Тағам және фармация өнеркәсібі
Тұрмыстық химия
Ауыл шаруашылығы

Мұнда да, басқа ғылымдардағыдай, практикалық білім теориядан бұрын туды. Бұған дәлел, кеннен металл қорыту алғашқы қауым кезінде-ақ болған.
Біздің жыл санауымыздан 3000 жыл бұрын Месопатамияда кеннен темір, мыс, күміс, қорғасын алған, ал 1200 жыл бұрын Қытайда түрлі химиялық заттарды алып отырған. Үнді мен Египетте де сол кездерде химиялық жеке өндірістер болған.

XVIII ғасырдың ортасына дейін химия ғылым деп есептелмеген. Оған дейін химия кәсіп, шеберлік ретінде ғана болған. Бергі заманда да кеннен металл алуды, шыны жасауды, кейбір қышқылдарды, тұздарды басқа да химиялық заттарды ала білген, бірақ мұнда қандай процестер жүретінін, оларды меңгеруді білмеген, өйткені ол кезде бұл химиялық процестердің ғылыми негіздері белгісіз еді.

Египетті және басқа шығыс елдерін арабтар жеңіп алған соң (641 ж. ) олардағы химиялық білімнің біразы арабтарға көшті. Арабтар ол кездегі химиялық білімді біраз байытты - азот қышқылын, бірнеше тұздарды, басқа жаңа заттарды ашты. Гебер Джафар Йбн Хайан (721-815 ж. ), Әбубәкір Мухаммед әл-Рази (866-925 ж. ), Әбуәлі Йбн Сина (980-1037 ж. ) сияқты атақты ғалымдары болды.
Арабтар химия деген сөзге жұрнақ қосып алхимия деп өзгертті.
Химия тарихында алхимия дәуірі 1500 жылға созылды.
АЛХИМИЯ ДӘУІРІ
Химияның өзінде қалыптасқан теория болмағандықтан, ол жалпы ғылымдағы үстем теорияның ықпалында болған.
Ерте кезде Аристотель (біздің жыл санауымыздан бұрынғы 384-322 жылдар) ілімі үстем болған. Аристотель ілімі мәні затта емес, оның қасиеттерінде, заттың қасиетін өзгертсе, зат өзі өзгереді дейтін. Заттарды өзгертуші "квинтэссенция" деген бар деді.
Ол кездегі химияны кәсіп етушілердің барлығының арманы "философия тасын" табу болды. "Философия тасы" алтын жасағаннан басқа кәріні жасартады, ауруды сауықтырады т. б. деп ойлады.

АЛХИМИЯДАН - ХИМИЯҒА
Еуропада ғылым мен өнердің қайта өрлеу дәуірінің әсерінен, химияда XVI-XVII ғ. практикаға бет бұрушылық күшейді.
Агрикола (Германия) химиялық білімді металлургияға, Бирингуччио (Италия) - пиротехникаға, Палисси (Франция) - керамикаға, Глаубер (Германия) - химиялық өнеркәсіпте қолдануға талаптанды.
Бірақ химиялық практика біраз ілгері басқанымен, алхимиядан басқа теория болмады. Осы кезде, 1661 ж. Роберт Бойль (1627-1691, Англия) ескіріп, кедергіге айналған алхимия қағидаларына қарсы шығып, оларды мықтап сынайды. Бойль жаңа теория ұсынбағанымен, химияны ғылыми жолға қоюға тырысады. "Химиялық элемент деген не?" деп сұрақ қойып, оған берген жауабы химиялық элементтің осы уақыттағы анықтамасына жуық келеді.
Химияның міндеті - дәрі даярлап, адам емдеу деп Парацельс (Швейцария), Либавий (Германия), Ван-Гельмонт (Голландия) ЯТРОХИМИЯ (грекше - "ятрос" - емдеуші) деген бағыт туғызды

ФЛОГИСТОН ДӘУІРІ
XVI ғасырда Батыс Еуропада феодализм жойылып, оның орнына сауда, әсіресе өнеркәсіптік буржуазия келген кезде, өнеркәсіп, оның ішінде металлургия күшейді.
Неміс химигі Шталь тәжірибелік мәліметтерді қорытып флогистон теориясын ұсынды (1700 ж. ) . Бұл теория бойынша барлық жана, тотыға алатын заттардың құрамында флогистон (грекше phlogistos - жанушы) болады. Зат жанғанда, не тотыққанда, ондағы флогистон бөлініп шығады
Металл өндіру технологиясы, жану, тотығу, тотықсыздану сияқты химиялық процестер ашылды. Осыларды іс жүзінде орындау қолдан келгенмен, оны жақсарту, тездету т. б. үшін теориялық негізін білу керек болды. Химияда ескірген, әрі жалғандығына жұрттың көзі жеткен алхимия ілімінен басқа еш теория әлі жоқ еді.
ФЛОГИСТОН ТЕОРИЯСЫ 100 ЖЫЛДАЙ ӨМІР СҮРДІ, ҚАЙШЫ ФАКТІЛЕР КӨБЕЙГЕНДІКТЕН ХИМИЯНЫҢ ЕНДІГІ ДАМУЫНА ТҰСАУ БОЛА БАСТАДЫ.

БИОХИМИЯ
Биохимия ғылым ретінде ХVI - XIX ғасырларда пайда болды.
Алғашқы биохимиялық мағлұматтар адамзатқа өте көне заманнан таныс. Мысалы, адам баласы өте ерте кезден - ақ нан пісіруді, шарап, дәрі - дәрмек жасауда, тері илеуде және т. б. биохимиялық процестерді пайдаланған.
Леонардо да Винчи (1452- 1519) барлық тіршілік процестерінің оттегінің қатысуымен өтетіндігін дәлелдеді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz