ОЙЛАУ МӘДЕНИЕТІ ФИЛОСОФИЯ ПӘНІ МЕН ОНЫҢ ӘДІСІ
Презентация қосу
Орындаған: Аспандиярова Нұргүл Досымханқызы
ОЙЛАУ МӘДЕНИЕТІ
ФИЛОСОФИЯ ПӘНІ МЕН ОНЫҢ ӘДІСІ
Ойлау дегеніміз сыртқы дүние заттары
мен құбылыстарының байланыс-
қатынастарының миымызда жалпылай
және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі
.
Ойлау мәдениеті
Сыртқы дүниені толық тануға түйсік, қабылдау,
елестер жеткіліксіз болады.
Біз тікелей біле алмайтын заттармен
құбылыстарды тек ойлау арқылы ғана білеміз.
Ойлау мәдениеті
Адам ойлауының эволюциялық даму жолы өте ұзақ. Ойлаудың ішкі
мазмұны қоғам дамуымен бірге өзгеріп отырады. Қоғам ілгері дамып,
оның ғылымы мен техникасы өскен сайын жаңа ұғымдар пайда
болып, қалыптасады. Бұрынғылары ескіріп қатардан шығады.
Адам сыртқы дүние құбылыстарының сырын көбірек білген
сайын, оның ойлауы да жетіле түседі.
Ойлау мәдениеті
Философия дегеніміз –
«даналыққа деген сүйіспеншілік»
дегенді білдіреді. Адам мен әлем
арасындағы қатынас туралы шындық пен
білім, адам туралы өте жалпылама
тұжырымдамалар мен негізгі принциптер
туралы білімдер жүйесін дамытатын
әлем туралы білімнің ерекше түрі.
ФИЛОСОФИЯ
Философия бұдан бірнеше мың жыл
бұрын Қытайда, Үнді елінде, Египетте,
Вавилонда пайда болды. Бұдан 2500 жыл
бұрын (б.з.д. V ғасыр шамасында) Афин
қаласындағы грек демократиясында
классикалық түрге ие болып, ерекше
білім ретінде қалыптасты.
Ғасырлар бойына философияның
Сократ (б.д.д. 469 ж.) міндеттеріне әлем мен қоғам дамуының
әмбебап заңдылықтарын зерттеу де,
таным мен ойлау процесінің өзін зерттеу
де, моральдық категориялар мен
құндылықтарды зерттеу де кірді.
Әл-Фараби
(870 ж.)
Платон мен Аристотель
(б.д.д. 429 ж.)
ФИЛОСОФИЯ
Философияны мақсатты түрде оқу, ойлау мәдениетінің өсуіне,
өзіндік сананың қалыптасуына, дүниежүзілік мәдениет пен
өркениеттің байлықтарын тұрақты және жүйелі игеруге, табиғат,
қоғам болмысының даму заңдылықтарын түсінуге, мамандықты
саналы таңдап, жетілдіруге жетелейді.
ФИЛОСОФИЯ
ПӘНІ
Дүние қалай жаратылған, бастамасы қайда?
Ол мәңгілік пе?
Адам дегеніміз не, оның дүниедегі орны қандай?
Ақиқат пен жалғанның ара салмағы неде?
Өмір сүрудің мәні бар ма?
Адам өмірінің мәні неде?
Адам баласы қалай пайда болды?
Қозғалыс мәңгі ме, әлде уақытша ма?
Адам мен жануарлар өмірі және олардың қатынасы қалай?
Олардың өмір сүру ортасы деген не?
Осындай «мәңгілік» сұрақтарға жауап іздеу -
философияның міндеті
ФИЛОСОФИЯ
ПӘНІ
Екіншіден, адамның дүниеге қарым-қатынасы сан-қилы.
Осыған сәйкес адамның көзқарасы да әртүрлі. көп.
Олардың себебін біліп, ажырата білу де керек.
«Дүниеге көзқарас» термині ғылым тіліне, күнделікті
сөзге терең енді.
Философия сабағы - адамның көзқарасын дамытып, ұштатады.
Көзқарас дегеніміз - дүниеге белгілі бір түсінікпен қарау. Көзқарас болу үшін сана,
оның жетілуі үшін білім керек. Ол неғұрлым көп білу, ынталану арқылы жүреді.
Көзқарас - негізінен әртүрлі дәрежеде қалыптасады.
1. Сезімдік. Сезім сананы оятады. Мысалы, музыка адамды
қуантады, әдемі әсер береді, ойды билейді, ал кей қайғылы
әуендер - адамды қайғыртады.
2. Ұғым - жеке қабылдау бейнелерін жинақтаудан туады. Қорқу,
уайымдау, қуану күйлері (эмоциялар) бейнелердің ерекшеліктеріне
әсер етеді.
3. Ұғыну - ойға салу, неге олай болды деп пайымдау алғашқы
көзқарастарды тудырады.
4. Илану (сену). Иланусыз көзқарас болмайды, сенім күресуді
талап етеді. Дін де илануды (нануды) талап етеді, бірақ ол еш
нәрсенің себебін ашпайды. Наным, сенім - көзқарастың өзегі.
5. Тұрақты пікір. Пікір тұрақталмаса, көзқарастың мәні
болмайды. Дүниеге көзқарас бағалаудан, іс-әрекеттен ғана
тумайды, объективтік шындықтың адамға ықпал жасайтын
әсерінен пайда болады. Олар: күдіктену, уайымдау, қайғыру,
мазасыздану, қорқу, ренжу, шаттану, масаттану және қуану. Бұлар
адам интеллектісі мен эмоциясына тікелей байланысты. Эмоция
(сезіну, әуестік, көңілкүйі) - әрдайым ізденістің бастамасы.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz