Тарихи кезең сабақтары




Презентация қосу
SILKWAY ХАЛЫҚАРАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

СӨЖ
ҚР-ның ұлттық саясат
жөніндегі құжаттары

Дайындаған: Толыкбай А.
Тексерген: Кишибаева Д.Ж.

Шымкент, 2020 ж.
Жоспар:
Негізгі ережелер
Тарихи кезең сабақтары
Ұлттық саясаттың ұстанымдары
Ұлттық саясаттың мақсаты мен міндеттері
Ұлттық саясаттың негізгі бағыттары:
1. Саяси құқықтық салада
2. Сыртқы саясат саласында
VІ. Ұлттық саясатты іске асыру тетіктері
Қазақстан Республикасы қазақ халқының сан ғасырлық
мемлекеттiгiнiң бiрден бiр құқықтық-тарихи мұрагерi және
саяси-мемлекеттiк құрылымының жалғасы болып табылады.
Қазақстан Республикасы өзiнiң бастапқы мемлекеттiк
атауына - Қазақ Республикасы атауына қайтадан ие болады.
Ешбiр негiзсiз, жалтақтықпен өзгертiлген қателiк түзетiледi
де, Қазақ Республикасының Конституциясынан бастап,
барлық заңдардағы, халықаралық құжаттардағы қазiргi атау
бұрынғыша жаңартылады. Қазақ Республикасының азаматы
болу - осы елдi мекендеген әрбiр ақниеттi адамның
мақтаныш сезiмiн туғызады. Мемлекетiмiздiң төл атауын
қалыпқа келтiру - халық талабы.
Қазақ ұлты - кең байтақ Қазақ елiн ғасырлар бойы мекен еткен, оны түрлi
тарихи зорлық-зобалаңнан, басқыншылықтар мен шапқыншылықтардан
қорғап, аман сақтап қалған мемлекетқұрушы байырғы ұлт. Әр кезеңдегi
тарихи оқиғаларға байланысты қазiргi таңда Қазақ елiнде қазақ ұлтымен
қатар өзге де этностық топтар мен диаспоралар мекен етедi.
Ұлттық саясат әлі де этносаралық қарым-қатынастардың кеңестік
стереотиптерінен арыла алмай келеді. Қазақстанда ашық
қақтығыстардың жоқтығы қоғамда шешуін таппаған өткір
қайшылықтардың бар екендігін жоққа шығара алмайды.
Қазақстанда кеңестік заманда 70 жыл бойы, тәуелсіздік алғаннан кейін 20
жылға жуық мерзім ішінде орыс тілі іс жүзіндегі мемлекеттік тіл рөлін
атқарып келеді. 1989 жылы қабылданған "Тілдер туралы" заң қазақ тілінің
мүшкіл күйін жақсарта алмады.
Ұлттық саясаттың басты ұстанымы -
ұлттық құндылықтар негiзiнде Қазақ
елiнiң экономикалық, саяси, рухани
тәуелсiздiгiн, ел қауiпсiздiгiн
қамтамасыз етуге және жердiң
бiртұтастығын мәңгi сақтауға, жер
мен жер қойнауы байлығын (Ұлттық
байлығын) тек халық игiлiгiне
жұмсап, жұртының әлеуметтiк
жағдайын үнемi жақсартып отыруға
мемлекеттi мiндеттеу. Әркiмнiң
азаматтық құқығының мүлтiксiз
сақталуын қамтамасыз етпейiнше, заң
алдындағы бәрiне бiрдей жауаптылық
болмайынша ел ішінде дұрыс
түсiнiстiк болмайды.
Қазақстан Республикасының ұлттық саясатының
басты мақсаты - байырғы қазақ жерінде құрылған ұлттық
мемлекетті сақтау және нығайту.
Осы мақсатта:
• барша азаматтарды қазақ ұлтының маңына топтастыру,
тәуелсіздігіміз бен егемендігіміздің баянды болуын қамтамасыз
ету;
• қазақ ұлтының тарихи жадын, тілін, ділін сақтау мен жан-
жақты дамыту, оның жаһандану заманындағы өзіндік ұлттық-
мәдени ерекшелігін қалыптастыру және әлемге паш ету;
• елімізде тұрып жатқан барлық этностық топтардың өз тілі мен
мәдениетінің дамуына шек қоймай, олардың барлығының
ортақ Отаны - Қазақстан Республикасына адал қызмет етіп,
оған деген сенімін арттыру қажет.
Қазақстан Республикасы ұлттық, дербес, құқықтық мемлекет құруды
мақсат еткен ел ретінде саяси және құқықтық салаларда өзінің ұлттық
саясатының мынадай негізгі бағыттарын жүзеге асырады:
еліміздің барлық азаматтары мойындаған, негізінде өздерінің ортақ қазақ
мемлекеттігіне қатыстылығын терең сезінетін ұлттық құндылықтар жүйесін
қалыптастыру;
Қазақстанда ұлттық құндылықтарды қалыптастыру, отаршылдық зардаптарынан,
рухани бодандықтан арылу жұмыстарын пәрменділікпен жүргізу;
мемлекеттің тұрақтылығы мен ұлт бірлігін қамтамасыз ету үшін сыбайлас
жемқорлықтың салдарымен емес, себептерімен бүкілхалықтық күрес жүргізу;
елiмiздегi сот және құқыққорғау жүйелерiн реформалау, оларды мемлекет басшысына
тәуелдiлiктен құтқару, шынайы дербестiгiн орнықтыру;
елдегі этносаралық қатынастарды реттейтін заңнамаларды осы тұжырымдамаға
сәйкестендіру;
қоғамдағы демократиялық институттарды дамыту, оның ішінде саяси партиялардың
рөлін арттыру, оларды этносаралық және дінаралық мәселелерді шешуге қатыстыру,
этностық топтардың өкілдерімен тығыз жұмыс жасау.
Сыртқы саясат саласында:

Қазақстан Республикасының бұл саладағы басты
міндеті - оның тәуелсіздігі мен егемендігін,
қауіпсіздігі мен жерінің біртұтастығын нығайту.

Сыртқы саясат бойынша аймақтық әскери
одақтарға, басқадай топтық ұйымдарға кіру
мәселесін тек барша халықтың ұйғарымымен
жүзеге асыру көзделеді.

Халықаралық интеграция саясаты еліміздің
тәуелсіздігіне еш нұқсан келтірмейтіндей
ұтымдылықпен жүргізілуі тиіс. Осы кезге дейін
жасалған мемлекетаралық келісім-шарттар ұлттық
мүдде тұрғысынан қайта қаралуы қажет.
Ұлттық саясатты іске асыру ТЕТІКТЕРІ

Мемлекеттің ұлттық саясаты Тұжырымдамада
белгіленген мақсаттар мен міндетерді орындауға
арналған нақты шешімдерді қабылдап, тиісті іс-
шараларды жасау арқылы жүзеге асырылады.
Тұжырымдамада айқындалған басымдықтарды
іске асыру үшін мемлекеттік билік органдары
азаматтық қоғаммен, оның ішінде саяси
партиялар, үкіметтік емес ұйымдар, бұқаралық
ақпарат құралдарымен, басқа да
институттармен тығыз қарым-қатынас
орнатып, қоян-қолтық жұмыс істеуі керек.
Осы Тұжырымдаманың орындалуын Қазақстан
Республикасы Үкіметі үйлестіреді.
Назарларыңызға рахмет!!!

Ұқсас жұмыстар
Жаңа экономикалық саясат және Семей өңірінің қоғамдық- саяси өмірі
Балалардың сөздік қорын байыту сабақтары
XIX ғасыр әдебиетін зерттеген ғалымдар
Қаздың қайтуы табиғат ескерткıшı
Топтардағы оқыту
Тәуелсіздік - елдігімнің тірегі
БИОЛОГИЯ ПӘНІ БОЙЫНША ОЛИМПИАДАЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАРДЫ ДАЙЫНДАУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН МӘНІ
Қазақстан Қазан төнкерсі мен Кеңес мемлектінің орнауы
Дәстүрлі емес сабақтар
Тарихи - географиялық аймақтар және дүниежүзінің саяси картасы
Пәндер