Асан сөздерінің дені




Презентация қосу
SILKWAY ХАЛЫҚАРАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

СӨЖ
XVIII-XIX ғ. Қазақтың ақын-
жырауларының тәрбиелік мектебі

Дайындаған: Толыкбай А.
Тексерген: Кишибаева Д.Ж.

Шымкент, 2020 ж.
XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ әдебиетінде он екі–он үш ақын–жырау аса көрнекті
орын ұстады. Олардың өлең-жырларынан халықтың өмір-тіршілігі, көңіл–күйі,
салт–санасы, өндірісі мен тұрмысы, мінез–құлық өлшемі мен дүниеге көзқарасы,
сол дәуірдің рухы бейнеленді.
Бұл ақын–жырауларды халқы ақылгөй атадай ардақтап, олардың ақыл–нақыл
тұжырымдарын ынталы ықыласпен тыңдап қадір тұтады, бұл өлең-жырларда
Отанды, халықты сүю, елдің береке–бірлігін сақтау, әділетті жақтау, жамандық–
пасықтыққа қарсы тұру сияқты адамгершілік дәріптеліп отырды. Бұл ақын–
жыраулар халықтың мұңын мұңдап, жырын жырлады.
АСАНҚАЙҒЫ

Асанқайғының жыр-толғаулары мен нақыл сөздеріне қарағанда,
Дешті Қыпшақтың кіндік мекені Еділ, Жайық бойынан қазақ
руларының ірге көтеруін қолдамай, Керей мен Жәнібекке көп
қарсылық білдірген айқын аңғарылады. Асанқайғының “Жерұйық”
іздеуіне қатысты айтылатын аңыздардан да халықтың бас құрап, ірге
орнықтырып, ел болу қамын ойлауда оған шешуші міндеттің
жүктелгені байқалады.
Ақыры, елдің ертеңін ойлап, еңсесін көтеруді өмірлік мұрат еткен
Асанқайғы Ордадан бөлінген қазақ руларын Шу, Сарысу бойына,
Ұлытау төңірегіне қоныстандыруға атсалысып, халықтың
темірқазығындай бағдарша болып өткені мәлім.
• Ел ішіндегі шежіре сөздер мен күй аңыздарына қарағанда, Асанқайғы халық қамын
ойлаған ақылгөй, көреген ғана емес, сонымен бірге дәулескер күйші де болған.
Көптеген күйдің аты мен аңыз әңгімесі де әлі күнге дейін айтылады. Өкініштісі,
бүгінгі күнге “Ел айырылған”, “Асанқайғы”, “Желмаяның жүрісі”, “Зар” сияқты
санаулы күйлер ғана жеткен.

• Асан айтқан нақыл сөз, Асан айтқан толғау жырлар,
әрине, өте көп болған.
• Бізге соның кейбір нұсқалары ғана жетіп отыр. Асан
сөздерінің дені:
• “Құйрығы жоқ, жолы жоқ құлан қайтіп күн көрер,
• Аяғы жоқ, қолы жоқ жылан қайтіп күн көрер.
• Жалаң аяқ байпаңдап қаздар қайтіп күн көрер,
• Шыбын шықса, жаз болып таздар қайтіп күн көрер”
ҚАЗТУҒАН ЖЫРАУ
Қазтуған – ірі эпик, ерлік жырларын шығарушы
жорық жырауы, әрі нәзік лирик ақын болған.
Қазтуған өз артына өмір туралы, ата мекен, туған ел
жайлы және әскери тақырыптағы сан алуан
мазмұнды туындылардан құралған мол мұра
қалдырды. Бұлардың дені сақталған. Қазтуғанның
біздің дәурімізге жеткен жырлары табиғат
арасындағы көшпендінің болмыс, тіршілік, өзін
қоршаған орта туралы түсінігін бейнелейді. Жырау
қиялының байлығы, суреттеу тәсілдерінің кемелдігі
мен әсемдігі көне дәуірдегі қазақ поэзиясының биік
өресін,өзіндік сыпатын танытады.
Қазтуған нәр алған әдебиет — әрине,көшпенділердің көне
поэзиясы, Кекі–Бұға, Сыпыра жыраулардың жалғаулары.
•Қазтуғанның нақыл тақпақ, жыраулық ой тұрғысынан
келетін:
•“Балдағы алтын құрысы болат
•Ашылып шапсам дем тартар,
•Сусыным қанға қанар деп.
•Арғымақтың баласы,
•Арыған сайын тың жортар,
•Арқа мен қосым қалар деп.
•Арқа дария толқын күшейтер,
•Құйрығын күншалмаған балығым
•Ортамнан ойран салар деп.
ДОСПАМБЕТ ЖЫРАУ
Доспамбет жырау XVI ғасырдың 90-жылдарының
орта шенінде Азау қаласында туады. Сол кезде
Донның төменгі ағысын, Азау маңын мекендеген
Кіші Орданы билеуші әскери шонжарлар
тұқымынан шыққан болашақ жырау заманы мен
ортасының талабына сай тамаша тәрбие алып өскен
сияқты. Доспамбеттің бүкіл Дәшті-Қыпшақты
жақсы білгені, Стамбұл мен Бақшасарайда да
болғаны, сахара тұрмысымен қатар мұсылман
кенттерінің жайына да қаныққаны аңғарылады.
Қалқаманұлы Бұқар жырау -
қазақтың ұлы жырауы, 18 ғ. жоңғар
басқыншыларына қарсы қазақтың азаттық
соғысын бастаушысы әрі ұйымдастырушысы
атақты Абылай ханның ақылшысы. Павлодар
облысының Баянауыл ауданында ғұмыр
кешкен, атақты Абылай ханның тұстасы.
Әкесі аты аңызға айналған Қалқаман батыр.
Шыққан тегі Арғын тайпасының қаржас
руынан.
Бұқар жырау Қалқаманұлы жасынан елге танылып, алғыр жырау ретінде атақ-
даңқы алты алашқа жайылғанға ұқсайды. Кейін оның хан сарайы маңында да
беделді ақын, ақылшы би саналуы тегін емес еді. Ел өміріндегі ірі мәселелерді
шешуде ерекше роль атқарған данышпан. Бұқар Жыpay арабша сауатты адам
болған. Жыраудан қалған мол мұрадан бізге жеткені 1200 жол шамасында. Олар ХІХ-
ХХ ғасырларда ел аузынан жиналған.
Бұқар жырау шығармалары өткір әлеуметтік мазмұнымен суарылып отырған.
Қалмақ басқыншылығы тұсында жырау шашырында елдің басын біріктіріп,
қанқұйлы жауға тойтарыс беретін басшының қажеттігін түсіне білді. Ол Абылай
ханға үлкен үміт артып, оның ел басқарудағы саясаты мен жорықтарын қолдады.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!

Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯ
Қазақ әдебиеті тарихында қазақ поэзиясы
Шешендік сөздер (Дидактикалық материал)
Зар - заман ағартушылық философиясы
Қазақ этнопедагогикасының қалыптасуы
Зар заман философиясы
ЖАРТЫСЫНДА ҚАЗАҚ ЕЛІ ФЕОДАЛДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ҚАТЫНАСТАР
АСАН ҚАЙҒЫ ЖӘНЕ ЖЕРҰЙЫҚ
Асан қайғы
Оқиғаның шешімі
Пәндер