ӘБІЛХАН ҚАСТЕЕВ МҰРАЖАЙЫ


Slide 1

ӘБІЛХАН ҚАСТЕЕВ МҰРАЖАЙЫ

Орындаған:Жұмабаева Аружан

Тобы:201

Slide 2

Әбілхан Қастеев (1904-1973) - қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі, Қазақ ССР-ы халқының суретшісі. Туып-өскен - жері Алматы облысына қарасты Жаркент қаласының жанындағы Шежін ауылы. Топырақ бұйырған жері Алматы қаласы. 1929 жылдан 1931 жылдары Қастеев Николай Гаврилович Хлудовтың көркем студиясында оқыды (Хлудовтың Қазақстанда тұрған кезінде) . Содан кейін білім алуын 1934 - 1937 жылдары Мәскеу қаласында Крупская атындағы көркем студиясында жалғастырды. Қазақстанның халық суретшісі (1944) . Қазақстан Суретшілер одағы басқармасының төрағасы (1945-1956) . Еңбек жолын Түрксіб темір жол құрылысында жұмысшы болып бастады. Москвадағы көркемсурет студияларында Н. Г. Хлудов пен И. Бродскийден сабақ алды (1929-1936) . Халық өмірінің алуан көріністерін шынайы бейнелеген мыңнан астам көркем туындыларды дүниеге келтірген.

Slide 3 Slide 4

Әбілхан қол өнеріне, одан соң суретшілік өнерге жастайынан бейім болған. Анасы Айғанша кілем, алаша, бау-басқұр тоқуға, сырмақ сыруға, шым ши жасауға шебер адам болыпты. Әбілхан осы халық өнеріне бала кезінен көз қанықтырып, анасына ою өрнектер салуға көмектесіп, сурет өнеріне қолын үйретіп өседі. Оның 1930-1931 жылдары салған «Қарындастың портреті», «Автопортрет» атты туындылары түпнұсқаға ұқсастығымен және кейіпкер болмысын ашуға деген талпынысымен ерекшеленеді. Ол бірте-бірте ел өмірінің алуан салалы тіршілік тынысына ден қойып, тарихи әлеуметтік өзгерістерге суреткер зердесімен қарай бастайды. Оның «Мектепте» (1930), «Түркісіб» (1932), «Жамбыл портреті» (1937), «Ескі және жаңа тұрмыс» (1937-1941), «Амангелді сарбаздары» (1970), «Жас Абай» (1945) сияқты туындылары дарынды суретшінің өткен мен бүгінді шыншылдықпен бедерлеген көркем шежіре іспеттес.

Slide 5

Әбілхан туған жердің әсем табиғатын, оның дидарындағы адам қолының жасампаз өзгерістерін зор шабытпен бедерлей алған суреткер. Оның «Биік таулы мұз айдын» (1954) , «Гүл ашқан алма» (1958), «Менің Отаным» (1959), «Жайлаудағы автодүкен» (1963), «Қапшағай ГЭС -І» (1972) сияқты полотнолары эпикалық қарымымен, шыншылдығымен назар аударады. Әбілхан Қастеев суретші ретінде өзіндік дара қолтаңбасымен ғана ерекшеленіп қоймайды, сонымен бірге, ол туған жері мен өскен елін перзенттік махаббатпен жырлай алған біртуар суреткер. Әбілхан Қастеевтің көп еңбектерін Алматы қаласы Т. Г. Шевченко атындағы Қазақ көркем галереясынан көруге болады. Қастеев есімі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік өнер мұражайына және Қазақстанның бірнеше қалаларындағы көшелерге берілген.

Slide 6

Танымал Туындылары «Колхоздағы сүт ферма», «Мақта жинау», «Колхоздың тойы», «Қыз алып қашу», «Сатып алынған қалыңдық», «Алтын астық», «Ақсай карьері», «Медеу мұз айдыны», «Түркісіб», «Талас жағалауы», «Қапшағай даласы». Сонымен қатар Кенесары Қасымов, Абай, Шоқан Уалиханов, Жамбылдың портреттері; ерекше танымал болып табылатын портреті - «Амангелді Иманов» портреті.

Slide 7

Әбілханның алғашқы үздік туындыларының бірі деп 1932жылы су бояумен жазылған «Түркісібін» айтуға болады. Композицияның динамикасы мен сызықтарының ұшқырлығына қарай бейімделген суреттің паровозға келгендігі әрбір бөлшегіне дейін сызып көрсетуінен өзінің жерінің осындай жаңалығына суретін перзенттік қуанышын ерекше сызықтардың тербелісінен білдіргендей. Сол қуаныштың артында тұрған бесжылдықтың ауыр да көлемді жоспарларынан белі қайысқан қазақ жұмыскерлерінің өмірі мен ауыр еңбегі еске түседі. Қайткенменде өмір жылжып, Әбілхан да сол толқынды тұрмыстың екпінімен өнерін шындай берді. Осы аквареьлдің ықшам ғана атында сол заманның мына бір өзінің сөзі: «Алға үш біздің паравоз, аялдама Коммунада» - дейтінін сызықтардың даму динамикасы, түр-түспен жарықтың таралуы сол уақытпен рухы мен мазмұнын паш етер метафора жасағандай.

Slide 8
Ұқсас жұмыстар
Ұлы суретші Ә.Қастеев
КӨРНЕКІ ҚҰРАЛДАР
Музей классификациясы
Бейнелеу өнері
Әбілхан Қастеев. Көсемшені қайталау
Қазақ бейнелеу өнері
МУЗЫКА АСПАПТАР МУЗЕЙІ
Абстракты өнер
Қазақстан Республикасы Тәуелсіз Мемлекет!
Майлы бояулар - бай түстері мен ұзаққа сақталу ерекшелігімен танымал
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz