Сырт белгілері


Slide 1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Кафедра: “ Биологиялық қауіпсіздік “

Тақырыбы: Ірі қара цистицеркозы балау, емі, алдын алу шаралары.

Қабылдаған: Бельгибаева А

Орындаған: Әбіті Айшат

Әбіті Нұршат

Алматы 2021 жыл

Slide 2

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

Қоздырғышы

Эпизоотологиясы

Сырт белгілері

Анықтау

Ірі қараны цистицеркоздан сақтандыру жолдары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиет

Slide 3

Кіріспе

Цистицеркоз бас миындағы инвазияға, ішек-қарын жолына жұқпалы личинка түсу нәтижесінде дамиды және 1-1, 3% көлемде бас сүйектің ішінде үрдістер жүріп жатады. Паразиттің онносферасы шырышты қабық арқылы портальді қан тамырларының жүйесі жолдарымен қан айналымның жоғары айналысына түсіп, барлық ағзаға жайылады, түрлі мүшелерді зақымдап, соның ішінде ми қабығына зақым келтіреді. Мидағы цистерктердің саны бірнеше жүзге жетуі мүмкін. Неврологиялық симптоматика көп ошақты болып сипатталады. Эпилептикалық синдром тез дамиды, делбе құбылысы және ми қабығы қысымының көтерілуі көріне бастайды. Ішекқұрттар аппендициттінің болуына, сары аурудың өзінен-өзі болуына себеп болады, ас қорытудың бұзылуына жол береді.

Slide 4

Қоздырғышы

Жынысы жетілген сатысын - Taeniarhynchus saginatus (өгіз таспасы) деп атайды. Мұның ұзындығы 3-10 м, басы домалақ, аумағы 1-2мл, сколексі қарусыз, мойны жіңішке, дене стробиласы 2000-ға жуық буылтықтардан тұрады. Мойнына жақын орналасқан бунақтары кішірек, құйрық жағына қарай көлемі ұлғая түседі.

Slide 5

Өсіп, өнуі

Құрт бунақтары адам нәжісімен бірге сыртқа шыққан соң, ондағы жұмыртқалар өсімдікке, жемге, суға енеді, жайылымдар ластанады. Ал ірі қара оларды шөп немесе су арқылы жұтып зақымданады. Денеге енген жұмыртқалар онкосферасы мал ішегіінің ішкі қабығын тесіп өтіп, қан тамырларына түседі, қан арқылы бұлшық еттер талшығының аралығына барып жайғасады. Онда олар 3-6 айда жұқпалы цистицерк бүршігіне айналып, тіпті шала пісірілген, қуырылған етте тіршілігін сақтайды. Адамға гельминтоз осындай еттер арқылы жұғады. Адам организмінде көпіршіктің ішіндегі балаңқұрт өзінің сколексімен ішектің кілегей қабатына бекініп, 2, 5-3 ай аралығында ересек өгіз таспасына айналады, яғни құрттың ақтық иесін тениаринхоз дертіне душар етеді.

Slide 6

Пісіп жетілген бунақ

Slide 7

Эпизоотологиясы

Цистицеркоз тазалық жағдайлары өте төмен мал фермаларында жиірек кездеседі. Олай болуының себебі, кейбір ауру адамдар әжетхананы пайдаланбай ауланы, қора төңірегін, жайылымды құрттығ жұмыртқаларымен ластайды. Финноз көбінесе жас малға жұғады. Инвазияның ең көп өріс алуы жылдың үшінші тоқсанында, ал күрт азаюы жылдың алғашқы айларында байқалады.

Адамдар арасында гельминтоздың етек алуына малдың аулада сойылуы, малдәрігерлік тексеруден өткізілмеуі, цистицеркозбен зақымданған етті асқа жұмсау, жеткіліксіз зарарсыздандыру, немесе оны сатып жіберу - осының барлығы негізгі себеп болып саналады.

Slide 8

Аурудың өрбуі

Гельминттік зардаптың әсері құрт онкосферасының мал ағзаларымен ұлпаларын жайлаған шақта ғана біліне бастайды. Ал жұқпалы сатысына жеткен цистицерк - көпіршіктер мал денесіне оншалықты зиян тигізбейді.

Slide 9

Сырт белгілері

Цистицеркоз індетіне көбіне ірі қара шалдығады. Сырт қарағанда бұл дерттің белгілері онша біліне бермейді. Малға етқұрт ауруын әдейі жұқтырған тәжірибеде, оның дене қызуы 40 - 41 С көтеріліп, ас қорыту жүйесі қызметі бұзылған, іші өтіп, мал әлсіреген, кейде өлімге де ұшыраған.

Slide 10

Өлекседегі өзгерістер

Цистицеркоздан өлген мал денесінің көптеген жерінен нүкте тәрізді қанталауы байқалады. Мұндай өзгеріс, әсіресе жүректе басым болады. Құрсақ қуысына қан араласқан сарысу жиналады. Бұлшық ет аралығынан, жүрек пен тілден цистицерктер табылады.

Slide 11

Анықтау

Ірі қара финнозын малдың тірі кезінде анықтау өте қиын, себебі айқын клиникалық белгілері болмайды. Гельминтозды аллергиялық реакциямен ғана ажыратуға болады. Бірақ бұл әдіс өндірісте қолданылған емес. Ал, сойылған малдың ұшасын тексеріп, етқұртты іздеп, диагноз қояды. Әуелі бастың жақ еттерін тіліп қарайды.

Тілді қолмен қысып, қажет болса оны ұзыннан кескен жөн. Жүректі ұшынан аяғына дейін қақ жарып, әр бөлігін ұзыннан 2 рет, көлденеңнен бір қайтара тіліп тексереді. Көа етте қалыс қалмауы керек. Егер жүректен финналар табылса, онда желке етін, жон етін, қабырға аралық етті де тексереді. Ал бұлшық еттерді бірнеше жерінен тереңірек тіліп зерттейді. Цистицерктер бар болса оларды жай көзбен көруге де болады.

Slide 12

Емі. Әлі күнге дейін жолға қойылмаған, ашылмаған мәселе.

Slide 13

Сақтандыру шаралары

Мал дәрігерлік шаралар

Ет комбинаттарында, қасапханаларда сойылған ірі қара мен шошқаларды міндетті түрде финнозға тексеру. Сойылатын малды кез-келген аулада бауыздауға тыйым салу қажет. Ет сататын сауда нүктелерінде мал дәрігері тексермеген еттің сатылуына жол бермейтін қатаң тәртіп орнату керек. Мал соятын кәсіпорындағы малдәргерлік қызметкерлер тексеру барысында цистицерктер табылған малды байқасымен-ақ, жоғарғы малдәрігерлік және медициналық мекемелерге дереу хабарлайды.

Сойылған ірі қарадан цистицерк табылған жағдайда, бұл малдың кімдікі, қай шаруашылықтан келгендігі анықталып, ауру ошағын іздестіру және оны тауып, жою жұмыстары жүргізіледі.

Цистицеркоз малға адамның дәретінен жұғатын болғандықтан, барлық фермаларда жабық әжетханалар болуы керек.


Ұқсас жұмыстар
Жылқы стронгилезы
Дикроцелилоз
Жылқы стронгилоидозы. Торайлар стронгилоидозы
Гомологиялық хромосомалар
Күйіттеуші малды пайдаланудың маңызы
Күйістілердің ценурозы мен эхинококкозы
Ценуроз қоздырғышы
Ірі - қара телязиозын және жылқы спируратозын балау
ҚЫЛМЫСТЫ САРАЛАУДЫҢ ЗАҢИ НЕГІЗІ - ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫ
ЦЕНУРОЗ бас миының, кейде жұлынның зақымдалуымен және олардың қызметінің бұзылуымен сипатталатын жануарлардың ауруы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz