ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ФУТБОЛДЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ




Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ФУТБОЛДЫҢ
ДАМУ ТАРИХЫ
Орындаған: Фарахатов М.А.
ҚАЗАҚСТАН ФУТБОЛЫНЫҢ
ПАЙДА БОЛУЫ
1913 жылы Семейде (қазіргі Семейде) алғашқы футбол
командаларының пайда болуымен басталған біздің елде футбол пайда
болды. 1940 жылы қазақстандық клубтың алғашқы үлкен жетістігі
бүкілодақтық аренада орын алды. Содан кейін Алматының
«Динамосы» дене шынықтыру командалары арасындағы КСРО
Кубогының бірнеше мәрте финалдық кездесуінде Таганрогта
жергілікті «Торпедоны» 3: 1 есебімен жеңіп, осы кубокты жеңіп алды.
Содан кейін, 1959 жылы Қазақ КСР-нің Футбол Федерациясы
құрылды, содан кейін сол Алматының Қайрат КСРО-ның жоғарғы
дивизионында шу шығарды.
Қазақстандық футболдың басқарушы органы болып 1992 жылы
құрылған Қазақстан Футбол Федерациясы табылады. 1994 жылы
Қазақстан FIFA-ның толыққанды мүшесі атанды. 2001 жылға дейін
Азиялық конфедерацияға кірген болса, 2002 жылы UEFA құрамына
өткен.
2002 жылдың 25 сәуірінде Қазақстан UEFA-ның 52-ші мүшесі болып
қабылданды. Қазақстан футбол федерациясын Еуропа футбол
қауымдастықтары одағы құрамына қабылдау туралы шешім
Стокгольмде өткен УЕФА конгресінде бекітілген. Содан бері бұл күн
Қазақстан футболы күні ретінде аталып өтіледі.
1913-14 жылдар Семей қаласында ССК, “Олимп”,
“Ласточка”,“Орлята” және “Ярыш” атты алғашқы қазақстандық
командалар пайда болды. Кейбір деректерде аяқдоп ойынын Орталық
Азия мен Сібір бойыншаірі сауда орталықтарының бірі саналған
Семей қаласына ағылшын саудагерлері алып келгені айтылады.
1915-16 жылдар танымалдығы күн санап артқан аяқ доп ойыны
Павлодарға да жетті. Ертіс жағасындағы қалада “Ястреб” және
“Звездочка” командалары пайда болды. Семей мен павлодарлық
командалар Ресейимпериясының көршілес орналасқан
губернияларының командаларымен жиі кездесе отырып футболдың
Орта Азия мен Сібірде кең танылуына жол ашты.
1921 жыл Жамбыл қаласында Қазақстандағы алғашқы футбол алаңы
пайдалануға берілді. 1957 жыл
Қазақстан футболының тарихындағы алғашқы ресми халықаралық матч.
Алматыда жергілікті «Қайрат» финляндиялық «Вааса» командасымен
жолдастық кездесу өткізіп, 4 - 0 есебімен жеңіске жетті.
1959 жыл Қазақ КСР Футбол Федерациясы құрылды. 1962 жыл
Қарағандылық “Шахтер” қазақстандық клубтар арасында алғаш болып
КСРО-ның «Б» класындағы командалар өнер көрсететін чемпионатының ІІ
аймағында жеңімпаз атанды. Аталмыш турнирдің І және ІІ аймағындағы
жеңімпаздар арасында өткен екі кездесуден тұратын финалдық ойынның
қортындысы бойынша қарағандылықтар Гомель қаласының “Локомотив”
командасын ұтып (1:0 и 0:0), КСРО чемпионатының “А” класындағы
командалар бәсекесіндегі ІІ топта өнер көрсетуге мүмкіндік алды.
1971 жыл Қазақстанның клубтық футбол тарихындағы ең ірі жеңісі
тіркелген жыл. Алматылық “Қайрат” Кеңес Одағы клубтарының
арасында алғаш болып Теміржолшылардың Халықаралық Спорттық
Одағы Кубогін жеңіп алды. Ақтық сынға барар жолда алматылықтар
Кошицелік «Локомотивті» (Чехия) үйде 4:1, сырт алаңда 1:0 есебімен
тізе бүктірді. Содан кейін біздің команда Алматыда софиялық
“Славиядан” (Болгария) 1:3 есебімен жеңіліп қалғанымен, сырт алаңда
3:0 есебімен жеңіске жетіп, финалда Бухаресттің “Рапидімен” кездесіп
Румынияда өткен кездесуде 1:1 нәтижесіне қол жеткізді. Ал лматының
Орталық стадионында 32 мың жанкүйер тамашалаған тарихи
кездесуде “Қайрат” 1:0 жеңіске жетіп, мәртебелі жүлдені ұтып алды.
1983 жыл Алматылық “Қайрат” екінші рет Бірінші Лига
командаларының арасындағы КСРО Чемпионатының алтын жүлдесін
ұтып алды.
1988 жыл Қазақстандық қыздар командасы Бүкілодақтық ресми
кездесуге қатысты. Мәскеу облысындағы Кашира қаласындағы
“Собеседник” апталығының жүлдесі үшін өткен ІІ Бүкілодақтық
турнирге “Претендент” қыздар командасы атсалысты.
1989 жыл Қазақ КСР Футбол ассоциациясы құрылды.
1992 жылы Қазақстанның тұңғыш чемпионаты мен кубогы жолындағы
жарыс ұйымдастырылып, екеуінде де "Қайрат" клубы чемпион атанды.
Сол жылы Қазақстан Ұлттық футбол құрамасы тұңғыш жолдастық
кездесуін өткізіп, 1 маусымда Түрікменстан құрамасын 1:0 есебімен
ұтты.
1993 жыл Тұңғыш рет әуесқой лига футбол чемпионаты (кейін
Футболдан Қазақстан Бірінші лигасы боп өзгерді) ұйымдастырылды.
1995-96 жыл Қазақстан құрамасы тұңғыш рет Азия кубогы және
Олимпиада іріктеулеріне қатысты.
1997 жыл Қазақстан құрамасы тұңғыш рет әлем чемпионаттарының
іріктеуіне қатысты.
2002 жылы 25 сәуірде Қазақстан футбол одағы Азиядан Еуропаға өтті.
Сол жылы Қазақстан клубтары еурокубоктерде ойнай бастады.
2007 жыл Қостанайдың "Тобыл" клубы посткеңестік елдер арасында
алғашқы әрі соңғы болып Интертото кубогының жеңімпазы атанды.

Ұқсас жұмыстар
Футбол ойынының ережесі
Футбол ойыны
Американдық футбол ерекшелігі
Сертификаттаудың әлемдегі даму тарихы
Кәсіпкерліктің даму тарихы
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ТАРИХЫ
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ НАН ӨНІМІНІҢ ДАМУЫ
«Қазақстандағы биофизикалық зерттеулердің тарихы және қазіргі жағдайы»
Алғашқы адамдардың тас құралдары
Гистология, цитология және эмбриология пәндерінің даму тарихы. Қазақстан Республикасындағы гистология пәнінің даму тарихы
Пәндер