Инъекциясыз жергілікті анестезия
Презентация қосу
Стоматологияда жансыздандыру
мәселелері
Орындаған:Фарахатов М.А.
Кіріспе
Ауыру сезімін жою жолдарын зерттейтін медицина ғылым саласын
анестезиология (гректің «а» – жоқ, aestesis – сезім, logus - сөз, ілім)
дейміз. Анестезия терминін 1846 жылы Мортон енгізді. Анестезияға
келесі талаптар қойылады: барынша ауыру сезімін жою, науқасқа
қауыпсыз болу, хирургке мол ыңғайлы жағдай тудыру.
Қазіргі кездегі анестезиология жетістігінің арқасында жақ-бет
аймағындағы барлық операцияларды толық жасауға мүмкіндік болып
отыр.
Анестезия жалпы, жергілікті, аралас, болып бөлінеді. Аралас анестезияға
жергілікті анестезия мен наркоз, жергілікті анестезия мен
нейролептаналгезия, наркоз бен нейролептанагезияның түрлері кіреді.
Жақ – бет аймағын жалпы
жансыздандырудағы ерекшеліктер
«Әрбір аурудың өзіне тән жансыздандыру тәсілі бар»
және «жансыздандыру тәсілі операциядан ауыр болмауы
қажет» деген жалпы қағидаға сүйене отырып жақ-бет
аймағына қолданылатын жансыздандыру әдістерін
белгілеу қажет.
Наркоздың стоматологиядағы
ерекшеліктері
Наркоздардың клиникалық ағымы көптеген себептерге байланысты.
Олардың ішінде: науқастың жалпы жағдайына, жасына, дертке,
наркотиктерге, анестезиологтар мен хирургтардың өнеріне
т.б.жағдайларға байланысты.
Бірақ, барлық наркоз түрлеріне тән жалпы клиника бар. Наркоздың
жалпы үш клиникалық үш клиникалық кезеңі болады.
1) Наркозға ену: а) аналгезия фазасы; б) қозу фазасы.
2) Хирургиялық – бірінші, екінші, үшінші деңгейде жүреді.
3) Наркоздан шығу: а) операция бөлмесінде ояну; б) операциядан кейінгі
ұйқы.
Бұл кезеңдер жақ-бет аймағындағы операцияларда осы тәртіппен өтуімен
қатар бірнеше ерекшеліктері бар. Олар патологиялық процестердің
анатомия – физиологиялық орналасуы; жақ-бет аймағының осыған
байланысты өзгеруі; операция ерекшеліктері.
Жергілікті жансыздандыру түрлері,
олардың жіктелуі
Қазіргі кезде хирургиялық стоматологияда қолданылатын
жансыздандырудың ең бастысы жергілікті анестезия болып табылады.
Жергілікті жансыздандыру түрлері бірнеше топқа бөлінеді:
I. Инъекциясыз анестезия:
а) физикалық әдістер (хлорэтилмен мұздату);
б) химиялық әдістер (аппликациялық).
II. Инесіз анестезия.
III. Инъекциялық анестезия:
а)инфильтрациялық (шоғырландыру);
б)өткізгіштік (бағаналық, перифериялық).
в) интралегаментарлық (тіс байламына).
Жансыздандырудың түрін операцияның көлеміне, сипатына
жарақаттылығына, ұзақтығына байланысты таңдау қажет.
Инъекциясыз жергілікті анестезия
а) Жергілікті жансыздандырудың физикалық әдісін тіндерді
хлорэтилдің көмегімен мұздату деп тусіну қажет. Бұл әдіс
тек қана қысқа мерзімді операцияларда қолданылады.
Себебі, ұзақ мерзімге созылған мұздатудан үскен тіндердің
қоректенуі бұзылып өлі еттенуі, яғни некрозға соқтыруы
мүмкін.
Инъекциясыз жергілікті анестезияның жүргізу техникасы:
операциялық аймақтан 30-40 см қашықтықта фла¬конның
жіңішке түтікше тесігі арқылы хлорэтил бүркіледі. Мұздаған
тіндер алғашқыда қызарып, кейін бозарып, кыраумен
қапталып қатаяды. Осыдан кейін хирургиялық көмек
жылдам жүргізілуі қажет, себебі хлорэтилдің әсер ету
уақыты өте қысқа.
Инъекциясыз жергілікті анестезия
б) Аппликациялық (беткейлік) анестезия - тері беті мен
кілегей қабатының беткей орналасқан жарақаттарында
қысқа мерзімді өткізілетін операцияларға қолданылады.
Жансыздандыратын дәрі-дәрмекті кілегей қабық бетіне
жағу, шашу (аппликация).
Жансыздандыратын дәрі-дәрмекті кілегей қабық бетіне
сіңдіріп жансыздандыру кең қолданылады.
Хирургиялық стоматология саласында аппликациялық
жансыздандыру үшін дикайн, кокайн, ксикайн кеиінгі
кездері лидокааинның 10% аэразольі қолданылады.
Аппликациялық анестезияның
қажеттілігі:
- жас балаларға инъекциялық анестезия жасау алдында ине шаншылатын
орынды алдын-ала жансыздандыру мақсатымен;
- патологиялык, тіс қалташықтарының қырып тазалауында;
- түбірі жартылай резорбцияланған сүт тістерін жұлу кезінде;
- парадонтоздың III—IV дәрежелі қозғалғыштығы бар тістерді жұлуда,
беткей орналаскан абсцесстерді тіліп жаруда қолданылады:
жансыздандыру аймағы мақта шиыршықтарымен қоршалып, кұрғатыуы
қажет. Егер анестетик ерітінді күйінде қолданылатын болса, мақта
немесе дәкені оған малып, операциялық аймакқа қойып сіңдіреді, ал
препаратты аэро¬золь күйінде қолданса, оны операциялық аймаққа
бүркеді.
Анестетиктің жансыздандыру әсері 2—3 мин. өткен соң басталады,
операция алдында операциялық аймақты антисептикпен өңдеу қажет.
Инесіз анестезия
Қазіргі кезде жергілікті жансыздандыру үшін инесіз инъекторларды жиі
қолданады. Инъектордың ішкі камерасындағы жоғарғы қысым әсерінен,
анестетик сұйығы белгілі бір мөлшерде өте тар өзек арқылы жұмсақ
тіндерді (тері беті, кілегей қабаты) тесіп өтіп, таралып
жансыздандырады.
Стоматология жағдайында БИ-8 инъекторы қолданылады.
Инесіз анестезияны колданудың кажеттілігі:
- жоғарғы жактың тістерін жұлу мақсатымен; альвеолярлық өсінді мен
жұмсақ тіндерге шағын операциялар жасау мақсатымен (цистомия,
цистэктомия, түбір ұшы резекциясы, периостомия, қатерлі ісіктерді
кесуде);
- альвеолиттерді емдеуде анестезияны жүргізу үшін 0,5-0,7 мм
қашықтықта операциялық аймақка инъектормен бірнеше инъекция
жасалады.
Жансыздану 30-60 мин. кейін басталады
Инъектормен жансыздандырғаннан кейінгі
асқынулары мен оның кемшіліктері:
- жансыздандырудың техникасы бұзылуынан тіндердін парезі
гематомалары;
- бірлік мөлшердің өте аздығы және инъекцияның бірнеше кайталанып
жасалуы.
Инъектормен жансыздандыру техникасы
Тісті жұлу үшін, инъекцияны альвеолярлық өсіндінің қырына параллель
етіп тіс түбірінің деңгейінің сыртқы және ішкі жағынан жасалынуы
қажет. Операция мақсатымен альвеолярлық өсіндіні инъектормен
жансыздандырудың ұзақтығына, көлеміне, жасалатын орнына
байланысты
Инъекциялық анестезия
Жергілікті инъекцияның инфильтрациялық анестезияда тіндерге
анестетик енген соң ауру сезімі жоғалады, ал өткізгіштік анестезия
кезінде сол нервтің жүйкелеген аймағы толық, не жартылай
жансызданады, ал интралегаментарлық жансызданаыруда тіс байламы
өрімі жансызданады.
Жергілікті жансыздандырудың кажетсіздіктері:
- науқастың анестетикке идиосинкрезиясының (организмнің
анестетикке туа немесе жүре пайда болған өте жоғарғы сезімталдығы)
болуы;
- көлемді, ұзақ созылатын отаулар кезінде;
- ауыз іші отаулары кезінде көп қан кетуінен аспирациялық асфиксия туу
қаупі;
- отау алдында науқаста қорқыныш сезімінің тууы, мұндай кездерде
эндотрахиальды наркоз немесе жергілікті потенцеренген
жансыздандыру қолдану қажет.
Жергілікті жансыздандыру қолдану
тәртібі:
- дәрігер анестетик жіберілетін жердің анатомо-топографиялық ерекшеліктерін
жақсы білуі қажет;
- жансыздандыратын дәрі-дәрмек жүйелік әсер ететін болғандықтан, оның
мөлшері мен концентрациясы аз болып, ал жансыздандыру әсері толық болуы
кажет;
- анестетик пен оның енгізу орнын дұрыс таңдау қажет;
- анестетикті енгізген кезде науқас ауру сезімін сезбеуі қажет;
- анестетик ерітінділері тіндерге сыйымды, стерильді түссіз болуы қажет;
- флаконды, ампулалы анестетикті ашар алдында, оның дайындалған уақытын,
сақталу мерзімін, дәрі-дәрмектің атын мұқият тексеру қажет;
- ерітінділердің температурасы дене температурасына жақын, бірақ 35 - 36°-тан
жоғары болмауы қажет;
- анестетикті жіберу жылдамдығы жоғары болмауы қажет. Анестетиктің қаң
тамырлар арасына еніп кетпеуінің алдын-алу үшін, поршеньді әлсін-әлсін кейін
карай тартып, тексеріп отыру қажет, себебі, анестетик қан арасына енсе,
организмнің жалпы улануы тез дамып, дәрінің әсері азаяды;
Жергілікті жансыздандыру қолдану
тәртібі:
- ине шаншылатын орын антисептик ерітіндісімен өңделіп қажет
болғанда, алдын-ала беткейлік анестезия жа¬салуы қажет;
- қолданылатын инелер жіңішке және ұштары өткір болуы қажет.
Тіндерді көп зақымдамай, инені бір жерден бірнеше рет шаншымай, ине
бағытын өзгертіп отыру керек (инені кейін тартып, бағытын өзгертеді);-
инені мойына дейін енгізбеген жөн, иненің сынып кетуін есте ұстау
қажет;
- инені енгізген кезде, қиғаш бетін сүйекке қаратып анестетик жібере
отырып жылжыту қажет, себебі нерв, каң тамырларын зақымдалуы
мүмкін;
- анестезия тек операция жасалатын бөлмеде жургізілуі тиіс.
Жансыздандырудан кейін науқасты дәрігердің бақылауынсыз қалдыруға
болмайды, өйткені анестезиядан кейін иayқаста ортостатикалық коллапс
болуы мүмкін;
- анестезия жүргізер алдында науқастың күйін бағалап аллергиялык,
анамнезін тексеру қажет
Жағымсыз әсерлері:
- орталық жүйке жүйесі қызметінің бұзылуы (дозаға байланысты): естен
тануға дейінгі сананың шатасуы, өмірге қауыпті тоқтап қалғанға дейінгі
тыныстың бұзылуы, бұлшық ет дірілі және бүкіл денеге таралатын
құрысуларға дейінгі бұлшық еттердің дірілдеуі.
- жүрек айнуы, құсу;
- артериалық қысымның төмендеуі және жүрек тоқтауы;
- инъекция орнында ісіну немесе қабыну, тері қызаруы, қышыма,
конъюктивит, ринит, жоғарғы және/немесе төменгі еріннің ісінуімен беттің
ісуі, тамақтың батуы мен жұтынудың қиындау сезімімен болатын дауыс
байланысының ісінуі, есекжем, анафилактикалық шоққа дейінгі тыныстың
қиындауы;
- бас ауыруы;
- эпинефринге байланысты жағымсыз әсерлері – тахикардия, жүрек
ырғағының бұзылуы, артериалық қысымның жоғарылауы – аздаған
концентрацияда 1 : 100 000 (1,0 мг/100мл) сирек кездеседі;
- сирек кездейсоқ қантамырішілік инъекцияда инъекция салынған орынның
тіндердің өлі еттенуіне дейін ишемия аймағына айналуы;
Инфильтрациялы анестезия
Инфильтрациялы анестезия тіс жұлғанда, альвеола
өсіндісіндегі шағын операцияларды, кілегей қабықты
тілгенде, шағын қатерсіз өскіндерді алғанда, жараны алғаш
хирургиялық емдеп-өңдеу кезінде қолданады.
Альвеола өсіндісінің бөлігін анестезиялауды плексуал
инфильтрациялы анестезия дейді. Мұнда тіс өрімі
жансызданады. Бұл тәсілдің мәнісі – дәріні өтпелі қыртысқа
енгізгенде, оның борпылдақ шелге сініріп жақ сүйектің
майда тесіктері арқылы кемікке жетіп, ондағы тіс өрімдеріне
әсер етуіне негізделген. Үстіңгі жақта жиі, төменгі жақта
сирек қолданылады. Оның себебі жақ сүйектердің
құрылысындағы айырмашылыққа байланысты.
Өткізгіш анестезиялар
Инфильтрациялы анестезиядан өткізгіш анестезияның
бірнеше артықшылықтары бар (С.Н. Вайсблат). Олар:
1. Инені бір шаншығанның өзінде –ақ аумақты
анестезиялайды.
2. Жұмсалатын анестетик мөлшері аз.
3. Қабынған тіннен аулақ қадалған ине инфекция тарау
мүмкіндігін болдырмайды.
4. Қабынған сүйек қабығынан инфильтрациялы анестезия
жақсы нәтиже бермейді, оның үстіне тіннің қышқыл
реакциясы новокаин әсерін төмендетеді. Өткізгіш
анестезиясында бұл кемшіліктер жоқ.
5. Хирургиялық іс-қимыл үшін толық анестезияға мүмкіндік
туады.
Туберальды жансыздандыру
Нысана көзі: жоғарғы жақ төмпешігі
6-тіс артынан 7-тіс тұсынан ине шаншимыз
Ине бағыты:
1. алдан-артқа
2. сырттан-ішке
3. төменнен-жоғары
Ине жақсүйегін бойлап отырады. Анестетик жібере
отырып,2-2,5 см енгіземіз.
Нервтенеді:
• 6,7,8-тіс
• Гаймор қуысының шырышты қабаты
• Альвеола өсіндісі
Инфраорбитальды жансыздандыру
Нысана көзі: көзасты тесігі
Көзсүйек қырынан 0,5 см бір сызық көз қарашығынан бір
сызық қиылысқан жері көзасты тесігі. Сұқ саусақпен басып
тұрып, ернін жоғары көтереміз. 1-2 тіс арасынан өтпелі
қатпарға шаншимыз. Инені саусақ тұрған жерге дейін
апарамыз.Кішкене анестетик жібере отырып, жайлап инені
қозғай отырып тесік тауып аламыз. Каналға кіру қажет емес.
Нервтенеді:Жоғарғы ерін,1-5 тістер,көзасты тіндері мен
төменгі қабақ
Таңдай анестезиясы
Нысана көзі: таңдайдың үлкен тесігі 8-тіс жоқ болса, А
сызығынан 0,5 не 7-тіс сауытынан 0,5 см қиылысқан
жері үлкен тесігі ашылатын жер. Осы жерден сал алға
және ортаға қарай ине шаншимыз. 0,3 мм анестетикті
ағарғанша жібереміз.
Нервтенеді:Қатты таңдайдың 2/3 бөлігі,аздап жұмсақ
таңдай
Күрек тістік анестезиясы
Нысана көзі: күрек тісі тесігі.
Инені өзекке 0,5-0,75 см ендіріп, анестетик жібереміз.
Торусальды анестезия
Ауызды барынша қатты ашамыз. Буын өсіндісімен
тәждік өсіндінің қосылған жері. Жоғарғы азу тістердің
шайнау бетінен 0,5 см төмен түсеміз. Қанатша-төменгі
жақсүйек қатпары мен ұрттың кілегей қабығы
арасындағы жүлгеге шаншиды. Ине мен шприц бір
жазықтықта орналасады. Анестетикті жібере отырып,
инені сүйекке дейін жылжытамыз.
Нервтенеді:
• Төменгі жақ денесі мен барлық тістер
• Альв.өсіндісін жапқан кілегей қабық
• Төменгі ерін
• Тілдің алдыңғы 2/3 бөлігі мен иек
Мандибулярлы анестезия
Нысана көзі– төменгі жақ тесігі.
Науқастың аузын барынша ашамыз. Ойша 2
сызық жүргіземіз. Жоғарғы және төменгі
тістер шайнау бетінен жүргіземіз. 2-еуінің
қиылысқан жері ине шаншитын жер болып
табылады. Шприцты қарама-қарсы жақ
бетінен 5-6 тіс тқсында орналастырып,
қиылысқан жеріне ине шаншимыз. Инені
сүйекке тигенше апарамыз.
Ментальды жансыздандыру
Нысана көзі- иек тесігі
Төменгі жақтың 1-азу тіс сауытының ортасынан 8-10мм
төмен, алға және иектік тесікке 0,5мл анестетикті жібере
отырып инені шаншимыз.
Жансызданады:Иек, төменгі ерін,1,2,3,4-тістер аумағы
және ондағы альвеола өсіндісі мен кілегей қабаты
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz