Шыбындар тобы



Қазақ Ұлттық Аграрлық университеті Ветеринария факультеті Биологиялық қауіпсіздік кафедрасы ТАҚЫРЫБЫ: Шыбындар, шыбындар тобы және олармен күрес шаралары
Орындаған: Нуртилеу Айзада
Тобы: ВМ-503
Тексерген: Ахметова Г. Д.

Жоспар
Кәдімгі шыбындар (MUSCIDAE)
Қоздырғышының даму биологиясы.
Шыбындар тобы
Шыбындармен күресі шаралары

Кәдімгі шыбындар (MUSCIDAE)
Көп түрі зоофильді және синантропты болып келеді, әр түрлі қалдықтармен қоректенеді, жануарлар мен адамдардың маңайында тіршілік етеді. Өлексе шыбындары- calliphoridae тұқымдасы, сұр өлексе шыбындар- sarcophagidae. Жалпы шыбындарға бөлмелік (Musca domestica), кіші бөлмелік (Fannia canicularis), егістік (musca larvipara), сібірлік егістік (Musca amita), жайылымдық (Musca Osiris), және басқалары. Бұл туыстыққа сонымен қатар жануарларда паразитті тіршілік ететін облигатты қансорғыштар жатады: күзгі көк шыбындар(Stromoxys calcitrans), сиыр Haematobia stimulans), жылқы көкшыбындары (Haematobia atripalpis), кішкентай сиыр көкшыбындары (Lyperosia irritans), оңтүстік сиыр көкшыбындары (Lyperosia titillans) .
Қоздырушылары. Кәдімгі шыбындар қанық сұр немесе қара, сирек
сары, метелликалық жасыл-көк түсті, (3-15 мм) түрлі пішінде болады. Денесі
басы, кеуде, және құрсақтан тұрады, олар түктермен қапталған. Басы жарты
шар пішінді, маңдайында түктері бар, екі бүйірінде үлкен көздері болады.
Қан сормайтын шыбындардың ауыз құрылысы - жалаушы типке, ал
қансорғыш шыбындардың ауызы - тікенекті-сорғыш типке жатады. Кеуде
бөлімінде 3 жұп аяқ, екі қанаты, дем алатын органы болады.

Қоздырғышының даму биологиясы. Шыбындар толық түрленетін
жәндіктер тобына жатады. Олардың көбісі жұмыртқа басады, кейбіреуі ғана тірі туады. Ересек шыбындар дернәсілден шыққаннан кейін 5-7 күн өткен соң жұмыртқаларын нәжісте және басқа да органикалық субстраттарда қалдырады. Шыбындардың өнімділігі өте жоғары болады. Мысалға, ұрғашы бөлме шыбыны өз өмірінде (1-1, 5 ай) 6 және одан да көп рет жұмыртқа басады, олардың саны 100-ге дейін жетеді. Қолайлы жағдайда 8-15 күннен кейін ұзындығы 2 мм дернәсілдер пайда болады, олар 30-35С температурада субстраттың ылғалдылығы 60-70% болғанда терең орналасып, дамиды.
Дернәсілдер өздері тіршілік ететін субстраттың органикалық заттарымен қоректенеді.
Дернәсілдердің фазасының ұзақтығы - 3-5 күн. Осы уақыт аралығында олар 3 рет түлейді, ұзындығы 12-13 мм жетеді және қуыршаққа айнадалы. Қуыршақтың дамуы 3-5 күнге созылады. Соңғы дернәсілдік қабат пупария деп аталатын қабыршаққа айналады. Қуыршақтан шыққан жәндік басында бауырлап жүреді, ал бірнеше сағаттан кейін ұша бастайды. Жылы мезгілде шыбындардың толық дамуы 10-30 күнге созылады, бір маусымда бірнеше буын ұрпақ қалдырады, осыған байланысты олар жоғарғы өнімділігімен ерекшеленеді. Мал ұстайтын қораларда және жайылымдарда шыбындар сәуір-мамыр айларында пайда болып және олардың белсенділігі қазан-қараша айларына дейін жалғасады. Солтүстік аймақтарда шыбындар мамырдан қыркүйек айына дейін тіршілік етеді. Шыбындар дернәсіл, қуыршақ және имаго фазасында қыстайды. Бөлме температурасы 15-18С-тан төмен болмайтын ғимараттарда шыбындардың өсіп-өнуі жыл бойы жалғасады. Қыс мезгілінде шыбындар әсіресе шошқа қоралары мен құс фабрикаларында көп болады.

Күзгі көк шыбын (Stromoxys calcitrans)

Мал дәрігерлік маңызы. Мал ұстайтын фермаларда, лагерьлерде
және жайылымдарда шыбындардың көп мөлшерде болуы ауыл шаруашылығына айтарлықтай зиян келтіреді. Жайылымдарда шыбындардың саны өте көп болады, олар жануарлардың бетін және басқа да дене бөліктеріне қонып, тітіркендіріп, олардың жайылымда жайылуына және азықтануына кедергі келтіреді және осының әсерінен жануарлардың өнімділігі төмендейді.

Жалаушы шыбындар - полифагтар. Көңнен, нәжістен, шіріген өлекселерден, жуындылардан, қоқыс тастайтын жерлерден ұшып келген шыбындар үйдегі, мал ұстайтын орындарындағы азық өнімдерін, жемдерді ластайды және түрлі инфекциялық және инвазиялық аурулардың қоздырушыларын тасымалдаушылары мүмкін. Жайылымдық шыбындардың ішінде тасымалдаушы шыбындар мен ірі қара малдың телязиоз ауруының қоздырушыларының аралық иелері - егістік шыбын, тірі туатын егістік шыбын, сібірлік егістік шыбын, жайылымдық шыбындар ең қауіптілері болып саналады. Ауру жануарлардың көзінен аққан кілегейлерді жалау арқылы олар телязия дернәсілдерімен инвазияланады, кейін сау жануарларды да ауруға шалдықтырады.

Көк шыбын (Callіphorіdae) - қос қанаттылар немесе шыбындар тобының қысқа мұрттылар тармағына жататын өлексе шыбыны. Шыбын денесінің ұзындығы 5 - 16 мм, түсі қоңыр-күлгін, немесе металдай жылтыр көк реңді (мыс., ет көк шыбыны - Callіphora vіcіna), жасыл (мыс., ет жасыл шыбыны - Lucіlla serіcuta) . С. uralensis- өлексе шыбыны, Protophormia terraenavae- көктем шыбыны. Бұл шыбындардың дүние жүзінде 900-ден астам, ал Қазақстанда 10-нан астам түрі кездеседі. Жұмыртқа салатын және дернәсілін тірідей туатын түрлері бар. Малдың мияз ауруларын қоздырғыштары ретінде белгілі.
Көк шыбын

Ет көк шыбыны

Дернәсілдері жануарлар өлексесінде (мысалы, өлексе шыбыны - Cynomyіa nartuorum), бұзыла бастаған етте, кейде мал қиында тіршілік етеді. Балаң құрттары әр түрлі омыртқасыздардың денесінде (ұлу, шұбалшаң, көбелек), сондай-ақ омыртқалы жануарларда (құдыр, құс балапанының тері астында, бақа мен құрбақа тіндерінде) паразиттік тіршілік етеді. Ересек шыбындар гүлдермен, шіріген органикалық қалдықтармен қоректенеді. Кейбір түрлері адам мен жануарлардың ішек-асқазан ауруларын таратады.

Қансорғыш шыбындар үлкен зиян келтіреді, әсіресе мал ұстайтын ғимараттарда тіршілік ететін күзгі көкшыбындар(Stromoxys calcitrans) . Шыбындардың жұмыртқа басу орындары негізінен шөпті төсеніштерімен араласқан шіріген сабан, пішен, сүрлем болады. Шыбындар жазда 1-2 күн сайын, ал күзде 10 күн сайын ірі қара малға, жылқыларға, түйелерге, құстар мен адамдарға қан сору үшін шабуылдап қоректенеді. Жаз мезгілінде олар жайылымда көптеп кездеседі. Жануарды күзгі көкшыбындар шаққанда ауыртады және мазасыздық тудыртады. Жайылымда ірі қара малдарда және басқа да жануарларда ылғи Lyperosia (L. irritans, L. titillans) және Haematobia (H. stimulans, H. atripalpis) туыстығына жататын көкшыбындар паразитті тіршілік етеді. Олар жаздың екінші жартысында көп мөлшерде болады. Жұмыртқаларын басуы жайылымдарда ірі қара малдан шығатын нәжісте болады. Шыбындар жануардың денесін тек жұмыртқа басу үшін ғана тастап кетеді. Олар жиі әрі ұзақ қан сорады, соның нәтижесінде интоксикация, қатты жүдеу, сиырлардың сауымы 25-30% азаюы, төлдердің өсуі 30-40% төмендеуі байқалады. Көкшыбындар сібір жарасы, туберкулез, бруцеллез, туляремия, жылқылардың энцефаломиелиті, шошқа обасы, құс обасы, ірі қара малдың безноитиозы, түйелердің су-аурасы, гельминтоздардың қоздырушыларының тасымалдаушысы болуы мүмкін.

Бәкене шыбыны
Ұсақ, қан соратын қос қанатты насекомдар, денесінің ұзындығы-1, 5-3мм, ашық сары, не қоңырқай түсті. Көздері үлкен қара, мұртшалары 16 буыннан және қалың түктерден тұрады. Аяқтары ұзын жіңішке болады. Денесі мен қанаттары ұсақ түкпен қапталған. Аналықтары жануарлардың және адамдардың қанымен қоректенеді. Олар паппатачи ысытпасының вирусын, сонымен бірге тері және висцеральдық лишманиоздың қоздырғыштарын тасымалдайды.

Вольфарт шыбыны
(Calliphoridae) - саркофагид тұқымдасының шыбыны.
Денесі 9-14 мм түсі - күлгін-сұрғылт, мұрттары мен аяқтары қара. Оңтүстік Еуропа, Солтүстік Африка, Орталық және СолтүстікАзияда таралған. Шыбын табиғатта өсімдіктерде - өлекселерде кездеседі, қора-жайға жоламайды. Тірі табатын шыбындар. Ұрғашылары ұзындығы 1 мм. 120-200 балаңқұрттарын жануарлар, кейде адамның дене жарақаттарына (құлағына, көзіне, аузына, танау тесігіне) салады.

Балаңқұрттар бұл жерден маңдай, мұрын қуыстарына еніп өте ауыр миаз ауруын туғызады. Балаңқұрттар дамуын 3-5 тәулікте аяқтап (18 мм дейін жетеді) жерге түсіп қуыршақтанады. Бір жылда 6 рет тұқым береді. Көбінесе миазбен төл аурады. Зақымданған жануар жарасында жүзге таяау балаңқұрт болуы мүмкін. Әлсіреген жануарлар миаздан кейде өледі.

Шыбын, қысқамұрттылар (Brachycera) - қосқанаттылардың бір отряд тармағы. Жер шарында кең тараған. Бұлардың мұртшалары қысқа, үш бунақты. Денелері жуан, дернәсілдерінің басы, аяқтары болмайды, құрт тәрізді. Қуыршақтары жалған піллә ішінде жатады. Ересек жәндік қуыршақ қабын түзу тігіс бойымен жарып немесе қуыршақ қабының үстіңгі жағындағы дөңгелек қақпақша арқылы сыртқа шығады. Негізгі тұқымдастары:

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz