Бәйдібек аудандық ветеринария бөлімі мемлекеттік мекемесі



Қазақ ұлттық аграрлық университеті “Акушерлік, хирургия және өсіп-өну биотехнологиясы” кафедрасы
Өндірістік тәжірибе бойынша күнделік-есеп
4 курс 403 - топ
Студентті: Бүркітәлі Серікболсын
Тәжірибеден өткен орны: Қазақстан Республикасы,
Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы
"Бәйдібек аудандық ветеринария бөлімі"
мемлекеттік мекемесі
2019

ЖОСПАР
Өндірістік тәжірибенің мақсаты мен міндеті
Кәсіпорынға жалпы сипаттама беру
Тәжірибе кезінде атқарылған ветеринариялық шаралар
Жануарлар (малдар) арасында кездескен жұқпалы аурулар, паразитарлық және инвазиялық аурулар
Жануарлар (малдар) арасында кездескен жұқпалы емес ішкі аурулар, акушерлік, хирургиялық аурулар
Қорытынды

Өндірістік тәжірибенің мақсаты:
-Университет қабырғасында алған теориялық білімді практика жүзінде жүргізіп, үйреніп келу;
-Алған теориялық білімді тәжірибе жүзінде меңгеру;
-Ұжыммен жұмыс жасауды үйрену;
Өндірістік тәжірибенің міндетті:
-Аудандық ветеринариялық бөлім мен қызметтің жұмысы және құжаттармен танысу;
-Зерттеулер мен емдеу және алдын -алу жұмыстарына қатысу;
-Кәсіпорынның негізгі атқаратын қызметі мен міндет, құқықтарын түсіну;

Кәсіпорынға жалпы сипаттама беру.
Мен, Бүркітәлі Серікболсын Бүркітәліұлы 17. 06. 19-20. 07. 19жыл аралығында Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы "Бәйдібек аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінде өндірістік тәжірибеден өттім.
Мемлекеттік органның толық атауы - "Бәйдібек ауданық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
Заңды орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Шаян ауылы, Қарашаұлы көшесі №92 үй, индекс 160200.
Телефон-факс: (8-727-48) -2-13-27
"Бәйдібек ауданық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Бәйдібек ауданық ветеринария бөлімі мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері:
Бөлім бастығы - Спабеков Өскен Әбдіханұлы
Бас маман - Нуралиев Әсілхан Ермаханұлы
"Бәйдібек ауданық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
Міндеттері:
"Бәйдібек ауданық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеті халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау.

Қотыр ауруы. тері астына (1грам) айвин дәрісін енгізу кезі


Өндірістік практиканың алғашқы күні яғни 11-наурыз күні өндірістік практикадан өтуге барған «Бәйдібек аудандық ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бардым. Мекеме ОҚО, Бәйдібек ауданы, Шаян ауылы, Қарашаұлы көшесі №92үйде орналасқан. Жұмыс күндері дүйсенбі-жұма аралығы сағат 9. 00-18. 00-ге дейін, сенбі- жексенбі күндері демалыс. Мекемеге барып, мекеме ішімен, ондағы қызметкерлермен таныстым. Бөлім бастығы Тасшабаев Боранбай маған жетекші ретінде Нуралиев Әсілхан Ермаханұлын бекітті. Өндірістік практиканы алғашқы күнінен-ақ маған не істеу керектігін, яғни, аудандық бөлім негізінен аудан арасындағы шақыртуларға шығатынымызды түсіндірді.

Уақ малдан төл алу кезі

Бірдейлендіру - дерекқорға жануар туралы мәліметтерді енгізе және ветеринариялық паспортты бере отырып, жапсыру, чиптау, таңба салу жануарларға жеке нөмір беруді қамтитын жануарларды есепке алу. Сырғадағы реттік нөмір бойынша құжат (паспорт) берледі. Құжатқа малдың түр-түсі, иесі жазылады. Иесі өзгеретін болса ол да өзгертіледі. Әр реттік нөмір компьютерлік базаға (ЕАСУ web порталымен жұмыстарын жүргізуді меңгердім) енгізіледі. Осы құжатқа жыл сайынға қан алу, егуге байланысты барлық шара тіркеліп отырады. Малдарды бірдейлендіру арқылы олардың нақт есебін алу, дер кезінде мал дәрігерлік көмекк көрсету, уақытында жұқпалы мал аурууларына қарсы егу жұмыстары жүзеге асырылады. Сырға салынған уақ мал саны 152 бас, оның ішінде 70 бас саулық, 44 бас тоқты, қалған 18 басы қозы, 20 бас ешкі. Малдардың құлағын спиртпен өңдеп, қысқыш арқылы сырғаны не бирканы тағамыз. Осыған орай 200гр спирт, 142гр мақта, 142 дана жеке нөмірлі сырға (құлақ жабсырмалары), қысқыш пайдаланылды.

Дезинфекция жүргізу барысы.


Мекеменің қарамағына жататын Көктерек а\о Ынтымақ елді мекеніндегі 689 бас уақ малдан (243 бас саулық, 446 бас тоқты) қан сынамасы алынды. Қан алу орнын 70% ректификат спиртпен өңдеп, залалсызандырып, вакуумтайнер арқылы қан алдық. . Осыған орай 689 жиындық вакуумтайнер, 689 грамм мақта, 482, 3 грамм спирт жұмсалды. Осы жөнінде акт жасалынды. Алынған биологиялық материал ілеспе хатпен қоса «Бәйдібек аудандық ветеринариялық зертханаға» КБР, РБС жүргізуге жіберілді. Нәтижесінде 12 уақ мал бруцеллезге «оң» нәтиже берді (10бас саулық (сырға нөмірлері: №05558, №2, №04669, №012589, №014588, №00569, №02228, №011198, №036668, №00589) , 2бас тоқты (сырға нөмірлері: №04568, №014587) . Малдар ветеринариялық санитариялық жоюға жіберілді және өлікті «Бекнери» шұңқырына тастадық. Індет ошағы тез арада карантинге қойылып, ауру шыққан 5 қора-жайға дезинфекция жасалды. Дезинфекция жасар алдында қорада алдымен механикалық тазарту жұмыстарын жасадық, дезинфекция кристалл деп аталатын ақ түсті ұнтақ затпен жасалды 20л суға 20гр кристаллды (1:1) қосып, оны распылительге құйып қораға дезинфекция жасадық. Бруцеллез шыққан аймақтан тағы да 15 күнде қан сарысуын серологиялық зерттеуге жібердік (2рет) . «Теріс» нәтиже бергендіктен, қора-жайларға қорытынды дезинфекция жасап карантин алынды. Сонымен қатары уақ мал иелеріне жеке счет ашылып өлген малдардың жарты ақшасы берілді.

Малдың көзіне ақ түскен. Емі офтомагель мазын көзіне тамызу барысы.

Боралдай ауылы тұрғыны Ергешов А. азаматының жеке қорасындағы 59 уак малға күл ауруына қарсы вакцина салынды. Вакцина «ВНИИЗЖ» штаммынан алынған күлге қарсы вакцина (саудалық атауы «ШипПокс-ЛСД вак») . Вакцина шприц автоматтың көмегімен салынатын орын 70% спиртпен (100мл) өңдеп бұлшық етке 5мл-ден салынды. Вакцина салынған малдарды бақылау барысында ешқандай кері әсерлер байқалмады.

Шаян ауылының тұрғыны Акимов Ұ-ның 1 бас ірі қара мал бұзауы (сырға нөмірі №14523) 6 күн бойы тәбеті төмендеп, әлсіздік байқалғанын айтты.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz