Кәсіпкерліктің мәні


Slide 1

1-тақырып. Кәсіпкерлік: түсінігі, оның негізгі түрлері және ұйымдастырушылық нысандары

Дайындаған: э. ғ. к., доцент

Қарғабаева Сәуле Төлеуқызы

Slide 2

Жоспар:

Кәсіпкерліктің мәні.

«Бизнес» және «кәсіпкерлік» түсініктеріндегі айырмашылықтар.

Кәсіпкерліктің экономикадағы орны.

Кәсіпкерліктің мақсаты мен міндеттері.

Кәсіпкерлік қызметтің субъектілері, олардың құқықтары мен міндеттері.

Slide 3

Кәсіпкерліктің мәні

Кәсіпкерлік дегеніміз - белгілі бір істі істей білу. Іс істеу - адамның белсенділігі және іскерлігі. Белсенділік және іскерлік - адамның еркін өмір сүру түрі. Белсенділік, іскерлік адамдардың мінез-құлқы типтерімен байланысты болатын шығар.

Slide 4

Кәсіпкерлік екі мағынада пайдаланылады: біреуі - белгілі бір істің түрі; екіншісі - сол іспен шұғылданатын нақтылы қоғамдық тап.

«Кәсіпкерлік» деген ұғым өмірде экономикалық белсенділікке қолданылады. Антогонистік қоғамда, ол адамды адамның қанауы, ал кәсіпкерлер табы қанаушы тап болады.

Slide 5

Экономикалық белсенділік - бұл барлық энергетикалық үрдіс тауар өндірісімен айырбас арқылы пайда табуымен байланысты.

Өндірісте, айырбаста шектелген белсенділігін емес, адамдардың жан-жақты белсенділігін талап етеді.

Сондықтан экономикалық белсенділік, іскерлік еріксіз немесе еркін болуы керек.

Slide 6

Кәсіпкерлік - ежелден келе жатқан адамдардың іскерлік белсенділігі, қабілеті. Ал оның дамуы орта ғасырдан басталды: көпестер, саудагерлер, қол өнері қызметкерлері.

Кәсіпкерліктің алғашқы дамуында кәсіпкер құрал жабдықтарға иелік ете отырып, өздері сол кәсіпорында қолдап жұмыс істеген. Бұл тауарлы өндірістің бастапқы жабайы түрі.

Slide 7

Ресейде, Қазақстанда кәсіпкерлік ерте заманнан келеді. Қазақстанның көшпелі шаруашылық жағдайында кәсіпкерлік еркін дамыған жоқ.

Ресейде Петр І патшалық ету кезеңінде кәсіпкерлік ерекше дамыды, бірақ крепостной қоғам тежеді. Капитализмнің дамуымен кәсіпкерлік те дамыды. 1861 жылғы реформадан кейін темір жол құрылысы, ауыр өнеркәсіп салалары орын алды.

Slide 8

Кәсіпкерліктің субъектісі - жеке адамдар, сонымен бірге, заңды тұлғалар, біріккен серіктестер: арендалық ұжым, ашық және жабық акционерлік қоғамдар, шаруашылық ассоциациялары, әртүрлі бірлестіктер.

Slide 9 Slide 10

Экономиканың негізін екі фундаментальды ақиқат құрайды. Олар шын мәнінде экономиканың барлық мәселелерді қамтиды.

Slide 11

Экономикалық ресурстар дегеніміз - тауар өндіруде қолданылатын барлық табиғат, адам және адамдардың өндірген құрал жабдық ресурстары.

Олар: фабрика, зауыт және ауылшаруашылық құрылыстары; әртүрлі жабдықтар, инструменттер, өндірістік тауарлар мен ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруге қолданылатын машиналар; әртүрлі транспорт, байланыс құралдары; материалдық байлықты өндіруге қатынасатын алуан түрлі еңбектер; жер және қазбалы байлықтар.

Slide 12

Экономикалық ресурстар:

Slide 13

Кәсіпкерлік қабілеттілік - адамдардың ерекше таланттылығы. Оны түсіну үшін кәсіпкердің төрт функциясын түсіну керек.

1. Кәсіпкер барлық ресурстарды: жер, капитал, еңбекті өнім өндіру процесіне қосу ынтасын өз жауапкершілігіне алады, яғни өндірістің қозғаушы күші, себебі істеген ісі пайда беретініне сенеді.

2. Кәсіпкер өндіріс процесінде барлық негізгі шешімдерді өз қолына алады және фирманың іс бағытын айқындайды.

Slide 14

3. Кәсіпкер - бұл жаңашыл, коммерциялық негізде жаңа тауар өндіруді, жаңа технологияны енгізу, бизнесті ұйымдастырудың жаңа формаларын енгізуге аянбай жұмыс істейтін кісі.

4. Кәсіпкер - бұл тәуекелге баратын кісі. Тәуекелге бару үшін істелетін істің егжей-тегжейін айқын талдап, қорытындысында ие болатынын білген жөн. Кәсіпкер тек қана өз уақыты, еңбегін, іс қабілеттілігін тәуекелге салмайды, сонымен бірге өндіріске кеткен өзінің және өзінің серіктестерінің немесе акционерлердің қаржыларын тәуекелге салады.

Slide 15

Кәсіпкерлік істің қозғаушы күші - мол пайда табу. Өндіріс факторлары жеке кәсіпорындарға ақшалай табыс ретінде беріледі.

Материалдық ресурстар бергені үшін капиталға пайыз алады.

Жер, су бергеніне рента алады.

Жұмыс күшін жалдағаны үшін еңбек ақы алады.

Кәсіпкерлік табысты пайда деп атайды, ол зиян да болуы мүмкін.

Slide 16

Экономикалық ғылым сирек ресурстарды тиімді пайдалану жөніндегі ғылым екенін кәсіпкер жеке түсінуі керек. Экономикалық тиімділік - бұл «шығын-өнім» мәселесін қамтиды.

Экономикалық тиімділіктің критериясы әрбір өнім бірлігіне шаққанда неғұрлым аз шығын жұмсау.

Қоғам барлық ресурстарды тиімді пайдаланып неғұрлым көп өнім өндіруге талаптанады. Ол үшін ресурстарды толық іске қосып толық қамтуға және өндіріс көлемін толық қамтамасыз ету қажет.

Slide 17

«Толық қамтылу» деген пайдалануға жарамды барлық ресурстарды іске қосу, жұмысшылар жұмыссыз қалмауы керек; егіске жарамды жерлер, күрделі жабдықтар бос тұрмауы, яғни барлық жарамды ресурстарды іске қосу керек.

Slide 18

2. «Бизнес» және «кәсіпкерлік» түсініктеріндегі айырмашылықтар

Бизнес, кәсіпкерлік іс әрекет ретінде өзінің көлемін жүзеге асыруына сәйкес ірі бизнес, орта және шағын бизнес болып бөлінеді.

Олар өндіріс мөлшері, негізгі құралдарының және еңбек, ақша активтерінің көлемі бойынша ерекшеленеді.

Ірі бизнес - заманауи нарық экономикасының негіздерінің бірі, ал шағын және орта бизнес - оның ағымдағы экономикалық күйінің және мүмкін болатын дамуының маңызды белгісі.

Slide 19

Кәсіпкерлік бизнестің негізі ретінде жеке іс ретінде қаралады, ол әрқашан оны жоғалтумен, соған кеткен материалдық, уақыт және инттелектуалды ресурстардың шығындауымен байланысты.

Slide 20

Бизнестің және кәсіпкерліктің белсенді қалыптасуы және дамуы үшін нақты шарттар және факторлар қажет:

Кәсіпкерлік қабылет, жеке қызығушылық, жасампаз идеялар, табыстар;

Нарықта бос орын болуы қажет немесе нарықты кеңейту мүмкіндігі;

Пайданың өсу мүмкіндігі;

Активтерді және пассивтерді тиімді жұмсау қабелеті болуы қажет;

Нарықта келешекте болуы мүмкін дағдарыс жағдайдың болуын алдын ала білу және жобалау кезеңде шешімдер жолдарын анықтау мүмкіндігі болуы қажет.

Slide 21

3. Кәсіпкерліктің экономикадағы орны

Экономиканы тұрақты болуы және оның бәсекелік сипатын қалыптастырудың басты күштерінің бірі кәсіпкерлікті жетілдіру болып табылады.

Жалпы кәсіпкерлікті дамыту үшін бірнеше белгілі шарттар орындалуы қажет.

Slide 22 Slide 23

Кәсіпкерлік - қызметтің ерекше бір түрі ғана емес. Бұл тағы да белгілі стиль және тәртіптің типі, жинақтап айтсақ: үлкен бастама, дәстүрден тыс шешімдерді іздестіру, тәуекелге бару, іскерлік қызметтің орын алар жері, ең алдымен кәсіпорын.

Slide 24

4. Кәсіпкерліктің мақсаты мен міндеттері

Кәсіпкерлік дегеніміз - адамдар мен олар құрған бірлестіктердің белсенді, дербес шаруашылық қызметі. Оның көмегімен адамдар тәуекелге бел буып, мүліктік жауапкершілікті сақтай отырып, пайда табу жолын көздейді.

Кәсіпкерлік шығармашылық күш-жігерді жүзеге асыруға, экономикалық және ұйымдастыру ісінде тапқырлыққа, жаңашылдыққа байланысты.

Slide 25

Кәсіпкерлікті жаңа тұрғыдан түсіндіргенде мынадай екі жағдайға:

Slide 26

Кәсіпорынның қызметінің мақсаты - қоғам қажеттіліктерін қанағаттандыру және таза пайда табу.

Кәсіпкерліктің басты мақсаты - таза пайда табу (бірақ кез келген амалмен емес) .

Slide 27

Кәсіпорын құруға кірісерде, кез келген кәсіпкер немесе олардың тобы өздерінің айқын әрі түсінікті мақсатын білуі тиіс. Бұл ой өз өнімі немесе қызметіне тұрақты тапсырыс алып отыру жүйесіне сүйенуі керек.

Көделген өнімді өндіру немесе қызмет көрсету барлық қажет материалдық ресурстармен қамтамасыз етілуі тиіс және жаңа іс бастай отырып, өз капиталын жүйелі, тұрақты түрде толықтырып отыру мүмкіндігін ойластырған жөн.

Slide 28

Кез келген кәсіпкерлік іс шаралар - бұл адамдар арасындағы өзара байланыстарын ұйымдастыру болып табылады. Ол не ғұрлым жете ойластырып құрылса, шебер реттеліп отырған сайын экономикалық пайда, шығындардың орнын таза пайдамен толтыруға деген сенім солғұрлым арта түседі.

Slide 29

Кәсіпорындағы меншік насанын тандау - жауапты іс. Кәсіпорында қызмет жасауға тиісті шаруашылық, құқықтық ортаны, қоғамдық тәртіпті де ескеру қажет.

Келесі қадам - өндірістік базаны қалыптастыру.

Маңызды кезең - қаржы -қаражат табу.

Slide 30
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерліктің функциялары
Кәсіпкерліктің мақсаттары
Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың мәні және қажеттілігі
Кәсіпкерлік мәні, түсінігі, негізгі түрлері және ұйымдастырушылық нысандары
Кәсіпкерлік қызметтің экономикалық және әлеуметтік мақсаттары
Экономикадағы кәсіпкерліктің мәні
Кәсіпкерліктің нысандары
Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау қойылған мақсаттарға жету мақсатында әсер ету
Кәсіпкерліктің мәні және міндеттері
Фармациядағы шаруашылық субъектілерге банктік қызмет көрсету
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz