АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ




Презентация қосу
КӘСІПОРЫН ӨНІМІНІҢ
БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН
АРТТЫРУДЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ.
Орындаған:Ахтлеуова Асель ГиМУ-414
Тексерген:Баймуханова М.Т
• Қазіргі экономикалық жағдайда нарықта бәсекеге
қабілеттілік өте маңызды. Ішкі нарықта өз тауарларымыздың
бәсекелесуі тауардың сапасын арттыруға, кәсіпкерлердің
тұтынушыларға жақсы сатып алу жағдайын жасауға
ынталандырады.
• Қазақстан экономикасын жақсартудың өте сенімді
жолдарының бірі өндіріс сапасын жақсарту. Нарықтық бәсеке
кәсіпкерлердің өндіріс қабілеттілігін арттырып, одан ары
сыртқы нарықта қалай жұмыс істеуге үйретеді. Нарықта
бәсеке болса екі жақта ұтады, сатып алушылар сапасы
жоғары тауар алады, ал өндірушілер бәсекелестік
жағдайында шыңдалады.
• Нарықтық талаптардың ерекшеліктерін ескере отырып,
мемлекеттің ішкі экономикалық мүмкіндіктері мен өндірістік
ахуалын одан ары жақсарту мақсатында жаңа бағыттар
белгіленуде. Өндірісті жаңаша құрудың, шығарылатын
өнімдердің сұранысын арттырудың маңыздылығы да артуда.
Мемлекеттің экономикалық тұрақтылығын қалыптастырудың
негізгі бағыты ішкі өндірісті өркендету екені белгілі. Бұл тұрғыда,
өнім өңдеудің түпкі кезеңіне дейінгі жұмыстарды қамтитын
өндірістік кәсіпорындарға деген жауапкершілік те ұлғая түспек.
Осы тектес кәсіпорындардың қатарына тамақ өнеркәсібіндегі сүт
өнімін өңдеумен айналысатын өндіріс орындарын жатқызуға
болады. Аталған саланың ел экономикасындағы маңызы оның ішкі
нарықтағы азық-түлік қауіпсіздігін сақтауда, мемлекеттің
экспорттық мүмкіндіктерін ұлғайтуда, отандық өзара байланысты
кәсіпорындардың тиімділігін арттыруда және олардың сыртқы
өндірушілерге тәуелділігін төмендетуде, ауыл шаруашылық
өнімдерін мақсатты пайдалануда және бәсекеге қабілетті өнімдер
шығару арқылы мемлекеттің әлемдік нарықтағы беделін
арттыруда көрініс табады.
Қазіргі заманғы кәсіпорындар өздерінің бәсеке бағытын нығайту
үшін әлемдік нарықтың жоғарылап келе жатқан талаптары,
тұтынушылық сұраныстың дифференциялануы, инновациялық
айналымдардың азаю қажеттілігі және өндіріске ғылыми-
техникалық жетістіктерді еңгізу мәселелерімен бетпе-бет
кездесуде.
Отандық сүт өнімдерін өңдеуші кәсіпорындардың дамуы соңғы он
бес жылда үлкен өзгерістерге ұшырады. Тек соңғы кездері нақты
секторды дамыту бағытындағы басты міндеттер мен қолайлы
ортаны қалыптастыру шараларының нәтижесінде жаңа өндіріс
орындары ашылып, халықтың тұтыну қажеттіліктерін
қанағаттандырыла бaстады.
• Қазақстандық кәсіпорындардың өнімдерінің ішкі нарықтағы бәсекеге
қабілеттілігі. Өте маңызды және дәл уақытында ел назарына
ұсынылып отырған асқақ мақсат. Өйткені, әлемдегі барынша өрбіп,
қанатын жайған жаһандану үрдісінен тыс ешбір мемлекет болмайды.
Соның ішінде ашық әрі демократиялық қоғам құрып жатқан Қазақ­
стан одан шеткері қалмайды. Демек, дүние жүзі мемлекетттерінің
ішінде алатын орны­мыз осы бәсекеге қабілеттілікке байланысты.
Экономиканың даму қарқынын үдетіп, оны ұзақ уақыт ұстап тұру
мүмкіндігі де осы бә­секеге қабілеттілікке байланысты.
• Ұлттық экономикадағы нақты саланың дамуын қамтамасыз етуде,
отандық өндірушілердің өнімдерін әлемдік нарықтың сұранысына
сәйкестендіру бағытында атқарылатын іс-шаралардың тобына
шығарылатын өнімдердің бәсекелік қабілетін қамтамасыз ету
мәселесін жатқызуға болады. Қазіргі кезде өзекті болып отырған
мемлекеттің экономикалық, азық-түлік қауіпсіздігін қалыптастыру
әрекеттері де сыртқы өндірушілердің ұқсас өнімдеріне төтеп бере
алатын отандық өнімдердің өндірілуіне тәуелді.
• Еліміздің табиғи, экономикалық, ұлттық ерекшеліктеріне сай
иелігіміздегі құндылықтарды барынша тиімді, әрі ұтымды
жұмсау, тек ішкі нарықта ғана емес, әлемдік нарықта да
жоғары сұранысқа ие болатын халық тұтынатын тауарлар шығару,
сол нарықтың қомақты бөлігін қосылған құны жоғары өнімдер
өткізу арқылы иемдену, осы арқылы мемлекетіміздің беделін
арттыру бүгінгі таңда қарқынды жүргізіліп жатқан саяси-
экономикалық үрдістердің негізін қалайды.
• Сонымен қатар, тұтыну нарығындағы өскелең талаптар да отандық
тауар өндірушілерге шығаратын өнімдерінің бәсекелік қабілетін
арттыру мәселесін алдыңғы қатарға қойып отыр. Мұның өзі
бәсекелік ортаның дамуына, өндірілетін өнімнің сапасын
жоғарылатуға, бағаны төмендетуге ықпалын тигізіп,
тұтынушылардың кең көлемді сұранысын қанағаттандыруға
итермелейді. Бәсекеге қабілетті өнім шығару кәсіпорынның,
саланың дамуына ықпал ететін негізгі фактор екенін уақыттың өзі
дәлелдеуде.
• Бәсекеге қабілеттілік – бұл нысанның белгілі бір нарыққа ұсынылған ұқсас
нысандармен салыстырғанда нақты қажеттілікті шынайы немесе әлеуетті
қанағаттандырудың дәрежесін сипаттайтын қасиеті. Бәсекеге қабілеттілік
осы нарықтағы ұқсас объектілермен салыстырғанда бәсекеге төтеп беру
қабілетін айқындайды. «Басқару проблемалары жөніндегі Еуропалық
форум» бәсекеге қабілеттілікке мынадай анықтама берді. Бәсекеге
қабілеттілік дегеніміз – бұл фирмалардың өздеріне жасалып отырған
жағдайларда олардың бәсекелестерінің тауарларымен салыстырғанда
бағасы және бағадан тыс сипаттамалары бойынша тұтынушылар үшін
тартымдырақ болатын тауарлар әзірлеу мен өткізудің нақты және
әлеуетті мүмкіндігі [ 1].
• Нысанның бәсекеге қабілеттілігі нақты нарыққа немесе нарықтың
стратегиялық саралануының тиісті белгілері бойынша қалыптасатын
тұтынушылардың нақты тобына қатысты анықталады. Егер нысанға
бәсекеге қабілетті болатын нарық көрсетілмесе, онда бұл нысан осы
кездегі ең үздік әлемдік үлгі болып табылады дегенді білдіреді.
• М. Эрлих және Дж. Хайн пікірлері бойынша бәсеке қабілеті ─ фирманың
өз тауарын сату қабілеті.
• Бәсекеге қабілеттілік ─ өнеркәсіптік өнімнің құндық және сапалық
параметрлерін ғана қамтымай, сондай-ақ кәсіпорын қызметіндегі
инвестиция мен инновациялық басқаруға, менеджмент деңгейіне тәуелді
жан-жақты ұғым.
• Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі ─ тауарлардың тұтынушы қажеттілігін
жоғары деңгейде қанағаттандыруын және осының арқасында нарықты
өз орнын табуы. Басқа сөзбен айтқанда, бұл тұтынушының талғамына
сай келетін және оның сатылуын қамтамасыз ететін өнімнің қасиеттері.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің сипаттамалары қандай? Оның негізгі
құрауыштарын атап өтейік:
• Негізгі құрауышы өнімнің өзімен тікелей байланысты және оның
сапасына көп көңіл аударылады. Көптеген зерттеулер нәтижесінде
өнімді сатып алу туралы қорытынды шешім (30-35%) оның сапалық
сипаттамаларымен байланысты екенін көрсетеді.
• Екіншi құрауышы өнімді сату мен сервисімен байланысты. Тұтынушы
көбіне өнімнің сапасы төмен, бірақ сенімді және қымбат емес
сервиспен (мысалы, авто-мототехника) сатылатын тауарды таңдайды.
• Үшінші құрауыш бұл тұтынушыға, субъективті фактор ретінде жағымды
немесе жағымсыз әсерін тигізетінің бәрі.
• Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігін модельдеудің мақсаты
бәкелес кәсіпорынның өнімдері арасында нарықты бөлудің нарықтық
механизмін модельдеуге келіп тіреледі. Мұның негізінде өнімнің
бәсекеге қабілеттілігінің қалыптасуының механизмін көрсетуге болады.
• Бәсекеге тусу қабілеті дегеніміз Қазакстандык кәсіпорындардын экспортка
шығарылатын өнімдерді өндіру қабілетін білдіреді. Басқа ша айтканда,
өңдеуші өнеркәсіптің өнімі осындай әлемдік стандарттарға сәйкесс келуі
керек және баға бойынша бэсекелесуге кабілеті болуы тиіс[.
• Тауар өндіруші өзінің нақты бәсекелестерін, олардың мүмкіндіктерін,
артықшылықтары мен кемшіліктері ғана емес, сондай-ақ таңдаған
нарықтағы бәсекелестірдің жалпы жағдайын, яғни осы нарықтың
бәсекелестік сипатына байланысты типін, өзінің салалық нарығындағы
бәсекелестіктің қозғаушы күштерін өте жақсы білуі керек. Бұл жағдайда өз
бәсекелестерінің іс әрекеттері сипатын бағалау жүйесін, оның ішінде
олардың іс-әрекеттерінің құрылымдық талдауын пайдалануға болады.
• Бәсекеге қабілеттілікті анықтайтын барлық факторларды мына топтарға
бөліп көрсетуге болады:
1. Өнім және қызмет сапасы;
2. Өнім және қызмет бағасы;
3. Персоналдың квалификациялық деңгейі;
4. Өндірістің технологиялық деңгейі;
5. Қаржыландыру көздерінің қол жетерлігі;
6. Нарықтың қаныққандығы, сұраныс және ұсыныс.
• Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің жоғарылауы, оның жақсаруы көбінде іске
асырылатын өнімнің сапасы мен өндірістің ұйымдастырушылық-техникалық деңгейіне
тәуелді.
• М.Портер кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігінің барлық факторларын бірнеше типтерге
бөлуді ұсынады. Біріншіден, кәсіпорынның бәсеке қабілеттілік факторлары негізгі және
дамыған болып бөлінеді. Негізгі факторлар – бұл табиғат ресурстары, елдің
географиялық, климаттық жағдайы, біліксіз немесе жартылай білікті жұмыс күші.
Дамыған факторлар – ақпарат алмасудың қазіргі заманғы инфрақұрылымы, жоғары
білікті кадрлар, жоғары технологиялы өндірісті қолдану. Екіншіден, мамандану
дәрежесіне байланысты жалпы және мамандандырылған болып бөлінеді. Жалпы
факторлаға инфрақұрылым, жоғары білімді персонал жатқызылса, мамандандырылған
факторларға тар мамандандырылған персонал, айрықша инфрақұрылым жатады.
Үшіншіден, бәсеке қабілеттілік факторларын табиғи (табиғи ресурстар, географиялық
жағдай) және жасанды құрылған (техника, технологиялық, экономикалық орта және
т.б.) деп бөлуге болады. Төртіншіден, ішкі және сыртқы факторлар болып бөлінеді [4].
• Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалаудың бірнеше әдістері бар. Бірақ барлығының
да бір ортақ кемшілігі бар, онда тұтынышыны қызықтыратын өнім бағасы мен сапаның
қатынасы ескерілмейді, тек тауардың басқа қасиеттерінің жиынтығы ретінде
анықталады. Осылайша, өнімнің бәсекеге қабілеттілігі біз оның өнімнің бағасы
пайдалы тиімділікке қатынасындағы салыстырмалы баға деп анықтаймыз.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалаудың әдістемелік негіздері
• Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі өндіруші кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігімен тікелей
байланысты. өнімнің бәсеке қабілеттілігін бағалау келесі жүйелілікпен асады:
• нарықты талдау ─ потенциалды сатып алушылар мен бәсекелестердің қажеттіліктерін
зерттеу;
• тауарға нарықтық талаптарды қалыптастыру және оны бағалық көрсеткіштер
құрылымында көрсету;
• салыстыру көрсеткіштер базасын таңдау;
• бағалық класс моделінің түрін таңдау;
• тауарды бәсеке қабілеттіліктің жеке және интегралды көрсеткіштер бойынша бағалау;
• бәсеке қабілеттілік туралы қорытынды жасау және оның өндіріс пен сатып алу
мақсаттылығы туралы шешім қабылдау.
• Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалау тұрғысынан нарықты зерттеудің нәтижесі
тауардағы қажеттілікттердің әрекеттестік динамикасы мен жағдайы туралы ақпаратты
жинау болып табылады. Әрбір қажеттілік сатып алушы нарықта тауарға талаптар түрінде
мәлімдеме жасайтын белгілі бір параметрлер жиынтығымен сипатталады [.
• Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату жолдарын жобалау оның нақты және
уақытылы бағалауына тікелей байланысты. Өнімнің бәсекеге түсу қабілеттілігі талданатын
өнімнің параметрлерін салыстыру базасының параметрлерімен салыстыру арқылы
бағаланады. Салыстыру базасының орнына әдетте нарықтағы ұқсас тауар немесе
тұтынушының қажеттілігі алынады. Ал ұқсас тауар ретінде сатылу көлемі
максималды және болашағы жарқын тауар алынады. Егер өнімнің параметрлерінің
физикалық өлшемі боласа, онда оған балмен бағалау әдістері қолданылады.
Бәсекеге қабілеттілікті бағалаудың
негізгі критерийлері:
• өнімнің жаңалық дәрежесі;
• өндірілу сапасы;
• өнім туралы ақпаратты тарату үшін материалдық базасының болуы;
• өткізуді ынталандыру бойынша шаралар; өткізу динамикасы;
• өнімнің нарықтық талаптарына ыңғайлану мүмкіндігі;
• қаржылық жағдайы.
• Бәсекеге қабілетті өнім кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін
қамтамасыз етеді, ал мұның өзі экономиканың жалпы дамуына
оң әсерін тигізеді.
• Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің бағалауының бірнеше
әдістемесін жиі қолданылады. Оларға жататындар: матрицалық
әдіс; негізгі тәсіл ретінде кәсіпорын тауарының бағалануын
қолданылатын әдіс; бәсеке тиімділігі теориясында негізделген
әдіс.
• Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі оның өндіретін өнімдерінің бәсекеге
қабілеттілігіне тікелей байланысты. Осыған байланысты кәсіпорынның бәсекеге
қабілеттілігіне әсер ететін факторларды қарастырғанда өнімнің бәсекеге
қабілеттілігі және оның негізгі факторларын да қарастыру қажет. Өнімнің бәсекеге
қабілеттілігі – өнімнің қарастырылып отырған кезеңдегі нарық талаптарына
сәйкес болу қабілеті. Бәсекеге қабілеттілік өнімнің белгілі уақыт сәтінде
салыстырмалы бағамен нақты нарықта өтуі үшін қажет және жеткілікті
тұтынымдық қасиеттерінің жиынтығы арқылы анықталады. Тұтынымдық
қасиеттер – тауардың тұтынушы талабын қанағаттандыруға бағытталған
сипаттамалары. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің мақсаты оны
нарықта тиімді өткізу арқылы жоғары деңгейде пайда алу болып табылад.
• Өнімнің сапалығы тек техникалық, тауар тану ғана емес, сонымен қатар ең
маңызды экономикалық санаты болып табылады. Экономикалық санаты ретінде
ол тұтыну құнына тығыз байланысты. Егер де тұтыну құны — бұл жалпы
алғанда тауардың пайдалылығы болса, ал өнімнің сапалылығы — бұл оны
пайдаланудағы нақтылы жағдайда тұтыну құнының деңгейінің көрінуі.
• Бәсекеге қабілетті өнім кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз етеді,
ал мұның өзі экономиканың жалпы дамуына оң әсерін тигізеді. Кейбір
өндірушілер үшін өнім сапасы жеке мәселе ғана емес. Ол біртіндеп халықтың
өмірінің жалпыұлттық сапа мәселесіне айналып келеді. Мұны сапа саласында
жетекші болып табылатын соғыстан кейінгі уақытта Жапония экономикасының
даму мысалында көруге болады.
Ел бәсекеге қабілетті болуы үшін жақсы макроэкономикалық жағдай
мен базалық реформалар жүргізілуі тиіс. Қазақстанда бұл екеуі де
жасалды. Ендігі мақсат мемлекеттің қаржысын шашып-төкпестен маңызды
салаларға жұмылдыру. Сөйтіп каучуктың кластерін қолға алған Малайзия,
елдегі негізгі байлық саналатын мысты шикізат күйінде сата бермей, дайын
өнім шығарып сату арқылы байыған Чили, ауыл шаруашылығына бар
қаржысын төккен Қытай елі секілденіп бәсекеге қабілеттілік жолында
басым бағыт­тарды дамыта түсу керек [8].
• Кәсіпорынның өнім шығарудағы әлеуетті мүмкіндіктері олардың өндірістік
қуаттарын тұлғалайды. Әрбір нарықтың өзіндік бір ерекшеліктері бар. Баға
өткізу кезіндегі ұсынысты анықтау керек, ал жаңа өнім ұсынысы
бағамен ынталандыруы қажет. Осылай, егер «баға» тек өнімді өткізу
құралы ғана болса, «бәсекеге қабілетті сапа» нарық дамуының жалғыз
факторы – тек өнімнің белгілі бір көрсеткіштері ғана емес, сонымен бірге
ақырғы тұтынушыға бағытталған шаралар кешені. «Бәсекеге
қабілеттісапа» зерттелуі перспективті нарықты бөлшектеп
зерттеуінен басталады:
• жаңа өнімге талаптарды дайындау;
• сапалы шикізат жабдықтаушылады таңдау және күшейтілген бақылау;
• өндірістің барлық кезеңдері мен аралық бақылауды регламенттеу.
• Бәсекеге қабілетті сапаның ажырамас бөлігі сервистік қызмет көрсету
деңгейі болып табылады
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалау нәтижесінде бәсекеге
қабілеттілікті жоғарылатудың келесі жолдары қабылдануы
мүмкін:
• қолданылатын материалдардың, комплект бұйымдардың немесе
өнім конструкциясының құрамы мен құрылымының өзгеруі;
• өнімді жобалау тәртібінің өзгеруі;
• өнімді дайындау технологиясының; дайындау сапасы, сақтау,
орама, транспорттау мен монтаждауды бақылау жүйесінің
өзгеруі;
• өнім бағасының, қызмет көрсету мен жөндеу бағасының,
қосалқы бөлшектерге бағаның өзгеруі;
• нарықта өнімді өткізу тәртібінің өзгеруі;
• өнімді өткізу, өндіріс, жетілдіруге арналған инвестиция көлемі
мен құрылымының өзгеруі;
• жабдықтаушыларды ынталандыру жүйесінің өзгеруі;
• импорт құрылымы мен импортталатын өнім түрлерінің өзгеруі
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі және ішкі нарықтағы алатын орны осының барлығы
өнімнің сапасына, бағасына, яғни оған әсер ететін факторларға байланысты болады.
Бәсекеге қабілеттілікті анықтайтын барлық факторларды мына топтарға бөліп
көрсетуге болады:
• Өнім және қызмет сапасы;
• Өнім және қызмет бағасы;
• Персоналдың квалификациялық деңгейі;
• Өндірістің технологиялық деңгейі;
• Қаржыландыру көздерінің қол жетерлігі;
• Нарықтың қаныққандығы, сұраныс және ұсыныс.
• Трублин бәсекеге қабілеттіліктің факторларын сыртқы, сапалық және экономикалық деп
бөлді.
Оның пікірінше, сыртқы факторларға экономика мен нарықтың даму үрдістері,
ғылыми техникалық ілгерілеу, тұтыну құрылымындағы өзгерістер, нарық құрылымы
және бәсекелестер құрамы жатады. Сонымен қатар, мұнда кәсіпорынның имиджі мен
танымалдылығы, өндіруші мемлекеттің беделі де үлкен мәнге ие.
• Екінші топ факторлардың қазіргі қолданыстағы стандарттар, мөлшерлер, ұсыныстар
анықтайтын өнімнің қауіпсіздігі, ұзақ мерзімге сақталынуы да осы топқа кіреді.Өнімнің
сапасын анықтау халықаралық стандарттау ұйымының талабымен жүргізіледі.
• Бәсекеге қабілеттілікке әсер ететін үшінші топтағы факторларға өнімнің өзіндік құны
мен бағасын қалыптастыратын экономикалық көрсеткіштер жатады
Бәсекеге қабілеттілік арттыру механизмі – кәсіпорынның
нәтижелі жетістікке жету жолында атқаратын іс-әрекеттері
арқылы сипатталады. Дұрыс таңдап алынған механизм осы
кәсіпорынның нарықтық бәсекелестерімен салыстырғанда ұзақ
уақытқа ұтымды жағдай жасауына негіз болады
• Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру механизмі іс-
әрекеттердің жиынтық көрінісі ретінде оларды жүзеге
асыратын бірнеше тетіктерге тәуелді. Бұл тетіктер диплом
жұмысымда өзіндік сипаттары бойынша төрт топқа бөліп
қарастырылады:
• бірінші топ — өнімнің сапасын арттыру шаралары немесе
кәсіпорынның сапа жүйесін жетілдіру;
• екінші топ — өнімнің бағасын қалыптастыру немесе
кәсіпорынның баға саясатын реттеу;
• үшінші топ — өнімнің тартымдылығын арттыру немесе
кәсіпорынның маркетингтік жүйесін жетілдіру;
• төртінші топ — өнімнің бәсекелік қабілетін қамтамасыз ету
немесе өндірісті мемлекеттік қолдау
Қорытынды

• Қазіргі заманғы кәсіпорындар өздерінің бәсеке бағытын нығайту үшін әлемдік
нарықтың жоғарылап келе жатқан талаптары, тұтынушылық сұраныстың
дифференциялануы, инновациялық айналымдардың азаю қажеттілігі және өндіріске
ғылыми-техникалық жетістіктерді енгізу мәселелерімен бетпе-бет кездесуде.
• Әйтсе де, ғаламдық даму үдерімінің қазіргі кезеңінде колда бар жетістіктерге
канағаттану жеткіліксіз. Тынымсыз ізденіс пен нәтижелі іс-әрекетті арқау еткен әлемдік
нарык өндірушілері барынша жаңа нарықтарды игеруге, ондағы тұтынушыларды
жаулауға белсене кірісуде. Нарықтың бұл қатал шарты отандық өнім өндірушілердің
бәсекелік кауқарын нығайтуды, кәсіпорындардың бәсекелік қыспақтарға төтеп берерлік
қабілетін арттыруды, ішкі және сыртқы нарықтарда сұранысы жоғары өнім өндіруге
тиімді әсері бар тетіктерді айқындауды кажет етеді. Бұл жағдай Республика
Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында айтылғандай: «Экономика біздің
дамуымыздың басты басымдығы, ал экономикалық өсімнің барынша жоғары
қарқынына қол жеткізу — негізгі міндетіміз болып қала береді». Нан өндірісі саласы
өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру біртұтас механизм ретінде нарықтық
сұраныс пен ұсыныстың жалпы жағдайына, қоғамның дамуына, адамзат мәдениеті мен
ой-санасына, қауіпсіздік пен эстетика және экология талаптарына, сонымен қатар,
кәсіпорынның мүмкіндігіне сай болуы тиіс.
• Бәсекеге қабілеттілік арттыру механизмі – кәсіпорынның нәтижелі жетістікке жету
жолында атқаратын іс-әрекеттері арқылы сипатталады. Дұрыс таңдап алынған
механизм осы кәсіпорынның нарықтық бәсекелестерімен салыстырғанда ұзақ уақытқа
ұтымды жағдай жасауына негіз болады.
• Қазақстанның әлемдік бәсекеге қабілетті 50 ел қатарына ену қажеттілігі отандық кәсіпорын
өнімінің бәсекелес ұстанымын арттыру міндетін қойып отыр. Нарықтық экономика қатаң
бәсекелестікпен сипатталады. Нарықтың экономикада өндіріс пен мемлекеттің жалпы
ахуалын өркендетудің негізгі бастауларының бірі ─ өндірілетін өнімдердің бәсекелік
қабілетін арттыру екендігі белгілі. Бұл тарапта, басты назар нарық тұтынушыларының
талғамдарын қанағаттандырытын, өзгермелі сұраныс пен ақыл-ой жетістіктерінің
нәтижелерін ескере отырып, өндірушінің мүмкіндіктеріне сай тұтынушылық сипаты жоғары
өнім өндіруге жұмылдырылуы керек.
• Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі – сапа, баға, әрлендіру, сатудан кейінгі мүмкін көрсетілетін
қызметтердің қолайлы үйлесімділігі. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі ─ тауарлардың тұтынушы
қажеттілігін жоғары деңгейде қанағаттандыруын және осының арқасында нарықты өз
орнын табуы. Басқа сөзбен айтқанда, тауардың нарық жағдайларына, тұтынушы
талаптарына тек сапалық, экономикалық, техникалық, эстетикалық,
эргономикалықсипаттамалары бойынша ғана емес, сонымен қатар, коммерциялық және
оны өткізудің (жеткізу уақыты, баға, өткізу каналдары, сервис, жарнама) шарттары бойынша
да сай келуін білдіретін көп аспектілі түсінік. Әлемдегі барынша өрбіп, қанатын жайған
жаһандану үрдісінен ашық әрі демократиялық қоғам құрып жатқан Қазақ­стан шеткері
қалмау керек. Дүние жүзі мемлекетттерінің ішінде алатын орны­мыз осы бәсекеге
қабілеттілікке байланысты. Тамақ өнеркәсібінің салаларында өндірілетін өнімдер тікелей
адам өмірінің қауіпсіздігімен байланысты. Сондықтан да, осы ерекшеліктерге сай, өнімнің
сапалық қасиеттерін бағалау өнімнің бәсекелік қабілетін анықтайтын басты факторға
жатады. Ішкі нарықтағы бәсекелік орта, сыртқы тасымалдаушылардың ықпалы отандық
өндірушілерді өз өнімдерінің бағалық сипаттарынанықтауды, сондай-ақ, жетілген нарықта,
өндірушінің беделі мен танымалдылығы сынды ерекшеліктері арқылы, оның тартымдылық
қасиеттерін бағалауды да негізгі міндеттердің қатарына қосады.

Ұқсас жұмыстар
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ МӘНІ МЕН СИПАТЫ
ШАҒЫН БИЗНЕС СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ҚЫЗМЕТІНЕ САЛЫҚ САЛУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Жекелік қасиеттердің психодиагностикасы
Кадрлардың біліктілігін арттыру
Педагогтардың біліктілігін арттыру - өзін-өзі жетілдіру формасы ретінде
Биология сабақтарында оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру
Эргономиканың анықтамасы
Білім беру парадигмасы педагогикалық қауымдастықтың қабылдаған теориялық, дүниетанымдық алғышарттардың жиынтығы
Оқушыны ҰБТ-ге дайындау
Электродинамика курсындағы пәнаралық байланыс
Пәндер