Аксиология - құндылықтар туралы философиялық ілім




Презентация қосу
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Философия және саясаттану факультеті
Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасы

Семинар №1
ОРЫНДАҒАН: Бахытжан А.Б.
МАМАНДЫҒЫ: 7М01105 - Педагогика және білім беру менеджменті
ТЕКСЕРГЕН: Қоңырбаева С.С.
Жоспар:
1. ЖОО-дағы педагогика және психология туралы глоссарий,
тезаурус жинақтап, таныс емес ұғымнан 10 ұғымды жаттау.

2. Мемлекеттік білім беру стандартының құрылымында
болашақ оқытушы даярлау мақсаты қалай көрінеді?

3. Болашақ ЖОО оқытшысы жеке басын дамытудың құндылық
бағдарларының жүйесі қандай?
Глоссарий
1. Адамгершілік тәрбиесі- тәрбиеленушілердің қоғамдық мораль талаптарына сәйкес адамгершілік
қасиеттерін мақсат көздеп қалыптастыру үшін олардың санасына, сезіміне, тәртібіне ықпал ету.
2. Аксиология- құндылықтар туралы философиялық ілім. Жалпыланған тұрақты адам үшін ерекше
мәні бар құндылықтар. Дәстүрлі педагогикада әдіснамалық негізі болып келеді.
3. «Әрекет — қоршаған ортамен қарым-қатынастың” адамдық тәсiлiн бiлдiредi. Бұл үрдiс нәтижесiнде
адам табиғатты субъект ретiнде өзгертiп отырады, ал табиғи құбылыстар оның әрекетiнiң объектiсiне
айналады .
4. Әлеуметтік педагогика- әлеуметтік ортаның жеке тұлғаның қалыптасуына ықпал ету
заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
5. Әлеуметтік- жеке тұлғаның өз-өзімен, қоғаммен үйлесімді әлеуметтік дамуының сыртқы көрінісі.
6. Әлеуметтендіру- іс-әрекет және қарым-қатынас арқылы ж.а. әлеуметтік тәжірибені меңгеру процесі
мен нәтижесі.
7. Әлеуметтендіру факторы- адамның қоғамда дамуына әсер ететін жағдайлар.
8. Әдеп - әртүрлі жағдайда өзін ұстай білуі, шамадан тыс кетпеуі.
9. Әдіснама- ғылыми-таным әрекеттерінің принциптерінің құрылымы, тәсілдері, формалары туралы
ғылым.
10. Педагогикалық зерттеу әдіснамасының философиясы – бұл педагогиканың теориясын және
педагогикалық қызметтің логикалық мәнін анықтайды.
11. Педагогиканың әдіснамасы – жеке тұлғаны оқыту, тәрбиелеу, дамытудың заңдарын пайдалану және
оны танып білудің жолдарын анықтаумен түсіндіруге арналған көзқарас, идеялардың жиынтығы.
1. Әдістеме – қолданбалы дидактика.
2. Дискриптивті әдіснама – ғылыми білімнің құрылымын, ғылыми білімді танудың заңдары туралы ілім, яғни теорилық
бөлім.
3. Прескриптивті әдіснама – іс-әрекетті басқаруға бағытталған ілім, яғни практикалық бөлім.
4. Басқару – әрекеттердің тобы: педагогиқалық процесті жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, ол процеске ынталандыру
және оның нәтижесін талдау.
5. Ғылым – ақиқаттағы қоғамдық тәжірибемен тексерілетін және дәлелденетін қоршаған орта жөнінде тарихи
қалыптасқан және үнемі дамып отыратын адам білімінің логикалық жүйесі.
6. Ғылымтану – ғылымның дамуын және қызмет ету заңдылықтарын қарастыратын зерттеулер саласы.
7. Девианттық (ауытқу)- қоғамда қабылданған құқықтық нормаларға қарама-қарсы тәртіп.
8. Педагогика- адам дамуы мен қалыптасуының мән-мағынасын зерттей отырып, арнайы ұйымдастырылған үрдіс
сипатындағы білім беру мен тәрбие теориясының мәнін, заңдылықтарын, тенденциясы мен перспективасын зерттейтін
ғылым.
9. Педагогика пәні- арнайы әлеуметтік институттарда (отбасы, білім беру және мәдени-тәрбиелік мекемелерде) мақсат
көздеген ұйымдастырылған біртұтас педагогикалық процесс,
10. Педагогикалық жүйе- жеке тұлғаға білім беру, дамыту мақсатында бір-бірімен біріккен көптеген құрылымдардан,
компонентінен тұратын педагогикалық процесс.
11. Педагогикалық әрекеттестік- педагогтар мен оқушылардың қарым-қатынас жасау барысында белсенділік,
ынтымақтастық таныту нәтижесінде тәртіптерінің, әрекеттерінің, қатынастарының өзгеруі.
12. Интериоризация- әлеуметтік әрекеттердегі меңгеру барысында баланың ішкі психикасының құрылымының өзгеруі.
13. Экстериоризация- ішкі психикалық әрекеттің сыртқы әрекетке ауысуы (тәртіп).
14. Ұжым- белгілі ұйымдар шеңберінде құрылған адамдардың қатынас жасайтын әлеуметтік-психологиялық тобы.
1. Преформизм– адамның ұрығында-ақ болашақ жеке тұлғаның барлық қасиеттері бар деп санаған
философиялық бағыт.
2. Принцип – белгілі бір әрекет барысында басшылық етудің бастапқы, негізгі идеясы..
3. Семинар– оқыған лекция тақырыбына байланысты өзекті мәселелерді талқылау, оқушылардың танымдық
ойлау қабілеттерін дамыту, өзіндік шығармашылық белсенділіктерін шыңдау мақсатын көздейді.
4. Стереотип –сараптау жүйелерінде пәндік саладағы абстракцияланған, жалпыланған объект түсінігі.
5. Сұхбат – ауызша сұрау арқылы ақпарат алу тәсілі.
6. Сұхбаттасу– әңгіменің бір түрі, зерттеуші белгілі тәртіппен берілетін, алдын -ала дайындалған сұрақтармен
сұхбат жүргізуі.
7. Сынып жетекшісі– сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырып, үйлестіріп, келістіріп өткізетін педагог.
8. Талап– оқу-тәрбие процесінің қозғаушы күші.
9. Таным– нағыздықтың адам санасында мақсатты және белсенді түрде бейнелену процесі .
10. Тәрбие принциптері– тәрбие процесінде оның мазмұнын, ұйымдастыру тәсілдері мен формаларын жүзеге
асыруда мұғалімдердің қолданатын басты тәрбие идеяларының жиынтығы.
11. Тезистеу–кітаптың негізгі ойларын қысқа баяндау.
12. Темперамент– адамның психикалық қызметі мен мінез-құлқының қуатын анықтайтын жеке ерекшелігі.
13. Тест– жеке тұлғаның салыстырмалы көрсеткіште психологиялық қасиеттерін, сонымен бірге білімін, дағды
іскерлігін өлшеуге арналған стандартты тапсырмалар жиынтығы.
Жалпы
психология

Педагогикалық психология Педагогикалық ғылымдар
Еңбек
психологиясы

Тұлға
психологиясы Жас ерекшелік
психологиясы
Әлеуметтік
психология

П си
холо
ғыл гиялы
ымд қ
ар
Тезаурус
Мемлекеттік білім беру стандартының құрылымында болашақ
оқытушы даярлау мақсаты қалай көрінеді?

Қазақстандағы жалпы орта білім берудің мазмұнын жаңарту
жағдайымен сәйкес педагогтерге қатысты жүзеге асып жатқан
реформалар біліктілікті арттыру мазмұны мен оқу процесін қазіргі
андрогогиканың теориялық талаптарына сай жасақтау қажеттілігімен,
мұғалімдердің қабілеттері мен икемділіктеріне сәйкес ересектерді
оқытудың жаңа формаларын қалыптастырумен сипатталуда. Яғни
қоғамның мектепке деген тапсырысы педагогтердің білім жетілдіруге
деген қажеттіліктеріне трансформацияланды. Нәтижесінде бүгінгі білім
арттыру субъектілері педагогтерге көрсететін білім жетілдіру
қызметтерін алдын-алуға жұмыстануда. Өйткені білім беру саласындағы
реформаның сәтті жүруіне әсер ететін факторлардың бірі – оны жүзеге
асыратын мұғалімдердің әлеуетіне, олардың енгізілгелі отырған
жаңалықтың мәні мен идеясын қаншалықты түсінгендігіне, қабылдай
алғандығына, практикада жүзеге асыруына байланысты.
Педагогтердің жаңартылған мазмұнды жүзеге асыру әрекеттерінің
бірден оңай болмайтыны анық. Оны сәтті жүзеге асыруға, біріншіден,
мұғалімдердің өз ізденістері мен талпыныстары, екіншіден,
оқушылардың білімін бағалаудың жаңа жүйесінің барлық тектіктерін
оңтайлы қолдану икемділіктерінің қабыптасуы, үшіншіден,
мектептердегі және қала, аудан деңгейіндегі әдістемелік қызметтің
жүйелі қолдауы, төртіншіден, біліктілікті арттыру курстары жүргізетін
тренерлердің Бағдарлама мазмұнын сапалы меңгертуді ұйымдастыруы
үлкен ықпал етеді.

Сондықтанда орта білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында
педагогтер өздерінің кәсіби біліктіліктерін, функционалдық және
технологиялық сауаттылықтарын, құзыреттіліктері мен жалпы
мәдениеттерін арттыруға ынталы. Өйткені, жаңартылған білім беруге
көшу білім берудің мазмұнын, оның базалық әдіснамалық негіздерін
өзгертті. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын өзгерту
білім мазмұнын оның барлық деңгейлерінде – білім беруге деген жалпы
тұрғылардан бастап, оны бағалау жүйесіне дейін жаңа мазмұнда
даярлаумен өзектенді.
Ұлттық деңгейдегі жалпы орта білім берудің
жаңартылған мазмұнының басты мақсаты – Қазақстан
Республикасының әлеуметтік, экономикалық және саяси
өміріне белсенді қатысуға дайын, интеллектуалды, рухани-
адамгершілік және физикалық тұрғыда дамыған тұлғаның
қалыптасуына ықпал ету болып табылады. Сондықтанда
жаңа формациядағы педагог жаңартылған мазмұн
бойынша жалпы орта білім беруді ұлттық тәрбиемен
ұштастыруы тиіс. Бүгінде мұғалім ролі өзгерді, ол
бұрынғыдай балаға білім берудің бірден-бір көзі болып
есептелмейді, оның негізгі міндеті оқушыға білімнің өзін
емес, өз бетімен білім алудың жолдарын, алған білімін өз
бетімен пайдалана білу әдістерін көрсетуші, өзіндік
әрекеттерге бағыттаушы болып табылады.
Сондықтанда ҚР Үкіметінің 23.08.2012 жылғы №1080
қаулысымен бекітілген орта білім берудің (бастауыш, негізгі
орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті
стандартына сәйкес дайындалған білім берудің жаңартылған
мазмұнының оқу бағдарламасындағы өзгерістер негізінде
педагогтердің біліктіліктерін арттыру саласы көздейді:
❖ жалпы орта білім берудің жаңартылған мазмұнының
әдіснамасы мен мазмұнын игертуді;
❖ педагогикалық қызметтің жаңа мақсаты мен тәсілдерін
меңгертуді;
❖ білім берудің нәтижелерін бағалауға мүмкіндік беретін
бағалау әрекетінің жаңа тәсілдерін қолдану икемділіктерін
қалыптастыруды.
Бағдарламаның басты идеяларын меңгерту – диалогтік
оқытудағы топтық жұмыс негізінде жүргізіліп, мұғалімдердің
сыни ойлауына жағдай жасалып, әрекеттерінің формативті
бағалануы жүреді. Осы арқылы мұғалімдер нәтижелі жұмыс
жасауға үйреніп; өз-өздерін көпшілік алдында көрсетуге
мүмкіндік алады; жеке педагогикалық көзқарастарымен кәсіби
ортада бөлісуге әрі өзара, өзін-өзі объективті бағалауға үйреніп,
қалыптастырушы мен жиынтық бағалаудың ерекшеліктерін
ұғынады; өзара пікір алмасып, өзінің ойына қайшы келетін
пікірлердің болатындығына және ол пікірлердің болуына
толыққанды құқықтын бар екендігіне көздері жетеді. Диалогтік
оқытуда қолданылатын әңгімелесу түрлері арқылы мұғалімдер
әріптестерімен пікір алмасып, әртүрлі проблемаларға қатысты
талдау жасап, өзіндік тәжірибелерін курс мазмұнындағы
теориямен байланыстыруға мүмкіндік алады.
Білім беру іс-әрекетінің тиімділігін қамтамасыз
етуде төмендегідей бағыттар анықталды:
● · педагогтардың кәсіби құзіреттерін
қалыптастыруға апаратын курстық іс-шаралар
мазмұнын жетілдіру;
● · біліктілікті көтеруде курсаралық жүйенің
мазмұны мен ұйымдастыру түрін жетілдіру;
● · қаланың білім беру ұйымдарында
эксперименттік алаңдар желісін құру және
оларды ғылыми-әдістемемен қамтамасыз ету;
Қоғамдағы құндылықты қатынастардың аса маңызды
элементтерінің бірі – құндылықты бағыт-бағдар.
Мұғалімнің құндылықты бағыт-бағдар – бұл стратегиялық өмір
мұраттары және жалпы дүниетанымдық алғы шарт ретінде жас
ұрпақтарты тәрбиелеуде танылған құндылықтардың педагогтың
санасында бейнеленуі.
Қалыптасқан, тұрақты құндылықтар бағыттарының жиынтығы тұлға
тұрақтылығын, қажеттер мен қызығулар бағдарында көрінген әрекет-
қылық және іс-әрекет типтерінің өзара байланыса, ұштасуын
қамтамасыз етеді. Осыдан, құндылықты бағыт тұлға түрткілеріне
(мотивтеріне) себепші, реттеуші маңызды жағдаят (фактор) ретінде іске
қосылады. Педагогикалық процестегі қозғаушы күш пен қарама-
қайшылық. Тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеу. Құндылықты бағыт-
бағдарлардың негізгі мазмұны – адамның саяси, философиялық
(дүниетанымдық), адамгершілік наным-сенімдері, терең әрі тұрақты
бейімділіктері, қылық-әрекет, мінез принциптері. Осыдан, қай қоғамда
да тұлғаның құндылықты бағыт-бағдары тәрбие және мақсатты ықпал
жасау нысаны ретінде қарастырылады. Олар арқылы еріктік күш салу,
Құндылықты бағдардың дамуы –тұлға кемелінің
белгісі, оның әлеуметтенуінің көрсеткіші,
құндылықты бағыттардың тұрақты бірлігі тұлғаның
келесідей сапаларының дамып, орнығуына себепші
болады:
❏ тұлғаның тұтастығы мен сенімділігі ,
❏ белгілі мұраттар мен принциптерге адалдық,
❏ осы мұраттар мен принциптерді іске асыру
жолында ерік күшін аямауға қабілеттілік,
❏ өмірлік ұстанымдарға орай белсенділік,
❏ мақсатқа жетуде табандылық пен өжеттік.
Қорытынды

Қорытындылай келе, кәсіби құзыреттілікті жетілдіру үздіксіз,
кезеңдік, қайталанбалы үдеріс екендігін естен шығармаған
жөн. Кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру процесі әлеуметтік
ортаға тәуелді. Сондықтанда кез-келген орта маманның кәсіби
өзіндік дамуын ынталандыруы қажет. Өйткені педагог тиісті
кәсіби ортада өзіндік тәжірибесін жаңа ақпаратпен
байланыстырып, рефлексия жасап, өз оқушыларының сыни
ойлауын дамытуға, олардың бұрынғы өмірлік тәжірибесін
қоршаған ортадан алған білімдермен толықтыруға құзыретті
болады.
1. Педагогика кадрлардың біліктілігін арттыру курстарын
ұйымдастыру және жүргізу қағидалары. Жалпы ереже. ҚР
БҒМ №18 бұйрығы. Астана, 18.01.2017.

2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға
міндетті білім беру стандарты. Жалпы орта білім. Негізгі
ереже / Ресми басылым. Астана, 2012. (ҚР Үкіметінің
23.08.2012 ж. №1080 қаулысы бойынша)

3. Митина Л.М. Психология труда и профессионального
развития учителя. М., 2004.

4. Щербакова Т.Н., Ганиева Р.Х. Педагог как носитель и
транслятор субъектности. Ростов н/Д., 2006.
Назарларыңызға
рақмет!

Ұқсас жұмыстар
Этиканың құрылымдары
Құндылық түрлері
ФИЛОСОФИЯ ТАРИХЫ
Философиялық танымның құрылымы
Этика құрылымы мазмұны
Қазақ халқының ұлттық этикалық құндылықтары
Конфуций іліміндегі этикалық құндылықтар
Философияның негізгі сауалдарын зерделеу
ФИЛОСОФИЯ ТАРИХЫ. ПӘН ФИЛОСОФИЯ
Алғы философия
Пәндер