Құс гельминтоздары


Slide 1

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласы Шәкәрім атындағы университеті

СӨЖ

Тақырыбы:Мүйізді ірі қара диктиокаулезі шошқа метастронгилезы және оларға қарсы ветеринариялық-санитариялық шаралары. Жануар филяриатоздары және оларға қарсы ветеринариялық-санитариялық шаралары. Құс гельминтоздары және оларға қарсы ветеринариялық-санитариялық шаралары.

Орындаған:Қапезқызы Б

Тобы: ВС-605

Тексерген:Жексенаева А. Б.

Slide 2

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

Мүйізді ірі қара диктиокаулезі шошқа метастронгилезы және оларға қарсы ветеринариялық-санитариялық шаралары.

Жануар филяриатоздары және оларға қарсы ветеринариялық-санитариялық шаралары.

Құс гельминтоздары және оларға қарсы ветеринариялық-санитариялық шаралары.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Slide 3

Кіріспе

Гельминтоз дегеніміз - іш құрттар немесе гельминттер тудыратын жұқпалы ауру. Бұл кесел адамда, жануарларда, өсімдіктерде кездеседі. Олар адам мен жануарлардың ішкі мүшелерінде (органдарында), мəселен өкпесінде, бауырында, мида, ішек-қарында жəне т. б. орналасады. Паразиттік тіршілік ететін құрттар əр түрлі болып келеді. Жалпақ құрттар қатарына трематодалар немесе сорғыш құрттар, цестодалар немесе таспа қүрттар жатады. Нематодалар жұмыр құрттар тобын құрайды. Мал мен құс денесінде (организмде) акантоцефалар немесе тікенбасты құрттар да кездеседі. Сондықтан, гельминтоздарды олардың қоздырғыштарының атауына байланысты трематодоздар, цестодоздар, нематодоздар жəне акантоцефалездар деп жіктейді.

Slide 4

Мүйізді ірі қара диктиокаулезі

Диктиокаулез ірі қара гельминтоздары ішіндегі ең қауіптісі, әрі шаруашылық экономикасына едәуір зиян келтіретін өкпе қьшқұрт ауруы. Кейбір шаруашылықтарда бұзаулар жыл сайын дертке шалдығып, өлім-жітімге ұшырап отырады. Өкпе қылқұрты мал төлдеріне жауын-шашыны мол жылдары жаппай жұғады. Ал, аурудан айыққан бұзаулар, көпке дейін көтеріле алмай, өсу қарқыны тежеледі, басқа індеттерге қарсьшығы нашарлайды.

Қоздыргышы. Құрт ірі қара, қодас, зебу, зубр, бизон сиякты малдардың ауатамырлары мен кеңірдегін мекендейді. Құртгың денесі жіңішке, түсі ақшыл сары, оның екі шеті сүйірленіп біткен. Еркегінің ұзындығы - 1, 7-4, 3 см, спикулалары тең, қысқа қоңыр түсті; ұрғашысының тұрқы - 2, 3-7, 3 мм; тыныс тесігі денесінің орта шеніне орналасқан. Жұмыртқасы сопақша, оның ұзындығы- 0, 085 мм, ені - 0, 051 мм; одан өрбіген балаңқұртының тұрқы - 0, 016-0, 019 мм.

Slide 5

Эпизоотологиясы. Ірі қараға ластанған өріс, суат, жем-шөп қауіпті болып саналады. Бару әдетте жайылымда жұғатынын атап көрсеткен жөн. Малға құртпен алаңқұрттар жануар денесіне ену ұшін нәжістен бөлініп шығуы тиіс. Бұған жауын-шашын, тұман, таңғы шық едәуір қолайлы жағдай туғызады. Себебі, олар ылғалды қи-тезектен шапшаңдықпен шыға бастайды. Әдетте, олардың қозғалысы баяу келеді ал, жауын-шашын күндері балаң- қүрттардың көпілігі жорғалап, өсімдікке жармасады. Олардың жайылымға тарауы да біркелкі емес, бұл жалпы алғанда шөптің биіктігіне, тәулік мерзіміне, ауа райына және т. б. жағдайларға байланысты. Олар түнде және таңертең су жағасы мен орман- тоғай ішіндегі шөпте көбірек ұшырайды. Жаз айларында жайылымдағы балаңқұрттардың көпшілігі қүрғақшылықтың, күн сәулесінің және ыстықтың әсерінен жұқпалы сатысына жетпей-ақ, жойылады. ырақ, күн түспеитін көлеңкелі, ылғалды алаңдарда, олардың көпшілігі тіршілік қабілетін жоймайды. Қыста, балаңқұрттар қар атында қыстап шығып, көктемге дейін өзінің өміршеңдігін сақтап қалуы ықтимал. Бірақ бұлардың саны өте аз, сондықтан эпизоотологиялық мәні жоқтың қатары.

Slide 6

Диагностикасы. Жоғарыдағы аталған клиникалық көріністер біліне тұрса да, бұған сүйеніп диктиокаулезді анықтау қиынға соғады, өйткені мұндай белгілер басқа ауруларда да кездеседі. Малдың қандай дертке шалдыққанын дәл білу үшін, капрологиялық әдіспен өкпе қылқұрттарын табу керек. Ол үшін нәжісті ірі қараның көтен ішегінен алады. Әр малдан алынған нәжісті Берман аспабына салып, 16-18 сағат сақтайды. Аспапқа нәжісті әдетте кешке қарай салады да, келесі күні тұнбасын зерттейді. (қараңыз: Гельминтоздарды анықтау) . Егер мал диктиокаулезбен зақымданса, онда оның нәжісінен балаңқұрттар табылады. Микроскоп аясынан жыбырлаған тірі балаңқұрттарды көруге болады. Біраз күн жатып қалған нәжістен құрттардың түлей бастағандығын, бірнеше қабат қабық пайда болғандығын байқауға болады.

Өлекседегі өзгерістер. Өлексе көп жағдайда арық. Өкпе ұлғайған, бозғылт, кейбір тұстары қатайып, ошақты гепатизацияға ұшыраған. Кейде альвеоларлы эмфизема және ателекгаз белгілері байқалады. Ауатамырлары, сөл бездері үлкейіп кеткен. Кеңірдек пен ауатамырлар іші көбікті сұйыққа толы, арасында қылқұрттар. Ұсақ ауатамырлар көп жағдайда шырышты-ірінді заттармен бітеліп қалады.

Гистологиялық зерттеулер өкпе ауатамырларының ерекше өзгеріске ұшырағанын, ұсақ бронхтар мен ауатамыршалардың едәуір бүлінгенін, жараға айналғанын, ұлпаларға қан ұйысып, өкпе бөлігінің түгелдей зақымданғанын көрсетеді.

Slide 7

Емі. Диктиокаулезді емдеу үшін, бірнеше дәрі-дәрмектерді пайдаланады. Иодтың сулы ерітіндісі. Мұның қүрамында 1 г. қиыршықты йод, 1, 5 г. йодты калий және 1500 г. дистилденген немесе қайнатылып, сүзілген су кіреді. Қолданар алдында, ерітіндіні күңгірт ыдыста әзірлеп, шьгаы ыдыста сақтайды. Оны күні бұрын дайындап қоюга болмайды. Ерітінді 2-6 айлық бүзауга - 20-50 мл, 6-12 айлыққа - 50-70 мл мөлшерінде беріледі. Оның жылылыгы 20-37°С аралығында болуы тиіс. Ерітіндіні үзындығы 3 см. инелі шприң арқылы мой- ынның орта шетінен кеңірдекке қүяды. Дәріні құю үшін бұзауды шалқасынан жатқызып, кеудесін 30-40°-тай көтеріңкі ұстайды. Малды арнайы жасалган станокқа байлап дәрілеген өте тиімді.

Slide 8

Мүйізді ірі қара диктиокаулезі

Бұзауларды оқшаулап бағу. Мүмкіндігінше бір жасқа дейінгі бүзауларды ірі караның басқа топтарымен, өсіресе өткен жылғы жанастырмаған Өріске жеке лагерь бөледі, таза сумен қамтамасыз етеді.

Төлді бөлек ұстап күту. Бүзауларды корада және ашық аулада бөлек күтіп, жайылымга шыгармайды. Күн жылынысымен төлді қорадан оқшау жердегі, жан-жағы қоршалған жеке алаңға шыға- рады. . .

Жайылымды алмастьру. Жалпы паразиттің даму айналымы- на, оның белгілі бір ортада өсіп-жетілу мерзіміне негізделген. Қүрттың даму мерзіміне байланысты, жайылымды үнемі жаңар- тып, 3-8 тәулік сайын ауыстырып отыру арқылы малды диктиока- улез ауруынан сақтандыруға болады.

Slide 9

Шошқа метастронгилезы

Шошқа метастронгилезі Бұл гельминтозбен көбінесе торайлар ауырады. Оларда бронхит, бронхопневмония, қаназдық клиникалық белгілері байқалады, өсуі тежеледі. Құртпен залалданған торайлардың арасындағы шығын 30% дейін жетуі мүмкін. Ауруға шалдыққан ересек шошқалардың қоңы күрт төмендейді, етінің сапасы нашарлайды. Қоздырғышы- ақ немесе ақсары түсті үзын және жіңішке құрт. Ауыз тесігі кішкентай, 6 ерінмен көмкерілген. Еркегінің бұлтығы дамыған, оның ұзын жіп тәрізді қоңыртүсті екі спикуласы бар. Ұрғашысының бәтегі дененің артқы анал тесігі қасына орналасқан және ол кутикулярлы қақпақшамен жабылып тұрады.

Slide 10

ФИЛЯРИАТОЗДАР Жылқы парафиляриозы (Бекі ауруы)

Парафиляриоз - жылқының тері шелiнде ( тері астында ) өмір сүретін Filаriаtа тек тармағына, Filariidae тұқымдасына жататын Parafilаriа multipapilosa күртты тудыратын гельминтоз.

Қоздырғышы. Парафиляриалар ақ түсті, жіптей жіңішке жү мыр құрт. Оның бас күрылымы аса күрделі, денесі көптеген бүр тіктермен көмкерілген . Еркегінің ұзындығы шамамен 3 см, ұрға шысынікі - 7 см. Еркегінің екі тең емес спикуласы бар. Ұрғашысы ның жыныс тесігі дененің бас жағында, ауыз қуысы жанынан ашылады. Жүмыртқасының тұрқы 0, 052 - 0, 058, 0, 024 - 0, 033 мм, ішінде қалыптасқан балаңқұрты болады .

Slide 11

Өсіп - өнуі. Тері шелiн мекендеген құрттар, өзінің бас бүртіктерімен теріні және оның қан тамырларын жаралап, қанын ағызады. Аққан қанға ұрғашы кұрттар жұмыртқаларын салады. Кұрт жұмыртқаларынан бірнеше минут немесе бірнеше сағаттан соң балаңқұрттар қалыптасып, тері сыртына шығады. Аралык иесі - қансорғыш шыбын Haematobia atripalpis жылқы терісінен тамшылап тұрған қанды сорып, нематода балаңкуртын жұқтырады Жәндік денесінде парафилярия балаңқұрты екі дүркін түлеп, 10 - 15 күннен кейін жұқпалы залалдағыш сатысына жетеді. Жылқыны қансорғыштар шаққан сәтте, олардың тұмсығында жиналған балаңқұрттар тері ішіне түсіп, қан тамырларына енеді, одан әрі 9 ай не 1 жыл бойы дамып, ересек паразитке айналады.

Эпизоотологиясы. Жылқы парафилярозы еліміздің тек оңтүстік және оңтүстік - шығысында далалы және орманды дала өңірлерінде кездеседі. Оңтүстік Қазақстанның кейбір аудандарында, жылқының бекi ауруының алғашқы белгілері наурыздың аяғы мен көкектің басында - ақ көріне бастайды. Күзге салым ауырған мал саны біртіндеп азаяды да, қарашаның кірісінде саркылады. Бекімен жылқы көбінесе құнан - дөнен жасынан залалдана бастайды, жасы үлғайған сайын дертке шалдыққан мал саны көбейе береді, ал кәрі жылқылар жап пай дертке душар болады . Өрістегі жылқыға қарағанда, арық және жұмысқа көп жегілген жылқы парафиляриозбен қатты ауырады.

Slide 12

Аурудың өрбуі және сырт белгілері. Парафилярия қоздырғыштары теріні және онда орналасқан қан тамырларын зақымдайды. Паразит орналасқан жерін ісіріп томпайтып, көлемі бұршақ дәніндей көптеген төмпешіктер түзеді. Бұларды көбінесе жылқының мойын тұсынан, жауырынынан, шоқтығынан, жотасынан, қабырғаларынан т. б. көруге болады. Олар күннің ыстық күндері тесіліп - жарылып, ішінен тамшылап қан аға бастайды. Кешке карай және түнде қан сорғалау тоқталып, жок болып кетеді. Ертеңіне таң атып, күн қызысымен қан ағу қайталайды. Аталған көрініс ұзаққа созылады, тіпті күзге дейін жалғасады.

Емі. Эквален дәрісін 0, 004 г / кг . мөлшерде 3 күн қатарынан тері астына егеді.

Сақтандыру. Жаз айларында, күннің шыжып тұрған шағын да, гематобия шыбындарының көбейген кезінде, жылқыны жабық қораларда не лапастарда ұстаған дұрыс, малды түнде жайған жөн. Малға реппелентті инсектецид дәрілерін оқтын - оқтын бүркіп, жәндіктерді жуытпау керек.

Slide 13

Тақтұяқтылар онхоцеркозы

Қоздырғышы. Онхоцерктердің сыртқы қабығы қатты және иректеліп келген. Олардың ұзындығы 80 см-ге дейін барады, ал ені 0, 15-0, 3 мм. Еркегінің тең емес үлкенді-кішілі екі спикуласы бар. Ұрғашысының бәтегі дененің бас жағынан ашылады. Аналықтары жұмыртқа салмайды, тірі балаңқүрт (микроонхоцерк) туады.

Өлекседегі өзгерістер. Қан ағу және зақымданған ұлпа талшықтары арасын дәнекер тоқымалар басқаны, некроз ошақтары, әк түздары шөккен үлкенді-кішілі түйіндер байқалады. Балаңқұрттар қаптаған жерлерде, эксудативті процестер айқын көрінеді, артынан олар реактивті өзгерістерге ауысады, яғни олардың орны қаулап өскен дәнекер үлпалармен толады. Ал, ірінді өліеттенген жараларды жылқы шоқтығынан аңғаруға болады.

Анықтау. Диагнозды клиникалық көріністер арқылы анықтап, нематода үзігін табу арқылы нақтылай түседі. Гельминто- дермоларвоскопиялық әдіспен микроонхоцерктерді іздестіреді. Бүл әдіспен тірі малды зерттеуге болады.

Slide 14

Емі. 25 мл 1% люголь сүйықтығына 150 мл физиологиялық ерітіндіні қосып араластырып, оны жануардың күре тамырына күніне бір рет 3 күн қатарымен егеді. Сонан соң, 7 күн үзіліс жасайды. Бүл ем 3 дүркін қайталанады. Жылқы шоқтыгы іріндеген шақта, оны оташылдық тәсілмен емдейді.

Сақтандыру. Инсектецид дәрілерін қолданьш, құмытыларды дарытпау, жылқыны қорада ұстап күту немесе су қоймаларынан алыс жерде бағу сияқты шаралар жүргізеді. Мініс-жұмыс малының шоқтық-жотасына жара түсіп, жауыр болмауын қадағалаған жөн.

Slide 15

Құстардың аса таралған гельминтоздары. Трематодоздар - простогонимоздар және эхиностоматидоздар.

Трематодоздар-гельминтоздар, сорғыш класына жататын паразиттік құрттармен шақырылады. Трематод денесі жапырақ тәрізді немесе ланцет тәрізді болып келеді (марита), ұзындығы 1 мм-ден бірнеше см-ге дейін жетеді. Паразиттік трематодоздарда примитивті жүйкелі және асқазанды ішек жүйесі бар. Көбінің жыныстық жүйесі гермафродитті болып келеді, шистосомоздарда жыныс диморфизмі айқын келеді. Көптеген трематодоздардың жұмыртқасы тығыз қабатпен қапталған және қақпағы бар, шистосомода қақпақ болмайды. Трематодоздар-биогельменттер, бұлардың негізгі иесі болып моллюскалар табылады. Моллюска денесіне (мирацидий) жұмыртқасы белсенді немесе баяу түссе, кірпікшелі қабығы түсіп спороцистаға айналады.

Құс гельминтоздары

Slide 16

Тауық простогонимозы

Простогонимоздар- құрлардың, құстардың, үйректердің паразитарлық құрттар тудыратын инвазиялы аурулары. Паразитарлық құрттар жас құстардың қалташасында немесе кәрі құстардың жұмыртқасында трематодалар тудыратын инвазиялы ауру.


Ұқсас жұмыстар
Құс боррелиозы
Диктиокаулездің даму биологиясы
ЖЫЛҚЫ ГАБРОНЕМАТОЗЫ МЕН ДРАШЕЙОЗЫ
Ауруды анықтау
Аралық иесі - молюсктер
Клиникалық белгілерінің төрт кезеңнен
Мониезия - үлкен таспа құрттары
Жануарлардың филяриатоздары және оларға қарсы ветеринариялық- санитариялық шаралары
Қазақстан Республикасына құс етін импорттауға қойылатын ветеринариялы - санитариялық талаптар
Құс шаруашылығы. Құс өсірудің әдісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz