Пестицидтер әсерінен туындайтын аурулар


Slide 1

Орындаған:Қапезқызы Б

Тобы:ВС-605

Тексерген:Билялов Е. Е

СӨЖ

Тақырыбы:Пестицидтер әсерінен туындайтын аурулар

Семей 2019 жыл

Slide 2

Жоспары:

Кіріспе

Негізгі бөлім

Пестицидтер әсерінен туындайтын аурулар

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Кіріспе

Негізінен пестицидтер ауыл шаруашьшығында кеңінен қолданылады. Өсімдіктерді қорғау, егін өнімділігін арттыру үшін әзірше кең таралған және бұл арзан химикаттар болып саналады. Сондықтан пестицидтерді өндіру кеңінен арттырылуда. Пестицидтерді қолдану - топырақ, су қоймаларын, жерді, ауаны ластандырады, тұрғындардың тығыз қатынаста болуына әкеледі. Пестицидтер биологиялық белсенді қосылыстар болғандықтан пайдасыз бен пайдалы жануарлар мен құрт - құмырсқаларға және адам денсаулығына зиянды әсерін тигізеді. Пестицидтерге балалар мен жасөспірімдер және қарт адамдардың организмі өте сезімтал келеді. Әсіресе жүкті әйелдер және бала емізетін әйелдердің осы улы заттармен қарым - қатынаста болуы өте қауіпті. Өйткені, бұл заттар организмге түскенде плацентарлық тосқауылдан өтіп, ұрықтың дамуына әсерін тигізеді жәж ана сүтімен өтіп баланы уландыруы мүмкін. Көптеген пестицидтерге жалпы токсикалық эмбрион-гонадо - токсикалық (жасушаның және жыныс бездерінің өзгеруі мен жасушаның шоғырлануы), мутагендік - хромосомдық бұзылыс, канцерогендік (қатерлі ісіктік) және аллергендік қасиеттер тән. Пестицидтер әсері жиі өндірісте істейтін жұмысшылар пестицидтермен жанасуында әртүрлі заттарды іздеп табатын, тасымалдайтын, сақтайтын, тарататын, егін - өсімдіктерге себетін және үй шаруашылығында қолданылатын жұмыстармен тікелей байланысты. Әсіресе адамдар ұрықтар мен дәндерді қолданғанда, топыраққа сепкенде (фумигациялағанда) және өсімдіктерге, ағаштарға шашқанда немесе пестицидтерді өңдейтін орындарда ұзақ уақыт қатынаста болғанда, әсіресе санитарлы - гигиеналық нормативтік талаптарды сақтамағанда жұмысшылар улануға ұшырайды. Пестицидтердің. биологиялық әсері бойынша жіктелуі: пестицидті альгицидтер - су өсімдіктерін болдырмау үшін; пестицидті акарицидтер - кенелер мен құрттарды құрту үшін; пестицидті арбоицидтер - бұта ағаштарды жоюға арналған; пестицидті антисептиктер - металл емес материалдарды микроорганизм әсерінен бұзылуын қорғау үшін; пестицидті бактерицидтер - бактерияларды құрту үшін; гербицидтер - арам шөптерді құрту үшін; дефолианттар - жапырақтарды құрту үшін; зооцидтер - кеміргіштерді құрту үшін; инсектицидтер - құрт - құмырсқа, ұшқыш жәндіктерді құрту үшін; фунгицидтер - өсімдіктердің вирустық және бактериалдық, саңырауқұлақ қоздырушыларын құрту үшін. овициды - жәндіктердің ұрығын құрту үшін. Фосфорорганикалық қосылысты пестицидтермен (ФОҚП) улану ФОҚП инсектофунгицидтер ретінде мақта, дән, жеміс ағаштарының, шөптердің т. б. зиянкестеріне қарсы қолданады.

Slide 4 Slide 5

Фосфорорганикалық қосылыстардан улану Фосфорорганикалық қосылыстар (ФОҚ) - фосфор қышқылының (фосфорлық, пирофосфорлық, фосфорлы, фосфондық, фосфиндік, тио және дитиофосфорлық, тиофосфорлы) күкірттік немесе азоттық туындылары. Олар инсектицидті, акарицидті және фумигантты әсер етеді. Мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығында ФОҚ-дың жанаса және жүйелі түрде әсер ететін 25-тен аса түрлері бар.

Slide 6

ФОҚ-дың жанаса әсер ететін препараттары: хлорофос, ДДВФ, метафос, дифос, этафос, циодрин, карбофос, диазинон, дурсбан, үшхлорлыметафос. ФОҚ-дың жүйелі түрде әсер ететін препараттары: гардона, силикрон, токутион, фозалон, бутифос, неоцидол, золон және жанаса-жүйелі әер ететіндер: антио, фосфамид, фталофос, гетерофос. Көптеген фосфоорганикалық пестицидтер ағзаға терілік - резорбтивті (қанға сіңу) әсер етеді. Мұндай препараттар: метилмеркаптофос, бутифос, циодрин, тиодан. ФОҚ-тар көбінесе мида, жұлында, өкпеде, жүректе, бауырда, бүйректе, бұлшық еттерде жинақталады. Тотығу процестерінің әсерінен тиофос фосфаколға, карбофос имидоксонға, диазинон диазоконға, антиофосфомидке, айналып, өздерінен де аса уытты қосылыстар (метаболлиттер) түзеді. Фосфоорганикалық қосылыстар өндірісте сұйық (органикалық ерітінділердегі және судағы ерітінділері) және ұнтақ (дуст) түрінде шығарылып, қолданылады.

Slide 7

Жануарлар ФОҚ-дан ас қорыту және тыныс алу жолдары, тері арқылы уланады. Сонымен қатар, уытты заттармен ластанған азықтарды, мал өнімдерін қолдану, уланудың негізгі көзі. Өсімдіктерді жүйелі түрде әсер ететін ФОҚ-мен өңдегенде, олар өсімдіктердің тамыры, сабағы және жапырақтары арқылы барлық ұлпаларына тарап, 30 күннен 60 күнге дейін өсімдік құрамында уытты әсерін сақтайды. Өңделген өсімдіктерді осы уақыт ішінде қолдану ауыл шаруашылық малдары мен жәндіктерге аса уытты. Ал жанаса әсер ететін препараттармен өңделген өсімдіктерді 6 күнге дейін қолдануға болмайды. Бұл препараттар жанасу нәтижесінде жәндіктердің хитинжәне балауыз қабықтары арқылы тез өтіп, жаппай өлімге ұшыратады. ФОҚ-ға сезімтал жануарлар: мүйізді ірі қара мал, қой-ешкі, ФОҚ-ғасезімталдығы төмен: жылқы, шошқа, тауықтар және үйректер.

Slide 8 Slide 9

1. Мускарин тәрізді ФОҚ-тармен уланғанда көрінетін клиникалық белгілер - миоз (көз қарашығының тарылуы), бронхоспазма, сілекей ағу, шектен тыс терлеу, ішектің жиырылуының күшеюі және іш өту секілді белгілерімен сипатталынады. 2. Никотин тәрізді ФОҚ-тармен уланғанда - қаңқа бұлшық етінің треморы, аяқтардың дірілі, қан қысымының жоғарылауы, орталық жүйке жүйесінің қозуы және салдануы сияқты белгілер көрсететіндер. 3. Кураре тәрізді ФОҚ-тармен уланғанда - қаңқа бұлшық еттерінің, соның ішінде мойын, кеуде бұлшық еттері тонусының әлсіреуі сияқты белгілерімен ерекшеленеді. Көптеген фосфоорганикалық қосылыстардың өткір, жағымсыз иісі болады. Олар суда нашар, органикалық ерітінділерде (бензол, спирт, эфир т. б. ) жақы ериді. Судағы ерітінділерін сулы эмульсия түрінде, белсенді жуғыш заттар ретінде қолданылады.

Жүйке жүйесіне әсер ету ерекшеліктеріне, клиникалық белгілеріне қарай фосфорорганикалық қосылыстарды үш топқа бөледі:

Slide 10

Көптеген фосфорорганикалық пестицидтер ағзаға терілік- резорбтивті (қаңға сіңу) әсер етеді. Мұндай препараттар: метилмеркаптофос, бутифос, циодрин, тиодан. ФОҚ-тар көбінесе мида, жұлында, өкпеде, жүректе, бауырда, бүйректе, бұлшық еттерде жинақталады. Тотығу процестерінің әсерінен тиофос фосфаколға, карбафос имидоксонға, диазинон диазоконға, антиофосфомидке, айналып, өздерінен де аса уытты қосылыстар түзеді.

Slide 11

Өсімдіктерді жүйелі түрде әсер ететін ФОҚ-мен өнделгенде, олар өсімдіктердің тамыры, сабағы және жапырақтары арқылы барлық ұлпаларына тарап, 30 күннен 60 күнге дейін өсімдік құрамында уытты әсерін сақтайды. Ал жанаса әсер ететін препараттармен өңделген өсімдіктерді 6 күнге дейін қолдануға болмайды. Бұл препараттар жанасу нәтижесінде жәндіктердің хитин және балауыз қабықтары арқылы тез өтіп, жаппай өлімге ұшыратады. Жүйке жүйесіне әсер ету ерекшеліктеріне, клиникалық белгілеріне қарай фосфоорганикалық қосылыстар үш топқа бөлінеді -Дифос, хлорофос, карбофос, тиофос, октометил, меркаптофос, циодрин.

Slide 12

ФОҚ-дың жанаса әсер ететін препараттары Дифос (биотион, абат, темефос, нимитокс) - ақ түсті кристалды зат. Суда нашар, толуолда жақсы ериді. Жылы қанды жануарларға уытты әсері әлсіз. ЛД12 тышқандар үшін 2000-2300 мг/кг, қояндарға 970-1930мг/кг. Шыбын- шіркей личинкаларына, әртүрлі жәндіктерге қарсы қолданылады. Өсімдіктердің өсу процессіне зиянын тигізетін жәндіктерге де әсері айтарлықтай күшті. Хлорофос (диптерекс, дилокс, тугон, негувон, рицифон) - ақ түсті, суда және көптеген органикалық ерітінділерде жақсы еритін кристалды ұнтақ. Мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығында кеңінен қолданылатын, уытты әсері төмен препарат. Мақтаның, күнбағыстың, жүгерінің, картоптың, қызылшаның және т. б. дәнді-дақылдардың зиянкестеріне, онымен қатар жануарлардың эктопаразиттеріне, оқыраға (оқалақ) қарсы пестицидтер ретінде қолданылады. Жануарларға өлтіре әсер ететін мөлшері: 300-500 мг/кг, организмде жинақталу дәрежесі (кумулятивтілігі) төмен. Ауыз арқылы енгізілген хлорофос, қанда 1-3 сағаттан кейін байқалып, 3-5 сағаттан кейін несеп арқылы сыртқа бөлінеді. Тері арқылы әсер еткен хлорофостың, ауыз арқылы енгізілген түріне қарағандағы уыттылығы төмен. Ашық жерде (далада) хлорофостың әсері 3-5 күн, бөлме жағдайында 2 аптаға дейін сақталады. Карбофос (мелатион, фостион, сумитокс) - сұрғылт түсті, органикалық ерітінділерде жақсы еритін, иісі шіріген тұрып (редька) иісі секілді, жағымыз, қоюлау сұйықтық. Сумен нашар әрекеттеседі (еру дәрежесі жобамен 150мг/л) . Жануарлар үшін уыттылығы орташа. Кумулятивті әсер етеді, сілтілер әсерінен құрамын бұзады. Малдардың жасына, түріне және жынысына қарай бұл препаратқа сезімталдығы әртүрлі. Мысалы, карбофостың бұзауға уытты мөлшері 10-20мг/кг болса, ірі малдар үшін 50-100мг/кг. Өлтіре әсер ететін мөлшері мүйізді ірі қара үшін 200мг/кг болса, қойлар үшін 150мг/кг. Карбофостың 100мг/кг мөлшері балапандардың бұлшық еттерін әлсіздендіріп, 3 апталық балапандарға өлтіре әсер етеді. Мөлшері (ЛД50) 200-400 мг/кг, ал ересек құстарға 150-200мг/кг. Препараттың 1%-ды ерітіндісімен бұзауларды бүрку (опрыскивание) оларды өлімге ұшыратса, ал құстарды карбофостың 1, 25 % ерітіндісімен немесе 4 % ұнтағымен (дустымен) шомылдырудың ешқандай зияны жоқ. Карбофоспен өңделген шабындықтарда, оның иісі 25 күнге дейін сақталынады.

Slide 13 Slide 14

Тиофос (паратион) - күңгірт-қоңыр түсті, иісі сарымсақтікі секілді, қою майлы сұйықтық. Сумен жақсы араласып, сарғыш-жасыл түсті эмульия түзеді. Қайнатқан кезде уыттылығы жоғарылайды. Малдар үшін уытты. Өлтіре әер ететін мөлшері 13-25 мг/кг. Тиофоспен өңделген жайылымдарға малдарды 20-25 күннен ерте шығаруға тиым салынады. Көкөніс зиянкестеріне қарсы қолданылады. Октометил (сирадан, пестокс-3) - жабысқақ, тұтқыр, күңгірт қоңыр түсті, иіссіз, судағы ерітіндісі (эмульсия) бұзылмай ұзақ сақталатын сұйықтық. Тері арқылы тез сіңіп, малдарға өте уытты, кумулятивті әсер етеді. Өлтіре әсер ететін мөлшері 10-30 мг/кг. Құрамында октометил кездесетін азықтарды, препарат ыдырап кетпейінше, 1-3 айға дейін қолдануға болмайды . Меркаптофос (диметил 0-2 этилтиофосфат, метасистокс, деметон, внуран) - майлы, ашық-қоңыр түсті, өткір жағымсыз иісі бар, сумен жеңіл араласып, ашық-сары түсті эмульсия түзетін, өте уытты, кумулятивті сұйық зат. Өлтіре әсер ететін мөлшері 3-10 мл/кг. Меркаптафостың екі изомері бар: тиондық және тиолдық. Тиолды изомері тионды изомеріне қарағанда уытты. Ұзақ уақыт сақтау барысында меркаптофостың уыттылығы артады, яғни тиолды изомерінің саны ұлғаяды. Құрамында 0, 35 мг/кг мөлшерінде меркаптофос бар азықтар мен азық-түліктерді қолдануға тиым салынады. ДДВФ(0, 0-диметил-0-2, 2-дихлорвинилфосфат, дихлорофос, вапона, нуван) - ацетонда және т. б. органикалық ерітінділерде жақсы, суда нашар еритін түссіз сұйық. Тері арқылы өлімге ұшырататын мөлшері (ЛД50) 23-87 мг/кг. Аралар жиі уланады. Өсімдіктермен жануарларға зиянды әсер ететін жәндіктерге және кенелерге қарсы, сонымен қатар, қора-қопсыларды дезинфекциялау (залалсыздандыру) үшін қолданылады. Циодрин (кротоксифос) - керосинде, ацетонда және т. б. органикалық ерітінділерде жақсы, суда нашар еритін, ашық -сары түсті сұйық зат. Өте уытты препарат. Ауыл шаруашылығы малдарының эктопаразиттеріне қарсы, сауылатын сиырларды өңдеу үшін қолданылады.

Slide 15 Slide 16

Қорытынды


Ұқсас жұмыстар
Пестицидтер
Адам денсаулығы қоршаған орта мен әлеуметтік ортаның туындысы
Кәсіби аурулар факторлары
Генетикалық экологиялық аурулар
қатты әсер ететін улы заттар
Пестицидтердің топырақта ыдырауы
Пестицидтердің адам ағзасына әсері
Бүйрек үсті безі
Ауыл шаруашылық малдардың пестицидтерден улануы
ЭКГ белгілерін тіркеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz