ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГИКА БІЛІМ



Әлеуметтік педагогика білім саласы ретінде

1. Әлеуметтік педагогиканың идеялары мен тәжірибесінің тегі.
2. Әлеуметтік педагогиканың мәні мен мазмұны - өзіндік ерекшелігі бар білім, теория және тәжірибе.
3. Әлеуметтік педагогиканың негізгі категориялары, атқаратын қызметтері, міндеттері.
4. Адам жайлы ғылымдардың ортасындағы әлеуметтік педагогиканың құрылымы мен алатын орны.
5. Әлеуметтік педагогиканың зерттеу әдістері.

«Әлеуметтiк педагогика» ұғымын алғаш рет XIX ғасырда немiс педагогы А. Дистервег енгізген. Бірақ араға көп уақыт салып қана әлеуметтік педагогиканың екі ғылыми-практикалық бағыты айқындалды. Оның бірі П. Наторп есімімен байланысты айқындалып, халықтың мәдени деңгейін көтеру мақсатында қоғамның тәрбиелік күштерін интеграциялау мәселесіне арналды. Екінші бағыт қараусыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсету, оларды қорғау, құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталды. Бұл бағыт Г. Нол, Г. Боймер есімдерімен байланысты болды.

Әлеуметтiк педагогика, бұл қоршаған ортаның тәрбиеге әсерi жөнiндегi ғылым. Әлеуметтiк педагогика мәселелерiн зерттеуде танымал Ресей ғалымы А. В. Мудрик әлеуметтiк педагогиканы адамның бүкiл өмiрi барысында жүзеге асырылатын әлеуметтiк тәрбиесiн қарастыратын ғылым ретiнде қабылдауға болады деп айтады.
Әлеуметтік педагогиканың идеялары мен бұл саладағы қызметкерлердің жұмыстары С. Т. Шацкий, В. Н. Шульгин, М. В. Крупенин, А. Г. Калашникова, А. П. Пинкевич т. б. тарапынан қарастырылған. С. Т. Шацкий мектептің әлеуметтік рөлін негіздеп, кіші ортада біртұтас тәрбие процесін ұйымдастыруды теориялық тұрғыдан айқындаған. 30-жылдардың аяғындағы мектептердің тек оқу-тәрбие процесін жақсартуға ғана басты назар аударуы әлеуметтік педагогика саласындағы ғылыми зерттеулерді кейінге ысырып жіберді.
Әлеуметтік педагогиканың бастаулары халықтық педагогикада жатыр. Тұлғаны әлеуметтендіру идеялары ұлы ғұламалардың педагогикалық көзқарастарында қарастырылған. Атап айтқанда, әл-Фараби, Ж. Баласағұн, М. Қашқари, Қ. А. Ясауи және т. б. ғұламалар еңбектерінде адам тәрбиесін жүзеге асыру оның әлеуметтік ортасын қалыптастырумен байланысты екендігі баса айтылған.

Әлеуметтік педагогика мәселелерін көптеген классик педагогтар Я. А. Коменский, Ж. Ж. Руссо, И. Г. Песталоцци, И. Гербарт, А. Дистервег, К. Д. Ушинский және т. б. қарастырған. Олардың педагогикалық көзқарастарының ықпалымен адам тәрбиесінің қоғамдық-әлеуметтік ортадағы рөлі, тәрбие нәтижесінің қайырымдылықпен, мейірімділікпен айқындалатындығы туралы ой-пікірлер тұжырымдалады.
Әлеуметтiк педагогика пәнiнiң зерттеу объектiсi - адамның әлеуметтiк ортамен өзара қарым-қатынасының жиынтығы негiзiнде оның қоғамдағы даму процесi болып табылады. Сонымен қатар, әлеуметтік педагогиканың ғылым ретіндегі негізгі мақсаты педагогикалық мақсатпен сабақтастықта тұлғаның әлеуметтік болмысына қатысты білімдерді интеграциялау болып табылады. Практикалық пән ретіндегі негізгі мақсаты - өзінің табиғи болмысынан алыстаған тұлғаны қалпына келтіруге көмектесетін технологияларды жасау.
Ал, әлеуметтiк педагогиканың пәнi - адамның әлеуметтенуiнiң және оның қоғамға бейiмделуiнiң педагогикалық аспектiсi болып табылады. Әлеуметтiк педагогика адам мен қоғамның өзара әсерлесуi негiзiнде қалыптасу, қоғамға толық ену ретiндегi тұлғаның әлеуметтiк қалыптасуын ынталандырудың мақсатын, мiндетiн, мәнiн, мазмұны мен принциптерiн, әдiстерi мен формаларын зерттейдi.

Әлеуметтiк педагогика өзiнiң пәндiк өрiсiне ие және ғылым ретіндегі өзiндiк мiндеттерi айқындалған. Олар:

Адамның дамуын оның қоршаған орта ықпалынан және өзара қарым-қатынас негiзiнде дамуын оның әлеуметтенуiнiң нәтижесi деп қарастыруға болады. Әлеуметтену:

Әлеуметтiк педагогика - әлеуметтендiру процесiн бiлiмдiк-тәрбиелiк құралдармен реттеудiң және жүзеге асырудың, танымның теориясы мен практикасын қамтитын ғылым саласы болғандықтан, әлеуметтiк болмыстың адам өмiрi барысындағы мақсаты мен мiндеттеріне ықпалын қарастырады. Әлеуметтiк педагогика жеке адамдарға, тұрғындардың топтарына көмек көрсетудi өз мiндетiне жатқызады.
Әлеуметтiк-педагогикалық тәрбие және тәжiрибесiнiң нысаны - жеке дара және қоғамдық сипаттама бiрлiгiн қамтитын әлеуметтік ортаның мүшесi болып табылатын адам, ал оның пәнi - адамның әлеуметтiк тұрғыда қалыптасуының және дамуының педагогикалық аспектiлерi.
Әлеуметтiк-педагогикалық теория мен практикасының екiншi міндетiнің нысаны - қоғамның әлеуметтiк шеңберi, микро (шағын) орта, адамдар ұжымы және т. б. болып табылады. Аталмыш деңгейге тән іс-әрекетті жүзеге асырудың белгiлi құралдарына мәдени-ағарту, дене шынықтыру - сауықтыру, әлеуметтiк-тәрбие жұмыстарын және т. б. ендiруге болады.
Әлеуметтiк педагогиканың үшiншi деңгейдегi нысаны - әлеуметтендiрудiң алуан түрлi сатылары мен деңгейiндегi жеке адам болып табылады.
Бұның өзі қоғамда әлеуметтік педагогикалық қызметтің қажеттілікке айналып отырғандығы мен осы салада мамандар даярланудың сұранысы артып отырғандығын дәлелдейді. Әйтсе де, халықтық болмысызда тастанды балалар мен қараусыз қалған ата-аналардың болмағандығы қоғамның өркениеттілігінің шарықтаған заманында өз жалғасының үзіліп отырғандығын көрсетеді.


Әлеуметтiк педагогикада екi бағыт байқалады: әлеуметтiк және тұлғалық.
Бiрiншi бағыт мемлекет пен қоғамның өскелең ұрпақты тәрбиелеуге жалпы ықпал етуi арқылы анықталады. Бұл - социопедагогика деп аталады, ал тар мағынада - адамның тұлғасын қалыптастыру процесiне өмiр сүру ортасының ықпалы - орта педагогикасы болып саналады.
Әлеуметтік педагогиканың мәселелерi П. Наторп, И. Г. Песталоцци, К. Д. Ушинский, Н. И. Пирогов, Дж. Дьюи, Г. Кершенштейнер, Р. Зейдель, С. Т. Шацкий, А. С. Макаренко, Б. Р. Лихачев, В. Д. Семенов және т. б. еңбектерiнде теориялық тұрғыдан зерттелдi.
Әлеуметтiк педагогиканың тұлғалық бағыттары Дж. Локк, Ж. Ж. Руссо, Ф. Ницше және т. б. философиялық көзқарастары арнасында қарастырылған. Аталмыш бағыттың бастауы - «даралық» педагогикасы болып саналады. XIX ғасырдың екiншi жартысында адамнан жоғарыны қалыптастыру концепциясы пайда болды. (Ф. Ницше) Бұл бағыт педагогтар алдына адамның өзi үшiн тәрбиелеу мәселесiн шешудi мiндет еттi.
Тұлғаның әлеуметтiк қалыптасуы оның табиғат заңдары бойынша дамитын әлеуметтiк жан ретiнде, әрi әлеуметтiк орта, қоғам, индивидтiң белгiлi бiр ықпал ету қабiлеттiлiктерiн ескеру негiзiнде тәрбиеленедi деген тұжырым бередi.
Адамның әлеуметтiк өзiндiк дамуы өте күрделi процесс, дегенмен әлеуметтiк даму жағдайлары, бағыттары және қарқындылығы өзгерiс үстiнде болады.

Сонымен, әлеуметтік педагогика ғылымының негізгі категориялары:
әлеуметтену, әлеуметтену процесi, әлеуметтік оқу, әлеуметтік тәрбие, педагогикалық іс-әрекет, әлеуметтік-педагогикалық iс-әрекет, әлеуметтендіру, әлеуметтендіру факторлары, әлеумет (социум), микроәлеумет, әлеуметтік институт, теріс әлеуметтендіру (деәлеуметтендіру) институттары, әлеуметтік рөл, әлеуметтік бейімделу, әлеуметтік құлдырау, педагогикалық құлдырау, балалықты қорғау, бала құқығы, қамқорлыққа алу, қорғаншылық жасау, жетімдік, балаларға деген қатігездік қатынас, әлеуметтік жұмыс, қайырымдылық, әлеуметтік қорғау, әлеуметтік қолдау, әлеуметтік реабилитация, әлеуметтік кеңес беру, отбасылық кеңес беру, отбасы терапиясы және т. б.

«Әдіс» ұғымын грек тілінен аударғанда «жол», «тәсіл» деген мағынаны білдіреді. Әдіс проблемасы - әлеуметтік педагогикада ең өзекті мәселелердің бірі, өйткені тұлғамен тәрбиелік жұмыс жүргізудің құралы көп жағдайда әлеуметтік-педагогикалық ықпал етудің тиімділігіне байланысты.
Әлеуметтік педагогикадағы әдістерді үлкен үш топқа біріктіріп, классификациялауға болады деп көрсетеді ғалым Ф. А. Мустаева өзінің «Әлеуметтік педагогика» деп аталатын кітабында. Олар мынадай:
1. Зерттеу әдістері;
2. Тәрбие әдістері;
3. Әлеуметтік-педагогикалық тұрғыда көмек беру әдістері.
Ғылыми зерттеу әдістері - бұл ғылыми теориялардың байланыстылық, қатынас, тәуелділік заңдылықтарын орнату мен орналастыру мақсатында ғылыми ақпараттарды алудың тәсілдері. Зерттеу әдістерін қолдану әлеуметтік педагогиканы ғылым ретінде дамыту мен жетілдіру үшін маңызды.
Ғылыми зерттеу жұмысының екі түрі бар. Олар: эмпирикалық және теориялық.
Эмпиризм- бұл философиялық ілім, ол ғылымның бір ғана көзінен алынған білім. Эмпирикалық таным практикалық тәжірибені, шындық болмысты зерттеуге негізделеді.
Теориялық зерттеуде жоғарыдағы әдістермен қоса абстрактілеу, идеяландыру, модельдеу және т. б. әдістер қолданылады. Сонымен бiрге логикалық, анализ-синтез, индукция-дедукция әдістері де қолданылады. Эмпирикалық зерттеуде бақылау, баяндау, экспериментсияқты зерттеу әдістері қолданылады.

Енді әлеуметтік-педагогикалық ғылыми-зерттеу әдістеріне жеке-жеке тоқталып өтелік:
Бақылау әдісі педагогикалық құбылыстарды тікелей қабылдау негізінде танып білу тәсілі. Бақылау әдісінің негізгі функциясы бақылау объектісі мен әлеуметтік педагог арасындағы тікелей және қайтымды байланыстар жағдайындағы зерттеліп отырған процес туралы мәліметтерді іріктеп, таңдап алудан тұрады.
Педагогикалық экспенимент зерттеу басында қойылған ғылыми болжамның негізділігі мен дұрыстығын айқындауда дәлелді тексеру мен ғылыми-объективтілікті қамтамасыз ететін зерттеудің кешенді әдістерінің бірі.
Педагогика ғылымында экспериментті жүргізу табиғи және лабораториялық жолмен іске асырылады.
Әлеуметтік педагогикадағы зерттеу әдістері жүйесінде сұрау әдістерінің орны ерекше. Оларға сұхбат, интервью, анкета әдістері жатады.

Әлеуметтік педагогика бойынша ғылыми зерттеулерде моделдеу әдістері де жиі қолданылады. Жалпылама түрде алғанда модель зерттеу пәнінің функциясының, нақтылы қырларының, элементтерінің жүйесі ретінде айқындалады. Әлеуметтік педагогикада озат педагогикалық тәжірибелерді зерделеумен қорыту әдісі үлкен қолданысқа ие.
Әлеуметтік-педагогикалық ғылымдағы мәліметтерді өңдеу үшін зерттеудің математикалық әдістері қолданылады. Оларға ранжирлеу (жинақталған мәліметтерді нақтылы заңдылықпен орналастыру, өсу немесе кему ретімен орналастыру, әрбір зерттелген нәтиженің орнын анықтау), шкалалау (педагогикалық құбылыстың жекелеген қырына баға беруде сандық көрсеткіштерді ендіруге мүмкіндік беретін әдіс) және т. б. әдістер жатады.
Әлеуметтік педагогиканың екінші тобын тәрбие әдістері құрайды.

Сипатына қарай топтастырылған тәрбие әдістері - сендіру, жаттықтыру, мадақтау және жазалау, іс-әрекетті ұйымдастыру, оқушының тәртібіне ықпал ету әдістері болып бөлінеді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz