УНИВЕРСИТЕТІ БАНК ІСІ ПӘНІ


Slide 1

Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі

ө. А. Байқоңыров атындағы жезқазған университеті

«Банк ісі» пәні

Дәріс сабағы

Дәрісті жүргізуші: «Қазақстан тарихы, экономика және құқық»кафедрасының кандидаты, э. ғ. к Нұртазинова Ақбаян Серікқызы

Slide 2

1 тақырып. БАНК ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Дәріс сұрақтары:

1. БАНКТІҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ 2. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ЖІКТЕЛУІ, БАНК ОПЕРАЦИЯЛАРЫ

3. БАНК ҚЫЗМЕТІН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ

Slide 3

“Банк” сөзі “banco” деген ағылшын тілінен аударғанда “айырбас столы” дегенді білдіреді. Бұл “айырбас столы” тауарлармен сауда жасалатын алаңдарда құрылады. Сауда мемлекеттер мен қалалардың, жекелеген тұлғалардың әр түрлі монеталарымен жасалған. Ол уақытта монеталардың біртұтас жүйесі болмағандықтан, олармен сауда-саттық барысында әр түрлі формадағы монеталар кездескен. Банктер пайда болардың алдында ақша-сауда капиталының өкілдері саудагерлердің ақшалай салымдарын қабылдап, оларды әр түрлі елдің ақшаларына айырбастауға маманданып отырған. Уақыт өте келе, айырбастаушылар бұл салымдарды, сондай-ақ өздерінің ақша қаражаттарын ссудаға беріп, пайыз алу үшін пайдалана бастайды. Сөйтіп, айырбастаушылар біртіндеп банкирлерге айналады.

Slide 4

Біздің түсінігімізде, банк ұғымы айырбастаушылардың және олардың айырбас орындарының болуымен сипатталады. Алғашқы банктердің Италияда пайда болу себебі, оның сол уақыттарда дүниежүзілік сауда орталығы болғандығын ескеріп, әр елдің ақшалары мен тауарларының сол елге қарай ағылып, банкирлердің сауда операцияларына тікелей қатысуына байланысты түсіндіріледі.

Slide 5

Банкті сауда, делдал кәсіпорыны десе болады. Жалпы, банктің саудамен ұқсас болуы кездейсоқтық емес. Шынында да, банктер де ресурстарды сатып алып, оларды сатумен айналысады.

Сауда кәсіпорыны да өз кезегінде банкке ұқсайды, яғни ол да банктің кейбір қызметтерін көрсетеді. Мысалы ірі сауда кәсіпорындары да банк сияқты белгілі мөлшерде ақшалай немесе заттай несие беруі мүмкін. Сауда кәсіпорынынан банктің іргелі айырмашылығын оның негізінен байқауға болады. Банктің негізі деп оның басты өнімі - несие ісі түсіндіріледі.

Slide 6

Сонымен, қазіргі түсінікте “ коммерциялық банк” - бұл ерекше өнім шығарумен айналысатын кәсіпорын немесе қолма-қол және қолма-қолсыз ақшада төлем айналысын реттеуді жүзеге асыратын ақша-несие институты болып табылады.

“ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы” заңның 1-бабына сәйкес, “банк -осы заңға сай банктік қызметті жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға”.

Slide 7

Қазақстанның Ресей нарығына интенсивті түрде енуі, нәтижесінде Ресейлік орталық-өнеркәсіптік аудандарымен өзара экономикалық байланысы одан әрі кеңейді. Банк капиталының Қазақстанға енгізілу мерзімі ХІХ ғасырдың аяқ кезін қамтиды. Революцияға дейінгі Қазақстанның көп укладты экономикасында несиенің әр түрлі формалары дамыған. Қазақстанның несиелік жүйесі негізінен Ресей империясының несиелік жүйесінің бір бөлігі ретінде Мемлекеттік банк бөлімшелерінен, акционерлік, коммерциялық банктер филиалдарынан, өзара несие беру қоғамдарынан, қалалық қоғамдық банктерінен, ипотекалық несие банктері немесе ұсақ несие мекемелерінен және жинақ кассаларынан тұрды. Ресейдің мемлекеттік банкі 1860 ж. өз қызметін бастап, барлық несие жүйесіндегі - Орталық банк болып саналады және оның айналысқа қағаз ақшаларды шығаруда монополиялық құқығы болды.

Slide 8

Жалпы, бірінші дүниежүзілік соғыстың бастапқы кезеңінде Қазақстанның әр аудандарында Мемлекеттік банктің - 6 бөлімшесі, акционерлік-коммерциялық банктердің -18 филиалдары, 12 - өзара несие беру қоғамдары, 8 - қалалық қоғамдық банктер, сол сияқты 345 - несиелік және ссудалық серіктестіктер жұмыс істеді. Несиелік мекемелердің санының көбі жағынан Ақмола бірінші орынға ие болды.

Slide 9

Кеңес үкіметі тұсында Қазақстандағы банк жүйесінің қызмет етуі:

1917 жылы Қазан революциясынан кейін, банк ісінде мемлекеттік монополиялық ұйымдастыру қағидалары жүзеге асты. Бастапқыда мемлекеттік банк құрылып, жеке, коммерциялық және басқа банктерді ұлтшылдандыру нәтижесінде мемлекетке т

тиесілі салалық және аумақтық банктер етіп қайта құрылды.

1922 жылы несиелік және ссуда-жинақ серіктестіктері және олардың одақтары ұйымдасып, ауылды қалпына келтіру мақсатында қызмет көрсетті.

1924 жылы ауыл шаруашылық кооперацияларына несиелік операцияларды жүзеге асыру барысында салымдар қабылдау, ссуда беру және есептеу барысында делдалдық қызмет атқаруына рұқсат беріледі.

1930-1932жж. КСРО-ғы жүргізілген несиелік реформа нәтижесінде жаңа қағидаға негізделген салалық банктер қатары ұйымдастырылды. Сонымен, күрделі капитал жұмсалымдарын қаржыландыру мақсатында төрт мамандырылған банктер құрылды.

Slide 10

Елімізде қабылданған банктік заңдылықтарға сәйкес ҚР-дағы банк жүйесі екі деңгейден тұрады.

ҚР Ұлттық банкі - мемлекеттік орталық банк ретінде бірінші деңгейді білдіреді.

Өзге банктердің барлығы (Мемлекеттік даму банкісінен басқасы!) - екінші деңгейді сипаттайды, сондықтан да оларды іс-жүзінде екінші деңгейдегі банктер деп атайды.

Бұл жүйенің қалыптасуына КСРО-ның ыдырауының нәтижесінде еліміздің өз тәуелсіздігін алуының себеп болғанын айта кету керек. Содан бері банк жүйесінде түбегейлі реформалау жалғасуда. Ондағы мақсат - отандық банктеріміздің қызметін халықаралық стандартқа өткізу болып отырғандығы да жасырын емес. Бұл талаптарға жауап бермейтін банктерге басқа банктерге қосылу не банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар болып құрылу қажеттігі ұсынылады.

Slide 11

Коммерциялық банктер мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:

1. Жарғылық капиталдың қалыптасуына қарай:

мемлекеттік;

акционерлік;

жеке;

пай қосу арқылы (жауапкершілігі шектеулі серіктестік) ;

аралас (шетел капиталының қатысуымен) .

Slide 12

2. Операцияларының түрлеріне қарай:

әмбебап, яғни экономиканың барлық салаларына бірдей және кең көлемді банктік қызмет көрсететін банктер;

маманданған, яғни бір ғана салаға қызмет көрсететін банктер;

3. Аумақтық белгісіне қарай:

халықаралық;

мемлекетаралық

ұлттық;

аймақтық;

Slide 13

4. Салалық белгісіне қарай:

өнеркәсіптік банктер;

сауда банктері;

ауылшаруашылық банктері;

құрылыс банктері;

басқа.

5. Филиалдар санына қарай:

филиалсыз;

көп филиалды.

Slide 14

Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктер өз қызметін жүзеге асыру барысында филиалдарын, өкілдіктерін, жинақ кассаларын, сондай-ақ еншілес банктерін аша алады.

Банктің филиалы - филиал туралы ережеде немесе лицензияда көрсетілетін банктік операцияларды жүзеге асыруға кұқылы және өзінің дербес бухгалтерлік балансы бар, занды тұлға болып табылмайтын банктік мекеме.

Slide 15

Банктің өкілдігі - банктік операцияларды жүзеге асырмайтын, яғни банктің тапсырмасымен және оның атынан әрекет ететін банктің орналасқан жерінен тыс орналасқан, занды тұлға болып табылмайтын банктің құрылымдық бөлімшесі.

Еншілес банк - жарғылық капиталдың елу пайыздан астамы бас банкке тиесілі және өзінің дербес бухгалтерлік балансы бар заңды тұлға.

Slide 16
Ұқсас жұмыстар
Валюталық операциялардың есебі
Салық және салық салу туралы
Банктердің жүргізетін операциялары
Қазақстандағы ең бай адамдар және Болат Өтемұратов
Қазақстандағы ең бай бес адамның тізімі
Электронды қызмет түрлері
БАНКТІК ТӘУЕКЕЛ
Салық және салық салу курсы
Кәсіпкерлік қызмет саласындағы міндеттемелер
Қазақстан Республикасындағы ең дәулетті адамдардың бірі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz