Ақуыздың қызметі және қасиеті Ақуыз фолдингі Нуклейн қышқылдарының қызметі және қасиеті ДНҚ пішіні және РНҚ түрлері
Презентация қосу
Презентация
Тақырыбы:Молекулалық биология және
{ медициналық генетика Ақуыздың қызметі
және қасиеті Ақуыз фолдингі Нуклейн
қышқылдарының қызметі және қасиеті ДНҚ
пішіні және РНҚ түрлері
Орындаған: Аман Б
Қабылдаған: Гүллназия
Шымкент, 2020
Молекулалық биология – тіршілік
құбылыстарының молекулалық негіздері
туралы ғылым; генетика, биохимия және
биофизика ғылымдарымен тығыз
байланысты. Медицина (вирусология,
иммунология, онкология, т.б.), а. ш.
(жануарлар мен өсімдіктердің тұқым қуалау
қасиеттерін белгілі бағытта қадағалай
отырып зерттеу) және биотехнология (гендік
инженерия, клеткалық инженерия)
салаларының теориялық негізі. Негізгі
мақсаты – биологиялық ірі молекулалар
(ақуыздар, нуклеин қышқылдары)
құрылымын барлық деңгейде зерттеу. 1953
жылы ағылшын ғалымы Ф.Крик және АҚШ
биологы Дж. Уотсон ДНҚ-
ныңмакромолекуласының құрылымының
кеңістіктік моделін жасауы – молекулалық
биология ғылымының өз алдына жеке
ғылым болып қалыптасуына негіз болды.
Медициналық генетика [1] — тұқым қуалайтын аурулар,
олардан сақтану, оларды анықтау және емдеу туралы
ғылым, генетиканың бір саласы. Медициналық генетиканың
дамуына молекулалық генетика ашқан ғылыми
жаңалықтардың тигізетін әсері зор. Осы заманның
молекулалық генетиканың негізгі шешетін мәселесі —
тұқым қуалаушылықтың молекулалық негізін анықтап,
оның механизмін зерттеу.
Бұл — жасуша тіршілігін және тірі жүйедегі
организмдердің барлық деңгейдегі биологиялық бағыну
тәртібін анықтайды. Бүгінгі таңда тұқым қуалайтын 1
мыңнан аса ауру түрлері бар, соның 400-ден астамы бір ғана
ген мутациясының себебінен болады. Жаңа туған
нәрестелердің орта есеппен 5%-ындағы кемтарлық олардың
генетикалық материалына тікелей байланысты. Гендік
терапия ауру адамның соматикалық немесе ұрықтық
(алғашқы дамуы стадиясында) клеткасындағы кемістікті
түзетумен байланыстырыла жүргізіледі. Бірақ мұндай
емдеудің қиыншылығы — геннің жеткізілу механизмімен
тығыз байланысты, яғни ген қажетті жасушаға дұрыс
жеткізіліп, организмнің жұмыс істеу қабілеті жақсарып,
оған ешқандай қауіп-қатер төнбеуі керек.
Қазіргі уақытта гендік терапия тұқым қуалайтын ауруларға бейім
адамдарды, жұқпалы, тағыда басқа ауруларды емдеуде жиі
қолданылады. Мысалы, меланома, гемофилия, анемия,
гиперхолестеринемия, Паркинсон ауруы, Дюшени бұлшық ет
дистрофиясы, атеросклероз. Болашақта молекулалық генетиканың
жетістіктерін тек тұқым қуалайтын ауруларды ғана емес, қатерлі
ісік және созылмалы вирустық инфекция ауруларын емдеуде
қолдану көзделіп отыр. Мысалы, осы күні меланоманы емдеуде
лимфоцитті пайдаланады, себебі, зақымданған органға лимфоцит
енгізу — жақсы нәтиже беруде. Қазақстандағы медициналық
генетика саласындағы зерттеулер 20 ғасырдың басынан басталады.
Қазір медициналық генетикамен Ана мен баланың денсаулығын
қорғайтын ғылыми-зерттеу орталығы, ҚазҰМУ, Ақмола, Семей,
Қарағанды, Батыс Қазақстан медицин академиялары, Жалпы
генетика және цитология, Қазақ онкология және радиология
ғылыми-зерттеу институттары, тағыда басқа мекемелер
шұғылданады.
Ақуыздар. Құрылысы және қызметтері
Ақуыздар, яғни протеиндер ауыр молекулалы, құрамында азоты бар
органикалық қосылыстар. Олар организм құрамының ең маңызды бөлігі
және барлық өсімдік пен жануарлар жасушаларының цитоплазмасында,
әрі ядросында болады. Тіршіліктің негізгі нышаны – ақуыздар. Ақуыз
жоқ жерде тіршілік те жоқ. Бұдан 100 жылдан бұрын Ф. Энгельс
“тіршілік дегеніміз – ақуызды дененің өмір сүру әдісі”, деген екен. Сол әлі
күнге дейін күшін жойған жоқ. Ақуыз деген атау алдымен жұмыртқаның
ақ затына берілген.Ол қыздырғанда ерімейтін ат затқа айналады.
Кейіннен дәл сондай заттар өсімдіктерден және жануарлар организмінен
де бөліп алынды. 1839 жылы голландия ғалымы Мульдер ақуыздарды
“протеин” деп атауды ұсынды. Ақуыздар бұлшық еттердің, қанның,
сүттің, жұмыртқаның, өсімдіктердің, жүннің, жібектің, шаштың
құрамына кіреді. Олар негізінен 5 элементтен тұрады: C, O, H, N, S.
Ақуыздар құрылысы бойынша 2 топқа бөлінеді: жай (қарапайым -
протеиндер), күрделі (протеидтер). Жай ақуыздар гидролизденгенде
(ыдырау) тек амин қышқылдарына ыдырайды. Мысалы, альбуминдер
(жұмыртқаның, қанның, сүттің құрамында болады), глобулиндер
(жануарлар организмінде ең көп таралған; қан сарысуында 20 дербес
глобулин бар. Бұлшық ет, жұмыртқа, қан, сүт, өсімдіктер құрамына
кіреді. γ – глобулиндерден организмде төтемелілік (иммунитет) түзіледі,
ал фибриногеннің қан тоқтатуда маңызы зор), протаминдер (қасиеттері
гистондарға ұқсас ақуыздар өкілі. Онда аргинин амин қышқылы көптеп
кездеседі де, нуклеопротеидтер құрамына кіреді), гистондар (ядрода
кездеседі, құрамында диаминмонокарбон қышқылдары көп кездеседі.
Нуклеин қышқылдары (лат. nucleus — ядро) —
құрамында фосфоры бар биополемерлер. Табиғатта өте
көп тараған. Молекулалары нуклеотидтерден тұрады, бір
нуклеоидтік 5'-фосфор арасындағы эфирлік байланысы
мен келесі нуклеотидтің углевод қалдығының 3'-
гидроксилі арасы эфир байланысымен нуклеин
қышқылдары углеводты-фосфатты қаққасын калайды.
Нуклеин қышқылдары жоғарғы полимерлі тізбектері
ондаған немесе жүздеген нуклеотидтің қалдықтарынан
тұрады. Олардың м. с. 105—1010. Нуклеин қышқылдары
құрамына кіретін мономерлерінің (дезокси- немесе
рибонуклеотидтер) түріне қарай ДНҚ жәңе РНҚ деп
бөлінеді
Нуклеин қышқылдарының құрамы мен құрылысы
Нуклеин қышқылдарының толық емес гидролизі
нәтижесінде нуклеотидтер түзіледі (25-сызбанұсқа). Олар
нуклеин қышқылдары полимер тізбегінде қайталанып
отыратын күрделі құрылым буындары (монометрлері). Ал
нуклеотидтерді одан әрі гидролиздесе, ортофосфор
қышқылын және пентоза мен азотты негізге айырылатын
нуклеозидтерді түзеді
Яғни, нуклеин қышқылдарының құрамына азотты негіздер
(пиримидинді, пуринді), фосфор қышқылы және
моносахаридтер (рибоза мен дезоксирибоза) кіреді.
Нуклеин қышқылдары құрамындағы моносахаридтердің
қалдығына байланысты рибонуклеин қышқылы және
дезоксирибонуклеин қышқылы болып екіге бөлінеді. ДНҚ
молекулалық массалары бірнеше мыңнан ондаған
миллионға жетеді.
ДНҚ мен РНҚ құрамының айырмашылығы — нуклеин
қышқылын толық гидролиздеу арқылы анықталды.
Оларды гидролиздегенде, әр түрлі заттардың қоспасы
түзіледі (36 кесте).
Нуклеин қышқылдары құрамында көмірсудың гидроксил
тобы мен фосфор қышқылының арасында күрделі эфирлік
байланыс түзіледі, ал азотты негіз көмірсудың жанынан
жалғасады. Полинуклеотидтің құрылысын сызбанұсқамен
былай өрнектеуге болады:
Дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) - тірі организмдердегі
генетикалық ақпараттың ұрпақтан-ұрпаққа берілуін,
сақталуын, дамуы мен қызметін қамтамасыз етуіне жауапты
нуклеин қышқылының екі түрінің бірі. ДНҚ-ның жасушадағы
басты қызметі - ұзақ мерзімге РНҚ мен ақуызға қажетті
ақпаратты сақтау.
ДНҚ-ның ерекшелiгi. Бiр организмнiң барлық жасушарындағы
ДНҚ молекуласының құрамы, құрылымы бiрдей болады да,
жасына, ортадағы жағдайына тәуелдi емес. ДНҚ
молекуласының нуклеотидтiк құрамы, құрылымы, тiзбегiндегi
нуклеотидтердiң реттелiп орналасуы организмнiң ерекше
қасиетiн анықтайды. ДНҚ молекуласының полинуклеотид
тiзбегiндегi нуклеотидтердiң ретi – ұрпақтан-ұрпаққа берiлетiн
генетикалық мәлiмет.
Рибонуклеин қышқылы (РНҚ) — жоғары молекулалық байланыс; нуклеин
қышқылдарының типі. Табиғатта кеңінен таралған. РНҚ-ның көмірсу
бөлігінде рибоза қанты, ал азотты негіздері ретінде аденин, гуанин, цитозин
және урацил болады.
Рибонуклеин қышқылдары рибосомалық (рРНҚ), ақпараттық (аРНҚ) және
тасымалдаушы (тРНҚ) болып бөлінеді. Рибонуклеин қышқылы тізбегі
бірнеше ондаған нуклеотидтерден бірнеше мыңдаған нуклеотидтерге дейін
созылатын біржіпшелі полинуклеотидтерден тұрады. Организмде РНҚ
ақуыздармен кешенді байланысқан рибонуклеотидтер түрінде болады
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz