Тексеру сабағы
Презентация қосу
Пән : Педагогика
Тарау : Дидактика. Оқыту теориясы
Тақырыбы: Сабақтың типтері мен
құрылымы.
Мақсаты:
Білім алушыларға сабақтың типтері және құрылымы жайында түсінік
беру;
Білімділік міндеті
Білім алушыларға сабақтың типтерін топтастыру және сабақ типіне
байланысты сабақ құрылымы жайында білім меңгерту; Тақырып жайлы
ғылыми - педагогикалық терминдерді меңгерту;
Дамытушылық міндеті
Қалыптасқан түсініктер негізінде білім алушылардың танымын арттыра
отырып, өтлетін материалға байланысты білім, білік, іскерлік және
дағдыны дамыту;
Тәрбиелік міндеті
Білім алушылар бір-бірінің жауабын тыңдауға ,пікір алысып қорытынды
жасауға, сыйластыққа тәрбиеленеді;
Дұрыс жауаптар
1.Сабақтың өткізілу техникасына қойылатын
талаптар
2.Сабаққа қойылатын психологиялық талаптар
3.Сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар
4.Сабаққа қойылатын гигиеналық талаптар
Қазақстан Республикасының “12 жылдық
жалпы орта білім беру” тұжырымдамасының басты
мақсаты – өзінің және қоғамның мүддесіне өзін-
өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму
үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге
қабілетті және құзыретті, шығармашыл, білімді
ұрпақты дамыту және тәрбиелеу болып
табылады.
«Мектептің жаны - мұғалім. Мұғалім қандай болса,
мектеп сондай болмақшы. Яғни,мұғалім білімді болса, ол
мектептен балалар көбірек білім алады. Солай
болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді,
педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта
білетін мұғалім»
А. Байтұрсынов
“Ғылымды күшті меңгерген және оны сүйетін мұғалім ғана
өз шәкірттерінің бәріне жемісті ықпал жасайтын болады”.
Д.И.Менделеев
1. Алғашқы сабақ
2. Кіріспе сабақ
3. Жаңа білімді меңгерту сабағы
4. Пысықтау сабағы
5. Жаттығу сабағы
6. Қайталау және қорыту сабағы
7. Тексеру сабағы
8. Білім сапасын бағалау сабағы
9. Қорытынды сабақ
И.П.Казанцев бойынша сабақ типтерінің
жіктелуі
1. Кіріспе сабақ
2. Оқу материалымен
алғаш танысу сабағы
3. Жаңа білімді меңгерту
сабағы
4. Меңгерген білімді
тәжірибеде қолдану
сабағы
5. Дағдылану сабағы
6. Қайталау, пысықтау
сабағы
С.В.Иванов бойынша сабақ типтерінң
жіктелуі
1. Аралас сабақ
2. Жаңа материалмен
танысу сабағы
3. Пысықтау сабағы
4. Жинақтау және
қорыту сабағы
5. Білім сынау сабағы
Б.П.Есипов бойынша сабақ типтерінің
жіктелуі
Сабақтың типтерге жіктелуі, шет елдердерде, атап айтқанда, Чехославакия
мектептерінде де біздің жіктеуімізге ұқсас. Ресейдің Липец қаласындағы Мемлекеттік
Педагогикалық Университетінің оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты
Г.Н.Богомолованың “Российский феномен педагогического новаторства» деген зерттеу
еңбегінде де , сабақтың типтерге жіктелуінде де Примерная типология уроков в
современной школе:
• урок усвоения новых знаний;
• урок усвоения навыков и умений;
• урок комплексного применения знаний;
• урок обобщения и систематизации знаний;
• урок проверки, оценки и коррекции знаний, навыков и умений ,- деп көрсетілген.
Теоретиктер мен практиктердің зерттеулері
бойынша қазіргі мектеп тәжірибесінде
қолданылып жүрген сабақтың типтері:
1. Аралас сабақ
2. Кіріспе сабағы
3. Жаңа білімді хабарлау сабағы
4. Білім, іскерлік дағдыны бекіту сабағы
5. Жаттығу және тәжірибе сабағы
6. Қайталап-қорыту сабағы
7. Білім, білік,іскерлік, дағдыны тексеру
және бақылау, түзету сабағы;
8. Зертханалық және тәжірибелік сабақ
Сабақ құрылымы – сабақтың әр
бөлігінде мұғалім мен оқушының
бірге жасайтын алуан түрлі
жұмыстары.
Аралас сабақ
Бұл сабақ қазіргі мектептерде кең тараған, көптеген
сабақ түрлерінің алдында тұрған міндеттерге сүйенеді,
бірнеше сабақтардан құралған, сондықтан оны аралас
сабақ дейді. Аралас сабақ мұғалімге қатаң талап
қояды. Профессор Р.Г.Лемберг өзінің «Дидактикалық
очерктер» деген еңбегінде аралас сабақты ң өзгеше бір
вариантын ұсынады. Оның тұжырымдауы бойынша ,
егер сабақты өткен оқу материалын сұраудан бастаса,
уақыттың көбі кетіп, жаңа білімді меңгертуге аз ғана
уақыт қалады. Сол себепті де , сабақтың бастапқы
кезінде жаңа білімді түсіндіруді бастаған жөн.
Сабақ ішкі құрылымы бір- бірімен жүйелі байланысқан кезеңдерден тұрады.
Сабақтың кезеңдері:
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Сабақтың мақсаты мен міндетін хабарлау
ІІІ Үй тапсырмасын тексеру
ІҮ Жаңа білімді меңгерту
Ү Жаңа білімді бекіту
ҮІ Жаңа білімді пысықтау,қорыту
ҮІІ Сабақты бекіту және қорытындылау
ҮІІІ Үйге тапсырма беру
Х Бағалау кезеңі
Ұйымдастыру бөлімі – күрделі кезең.
Оның міндеті оқушыларды сабаққа
психологиялық жағынан әзірлеу.
Кезеңнің мазмұны:
1. Амандасу – әдептіліктің қарапайым
түрі, амандасудан өзара сыйластық,
бірін-бірі жақсы көру, бір-біріне
жақсылық тілеу көрініп тұру керек.
- Здравствуйте, дети! Они отвечают
вразнобой.Ничего, вы еще привыкните, и
ваше «Здравствуйте” будет означать
радость встречи со мной.
- Садитесь... Я ваш учитель. Поздравляю
вас с началом школьной жизни!
Ш.А. Амонашвили “Здравствуйте, дети!” еңбегінен
2. Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу:
Егер оқушы сабақты себепсіз босатса, онда жазалау
әдісі қолданылады. Ауырып жатқан балаға
достарынан “тез жазылып кетсін” деген тілек айтып
жіберген дұрыс.
3. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру:
Мұғалім оқушылардың сырт келбетіне, жұмыс істеген
кездегі қимыл-қозғалыстарына назар аударады.
4. Сынып бөлмесінің сабаққа дайындығын тексеру:
Сынып бөлмесі оқушылар мен мұғалімнің жұмыс орны.
Сондықтан жұмыс орны таза, әрі жайлы болуы керек.
5. Оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру:
Мұғалімнің сыныпқа кіріп келген кездегі
психологиялық жағдайы оқушыларға беріледі. Дауыс
көтеріп, зеку ынтымақты бұзады.
Үй тапсырмасы жаңа материалды түсінуге керек болғанда, сабақтың
басында жүргізіледі. Кейде үй тапсырмасын сабақтың соңында да
қоюға болады. Тексерудің бұл тәсілі үйге берілген тапсырма жаңа
тақырыппен байланысты болмағанда қолданылады. Үй тапсырмасын
тексеру кезеңінің басты міндеті – барлық оқушылардың үй
тапсырмасын толық, дұрыс, саналы орындағанын тексеру, жекелеген
оқушылардың тапсырманы орындамау себептерін анықтау.
Кезеңнің мазмұны:
1. Барлық оқушылардың үй тапсырмасын қалай орындағанын анықтау;
2. Жекелеген оқушылардың үй тапсырмасын орындамау себептерін
міндетті түрде анықтау және шара қолдану;
3. Үй жұмысында жіберілген қателіктерді түзету;
4. Білімдегі типтік қателіктерді анықтау және олардың пайда болу
себептерін білу.
Үй тапсырмасын тексеру және бағалау педагогикалық
процестің басқа факторларымен бірге оқушыларды
оқуға ынталандырып, оқу үшін оған барлық күш-
жігерін, қабілетін жұмасайды.
Жаңа материалды белсенді және саналы
қабылдауға әзірлену кезеңі:
Оқушылардың танымдық қызметін
ұйымдастыру, оған бағыт беру жаңа
материалды меңгертуге әзірлеу .
Кезеңнің мазмұны:
-Жаңа оқу материалының таырыбын
хабарлау;
- Оқушылардың алдына оқу мәселелерін
қою, әрбір оқушының оқу процесінде
орындалатын жұмыстарының мақсатын
білу.
Жаңа білімді меңгерту кезеңі:
Оқу-тәрбиелік міндеттері:
Факт, құбылыс, ереже, принцип, заңдар туралы
нақты мәлімет қалыптастыру.
Кезеңнің мазмұны:
-Зейінді ұйымдастыру;
- Мұғалімнің жаңа оқу материалын
қабылдауын, түсінуін ұйымдастыру;
- Жаңа материалды оқушының өзі оқып
үйреніп меңгеретін іс-әрекетке баулу;
- Оқыту процесінің негізгі қызметкері өзінің
оқуына, сөзі мен ісіне бірден-бір жауапты
адам оқушы болатын жағдаятты жасау.
Жаңа білімді пысықтау, қорыту кезеңі
Кезеңнің мазмұны:Оқушы материалды түсінгенде ғана
жадында жақсы сақтап қалады; Оқыған материалды
бекіту- маңызды кезең.
-материалмен өз бетімен жұмыс істеуге керекті білім және
іскерліктерді оқушылардың жадында бекіту барысында
материалды терең түсінуіне жағдай жасау;
- Білімдер мен іскерліктерді бекіту;
- Меңгерген білімдерімен қатар, жаңа ұғымдарды қалай
түсінгенін байқау;
- Білімге сәйкес келетін дағдылар мен іскерліктерді бекіту;
Үй тапсырмасын орындау жөнінде
нұсқаулар беру кезеңі
• Оқу-тәрбиелік міндеттері: үй тапсырмасын оқушыларға хабарлау, оны орындау
әдістемесін, орындаудың қажеттілігін, міндеттілігін оқушыларға түсіндіру.
• Кезеңнің мазмұны:
• сабақтың қорытындысын шығару;
• оқушыларды үй тапсырмаларын орындауға ынталандыру: оқушының
білімге құмарлығын ояту (мәселені қызықты етіп қою); борыш сезімін ояту,
баланың икемділіктері, талап тілектерін ескеру;
• үй тапсырмаларын орындау жөнінде толық, бірақ қысқа нұсқау беру. Оқу
материалын бекітуге, оқушылардың жеке қабілеттерін дамытуға көмектесетін
тапсырмалар беру. Үйге берілетін тапсырманы оқушының қабілетін, әсіресе
дарынды балалардың қабілетін дамыту үшін қолданған дұрыс. Үй
тапсырмалары - оқушылардың оқуға қызығушылығын дамытудың,
адамгершілік сапаларын, дүниетанымын қалыптастырудың құралы.
Мұғалімнің үй тапсырмаларын дұрыс орындатуы үйдегі оқу жұмысының,
сабақтың сапасын жақсартады.
Оқушылардың білімін бағалау
Оқушылардың білімін бағалауға қойылатын талаптар:
• Білім, білік, іскерлік, дағдыны тексерудің әр түрлі
тәсілдерін қолдану;
• Бағаның әділ қойылуы;
• Оқушының өзін-өзі және басқаны бақылауы және
бағалауы;
• Бағалау-бақылау процесінің әрбір баланың оқу
үлгерімінің төмендеуіне, көңіл күйінің жақсы
болуына көмектесу;
Қазақстанда оқушылардың білімін бағалаудың жаңа
тәсілі енгізіледі
Бұл туралы Үкімет отырысында "Оқушылардың функционалды сауаттылығын
дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған Ұлттық іс-қимыл
жоспарының орындалу барысы туралы" баяндама жасаған ҚР Білім және
ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті.
• Функционалды сауаттылықты дамыту білім-түсіну-қолдану-жүйелеу және
жинақтау сияқты критерийлер бойынша оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа
тәсілдерін талап ететіндігін баса айтқан ол: "Біз мұндай жүйені әлемдік
тәжірибені жан-жақты зерттеу арқылы енгіземіз", - деді.
• Бұл орайда Б.Жұмағұлов қазіргі уақытта елімізде мектеп оқушыларының білім
деңгейін бағалауда қолданылып жүрген жүйедегі 5, 4 және 3 бағалары не үшін
қойылатындығы нақты анықталмағандығын баса айтты. "Сондықтан да біз
мектептердегі барлық сыныптар үшін барлық пәндерде әртүрлі деңгейдегі
бақылау тапсырмалары жүйесін құруды қолға алдық", - деді министр.
Кіріспе сабағы:
Кіріспе сабағының ерекшелігі, оқу бағдарламасын жаңа тақырыптарын
немесе тарауын оқып үйренуде қолданылады. Мұғалім тараудың
немесе тақырыптың оқу-тәрбиелік мәнін ашып береді, алдағы оларды
өткізу тәртібін оқушыларға түсіндіреді, ондағы жаңа оқу
материалдарының мазмұнын оқып үйренудің тәсілдерін көрсетеді.
Кіріспе сабағының құрылымы:
І Ұйымдастыру
ІІ Оқушыларға сабақтың мақсат-міндетін хабарлау
ІІІ Жаңа оқу материалын беру
ІҮ жаңа білімді пысықтау, бекіту
Ү Сабақты қорытындылау , бекіту
ҮІ Үйге тапсырма беру
Жаңа білімді хабарлау сабағы
Мақсаты - оқушыларға жаңа білім беру. Мұғалім оқушыларға жаңа оқу
материалын түсіндіріп, оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырып, білімдерін
тәжірибеде қолдануға үйретеді. Жаңа ұғымдар мен іс-әрекет тәсілдерін жақсы
меңгеру үшін оқушылар белсенді түрде жұмыс істеу керек.
Жаңа білімді меңгерту барысында мұғалімнің оқу материалын түсіндіруі
оқушылардың сабақ үстіндегі өздігінен істейтін жұмыстарымен ұласып отырады.
Жаңа материалды меңгерту сабағының құрылымы:
І Ұйымдастыру
ІІ Оқушыларға сабақтың мақсат-міндетін хабарлау
ІІІ Жаңа оқу материалын беру
ІҮ жаңа білімді пысықтау, бекіту
Ү Сабақты қорытындылау , бекіту
ҮІ Үйге тапсырма беру
ҮІІ Оқушылар білімін бағалау
Білім, білік, іскерлік, дағдыны бекіту сабағы
Алған білімді бекітпейінше, оны сапалы, әрі берік меңгеру мүмкін емес.
Сондықтан білімді бекіту сабағы құрылымы жағынан алуан түрлі
болып келеді.Мұғалімнің түсіндіруімен қатар, оқушылар тәжірибелік-
зертханалық жұмыстарында тәжірибе жүргізіп, көрнекі құралдарды
көрсету жұмыстары қоса атқарылады.Сабақтағы жұмыстардың алуан
түріне қарамастан, мұғалімнің сөзі жетекші рөл атқарады.
І Ұйымдастыру
ІІ Оқушыларға сабақтың мақсат-міндетін хабарлау
ІІІ Өткенді қайталау және пысықтау
ІҮ Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуі
Ү Сабақты қорытындылау , бекіту
ҮІ Үйге тапсырма беру
ҮІІ Оқушылар білімін бағалау.
Жаттығу- тәжірибе сабағының құрылымы:
І Ұйымдастыру
ІІ Оқушыларға сабақтың мақсат-міндетін
хабарлау
ІІІ Өткенді қайталау және пысықтау
ІҮ Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуі
Ү Сабақты қорытындылау , бекіту
ҮІ Үйге тапсырма беру
ҮІІ Оқушылар білімін бағалау.
Қайталау – қорыту сабағының құрылымы
Қайталау – қорыту сабақтың аса көп тараған түрі. Сабақтың мақсаты – өткен оқу
материалдарының ең негізгі түйінді мәселелерін қайталап пысықтауды,
оқушыларды өздігінен қортынды жасауды ұйретуді көздейді. Бұл сабақ
мұғалімнің аса жауапкершілікпен ұйымдастырылған тыңғылықты әзірлігін
қажет етеді. Қайталау сабағын әртүрлі тәсілдермен (ауызша, жазбаша,
графикалық, лабораториялық жұмыстары және саяхат жасау) ұйымдастыруға
болады. Мұғалім оқушылардың білімндегі басты жетістіктер мен
кемшіліктерді басымырақ көрсетіп, келешекте қандай мәселелерге көбірек
көңіл бөлуге назарын аударады.
Қайталап- қорыту сабағының құрылымы:
І Ұйымдастыру
ІІ Оқушыларға сабақтың мақсат-міндетін хабарлау
ІІІ Өткенді қайталау және пысықтау
ІҮ Білімді жинақтау, қорытындылар мен тұжырымдамалар жасау.
Ү Сабақты қорытындылау , бекіту
ҮІ Үйге тапсырма беру
ҮІІ Оқушылар білімін бағалау
Оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларын тексеру,
бақылау, түзету сабағы:
Бұл сабақтың көздейтін мақсаты – оқушылардың алған білімдері мен дағды
көлемін қандай дәрежеде екенін байқап, тексеру мен қатар оның сапасын
бағалау, кемшіліктерін түзету. Білімді тексеру және бағалау жұмыстары
күнделікті сабақтар барысында жүреді. Соның барысында оқушыларды оқу
материалын терең ұғынуға және меңгеруге мүмкіндік береді. Тексеру және
бағалау жұмыстарын жүйелі атқару оқушыларды тегіс қамтып, олардағы білім,
білік, дағдыны жетілдіреді.
Оқушылардың білім, білік, іскерлік және дағдыны тексеру, бақылау, түзету
сабағының құрылымы:
І Ұйымдастыру
ІІ Оқушыларға сабақтың мақсат-міндетін хабарлау
ІІІ Тексеру, бақылау жұмыстарын ұйымдастыру
ІҮ Оқушылардың өзіндік жұмыстары
Ү Сабақты қорытындылау , бекіту
ҮІ Оқушылардың білім, іскерлік және дағдыларын бағалау
Зертханалық – тәжірибелік сабақ
Сабақтың бұл түрі- бағдарламаны жақсы меңгеруді, дамыған
іскерлік пен дағдыларды талап етеді. Оқушылар аппараттармен,
приборлармен, өлшеуіш техникамен жұмыс істеп, тәжірибе
барысын жазады, талдайды, қорытынды жасайды.
Зертханалық – тәжірибелік сабағының құрылымы:
І Ұйымдастыру
ІІ Оқушыларға сабақтың мақсат-міндетін хабарлау
ІІІ Тексеру, бақылау жұмыстарын ұйымдастыру
ІҮ Оқушылардың өзіндік жұмыстары
Ү Сабақты қорытындылау , бекіту
ҮІ Оқушылардың білім, іскерлік және дағдыларын бағалау
Дәстүрлі емес сабақтар- пән аралық байланысты жетілдіру
мақсатына байланысты пайда болған.
• Интеграциялық ( кіріктірілген)сабақтар- мұндай сабақтарда бір
тақырыпты түрлі пәндерден беретін мұғалімдер оқытады.
• Панорамалық сабақтың негізгі мақсаты – озат мұғалімдердің
өзінің ұстаздық зертханасын ашып, сабақ беруі яғни әдістемесін
көпке тарату. Панорамалық сабақ арқылы бір тақырыпты өтуге
яғни бір сабақ арқылы оның көпжылғы игі тәжірибелерін көпке
танытады.
• Сайыс сабақ
• Аукцион сабақ
• Көңілді тапқыштар клубы
• “Жұлдызды сәт”
• “Брейн ринг” сабағы
• Шығармашылық сабақ
• Компьютерлік сабақ
Қазақстан Республикасында
білім беруді дамытудың
2011 – 2020 жылдарға арналған
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫнда:
2020 жылға қарай
Қазақстан – білімді мемлекет, ақылмен құрылған экономика жəне
біліктілігі
жоғары жұмыс күші. Білім берудің дамуы еліміздің болашақ
экономикалық,
саяси жəне əлеуметтік-мəдени өркендеуі сүйенетін тұғырнамасы болуы
тиіс.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz