Жеке кәсіпкерлік бастамаларды көтеу саласында мемлекеттік саясат саласының негізгі бағыттарын анықтайтын




Презентация қосу
ҚР шағын және орта бизнесті дамыту

Орындаған:Өмірзақ Әсе
Серікқызы
Тексерген:Доланбаева Нейля
Сейсеновна
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту
экономиканы болашақта орнықты дамытудың
міндетті талабы болып табылады.
Шағын және орта кәсіпкерлік
субъектілерінің рөлі экономикалық
тұрақсыздық пен турбуленттік
шарттарда дами бастайды.
Жылдамдық пен иілгіштік қабілеті
бар шағын және орта кәсіпкерлік
дағдарыстың салдарын қалпына
келтіретін стратегиялық ресурс бола
алатыны анық.
Шағын және орта кәсіпкерлік жаңа
жұмыс орындарын аша отырып, ірі
бизнестің тарылуы мен қысқарту
проблемаларын шешуге мүмкіндік
береді.
Жұмыстан босаған ірі компания
қызметкерлерін ШОБ секторының
есебінен әлеуметтік бейімдеумен
қамтамасыз етуге болады. Сонымен
қатар, ШОБ жаңа бос нарықтар мен
экономикалық өсімнің нүктелерін
қалыптастырады.
Қазіргі таңда Қазақстанда ШОБ секторын дамыту
бойынша жүйелі шаралар қабылданып жатыр.
Жеке кәсіпкерлік бастамаларды
көтеу саласында мемлекеттік
саясат саласының негізгі
бағыттарын анықтайтын
"Бизнестің жол картасы – 2020»
кәсіпкерлікті қолдау бірыңғай
бағдарламасы жұмыс істеп тұр.
Мемлекеттік және мемлекеттік
емес ұйымдардың тармақталған
жүйесі енгізілген
институционалды база құрылды.
Алайда, бір айтып өтерлігі,
сыртқы ортадағы күрделі
экономикалық конъюнктура мен
экономиканың өсім қарқынының
төмендеуі бизнесті дамыту мен
қолдау жүйелері
трансформациясының
қажеттілігін туындатты.
Бизнес ортаның сапалы және сапалы емес
параметрлерінен көрініс табатын іскерлік аура белсенді
кәсіпкерлікті анықтайтын фактор болып табылады.
Іскерлік ортаны зерттеу – кәсіпкерлікті
қолдау саясатының басты элементі.
Себебі, іскерлік ортаның тұрақсыздығы
мен болжамсыздығы – бүгінгі
инвестицияның құлауы мен ертеңгі өсім
екпінінің төмендеуін көрсетеді. Осыған
орай, бүгінде көптеген елдер ШОБ
субъектілерін қолдау мен дамыту
саласындағы саясаттың
басымдықтарын анықтау мақсатында
ксәпкерлік ортада, оның негізгі
сипаттамаларындағы өзгеріс
динамикасына сараптама жүргізу үшін
бизнес-барометр құрылғыларын
пайдаланады.
Іскерлік ортаның шарттарын анықтау
үшін түрлі құралдар қолданылады,
бірақ барынша талап етілгені компания
басшыларынан сауалнама алу болып
табылады. Әсіресе, бұл категория, өз
ісіне қатысты шешім қабылдай отырып,
ең алдымен бизнестің мүдделері мен
қажеттіліктерін ашып көрсетеді.
Осыған орай, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ШОБ дамыту
комитетінің хатшылығы Қазақстан республикасындағы іскерлік
аураның ахуалы туралы шұғыл ақпарат алу үшін ШОБ субъектілерін
арасында сауалнама жүргізеді.
Мұны кең көлемде ұйымдастыру
үшін «Астананың тұрақты даму
орталығы» ЖШС ӨКП
қызметкерлерін араластырмай-
ақ, орталық деңгейде
сауалнаманы жинау және
талдау үшін өзінің техникалық
мүмкіндіктерін ұсынды.
Орталықтың сайтында
Хатшылықтың қызметкерлері
әзірлеген сауалнама
орналастырылған.
Сауалнамамен танысу және оны
толтыру үшін төменде
көрсетілген сілтемелерге өте
қажет:
http://curs.kz/interview3/kz_index.
php
қазақ тілде
ҚР шағын және орта бизнесте
тіркелген салалар құрылымы
Бұл суретте Шағын және орта бизнестің тіркелген заңды
тұлғаларының салалық құрылымы бойынша көрсеткіштерді
көруімізге болады. 2017 жылдың қаңтарының соңында
Қазақстанда 800 мың ЖК (жеке кәсіпкерлік) саналған. Бұл –
елдегі шағын және орта кәсіпкерлердің көрсеткіші 69%-ды
құрайды . Өткен жылдан бері бұлар 15 пайызға азайған.
Соның ішінде жеке кәсіпкерліктің 47 пайызы сауда
саласында. 2015 жылдан бері шағын және орта бизнесті
қаржыландыру қарқын ала бастады. 2014 жылдан бері
банктердің берген несиесі 2,3 есеге артты. Өткен жылдың
қаңтар айымен салыстырғанда несие 29 пайыз ұлғайып, 3
трлн теңгеге жетті. Алайда тағы да Азия даму банкінің
мәлімдеуінше, шағын және орта бизнестің тек 19 пайызы
ғана несие алады екен. Ал қалғандарының қаржы көзін
кәсіпорын иесі өзі қарызданып жүріп қамтамасыз ететін
болып шықты. Оған себеп – бизнестің несие тарихының
нашарлығы немесе қажетті құжаттардың болмауы. Несие
негізінен сауда саласында (37%), құрылыс саласында (13%),
өнеркәсіпте (13%) және экономиканың негізгі секторына
кірмейтін өзге де салаларға беріледі. Қазақстанда еліміздің
жалпы ішкі өнімінің едәуір бөлігін – өз қызметінде қосымша
жұмыс күшін қажет етпейтін жаңа технологияларды қолдану
мүмкіншілігі бар ірі кәсіпорындар құрайды. Мысалы, тау-кен
өндірісі саласының кәсіпорындары капиталды қажет етеді
және еліміздің тұрғындарының жұмыспен қамтамасыз етілу
деңгейіне сәл ғана әсер етеді. Осы саладағы табыс –
жекелеген тұлғалардың шектеулі тобының қолында
шоғырланған, ал бұл – қоғамдағы әлеуметтік жіктелудің
күшеюіне апарып соқтырады. «Голландиялық сырқаттың»
кейбір белгілері мен ресурстық қарғыс нышандарының
белгілі бір деңгейде орын алып отырғандығын атап өтуге
болады
Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасының
өз алдына қойып отырған міндеттерінің бірі-
шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту.
Шағын және орта бизнесті дамыту экономикалық өрлеудің және әлеуметтік-саяси
жаңғыртудың басты құралы ретінде көрініс табуда. Әсіресе, жеке меншіктің нақты
өмірге жүзеге асуы және орта таптың қалыптасуының материалдық негізі ретінде
үлкен рөл атқарады. Демек, шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі
мемлекетімізде артқан сайын еліміз көркейіп, халықтың әлеуметтік-экономикалық
жағдайы да жақсаруы үстінде. Сонымен бірге, шағын және орта кәсіпкерлік –
экономиканың тиімді әрі нәтижелі секторы. Шағын және орта кәсіпкерлік
жұмыссыздықты жоюда, нарыққа қажетті тауарларды жеткізуде, жеке өндірушілердің
монополиясын шектеуде және экономиканы тұрақтандыруда шешуші фактор болып
табылады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев
«Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына
Жолдауында атап өткендей [1], бізде шағын және орта бизнестің 800 мыңнан астам
субъектісі бар, онда 2,4 миллионнан астам қазақстандық еңбек етеді. Бұл сектордағы
өнім көлемі төрт жылда 1,6 есе өсті және 8,3 млрд. теңгені құрап отыр. Шағын және
орта бизнес 2050 жылға қарай Қазақстанның ішкі жалпы өнімінің қазіргі 20% орнына
кемінде 50% өндіретін болады. Еңбек өнімділігін 5 есеге- қазіргі 24,5 мыңнан 126 мың
долларға дейін арттыру керек» деп шағын және орта кәсіпкерліктің маңызын атап
көрсетті. Осы орайда елімізде көптеген шаралар жүзеге асуда.
Олардың қатарында:
- шағын және орта кәсіпкерлік еліміздегі жұмыссыздықты азайтудың негізгі нысаны.
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарлама жүзеге асқалы бері, елді- мекен
тұрғындарының табысы 6% артты. Кедейшілік деңгейі 5,9% дан 3,8%- ға қысқарды. -
Мемлекет тарапынан қаржы-несиелік және инвестициялық климат жасалып, шағын
және орта кәсіпкерлікке қаржы-несиелік және инвестициялық тұрғыдан қолдау
жүргізілуде. - Шағын және орта кәсіпкерлікті жетілдіру жолында «Даму» кәсіпкерлікті
дамыту қоры қызмет атқарып жатыр. - Ауылдық жерлерде шағын және орта
кәсіпкерлікті дамытуға көңіл бөлінуде. Бұл шараларды «Ауыл шаруашылықты
қаржылық қолдау қоры» АҚ, «Казагрофинанс» АҚ, «Продкорпорация» АҚ жүзеге
Назарларыңызға
рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Реактивті кадр саясаты
Бюджеттік процесс және оны ұйымдастыру
Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты
Кәсіпкерлік қызметті Кәсіпкерлік қызметті қолдау бағдарламасы қолдау бағдарламасы
Қазақстанның мәдени саясаты
БАҒДАРЛАМАНЫҢ БОЛАШАҒЫ
МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ
Шағын және орта бизнес
Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің орны, тарихи түрлері, ұғымы белгілері
Экономиканы мемлекеттік реттеудің құралдары
Пәндер