Кәсіпкерліктің мәні және шығу тарихы
Презентация қосу
Кәсіпкерлік
Орындаған:Өмірзақ Әсем Серікқызы
Тексерген:Доланбаева Нейля
Сейсеновна
Кәсіпкерлік-тәуекелге бел буып жасалынатын
экономикалық әрекет, тауарларды өндіру және сатудан, іс-
шарадан,көрсетілген қызметтерден, істелген жұмыстардан
жүйелі пайда алуға бағытталған дербес қызмет.
Кәсіпкерліктің мәні және
шығу тарихы
• Экономиканың дамуының барлық даму сатыларындағы негізгі тізбек кәсіпорын болып табылады.
Өйткені кәсіпорында жұмыскердің өндіріс құралдары мен тікелей байланысы анық көрінеді. Жеке
өнеркәсіптік кәсіпорын дегеніміз өндірістік- техникалық бірлігі бар,ұйымдастыру- әкімшілік және
шаруашылық тұрғыда тәуелсіз өндірістік бірлік болып табылады.Кәсіпорын өз ісін жүзеге асыра алады,
салық және басқа төлемдерді төлегеннен кейін тапқан пайдасын, шығарылған өнімді керегінше
жұмсай алады.
• Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпкерді ең басты тұлға деп тану керек. Кәсіпкердің статусы,
кәіпорын мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ғана бекітіледі.Кәсіпкерлік істің субъектісі
ретінде жеке тұлға да және азаматтардың бірлестігі де бола алатынын айта кету керек.
• Нәтижеде кәсіпорын деп, жеке кәсіпкер немесе кәсіпкерлердің бірлестігі құрған, қоғамдық
тұтынушылықты қанағаттандыру және пайда табу мақсатымен өнім өндіретін, жұмыс атқаратын,
қызмет көрсететін жеке шаруашылық субъектісі деп тұжырым жасауға болады.Жоғарыда айтылып
кеткендей кәсіпорын ісінің мақсаты-қоғамдық тұтынушылықты қанағаттандыру және пайда
табу .Кеңес одағы кезінде, кәсіпорындардың негізгі мақсаты - қоғамдық тұтынушылықты
қанағаттандыру болатын.Қазіргі нарықтық экономикаға өту кезінде, осы мақсатты алып тастап, пайда
табуды ғана мақсат етіп қоюға бола ма?
• Біздің,ойымызша жоқ.
• Шындығында, кәсіпкерліктің негізгі мақсаты - пайда табу, бірақ жетілген нарықтық қатынастар
жоғарыда айтылған екі мақсаттың үйлесімді болуын талап етеді.Әрине,бизнес-кәсіпкерлердің
экономикалық ісі, олардың үлкен көлемде пайда түсіру өнері мен мүмкіндігі, тиімділіктің жоғары
болуын қамтамасыз етуі деген мағынаны білдіреді. Сонымен қатар, нарықты экономика жағдайындағы
бизнестің дамуы тұтыну нарығының тауар мен қызмет түрлері және оның толығуына әсер етеді,
экономиканың құрылымдық дамуын жандандырады, ғылыми- техникалық жетістіктердің енгізілуіне
себепші болумен бірге, өндірістің тиімділігінің жан-жақты жоғарылауына ықпал жасайды.
Кәсіпкерліктің дамуы үшін қажетті
негізгі экономикалық, әлеуметтік
құқықтық жағдайлары.
• Кәсіпкерлікті қалыптастыру үшін керекті анықталатын жағдайлар: экономикалық,
әлеуметтік және құқықтық т.б.
• Экономикалық жағдай – бұл бірінші кезекте тауарға ұсыныс және оларға сұраныс; сатып
алушылардың сатып алатын тауар түрлері; сатып алуға жұмсалатын ақша құралдарының
көлемі; еңбек ақы деңгейіне әсер ететін жұмыс орындары, жұмысшы күшінің
артықшылығы немесе жетіспеушілігі және олардың тауарды сатып алу мүмкіндігі.
• Жалпы экономикалық жағдайға ақша ресурстарының болуы, оларды алудың ыңғайлы
жолы, инвестицияланған капиталдың кіріс деңгейі, қарызға алынған құралдардың
шамасы елеулі әсерлерін тигізеді.
• Мұның барлығымен нарық инфрақұрылымын құрайтын әртүрлі ұйымдар айналысады.
Олардың көмегімен кәсіпкерлер іскерлік қарым-қатынастармен коммерциялық
операцияларды жүргізеді. Оларға банктер (қаржылық қызмет көрсету), жабдықтаушылар
(шикізатпен, материалмен жабдықтау бұйымдарымен, энергиямен, машина және
қондырғылармен, құралдармен және т.б. қамтамасыз ету), көтерме және жеке сауда
жасаушылар (тауарды тұтынушыға жеткізу қызметін көрсету), мамандандырылған
фирмалар мен мекемелер (құқықтық, бухгалтерлік, делдалдық қызмет көрсету), жұмысқа
орналастыру агенттіктері (жұмысшы күшін таңдау қызметін көрсету), оқу орындары
жұмысшы мен маман-қызметкерлерді дайындау), т.б. агенттіктер (жарнамалық, көлік,
сақтандыру), байланыс құралдары мен ақпаратты жеткізу жатады.
Кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеудің керектігін негіздей
отырып, Ф.Котлер осы заңдардың пайда болуын үш негізгі
себептің әсер етуімен түсіндіреді:
• Фирмаларды бір-бірінен қорғаудың керектігі. «Кәсіпкерлердің барлығы
бәсекелестікті бір кісідей жақтайды, бірақ өз мүддесі туралы сөз болғанда оларды барлығы
да бәсекелестікті бейтарап қалдыруға тырысады» (Ф.Котлер, 168-бет). Сондықтан
бәсекелестік арасындағы заңсыздыққа жол бермеу заңдары қабылданады.
• Тұтынушыларды арам ниетті іскерлік практикадан қорғаудың
қажеттілігі. Сондықтан бақылаусыз қалған фирмалардың нашар тауарларды шығаруына,
жарнамаларда жалған ақпарат беруіне, әдемі қораптаумен және баға деңгейімен
шатастыруына қарсы заң шығарылды.
• Қоғам мүддесін кәсіпкердің жеке мүддесінен жоғары ұстау. Ф.Котлер бұл жағдайда
«кәсіпкерлік іс кейбір жағдайларда өмір деңгейінің жоғарылауын қамтамасыз ете
алмайды», - деп өте жұмсақтап атап кетті.
• Нарықтық қатынастарға өту барысында Қазақстанда «кәсіпкерлердің жүгенсіздігі» жиі
көрінеді. Қазақстан Республикасында заңдар жүйесі енді қалыптасып келеді.
• Нарықтық экономика, оның жағымды қасиеттеріне қарамастан, қоғамның және әрбір
азаматтың мүддесіне сай экономикалық және әлеуметтік процестерді реттей алмайды. Ол
кірістің әлеуметтік тұрғыда дұрыс бөлінуін қамтамасыз етпейді, еңбек ету құқығына
кепілдік бермейді, халықтың әлеуметтік деңгейі төмен бөлігін қолдай алмаумен бірге
нарықтық экономика көптеген басқа да өзекті проблемаларды шеше алмайды.
• Осындай жағдайлардан туындаған кәсіпкерлік мәселелерді реттей отырып, мемлекеттің
бір бағытта айналысуы қажет. Басқа дамыған Батыс елдерімен салыстырғанда, Қазақстан
бұл процесті тез арада жүзеге асыруы тиіс.
Тарихи қолданысы
• Кәсіпкер- (entrepreneur ) француз тілінен енген
сөз. ол алғаш рет 1723 жылы қолданылды. қазіргі
таңда «кәсіпкер» жаңа кәсіпорынды басқару
қабілетімен бастама және инновация енгізеді деп
анықталады. әйгілі экономист роберт рейчтің
айтуы бойынша, тим-билдинг, көшбасшылық
және басқару қабілет кәсіпкерге ең керек
қабілеттер. кәсіпкерлікті зерттеу тарихы 17
ғасырдың соңы мен 18 ғасырдың басында
классикалық экономиканың құрылтайшылары
ричард кантилион мен адам смиттің жүргізіген
зерттеулерінен басталады.
Кәсіпорын пен шағын бизнестің айырмашылығы
• «Кәсіпорын» термині «шағын бизнес
• » терминімен жиі шатастырылады немесе өзара алмастырып
қолданылады. Кәсіпорындардың көбісі шағын бизнестен басталса,
шағын бизнестер кәсіпорынға теңесе бермейді. Көптеген шағын
бизнестер тек иесінің ғана қолында болады немесе қызметкерлер
саны аз болып келеді және осындай шағын бизнестердің біршама
бөлігі нарықта бар өнімді, процесті немесе қыметті ұсынады және
әрі қарай өсуге мақсат етпейді. Алайда, кәсіпорындар
инновациялық өнімді, процесті немесе қызметті ұсынады және
әдетте компанияны кеңейту мақсатында қызметкерлер санын
көбейтеді, халықаралық нарыққа шығады және венчурлық
капиталмен немесе періште инвесторлар арқылы
қаржыландырылады. Табысты кәсіпорындардың бизнесті тиісті
жоспарлау, ортаға бейімделу және әлсіз және күшті қабілеттерін
түсіну арқылы оң бағытта жүргізу қабілеті бар.
Назарларыңызға
рахмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz