Аудиттің компоненттері, принциптері және постулаттары


Slide 1

Тақырып4. Аудиттің компоненттері, принциптері және концепциялары.

Slide 2

Аудиттің көкейтесті мәселелерінің бірі - оның постулаттарын зерделеу болып табылады. Кең мағынасындағы постулат - бұл басқаша дәлелденбейінше, жоққа шығарылмайынша ақиқат ретінде қабылданатын аксиомалық ережелер.

Постулаттардың көмегімен аудиторлық стандарттардың мазмұнын танып білуге болады. Постулаттар ғылым және ғылыми тәртіп жүйесінің негізінде жатады. Олар кез келген ғылыми теорияның дамуы үшін одан кейінгі логикалық құрылымды жасау базасына керекті бастапқы алғышарт пен болжаулар болып табылады.

Slide 3

Әр түрлі ғалымдар мен маман - практиктердің көзқарастарын жан-жақты зерделеу арқылы ғылыми негізделген постулаттар болып мыналар саналады:

1. Қаржылық есеп берулер мен қаржы мәліметтері тексерілуі мүмкін.

2. Мүдделердің қайшы келіп қалу ықтималдығы.

3. Верификацияның (қандай да бір нәрсенің дұрыстығын тексеру) мүмкіндігі.

4. Есептеме дұрыс жасалмаған.

5. Егер қаржылық ақпаратты тексеру тәуелсіз пікір білдіру мақсатында орындалса, онда аудитордың қызметі оның өкілеттігімен реттемеленеді.

6. Қате қорытынды жіберіп алудан ешкім де тыс емес.

7. Аудитордың пікірі оның мүдделеріне тәуелді.

8. Есеп беру мәліметтерінің обьективтілігі ішкі бақылаудың тиімділігіне тікелей пропорциональды.

9. Әрбір тізбекті тексеру өткен шақтағы тексерулердің құндылығын кемітуі және әрдайым ақпараттылығы аз болады.

10. Аудитордың әрбір пайымдауы белгілі бір деңгейде иландырады.

11. Бұрынғы (алдыңғы) ақпараттың құндылығы.

12. Жалпы қабылданған бухгалтерлік принциптерді ұдайы сақтау

Slide 4

Аудиттің маңызын анықтау шеңберінде олар төмендегідей негізгі компоненттердің қажеттілігін анықтау қажет. Оларға жататындар :

1. Шаруашылық жүргізуші субъектілер

2. Ақпараттар

3. Аудиторлардың кәсіби мамандылығы

4. Материалдарды жинау және оларды бағалау

5. Стандарттар мен критериялар(белгілер)

Slide 5

Бірінші компонент - бұл экономикалық объект. Аудиторлық қызметті жүргізудің қажетті шарты оның аясы туралы айқын түсінік болып табылады. Ол белгілі бір уақыт аралығында, айталық, компанияның жылдық есеп беруіне аудит жүргізгенде немесе ішкі аудитте, сондай-ақ экономикалық объект болып табылмайтын ақпараттық жүйедегі аудитте нақты шаруашылық жүргізуші субъектілердің параметрлерімен анықталады.

Екінші компонент - өндірістік жағдай мен ақпарат. Аудиттің көптеген түрі шаруашылық жүргізуші субъектілердің басшылығымен дайындалған ақпаратты бағалайды. Аудитор ақпараттың дұрыстығын талдайды. Оның міндетіне есеп берулерге тек түсінік беру ғана емес, сондай-ақ тікелей олардың өзі жаңа ақпарат алуында.

Үшінші компонент - бұл аудиті жүзеге асырушы тұлғаның біліктілігі. Аудитор ең алдымен өз ісінің құзыретті маманы болуы, яғни тиісті фактілерді жинай білуі керек және осы фактілерді бағалайтын өлшемдерді жете ұғуы қажет. Одан тәртіптің белгілі бір нормаларын, атап айтқанда, өз ісінің тәуелсіздігін сақтап, қысым көрсетушілікке қарсы тұра білу керек.

Slide 6

Аудиттің төртінші компонентіне техникалық тұрғыда аудиторлық қызметтің негізгі мазмұны болып табылатын фактілерді алу мен бағалау жатады. Фактісіз қандай да бір аудиторлық есеп беру ұтымды жүргізілген зерттеудің нәтижесі ретінде қабылданбайды.

Бесінші компонент ретінде аудит мазмұны туралы ақпаратқа немесе функциялауға қатысты жиналған фактілер негізінде белгіленген критерийлер алдыға шығады. Бұл фактілерді белгіленген стандартқа немесе жалпы қабылданған критерийлерге сәйкес бағалау қажет.

Аудиттің алтыншы компоненті - аудиторлық есеп беруді жасау. Аудитор осы арқылы тексеру барысында ашылған жағдайлар туралы, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін оңтайландыру бойынша ұсынған шаралары мен айтқан ескертпелері туралы хабарлайды.

Slide 7

Аудиттің мазмұнын анықтамалар арқылы қарастырғаннан кейін оның негізгі түсінікті болған сияқты. Сонымен қатар, аудиттің мазмұнын одан әрі тереңде қарастыру мақсатымен біз мына үш түсініктеме бердік.

Аудиторлық- кәсіпкер, табыс табу үшін кәсіпорындарға қызмет көрсетеді.

Шаруашылық субъектісі кәсіпорының, оғанаудитор қорытындысы керек.

Мемлекет, кәсіпорындардың жақсы жұмыс жүргізіп табысты болғанын қалайды, себебі олар салық төлейді.


Ұқсас жұмыстар
Аудиттің анықтамасы, түрлері, халықаралық стандарттары және Қазақстандағы дамуы
Білім беру мазмұнының компоненттері, түрлері және дидактикалық принциптері
Тұтас педагогикалық үдеріс: мәні, құрылымдық компоненттері, принциптері мен заңдылықтары
Аудиттің тарихы, пәні және Қазақстандағы нормативтік-құқықтық реттеу
Аудиттің қалыптасуы мен дамуы: тарихи және Қазақстандық аспектілер
Сутегі тектес атомдар үшін Бор теориясы мен постулаттары: сабақ жоспары
Гемагглютинация және гемагглютинацияны тежеу реакциялары: принциптері, компоненттері және диагностикалық әдістемесі
Табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық тетіктері: қаржыландыру, салықтар және экологиялық аудиттің құқықтық негіздері
Тұтас педагогикалық үдеріс: компоненттері, құрылымы және заңдылықтары
Сүйек тінінің минералды компоненттері мен химиялық құрамы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz