Бауырдың созылмалы аурулары



Өт шығару жолдарының ауруларымен балаларда диспансерлік бақылауды ұйымдастыру Қабылдаған:Аринова А. Н Орындаған: Ибадуллаева А. Х Факультет: ЖМ Тобы: 407-1
С. Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С. Д. АСФЕНДИЯРОВА

Жоспары
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
Өт қуығының балалардағы анатомиялық ерекшеліктері
Биллиарлық жолдың дискензиясы
Қабынулары
Өт-тас ауруы
ІІІ. Қорытынды

Кіріспе
Өт шығару жолдарының ауруларына өт, бауырдан тыс және бауырішілік өт өзектерінің түрлі кеселдері жатады.
Аурулардың 1-14 жас арасындағы таралымы 53, 1%, жиірек қыздарда(6-10жас) кездеседі.
Жиі кездесетіндері өт жолдары маторикасының функционалдық бұзылыстары, қабынулары(холецистит, холангит) және аномалиялары- сиректеу 16-27, 5% . Соңғы кезде өт-тас ауруының жиілігі артуда. Билиарлық жүйенің ісіктері балаларда сирек кездеседі.

Өт қуығының балалардағы анатомиялық ерекшеліктері
Жаңа туылған балаларда өт қабы бауырмен жабылып тұратынды. Ол цилиндр немесе алмұрт тәрізді, сиректеу ұршық немесе S тәрізді болады. Соңғы түрі бауыр артериясының өзіндік қалпына байланысты. Баланың жасына сай өт қабының мөлшері арта түседі.
Жаңа туылған баланың денесінің орталық жазықтығы өт қабы жазықтығымен үшкір бұрыш құрайды, ал ересек адамдарда ол параллель жатады. Жаңа туылған балада өт қабының түбі жан-жағынан денесі және мойны үш жағынан іш пердесімен жабылған. Өт қабының түбі ащы ішекпен түйісіп жатса мойны 2 елі ішектің жоғарғы көлденең бөлігінің алдыңғы бетін қиып өтеді.

Жаңа туылған балаларда өт қабы өзегінің ұзындығы әртүрлі, әдетте жалпы өт өзегінен ұзынырақ болады. Өт қабының өзегі бауыр-ұлтабар жалғамасының бас қырын бойлап жатады да, бүгіліс құрайды. Осыған орай, кейде жоғары және төмен бөліктерге бөледі. Өт қабы өзегі бауыр өзегімен қосылып жалпы өт өзегін құрайды, оның ұзындығы әртүрлі болады. Жаға туылған балалардың өзінде 5-18мм деңгейінде болады. Жасы артқан сайын ұзара түседі.


Өт шығару жолдарының ауруларының жіктелуі
І. Функционалдық бұзылыстар:
а) дискенезиялар
гипотония, гипокинезия;
гипертония, гиперкинезия;
аралас( не диссоциацияланған)
б) өт дискенезиясы
ІІ. Механикалық бұзылыстар:
аномалиялар;
лимфа түйіндерінің гиперплазиясы;
микрокалькулез ;
холестаз синдромы.
ІІІ. Қабыну аурулары (обструкциямен және обструкциясыз)
Холецистит
Холангит
Холецистохолангит.

ІV. Үлкен дуоденалдық үрпі және жалпы запыран өзегі (жалпы холо-өттік өзегі маңы) аурулары:
а) функционалдық:
Гипотония
Гипертония
б) қабынулық
в) обструкциялық
V. Өт-тас ауруы
VI. синдром
VII. Паразитарлық аурулар( аскаридоз, описторхоз, эхинококкоз, фасциолез, клонорхоз) .
VIII. Ісіктік
IX . Жарақаттық

Биллиарлық жолдың дискензиясы
Өт қуығының және өт жолдарының жиырылу бұызылысының әсерінен және де Одди сфинктерінің қызметінің ақауы әсерінен өттің дұрыс бөлінбеуімен сипатталатын ауру.
Этиологиясы:
Әртүрлі генезді нейроциркуляторлық дисфункция;
Басынан өткерген врусты гепатит;
вегетативті дискенезия және азқимылды өмір салты;
Невроздар;
Тағамдық аллергия;
Асқазан-ішек жолының созылмалы аурулары;
Асқазан-ішек жолының паразитоздары, лямблиоз;
Тұқым қуалаушылық биімділігі, бірақ ол көбінесе отбасының тамақтаны режимімен байланысты.

Патогенезі:
Өт жолы маторикасының бұзылысан алып келетін екі негізгі фактор:
Гепатоциттің функциялық бұзылысы, осыдан - дисхолия
Өт шығару жолдарының бұлшықет қабатының нервтік регуляциясы бұзылысы орталық (нейроциркуляторлық дисфункция, невроздар) және перифериялық (асқазан-ішек жолдары дерттерінде интерорецепторлардан вицеро-вицеральды рефлекс типінде) генезбен.
- Дискенезияға энтералдық гормондар (холецистокинин, мотилин т. б) түзілісі бұзылысының де әсері бар.

Клиникалық көріністері
Науқастарда көбіне нейроциркуляторлық дисфункция белгілері анық: шаршағыштық, ашушаңдық, жылауықтық, қызбалық, бас ауруы, жүрек қағуы, тершеңдік.
Бала оң қабырға доғасы асты, эпигастрий маңының ауыратынына шағымданады.
Гипертониялы дискенезияда ауыру сезімі ұстамалы, өткір, бірақ қысқа мерзімді.
Гипотониялық дис-да ауыру сезім тұйық, сыздап, оң қабырға доғасы астын керетін тәрізді; көбіне жүрек қағуы, тәбет төмендеуі және кекірумен қатар жүреді.

Балаға өт дискенезиясы диагнозын қою алгоритмі (Нижний Новгород, 1999)
Анамнез
Аурудың басталуы біртіндеп
Ағымы созылмалы
Аурудың байланысы жоқ: вегетативті дисфункция, нервті эмоционалдық бұзылыстар, өт дамуының аномалиялары; инфекция, диета, дисгормоналды бұзылыстар.
Тұқым қуалау биімділігі
Шағымдары
Өт функциясы дискоорднициясына байланысты:
Оң қабырға асты доғасындағы ауру сезімі арқа, оң жауырынға беріледі(қысұа мерзімді, ұстамалы, кесіп шаншу тәрізді)
Өт бұлшықеті гипофункциясында:
тұйық, сыздаған ауыру сезімі оң қабырға доғасы астында;
Ұзақ мерзімді
Клиника
Кер, Ортнер ж. б. симптомдарының оң болуы мүмкін
Лабораториялық мәліметтер
Запыранды микроскоппен тексеру(шырыш көп емес, холестерин кристалдары, микробар)
Запыранды биохимиялық тексеру:
Өт қышқылдары мөлшері ↑
Урокиназа белсенділігі↓
Гситидаза белсенділігі↑

Аспаптық зерттеулер
Фракционды дуоденалды зерттеулер:
Гипермоторлы дискенезия (В мөлшері төмен не қалыпта; өт рефлексі жоғары, босауы жоғары)
Гипомоторлы дискенезия (В мөлшері жоғары, өт рефлексі қалыпта, босауы төмен)
Эхография:
Гипермоторлы дискенезия(өттің жиырылуы >60% 40минутта
Гипомоторлы дсикенезия( өттің жиырылуы <50% 40 минутта), өзектер спазмы (өттің жиырылуы 10-20минутта), өттің даму аномалиялары;
Ажырату диагнозы
12 елі ішектің ойық жарасы;
Созылмалы гастродуоденит;
Созылмалы холецистит

Өт дискенезияларының негізгі формаларының ем нобайы (А. В. Мазурин)
Емдік шаралар
Гипотоникалы-гипокинетикалық
Гипертоникалы- гиперкинетикалық
Диета
Певзнер бойынша №5.
Өсімдік талшықтары жеткілікті(17, 2 г/кг/тәул), жеміс-жидтер
Певзнер бойынша №5, 5а.
Механикалық, химиялық, тағамдық тітіркендіргіштер мен майларды шектеу.
Нейро- троптық дәрілер
Белсендіру әсері басым адаптогендер: кофеин, элеутерококк, пантокрин, женьшень, алоэ экстракты, прокинетиктер - домперидон(мотилиум), метаклопромид(церукал) .
Седативтік әсері басым: кіші транквилизаторлар, новокаин (12 елі ішек ішінеде)
Спазмолитиктер
Көрсеткіші жоқ, керек емес
Кқрсеткіштері бар: папаверин, но-шпа, ганглиоблокаторлар.
Физиоем
Тонус көтеру типті: фарадизация, гальванизация, ДДТ, балшық басу, электроұйқы
Седативті типті: электрофорез, (новокаин, папаверин, магний сульфаты), Щербак гальвандық “жағасы”

Созылмалы холецистит
- Өт пен өт шығару жолдарындағы созылмалы қабыну процесі. Ылғи да екіншілік, дамуы дисхолия, дискинезия, өт жолдарының іштен біткен аномалиялары не жүре пайда болған патологиядан. Балалардағы жиіліг 10-12%.
Этиологиясы:
Өт қабының инфекциялық( бактериалдық, вирустық, паразитарлық) немесе инфекциялық емес(асқазан және ұйқы безі сөлінің дуоденобилиарлық рефлюксі, атопиялық диатез) қабынуы;


Клиникалық көріністері:
әлсіздік, тез шаршағыштық, ашушаңдық, бас ауруы, субфебрилитет, тершеңдік, жүрек айнуы ауызға ащы дәм келуі, тәбет төмендеуі, сирек-құсу, кекірік, іш қату немесе тұрақсыз нәжіс, дерматит.
Ең жиі белгісі: іш ауруы - сыздап, тұйық, іш тұсын басқанда ауыру сезімі(суық, майлы, қуырған, ащы тағам ішкеннен соң 20-30мин өткен соң басталады. ) Ауыру ауық- ауық ұстамалы кейіпте, шаншу, жырту не кесу сезімімен, жарты сағаттан бірнеше сағатқа созылуы ықтимал. Ауыру орны түрліше: науқастардың 50%-да - оң қабырға доға асты, 30% да - эпигастрий, кейбір балада белгісіз. Ауыру сезімі 2-3 сағаттан кейін тиылады.
Объективті тексеруде: бауырдың шамалы ұлғаюы, тері құқылдығы, токсикоз белгілері, тахи- және брадикардия, пульс лябильдігі, функционладық шу т. б
Объективті симптомдар: Кер, Ортнер, Мерфи, Греков-Ортнер, Лепине, Мендель, Шоффар т. б оң болады.

Балаға СХ диагнозын қою алгоритмі (Нижний Новгород, 1999)
Анамнез
Кеселдің басталуы біртіндеп,
Ағымы созылмалы не толқынды,
Аурудың байланысы: өт дамуының аномалиясызапыран жолдарының дискинезиясы, инфекция, диета бұзылысы, вегетативті дисфункция, нервті-эмоционалды бұзылыстар,
Тұқым қуалау биімділігі
Шағымдары
Іш ауруы, жиі оң қабырға доғасы асты(тұйық, күшті, ұстамалы)
Ауыру синдромының байланысы: диета бұзылыстары, физикалық жүктеме, психо-эмоционалдық бұзылыстар, итеркуррентті аурулар;
Ауру сезімінің оң қабырға доға асты, иық, жауырынға берілуі
Клиника
Өт симптомдары оң(Кер, Ортнер, Мерфи) дейін
Оң қабырға доғасы астында іш еті қарсылығы
Токсикоз белгілері
Аурудың өршуінде қызыну(болуы мүмкін)
Лабораториялық мәлімет тер
ЖҚА мүмкін: ЭТЖ жоғарылауы, өршу кезінде нейтрофильді лейкоцитоз
Қан биохимиясында: -диспротеинемия(↑α1, α2, β, γ-глобулиндер)
Сілтілі фосфатаза↑, тимол сынағы↑, фибриноген↑, С-РБ(+, ++) ↑
аминотрансферазалар↑, билирубин↑, липопротеидтер↑
Запыран биохимиясы:
Билирубин концентрациясы төмен, өт ұышқылдары концентрациясы төмен, сілтілі фосфатаза төмен.

Аспаптық мәліметтер
Фракциялық дуоденалды зондылау;
Эхография:
өт қабаттары мен запыран жолдарының тығыздануы, қатаюы;
Өт эхогендігінің күшеюі
Шырыш үлпектері
Холецистография:
деформациялар, өт дамуының аномалиялары;
Концентрациялау қабілетінің төмендеуі(ІІ-ІV - дәреже)
:
Үлкен дуоденалдық үрпінің берішті стриктурасы, үлкен дуоденалды үрпінің жеткіліксіздігі
Ажарату диагнозы
12 елі ішектің ойық жара ауруы;
Асқазанның ойық жара ауруы
Созылмалы панкреатит,
Өт дискинезиясы
Созылмалы гастродуоденит

СХ өршуін стационарда емдеген жөн(2-4апта), рецидивке қарсы емді амбулатория жағдайында 1 ай бойы мына кесте бойынша емдейді.
Емдік шаралар
Өршу кезеңі
Рецидивке қарсы
Қозғалыс режимі
3-5күн төсектік сосын жалпы ауруханалық
Жаттығулық
Диета
Певзнер бойынша №5
Физиологиялық
Өт айдаушылар
Синтезі химиялық фитокомплекстер
Фито-комплекстер
Дәрілер
Поливитаминдер
Поливитаминдер
Емнің физикалық тәсілдері
Диатермия, УВЧ тоғы, папаверин, магний сульфаты, новокаинмен электрофорез бауыр аймағына, ультрадыбыс көрсеткіштеріне қарай
ЕФК(ЛФК), уқалау(массаж), балшық емі, арасандар
Седативтілер
Көрсеткіштеріне қарай
Көрсеткіштеріне қарай
Паразиттерге қарсы
дәрілер
Көрсеткіштеріне қарай
Көрсеткіштеріне қарай
Созылмалы инфекция ошақтарын сауықтыру
Көрсеткіштеріне қарай
Көрсеткіштеріне қарай

Өт-тас ауруы
Бауырдың өт өзектері, жалпы өт өзегі, өтте тас құралымен еркшеленетін гепатобилиарлық жүйенің заттек алмасу бұзылысының ауруы.
Этиологиясы:
Алғашқы 3 айлығында жасанды тамақтану
Тағамда талшықтар, витаминдер және микронутриенттер аз, ал майлар, оңай сіңірілетін ксенобиотиктер мен көмірсулардың көп болуы.
Ішетін су құрамын өзгертетін экологиялық ерекшеліктер
Ұзақ мерзімді парентералды тамақтану
Созылмалы гемолитикалық анемиялар
Семіру
Гипертриглицеридемия,
Муковисцидоз,
Ішектің созылмалы аурулары
Бауырдың созылмалы аурулары.
Қант диабеті
Гиподинамия, физикалық белсенділік азаюы

Патогенезі
Тас құралу процесінде үш фактор қатысады:
“Литогенді” запыран - запыран құрамының бұзылысы(дискразия), бұл оның эуколлоидтылығын азайтады;
Кезекті кристаллизация және тас құралуы үшін “ядролар” болуы;
Запыран іркілісі

Клиникалық көрінісі:
Өт-тас ауруындағы іш ауыру ұстамасы: ұстамалы түрдегі ауру сезімі оң қабырға доғасы астында; негізі - өт ағу бұзылысы, өт пен оның өзектеріндегі жазық бұлшықет спазмы, осыдан запран жолдарында қысым артады. Әдетте, кенет кешке не түнде басталып, тұрақты не оқтын-оқтын мазалайды.
Объективті байқауда “өт” симптомдары оң, 9-10кеуде омыртқасы аймағында гиперестезия. Қызу көтерілуі мүмкін, бұл өттегі инфекцияның белсену не рфлекторлы сипат.
Кей науқастарда ұстамада тері сарғаюы мен қышуы, зәр түсінің қоңырқайланып, нәжіс ағаруы, қанда тіке билирубин жоғарылап, сілтілі фосфатаза белсенділігінің жоғарылауы байқалады.
Диспепсия синдромында жүрек айнуы, ауамен кекіру, ащы дәм сезіну, тамақтанудан соғ эпигастрий маңының “толуы” орын алады.

Балаға ӨТА диагнозы қою алгоритмі (Нижний Новгород 1999)
Анамнез
Кеселдің біртіндеп не жедел басталуы
Созылмалы не латентті ағым
Ауру байланысы: өт литогендігіне байланысты, дәрілерді ұзақ мерзім қабылдау, өт жолдары даму аномалиялары, өт жолдарының гипокинезиясы мен гипотониясы, жоғары калориялы тағамдар, вегетативті дисфункция
Тұқым қуалаушылық бейімділігі
Шағымдары
Іш ауруы, жиі оң қабырға доға асты,
Іш ауру ұстамасының диета бұзылысы, физикалық жүктеме, психо-эмоционалдық бұзылыстар, интеркурренттік аурулармен байланысы,
Ауыру сезімінің оң қабырға доғасы асты, оң иық, жауырынға таралуы
Клиникасы
Аз уақытқа сарғаю
Өт симптомдары (Кер, Ортнер, Мерфи +++)
Оң қабырға доғасы астында бұлшықет қарсылығы (+++)
Токсикоз белгілері
қызыну
Жедел кезеңінде бауыр ұлғаюы

Лаборатория лық диагноз
Мүмкін: ЭТЖ едәуір жоғарылауы, өршу кезеңінде лейкоцитоз, нейтрофильді жылжумен.
Қан биохимиясында
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz