Ағзаның құрылымдары


Slide 1

Адам организмінің құрылымдық деңгейлері

Оқытушының студентпен өзіндік жұмысы №1

Slide 2

Жоспары:

І. Кіріспе: Ағза (организм) дегеніміз не?

ІІ. Негізігі бөлім: Ағзаның құрылымдары

1. Жасуша және оның құрылымы

2. Ұлпа және оның түрлері

3. Мүше және мүшелер жүйесі

ІІІ. Қорытынды: Адам ағзасын зерттейтін ғылымдар

Slide 3

Организм - бұл тарихи қалыптасқан тұтас, ұдайы өзгеріп отыратын өзінің ерекше құрылымы мен дамуы бар, қоршаған орта мен зат алмасуға, өсуге және көбеюге қабілетті жүйе. Ағза (организм) (organum, грек, organon - құрал, орган) - өзіне тән пішіні мен құрылысы және организмде алатын орны бар, белгілі бір қызмет атқаруға бейімделген, бір-бірімен заңды түрде өзара байланысқан түрлі ұлпалардан (тканьдерден) құралған организмнің бір бөлігі.

Ағзалар химиялық құрамы бойынша органикалық (нәруыз, май, көмірсулар және нуклеин қышқылы) және бейорганикалық (су, минералды тұздар) заттардан тұрады. Оған тән қасиеттер: қоршаған ортамен зат және энергия алмасады, көбейеді және дамиды. Ол сыртқы ортаның өзгерісіне жауап береді және өздігінен реттелетін жүйе болып табылады.

Slide 4

Жасуша - тіршіліктің негізгі бірлігі. Адам ағзасы миллиарттаған жасушадан тұрады. Кез -келген жасушаның негізгі бөліктері:

Плазмалық мембрана

Цитоплазма

Ядро

І. Жасуша плазмалық мембранамен қоршалады, ол жасушаны қорғайтын, заттарды жасуша ішінде таңдап өткізетін, жасушаны сыртқы ортамен байланыстыратын, май және нәруыз молекулаларынан құралатын қабат.

Slide 5

ІІ. Цитоплазма жасуша мембранасы мен ядро арасын толтырып тұратын қоймалжың сұйықтық. Онда өте ұсақ құрылымдар - органоидтар (митохондриялар, рибосомалар, жасуша орталығы және т. б. ) бар. Олар жасушада белгілі бір қызмет атқарып, жасушаның тіршілік әрекетін қамтамасыз етеді.

ІІІ. Ядро - жасушаның реттеуші орталығы. Жасушаның аралығы жасуша аралық заттармен толтырылған. Ол не сұйық, не қатты болып келеді. Тірі жасушаның тіршілік қаситеттеріне зат алмасу, өсу, көбею, қозу, қозғалыс, биосинтез, тітіркену, ыдырау жатады. Осы негізде біртұтас ағзаның қызметі іске асады.

Slide 6

Митохондрия - бiрклеткалы және көпклеткалы организмнiң барлық эукариотты клеткаларында болатын органоидтар. Олардың формалары әртүрлi - дөңгелек, сопақша және цилиндрлiк дене, жiпше түрiнде де болады. Олардың мөлшерi 0, 2-1, 0 мкм диаметрi, және 7 мкм -ге дейiн ұзындықта болады. - - АТФ синтезi.

Жасуша орталығы - бiр -бiрiне бұрыш жасап орналасқан екi кiшкене цилиндр тәрiздi денелерден тұрады. Олар центриолдар деп аталады. Центриол қабырғалары микротүтiкшелер бар. Центриолдар цитоплазманың өзiн -өзi жасаушы органоидтарына жатады. Жасуша орталығы жасушалық бөлiнуде маңызды роль атқарады.

Эндоплазмалық тор - каналында заттар тасымалдануы жүретiн жалпы клеткашiлiк циркуляциялық (коммуникациялық) жүйе, каналдың мембраналарында клетканың тiршiлiгiн қамтамасыз ететiн көптеген ферменттер бар.

Slide 7

Ұлпа - шығу тегі, құрылысы және атқаратын қызметі ұқсас жасушалар мен жасушааралық заттар жиынтығы.

Адам ұлпалары 4 түрге бөлінеді:

Эпителий ұлпасы

Дәнекер ұлпасы

Бұлшықет ұлпасы

Жүйке ұлпасы

1) Эпителий ұлпасы жабын ретінде ағзаның сыртқы жағын жауып, ішкі мүшелердің ішкі және сыртқы жағын қаптап жатады, көптеген бездерді түзеді.

Қызметі:

- Қорғаныс;

- Сіңіру;

- Бөліп шығару;

- Сыртқы және ішкі ортаны бөліп тұру;

Slide 8

Эпителий ұлпасының түрлері:

Қабат санына қарай: 1. Бір қабатты: плевра, перикард

2. Көп қабатты: терінің сыртқы қабаты

Жасушалар пішініне қарай 6 топқа бөлінеді:

Ұлпа

Жасуша құрылысының ерекшеліктері

Орналасуы

Жалпақ эпителий

Көп қырлы, көп қабатты

Терінің үстіңгі қабаты, ауыз қуысы, өңештің ішкі беті

Текшелі эпителий

Текше пішінді

Бүйректің өзекшелерінің ішік бетінде

Бағана тәрізді

Ұзынша

Асқазан ішектің ішкі беті

Кірпікшелі эпителий

Ұзынша, бетінде цитоплазмадан түзілген өсінділері бар

Тыныс жолдары

Сезгіш эпителий

Биіктігі әр түрлі, бетінде кірпікшелері бар

Тітітркенуді қабылдайды, иіс сезу эпителийлері мұрын қуысында

Безді эпителий

Бағана тәрізді төрт бұрышты

Сүт, тер, жас, сілекей, құлық бөлетін мүшелерде

Slide 9

Дәнекер ұлпасы барлық басқа ұлпаларды дәнекерлеп тұрады. Дәнекер ұлпасы әр түрлі жасушалардан және оларды бөлетін жасуша аралық сұйықтықтардан тұрады, әр түрлі қызмет атқарады. Дәнекер ұлпасы тығыз талшықты дәнекер ұлпасы, борпылдақ талшықты дәнекер ұлпасы, шеміршекті, қан ұлпасы болып бөлінеді.

Дәнекер ұлпа

Құрылысының ерекшеліктері

Орналасуы, қызметі

Тығыз талшықты

Жасушалары тығыз орналасқан, жасушааралық заттары аз, талшықтары көп

Теріде, сіңірде, артериялық қан тамырларының қабырғалары; ұлпаға мықтылық береді

Борпылдақ талшықты

Жасушалары тығыз орналасады, өріліп жатқан талшықтары бар

Қантамырларды, жүйкелерді қоршайды, мүшелердің арасындағы кеңістікті толтырады, терінің астындағы борпылдақ қабат түзіп, тері мен бұлшықеттерді байланыстырады

Шеміршекті

Пішіні домалақ, әр жерде топтанып орналасады, жасушааралық зат түссіз

Омыртқалардың бір-бірімен байланысқан жері, көмекей қақпашасы, кеңірдек, құлақ қалқаны; мұрын, жілік және қабырға ұштары; беріктілік серпінділік қасиет береді

Сүйекті

Құрамында кальций тұздары бар, тақташалардан түзілген; жасушалары тірі, қантамырлар мен жүйкелер торлап жатады

Қаңқа сүйектері; мықтылық беріп ағзада тірек рөлін атқарады

Қан

Сұйық

Оттегі, қоректік заттармен қамтамасыз етеді.

Slide 10

Бұлшық ет ұлпасы денеде тірек-қимыл аппаратын, ішкі дене мүшелердің, қан тамырларының қабырғаларын құрайды. Жиырылғыштық және қозу қасиеті арқылы денені және ішкі мүшелерді қозғалысқа әкеледі. Түрлері: бірыңғай салалы, көлденең жолақты және көлденең жолақты жүрек бұлшық еті.

Бұлшық ет

Құрылысының ерекшеліктері

Орналасуы, қызметі

Бірыңғай салалы

Талшық тәрізді жасушалары бір ядролы; баяу, ырғақты және адам еркінен тыс жиырылады

Ішкі мүшелердің (асқазан, қуық, ішек, қан тамырлары, т. б. ) қабырғалары; ішкі мүшелердің қозуы

Көлденең жолақты

Жасушалары талшық тәрізді көп ядролы, күңгірт және ақшыл талшықтары кезектесіп орналасып жолақтар түзеді. Жиырылуы адам еркіне байланысты.

Сүйекке бекінеді; дененің қозғалуы

Жүрек бұлшық еті

Көлденең жолақты, талшықтары бір ядролы; автоматия тән (өздігінен жиырылады), қажымайды

Жүректің миокард қабатын түзеді, жүректің соғуы арқылы денеге қан айдайды.

Slide 11

Жүйке ұлпасы жүйке жасушаларынан түзілген. Жүйке жасушасының құрылысы: денеден (бір ядросы бар ортасындағы жуандау бөлігі) қысқа өсінділер мен ұзын өсіндіден тұрады. Қысқа өсінділері дендриттер (гр. «dendron» - ағаш) көп ағашка ұқсап тармақталғандықтан осылай атаған, ұзын өсіндісі біреу, оны аксон (гр. «аксис» немесе «ахоп» - өсінді) дейді. Ұзын өсіндісі тармақталмаған. Сонымен жүйкенің бір жасушасында көп дендриттер мен бір ғана аксон болады. Сыртынан жасуша қабықшасымен қапталып жүйке талшықтарын түзеді.

Жүйке жасушасын нейрон (гр. «neuron» - жүйке) дейді. Нейронның бойымен қозу тек бір бағыт бойынша өтеді. Қозу дендриттер арқылы нейронның денесіне беріледі, одан денесі арқылы аксонға өтеді. Қозу бағытының сызбанұсқасы - дендриттер дене-> аксон. Жүйке жасушаларының айналасын қоршап тұрған қосымша жасушалары болады, оны «нейрология» (гр. «neuron» - жүйке, «glia» - желім) дейді. Нейроглия нейронды қоршап, қоректік, қорғаныштық, тірек қызметін атқарады және нейрондардағы зат алмасуға қатысады. Кейде нейрологияны нейронның «серік жасушалары» деп те атайды.

Slide 12

Мүше және мүшелер жүйесі

Мүшелер және мүшелер жүйесі

Құрамындағы мүшелер

Негізгі ұлпалар

Эндокриндік мүшелер жүйесі немесе ішкі секреция бездері

Гипофиз, эпифиз, қалқанша без, қалқанша маңы бездері, айырша без (тимус), ұйқыбез, бүйрекүсті бездері, жыныс бездері

Эпителий, жүйке, дәнекер

Жүйке жүйесі: а) төндік бөлім ә) өсімді бөлім

Ми, жұлын, мидан жөне жұлыннан тарайтын жүйкелер Мидың бағаналы бөлімі, жұлын, жүйке бағаналары, жүйке орамдары, жүйкелер

Жүйке ұлпасы, дәнекер, эпителий

. Сенсорлық жүйе (анализаторлар) немесе сезім мүшелері

Көру, есту, иіс сезу, дәм сезу, түйсіну (сипап сезу)

Эпителий, жүйке, дәнекер, бұлшықет

. Тірек-қимыл мүшелер жүйесі: а) канқа ә) бұлшықет

Сүйектер және олардың байланысы қаңқаның, ішкі мүшелердің және жүректің бұлшықеттері

Дәнекер, бұлшықет

. Иммундық жүйе

Лимфа түйіндері, айырша без, көкбауыр, кемік майы

Эпителий, дәнекер

. Жүрек-қантамырлар жүйесі


Ұқсас жұмыстар
Микроорганизмнің кедерлік құрылымдары
Жетекші қосылыстың бағытталған құрылымдық модификациясының химиялық әдістері
ҚАРТАЮ ЖӘНЕ ӨЛІМ
Жасуша қабық
Жасуша құрылымы мен қызметі
Ауыз қуысының жергілікті иммунитеті
Биологиялық микрочиптер
Фермент негізіндегі датчиктер құруды және диагностиканы жетілдеру үшін ферменттер қолдану
А. Р. Лурияның қазіргі заманымызға сай бас миының қызметі туралы түсінігі
Жасушалық цикл туралы түсінік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz