Мектеп жасына дейінгі балалар шығармашылығы




Презентация қосу
Мектеп жасына дейінгі балалар
шығармашылығы.
Дайындаған: Әнуарбек Турсынай ДОиВК-91
Тексерген: Алиаскарова Сауле Мухамедьяровна
Жоспары:
1. Мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті.
2. Шығармашылық дегеніміз не?
3. Мектеп жасына дейінгі бала шығармашылығын дамыту
жолдары.
4. Типтік бағдарлама.
5. Шығармашылық білім беру саласы.
«Ойын – бала үшін өмірлік тәжірибе»
(М. Жұмабаев).
Баланың танымын алғашқы күннен бастап дамыту
құралы да, балада оқу мен білімнің, тәрбиенің
негізін қалыптастыратын да – ойын әрекеті болып
саналады.Ойын кезіндегі баланың психологиялық
ерекшелігі мынада: олар ойланады, эмоциялық
әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, ерік қасиеті,
қиял елестері дамиды, мұның бәрі баланың
шығарымпаздық қабілеті мен дарынын ұштайды.
Ойын арқылы бала тілін дамыту маңызды. Ойын
балалар үшін айналадағыны танып білу тәсілі.
Шығармашылық - пайда болған міндеттерді әлдеқашан белгілі болған
тәсілдермен шешу үшін талап етілетіндердің тысына шығатын жоғары
формадағы ойлау. Ойлау процесінде үстемдік еткенде, шығармашылық
елес ретінде көрінеді. Мақсат пен іс-әрекет тәсілінің компоненті бола
тұра, ол шеберлік пен инициативаның міндетті шарты ретінде
шығармашылық іс-әрекеті деңгейіне дейін көтереді.
Мектеп жасына дейінгі бала психикасының қалыптасуы мен дамуы оның есейген
шағымен салыстырғанда шапшаң жүреді. Балалық шақтың осы таңғажайып
мүмкіншіліктері мидың, белгілі бір жүйке құрылымдарының толысып, пісіп - жетілуіне
және олардың функционалдық қасиеттеріне байланысты. Бұдан шығатыны мектепке
дейінгі кезеңдегі баланың жас ерекшеліктеріне байланысты қасиеттер оның
шығармашылық қабілеті дамуының негізін қалайтын жағдайларды тудырады.

Балалардың шығармашылық қиялы мен қабілеттерін дамыту, олардың практикалық
дағдыларды именденуі сәбилік кезеңнен басталады. Баланың ақыл-ой ерекшеліктері
жаратылыстан шығармашылық, ізденгіштік сипаттарға ие, алайда оны дұрыс бағытта
дамыту жағдайлары әрқилы, сондықтан баланың ақыл-ой қабілетін дамыту, оның
нақты дара ерекшеліктерін ескеріп тәрбиелеуге байланысты балалардың толыққанды
ақыл-ой тәрбиесін сенсорлық процестерді қалыптастырудан бастау қажет.
Мектеп жасына дейінгі баланың шығармашылық қабілетін үш
кезеңге бөлуге болады:
Бірінші кезең – материалды тез қабылдап, жылдам
меңгеретін бала.
Екінші кезең – арнаулы тапсырманы мұқият орындайтын
бала.
Үшінші кезең – берілген көркемдік білімді баяу қабылдайтын
бала.
Типтік бағдарлама-
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» Мемлекеттік жалпыға
міндетті білім беру стандарты ҚР білім берудің алғашқы сатысы
ретінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастыруды
қамтамасыз ететін нормативтік құжат.
Типтік бағдарлама 5 білім беру саласы бойынша бекітілген.

Коммуникация б.б
Денсаулық б.б саласы Таным б.б саласы
саласы

Әлеуметтік орта б.б
Шығармашылық б.б саласы саласы
Шығармашылық білім беру саласы.
Бала бойында шығармашылық құзыреттілікті қалыптастырып,
қоршаған ортаға эстетикалық қарым-қатынасын, классикалық және
ұлттық өнер құралдары арқылы көркемдік даму, балалардың көркем
шығармашылығының түрлерін кіріктіруді қарастырады.
Мақсаты: балалардың эстетикалық талғамының бастауы мен
сезімдік-эмоционалдық ортасын қалыптастыру, бейнелеу өнері мен
музыкаға қызығушылығын тәрбиелеу.
«Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны:

СУРЕТ САЛУ.

МҮСІНДЕУ.

ЖЕЛІМСІЗ ЖАПСЫРУ.

МУЗЫКАЛЫҚ ҰЙЫМДАСТЫРУ.
Сурет салу және мүсіндеу .
Мақсаты: баланы қолжетімді бейнелеу құралдарына бейімдеу, олардың эксперимент жасау ниеттерін
қолдау.
Міндеттері:Түрлі бейнелеу материалдарымен сурет салуға мүмкіндік жасау, олардың қасиеттерімен
таныстыру. Сурет салу мен мүсіндеуге қызығушылығын ынталандыру.
Мазмұны:Балалардың назарын сурет салу процесіне аудару, ересектердің сурет салу процесін
бақылауға, қағаздағы қарындаш немесе бояудың бедерін байқауға, ересектерге еліктеуге мүмкіндік
беру. Бояудың ашық түстеріне эмоционалдық реакциясын тудыру. Балалардың бояулармен,
қарындаштармен, фломастерлермен сурет салуға ынталарын қолдау; қағаз бетіне ашық түсті дақ, бояу
жағу, алақанға бояу жағып, қағаз бетіне түсіру мүмкіндігін ұсыну.Қағаз бетін қарындашпен тоқылдату,
сызықтар жүргізу, не шыққанын баладан сұрау (күн, шарбақ, гүлдер).
Балаларды сазбалшықтың қасиеттерімен таныстыру, сазбалшықпен тәжірибе жасау ниеттерін
мадақтап, көмектесу. Сазбалшықты алақанына алып, алақан арасында домалатып «кішкентай шарлар»
жасауға үйрету. Жалпақ дөңгелек пішінді «тәрелкелер», «үлкен және жуан шұжықты» мүсіндеуге
үйрету.
Жыл соңында бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесінде балалар:
- қағаз бетіндегі қарындаш немесе бояудың бедерін байқай білуді, ересектерге еліктеуді;
- бояудың ашық түстеріне эмоционалдық реакцияларын білдіруді;
- бояулармен, қарындаштармен, фломастерлермен сурет салуға ниетті;
- қағаз бетіне ашық түсті дақ, бояу жағу, алақанға бояу жағып, қағаз бетіне түсіруді;
- сазбалшықпен тәжірибе жасауды;

- сазбалшықты алақанына салуды, алақан арасында домалатып «кішкентай шарлар» жасауды;
- жалпақ дөңгелек пішіндер мүсіндеуді біліу тиіс.
Музыка.
Мақсаты: музыка тыңдауға, ән айтуға, музыкалық-ырғақтық
қимылдарға қызығушылықтарын қолдап, дамыту.
Міндеттері:
1. Есту қабілеттерін дамыту, әннің тек әуенін тыңдап қана қоймай,
сонымен бірге сөзін тыңдап түсіну, әуенді қимылдармен, дыбыстармен
сүйемелдей білу.
2. Бастапқы әншілік икемділігі мен музыка әуенімен ырғақты қарапайым
қимылдар жасай білуді дамыту.
3. Балаларды бейнелі рөлді ересек адам қолындағы ойыншық
орындайтын қарапайым сюжетті ойындарға қатысуға дайындау.
Жыл соңында бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесінде балалар:
- әндердің әуені мен сөзін тыңдауды, оларды тануды;
- музыкалық аспаптарды дыбысталуы арқылы ажыратуды;
- ересектердің орындауындағы әндерді тыңдауды, оларға қосылуды;
- музыка әуенімен жүре білуді, жүгіре білуді;
- тәрбиешінің көрсетуімен би қимылдарын орындауды;
- заттармен қарапайым қимылдарды орындауды;
- ойындарға белсенді араласуды;
- 1-2 таныс билерді дербес орындауды білуі тиіс.
Қорыта айтқанда,шығармашылық дегеніміз —
оқушының белсенділігі мен дербес іс-
әрекетінің ең жоғарғы түрі. Оны дербес
дамыту барысында бала көп еңбек атқарады.
Бала бойындағы шығармашылық қасиеттерді
айқындауда тәрбиешінің ролі өте маңызды
болып саналады.
Назарларыңызға рақмет!

Ұқсас жұмыстар
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІ
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ БЕЙНЕЛЕУ ЖӘНЕ ҚҰРАСТЫРУ ӘРЕКЕТТЕРІН ДАМЫТУ
Педагогтың кәсіби өзін-өзі тануы мен өзіндік дамуы жайлы ақпарат
Жас тәрбиешінің педагогикалық технологиясы
Мектеп жасына дейінгі балалардың есте сақтау қабілеттерін зерттеу
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ДАМУЫНДА ОРЫН АЛАТЫН АУЫТҚУЛАР
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАР ПСИХОДИАГНОСТИКАСЫ
Балалардың музыкалық әрекеттерін ұйымдастырудың Музыкалық сабақтар формасы
Балалардың тамақтану жағдайы және тамақтану кезіндегі балалардың тәртібі
Бейнелеу өнерінің әдістемелік негіздері
Пәндер