Арнаулы әлеуметтік қызметтер
Презентация қосу
Оқу практикасы Орындаған: «Әлеуметтік
бойынша зерттеу жұмыс» мамандығы
жұмысы ІІ курс
Тақырыбы: 835 топ студенті
Аты-жөні
Халықты әлеуметтік
қорғау саласында Каримуллина Д.Ө
арнаулы әлеуметтік
қызметтерді көрсету
стандарты
Әлеуметтік қорғау
Адам құқығының қорғалуын қамтамасыз ететін
және әлеуметтік мұқтаждығын
қанағаттандыратын шаралар жүйесі. Ол барлық
қоғам мүшелерінің материалдық және әлеуметтік
жағдайынан тыс қоғамдық қажеттілігін құрып,
жасайтын мемлекеттің әлеуметтік саясатының
маңызды бағыттарының бірі.
Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясына сәйкес, әр адам әлеуметтік қамтамасыз етілуге және өз
абыройын сақтауға тиіс қажеттілікті жүзеге асыруға, экономика, мәдениет, әр мемлекеттің құрылымы мен
ресурсына сай әлеуметттік салада ұлттық күш салып, халықаралық ынтымақтастыққа және жеке тұлға
ретінде еркін дамуына құқығы бар. Сондай-ақ әр жұмыскер өз еңбегінің әділ бағалануына, өзі және өзінің отбасы
лайықты өмір сүреді деп есептеуіне құқығы бар. Айта кетсек, қажет деген жағдайда еңбекақысы әлеуметтік
қамтудың басқа да құралымен толықтырылуы мүмкін.
• Жалпы, кез келген адамның игілігіне қажетті, кем дегенде, тамақ,
киім-кешек, баспана, медициналық және әлеуметтік қызмет көрсетілу
— денсаулығын сақтап, оның және оның отбасының игілігі қамтамасыз
етілуі тиіс. Егер күнелтуге қажетті қаражат болмаған жағдайда азамат
(жұмыссыздық, ауыру, мүгедектік, кәрілік немесе асыраушысынан
айырылғанда) мемлекет тарапынан көрсетілетін жәрдемге сүйенеді.
Аналар мен нәрестелерге құжаттағы мөріне қарамастан ерекше көңіл
бөлінуі тиіс: барлық бала некеде туылып, туылмағанына қарамастан,
біркелкі әлеуметтік қорғауды пайдаланады.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер
Қиын өмірлік жағдайда болатын адамдарға
қызметтер кешенін қамтамасыз етеді, туындаған
әлеуметтік мәселелерді жою үшін және қоғам өміріне
қатысудың басқа азаматтармен тең мүмкіндіктерін
құруға бағытталған шарттарды тудырады.
Арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну саласындағы
мемлекеттік саясаттың негізгі міндеттері:
• Ол туындаған жағдайда қиын өмірлік жағдайларды болдырмау үшін шарттар тудыру;
• арнайы әлеуметтік қызметтердің кепілдендірілген көлемін
қамтамасыз ету;
• арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету стандарттарын сақтауды
қамтамасыз ету;
• көрсетілетін арнайы әлеуметтік қызметтердің сапасын бағалау және
мониторинг жүйесін дамыту;
• арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету жүйесін дамытуды
қамтамасыз ету;
• арнайы әлеуметтік қызметтер туралы ҚР заңнамасын сақтауға
мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
• арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету саласындағы халықаралық
әріптестікті дамыту.
Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы
әлеуметтік қызметтерді көрсету стандарты
Жалпы ережелер
1. Халықты әлеуметтік қорғау саласында стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты (бұдан әрі – Стандарт) «Арнаулы әлеуметтік
қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Осы Стандарт стационарлық жағдайда тәулік бойы тұрақты немесе уақытша тұруға
арналған, мемлекеттік және мемлекеттік емес меншік нысанында стационарлық
үлгідегі ұйымдарда (бұдан әрі – стационарлық үлгідегі ұйымдар) арнаулы әлеуметтік
қызметтер көрсетудің сапасын, көлемін және шарттарын белгілейді, стационарлық
үлгідегі ұйымдарға:
1) психоневрологиялық ауытқулары бар үш жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедек
балаларды (бұдан әрі – балалар);
2) тірек-қимыл аппараты бұзылған үш жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедек
балаларды (бұдан әрі – ТҚА бұзылған балалар);
3) психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектерді (бұдан әрі
– он сегіз жастан асқан адамдар);
4) бірінші және екінші топтағы мүгедектерді (бұдан әрі – мүгедектер);
5) егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдарды
(бұдан әрі – қарттар) қабылдау, ұстау, шығару (шығарып жіберу), уақытша шығу және
ауыстыру шарттарын айқындайды.
Стационарлық үлгідегі ұйымдарда арнаулы
әлеуметтік қызметтерді ұсыну шарттары
3. Стационарлық үлгідегі ұйымдарда бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік
қызметтерді ұсыну облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының
халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органдарының (бұдан әрі – уәкілетті
органдар) жолдамалары бойынша қызметтерді алушының тұрғылықты жері бойынша
аудандардың, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың (астананың)
жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі – жұмыспен
қамту бөлімдері) арқылы жүзеге асырылады.
• 4. Арнаулы әлеуметтік қызметтер бюджет қаражаты
есебінен ұсынылатын жағдайларды қоспағанда,
мемлекеттік емес меншік нысанындағы стационарлық
үлгідегі ұйымдар қызметтерді алушыларды
қабылдауды шарт негізінде жүзеге асырады.
•
5. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілді көлемін ұсыну үшін өмірлік қиын жағдайда жүрген адам (отбасы) тұрғылықты
жері бойынша жұмыспен қамту бөліміне мынадай құжаттарды беру жолымен жүгінеді:
2) сәйкестендіру үшін қызметтерді алушының жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) бар жеке басын куәландыратын
құжаты;
3) амбулаториялық картадан немесе сырқатнамадан үзінді көшірмесімен қоса
осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық картасы.
• 1) осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметтерді
алушының жазбаша өтініші, ал кәмелетке толмаған және әрекетке қабілетсіз
адамдар үшін – заңды өкілінің (ата-анасының біреуі, қамқоршының немесе
қорғаншының, асырап алушының, баланы қабылдайтын ата-ананың, патронат
тәрбиешінің және 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық)
және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес қамқор
болуды, білім беруді, тәрбиелеуді, баланың, он сегіз жастан асқан адамның
құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын алмастырушы басқа да
адамдардың) (бұдан әрі – заңды өкілі) жазбаша өтініші немесе медициналық
ұйымның қолдаухаты;
Стационарлық үлгідегі ұйымдар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуі кезінде:
• 1) қызметтерді алушылардың жеке басына қолсұғылмаушылығы
мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
• 2) стационарлық үлгідегі ұйымдарда қолайлы моральдық-
психологиялық жағдай жасау;
• 3) қызметтерді алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып,
олардың жеке даму, әлеуметтену және интеграциялану деңгейін
арттыруға бағытталған арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету;
• 4) көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасы мен
тиімділігін арттыру;
• 5) мүгедектерді әлеуметтендіру, тұрмысты, еңбекті
ұйымдастыруды жетілдіру және демалыс уақтын, әлеуметте өзара
әрекет етуін барынша қолдау сақталады.
Әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер көрсетуге:
• 1) денсаулық жағдайына байланысты өзін-өзі күтудің, оның ішінде, төсектен тұру, төсекке жату,
киіну және шешіну, жуыну, тамақ ішу, сусын ішу, дәретхананы немесе дәрет ыдысын пайдалану,
қозғалып жүру, тісін немесе жағын күту, көзілдірік немесе есту аппаратын қолдану, тырнағын алу,
ер кісілерге – сақал-мұртын алу сияқты күнделікті қарапайым процедураларды орындауға
қабілетсіз қызметтерді алушыларға жеке қызметтер көрсету және гигиеналық сипаттағы
әлеуметтік-тұрмыстық қызметтерді көрсету;
• 2) тұрғын жай беру, оның ішінде балаға, ТҚА бұзылған балаға кемінде төрт шаршы метр және он
сегіз жастан асқан адамға, мүгедекке, қартқа кемінде бес шаршы метр жатын бөлмелерін беру;
• 3) оңалту, емдеу, білім беру, мәдени іс-шараларына, діни рәсімдерді жасауға, еңбекпен емдеу
қызметін ұйымдастыруға, өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын, тұрмыстық бағдарлау негіздеріне
үйретуге арналған жиһазбен және (немесе) мамандандырылған жабдықтармен жабдықталған
орынжай беру;
• 4) денсаулық жағдайына байланысты жұмыс істеуге қарсы көрсетілімі жоқ мүгедектерге және он
сегіз жастан асқан адамдарға арналған жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін жағдай жасау;
• 5) бөгде адамның көмегіне сүйенбей тұрмыстық мұқтаждықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз
етуге бейімделген орынжайлар мен құрылғылар ұсыну;
•
6) дағдарыс палаталарын, паллиативтік көмек палаталарын (бөлімшелерін) жасау үшін интенсивтік күтім және терапия жүргізуге арналған жабдықтармен жабдықталған орынжайлар ұсыну;
• 7) отбасында тұратын және арнаулы әлеуметтік қызметтерді уақытша көрсетуге мұқтаж
қызметтерді алушыларға жергілікті атқарушы орган бекіткен тәртіппен ақылы келісімшарт негізінде
стационар жағдайында уақытша (алты айға дейін) болу үшін орынжайлар ұсыну;
• 8) санитариялық-гигиеналық талаптарға сәйкес тұру жағдайларын сақтау жөнінде қызметтер
көрсету;
• 9) диеталық тамақтандыруды қоса алғанда, тамақ ұсыну;
• 10) осы Стандартқа 3-қосымшада көзделген көлемнен кем емес киім, аяқ киім, төсек жабдықтарын
және жеке гигиенаға арналған заттар беру;
• 11) тұрмыстық қызметтерімен қамтамасыз ету (кір жуу, кептіру, үтіктеу, іш киімді, киімді, төсек-
орын жабдықтарын дезинфекциялау);
• 12) қалалық телефон байланысы қызметтерін ұсыну;
• 13)емдеуге, оңалтуға, оқуға, мәдени және тынығу іс-шараларына қатысу үшін тасымалдау кезінде
көлік қызметтерін ұсыну;
• 14) хат жазуға және оқуға көмек көрсету;
• 15) кәдімгі шаштараздарда қызметтер көрсету қиын немесе мүмкін болмайтын жағдайларда
қызметтерді алушыларға шаштараз қызметтерін көрсету;
• 16) жерлеу қызметтерін ұйымдастыру (қайтыс болған туыстары (заңды өкілдері) болмаған немесе
олар жерлеумен айналысқысы келмеген кезде) жатады.
Әлеуметтік-медициналық қызметтер көрсетуге:
• 1) медициналық-әлеуметтік тексеруді ұйымдастыру және жүргізу (қажет болған кезде
денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарын тарта отырып);
• 2) дәрігерге дейін көмек көрсету;
• 3) медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуге уақытында жәрдемдесу;
• 4) тегін медициналық көмектің кепілді көлемін алуға жәрдемдесу;
• 5) дәрігерлердің қорытындысы бойынша дәрі-дәрмекпен және медициналық мақсаттағы
бұйымдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
• 6) ОЖБ-ға сәйкес санаторий-курорттық емдеумен, техникалық көмекші (орнын толтырушы)
құралдармен, міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
• 7) қызметтерді алушыларға техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдарды және
міндетті гигиеналық құралдарды пайдалануға үйрету;
• 8) әлеуметтік-медициналық мәселелер бойынша, оның ішінде жасына қарай бейімделу
мәселелері бойынша консультация беру;
• 9) профильді мамандардың, оның ішінде денсаулық сақтау ұйымдарындағы мамандардың
медициналық консультация беруіне жәрдемдесу;
• 10) денсаулыққа байланысты рәсімдерді жүргізу (дәрі-дәрмек қабылдау, дәрі тамшылату
және емдеуші дәрігердің тағайындауына сәйкес рәсімдер);
11) емдік-физикалық жаттығулар жасауға көмек көрсету;
• 12) алғашқы медициналық тексеру және алғашқы санитариялық тазалау жүргізу;
• 13) денсаулық жағдайына байланысты қызметтерді алушылардың күтімін қамтамасыз ету;
• 14) алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету;
• 15) санитариялық-гигиеналық қызметтерді көрсету (сүрту, жуу, гигиеналық шомылдыру);
• 16) денсаулық сақтау ұйымдарына жатқызуға және ілесіп жүруге жәрдемдесу;
• 17) емдеу-сауықтыру іс-шараларын, оның ішінде денсаулық сақтау ұйымдарында ұйымдастыру;
• 18) әлеуметтік-медициналық сипаттағы оңалту іс-шараларын, оның ішінде дәрі-дәрмектік емес терапия
қызметтерін жүргізу;
• 19) диспансеризациядан өтуді ұйымдастыру;
• 20) емдеуші дәрігердің тағайындауына сәйкес медициналық рәсімдерді жүргізу (тері асты және бұлшық
етке дәрілік препараттарды жіберу, компресс қою, қайта орау, ойылған жерлерді, жарақат бетін тазалау;
тазалау клизмаларын орындау, зертханалық тексеру жүргізуге қажетті материалдарды алу, міндетті
гигиеналық құралдар және медициналық мақсаттағы бұйымдарды пайдалануға көмек көрсету);
• 21) медициналық көрсетілімдер мен жас ерекшеліктеріне қарай «денсаулық топтарын» қалыптастыру
және оның жұмысын ұйымдастыру;
• 22) қызметтерді алушыларға паллиативтік көмек қызметтерін көрсету;
• 23) балаларға және он сегіз жастан асқан адамдарға психиатриялық, психотерапевтикалық көмек
қызметтерін көрсету жатады.
Әлеуметтік-психологиялық қызметтерге:
• 1) тұлғаны психологиялық диагностикалау және тексеру;
• 2) әлеуметтік-психологиялық патронаж (жүйелі бақылау);
• 3) мүгедектермен және қарттармен психологиялық алдын алу
жұмыстарын жүргізу;
• 4) психологиялық консультация беру;
• 5) шұғыл психологиялық (оның ішінде телефон бойынша) көмек;
• 6) қызметтерді алушыларға психологиялық көмек көрсету, оның ішінде
әңгімелесу, қарым-қатынас, тыңдау, көңілін көтеру, белсенділікке
ынталандыру;
• 7) психологиялық тренингтер;
• 8) қызметтерді алушыларды психологиялық түзеу;
• 9) өзара қолдау топтарында және қарым-қатынас клубтарында сабақ
өткізу жатады.
Балаларға, ТҚА бұзылған балаларға, он сегіз жастан асқан адамдарға ұсынылатын әлеуметтік-педагогикалық қызметтерге:
• 1) әлеуметтік-педагогикалық консультация беру;
• 2) балалардың дене мүмкіндіктері мен ақыл-ой қабілеттеріне сәйкес арнайы оқу бағдарламалары
бойынша білім алуына жәрдемдесу;
• 3) ТҚА бұзылған балалардың жалпы білім беретін мектептерде, техникалық және кәсіптік
ұйымдарда білім алуына жәрдемдесу;
• 4) балаларды және он сегіз жастан асқан адамдарды тұрмыстық бағдарлау және қол еңбегі
дағдыларының негіздеріне үйрету;
• 5) өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын, жеке гигиена, тұрмыста және қоғамдық орындарында
өзін-өзі ұстауды, өзін-өзі бақылауды, қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру жөніндегі қызметтер;
• 6) баланың, оның ішінде ТҚА бұзылған баланың және он сегіз жастан асқан адамның жеке
тұлғасына, даму деңгейіне педагогикалық және түзеу-дамыту диагностикасын және зерттеуді жүргізу;
• 7) балаларды, оның ішінде ТҚА бұзылған балаларды педагогикалық түзеу;
• 8) балалардың дене мүмкіндіктері мен ақыл-ой қабілеттерін ескере отырып, оларды арнайы оқу
бағдарламалары бойынша оқытуды ұйымдастыру;
• 9) есту қабілеті бұзылған балалар мен мүгедектердің, сондай-ақ олардың ата-анасы мен басқа да
мүдделі адамдардың ымдау тілін үйренуіне жәрдемдесу;
• 10) ымдау тіліне аудару қызметтері жатады
Әлеуметтік-еңбек қызметтеріне:
• 1) қызметтерді алушылардың бойындағы еңбек дағдыларын
зерттеп-тексеру жөнінде іс-шаралар жүргізу;
• 2) емдеу-еңбек қызметін жүргізу;
• 3) ТҚА бұзылған балаларды, мүгедектерді кәсіптік бағдарлау;
• 4) профиль бойынша еңбек дағдыларын қалыптастыру;
• 5) қолжетімді кәсіптік дағдыларға үйрету жөніндегі іс-
шараларды жүргізу;
• 6) қарттар мен он сегіз жастан асқан адамдардың бойындағы
жоғалған тұрмыстық дағдыларды қалпына келтіру жөніндегі
қызметтер жатады.
Әлеуметтік-құқықтық қызметтерге:
• 1) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында және Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік
көмек алу құқығымен байланысты мәселелер бойынша заңгерлік консультация беру;
• 2) заңды мәні бар құжаттарды ресімдеуге көмек көрсету;
• 3) арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін және қызметтерді алушылардың
заңды құқығын бұзатын немесе шектейтін ұйымдардың әрекетіне немесе
әрекетсіздігіне өтініш дайындауға және беруге көмек көрсету;
• 4) заңнамада белгіленген жеңілдіктер мен басымдықтарды, әлеуметтік
төлемдерді алуға заңгерлік көмек көрсету және жәрдемдесу;
• 5) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіппен тиесілі
жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді сенімхат бойынша алу;
• 6) құқығы мен мүддесін қорғау үшін сотта өкілдікті қамтамасыз ету;
• 7) Кодекске сәйкес жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған
балаларды асырап алу, қамқоршылыққа және қорғаншылыққа алу мәселелері
бойынша заңгерлік консультация беру жатады.
Қорытынды
Халықты әлеуметтік қорғау ұғымы экономикалық
категория дәрежесіне көтерілді. Бұл Қазақстан
Республикасында әлеуметтік мемлекет ретінде дамуының,
нығаюның негізгі мақсаттары мен міндеттерін бейнелейді.
Қазіргі кезде елімізде жеке адамды әлеуметтік қорғаудың
жүйесін құруға толық мүліктері бар. Сонымен қатар
адамның мүлігінің сақталуы халықтың аз табыс табатын
бөлігіне –нақты қолдау көрсетіп, денсаулық қорғау, білім
беру, қылмыстың және әлеуметтік шиеленістің алдын алу
тәсілдері іске асырылып отыр.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz