ауруханаішілік инфекциялардың маңызды қоздырғышы



Клебсиеллалардың және протейлердің биологиялық ерекшеліктері
Орындаған:Ералы Балнұр
Тобы:ЖМҚБ-03-19 Қабылдаған:Полатбекова Шапағат
СӨЖ
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы

Жоспар
Клебсиеллалар туралы түсінік
Түрлері. Морфологиясы. Дақылды өсіру. Ферменттік белсенділігі. Антигендік құрылымы Экологиясы мен эпидемиологиясы. Патогенез және клиникасы. Диагностикасы
Сақтандыруы және емдеуі.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Клебсиелла (лат. klebsiella)
Бактерияның аталуы 1875 жылы алғаш рет ашқан Heміс бактериологы Э. Клебс атымен байланысты. Клебсиеллалар қозғалмайды, спора түзбейді, талшықтары жоқ, капсулаға ие. Капсуласы қоршаған ортаның қолайсыз әсерлерінен сақтайды және суда, басқа да заттарда ұзақ сақталады. Клебсиеллалар сүт өнімдерінде тіршілік етіп, бөлменің сонымен қатар, тоңазытқыш температурасында да көбейе алады. 65 °С температурада қыздырғанда бір сағатта өледі. Кейбір штамдарында кірпікшелері бар. Жағындыда бір-біреуден, жұптасып немесе қысқа тізбектеліп орналасады. Соңғы жылдары жаңа клебсиелла түрлері анықталған (K. oxytocа mobilis, K. planticola, K. terrigena), олардың адам патологиясындағы рөлі анықталуда. Клебсиеллалар адамның және жануардың тepiciндe, кілегей қабығында барлық уақытта кездеседі. Klebsiella pneumoniae ауруханаішілік инфекциялардың маңызды қоздырғышы.

Клебсиелла тұқымдастығы:
klebsiella pneumoniae (клебсиелла пневмонии)
klebsiella ozaenae (клебсиелла озена)
klebsiella rhinoscleromatis (клебсиелла риносклеромы)
klebsiella ornithinolytica
klebsiella oxytoca (клебсиелла окситока)
klebsiella planticola
klebsiella terrigena

Морфологиясы.
Клебсиеллалар қысқа таяқшалар, мөлшері өте құбылмалы. Ерекше морфологиялық белгісі капсула. Талшықтары, спорасы жоқ, кейбір штамдарда кірпікшелері бар. Көбінесе қалың полисахариде капсуласын көруге болады. Жағындыда бipбipeyдeн, жұптасып немесе қысқа тізбектеліп орналасады.

Дақылды өcipy.
Клебсиеллалар қарапайым қоректік орталарда жақсы өceдi, манаэробтар, хемоорганотрофтар. Оптимальді өсу темпера -турасы 3537°С, рН 7. 27. 4. Симмонс қоректік ортасында өседі, яғни цитрат натрийді көмipcyтeгi көзi ретінде қолданады. Тығыз қоректік ортада күмбез тәрізді, бұлынғыр, кілейгелі колониялар түзеді
Ет-пептонды сорпада клебсиеллалар органы толығымен
лайландырады, кейбір кезде бетінде кілейгейлі қабықша
пайда болады; жартылай сұйық ортаның бетінде жақсы
көбейеді.

Биохимиялық белсенділігі.
Клебсиеллалар көмірсуларды ыдыратады, нитратты нитритке айналдырады. Желатинді
ыдыратпайды, индол, күкірт сутегін түзбейді. Уреазалық белсен -ділігі бар, сүтті ipiтпейді.

Антигендік кұрылымы.
Клебсиеллаларда О және К антигендері бар.
О-антигендері бойынша 11 серологиялық, Кантигендері бойынша 82 топтары бар.
Клебсиеллалардың серологиялық варианттарын
анықтауы Кантигендерін ажыратуымен шектеледі.

Патогенді факторлары.
Клебсиеллалардың нeгiзгi патогенді факторлары К антиген
(фагоцитозды тежейді) және эндотоксин. Сонымен қатар, термолабилді және термостабилді энтеротоксин үзеді, әсер ету механизмі мен ақуыздар құрылысы бойынша энтеротоксигенді iшек таяқшасының токсиніне ұқсас келеді. Клебсиеллалардың адгезивтік қасиеті жоғары (маннозаресзистентті фимбриялар) . Вируленттік ферменттертүзеді: ДНҚаза, нейраминидаза, фосфатаза.

Экологиясы мен эпидемиологиясы.
Ішек, жоғары тыныс жолдары, қынаптың факултативті микрофлорасының құрамына кіреді. Капсуласына байланысты қоршаған орта факторларына тұрақты және топырақта, суда, бөлмелерде көп уақыт сакталуы мүмкін. Клебсиеллалық инфекция көбінесе ауруханаішілік ауру. Инфекция көзi - науқас адам мен бактерия тасымалдаушы.

Микробиологиялық диагностикасы
Негізгі диагностикалық әдіс - бактериологиялық. Тексеруге алынатын материалдар: ірің, қан, экссудант, жұлын сұйықтығы, нәжіс, зәр, жиһаздардан алынған жұғын т. б. алынған материалды дифференциалды-диагностикалық К-2 қоректік ортаға (құрамында мочевина, рафиноза, бромтимол көгі бар) себеді, бір тәулік инкубациялайды. Сары, жасыл-көк сарғыш немесе көгілдір, үлкен, жылтыр кілегейлі колониялар түзеді.

Клебсиелла пневмония мұрынның және мұрын қуыстарының кілейгелі қабықтарын зақымдайды, олардың атрофиясы дамиды, кабыну ypдici барысында жағымсыз иіс беретін сұйықтық бөлінулерімен сипатталады.

Клебсиелла озена (лат. klebsiella ozaenae), ескі атауы озена таяқшасы немесе Абеля-Левенберг таяқшасы. Озенамен ауырушыларда мұрын қуысының шырышты қабаты мен сүйектік қабырғасының атрофиялық процесі жүреді. Клебсиелла озена жұтқыншақ, көмей, трахеяның қабынуымен қатысты созылмалы тыныс алу жүйесінің ауруларын шақырады. Ауру қоймалжың секреттің бөлінуімен жүреді.

Клебсиелла риносклером мурынның кілегей қабатын зақымдауымен бipre, көмей, бронх, жұтқыншақты да закымдайды, сонымен бipгe зақымдалған тіндерде арнайы гранулемалар түзіледі, олар склерозданып шеміршек тәpiздi инфильтратқа айналады. Ауру созылмалы турде өтеді.

K. oxytoca урологиялық клиникада ауруханаішілік инфекциялар тудырады.

Иммунитеті
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz