Антигентаныстырушы жасушалар


Slide 1

Дәріс -5

Антигендер. Антигентаныстырушы жасушалар.

Slide 2

Антигендер - организмге түскенде иммундық жауапты түзетін генетикалық бөгде денелер Барлық тірі ағзалардың мүшелері, ұлпалары, жасушалары және сұйықтықтары антигендік қасиетке ие

Slide 3

Антигендердің қасиеттері:

иммуногендік - антиденелердің немесе иммундық лимфоциттердің өндірілуіне алып келетін иммундық жауапты іске қосу әрекеті

спецификалық - антигендердің антиденелермен немесе жасушалармен әсерлесу қабілеті

Slide 4

Антигендердің жіктелуі

Экзоантигендер

Эндоантигендер

Slide 5

Антигендердің жіктелуі

аллоантигендер (allos - басќа) - бір биологиялыќ түрдің арасында;

ксеноантигендер (грек. xenos - бөгде) - басќа биологиялыќ түрдің антигендері;

сингенді (грек. syn - бірге, жалпы) - генетикалыќ ұќсас организмдердің (бір жұмыртќалы егіздердің) антигендері;

Slide 6

Антигендердің жіктелуі

Тимустәуелсіз антигендерге

қарсы Т-жасушаларының қатысуынсыз

В-жасушалармен антиденелер өндіріледі

Тимустәуелді антигендерге -

қарсы Т-лимфоцит-хелперлердің және макрофагтардың қатысуымен иммундық жауап түзіледі

Slide 7 Slide 8

Гуморалдық иммунитет жүйесі

Антидене және комплемент бактериялық жасушаның липополисахаридті қабатын ыдыратады

Пропердин - комплемент жүйесін альтернативті жолмен белсендіретін ақуыз

Бета-лизин - тромбоциттер ыдыраған кезде бөлінетін бактерияға қарсы ақуыз

Интерферондар - вируспен зақымданған жасушалармен өндірілетін және басқа жасушаларды вируспен зақымдаудан қорғайтын ақуыз

Slide 9

Гуморалдық иммунитет жүйесі

Лактоферрин - бактериялық жасушаны жоюға қажет темірді байланыстыру қабілеті бар ақуыз

Трансферрин - фагоциттерде болатын сары сулық бета-глобулин

Лактопероксидаза сілекейде және ана сүтінде болатын микробқа қарсы агент

Лизоцим, ағзаның сұйық бөлігінде, яғни көз жасында, сілекейде және басқа сұйықтықтарда болады және әртүрлі бактерияларға қарсы жоғары белсенді болып табылады

Slide 10

Гуморалдық иммунитет біріншілік және екіншілік иммундық жауаптың іске қосылуын қамтамасыз етеді. Біріншілік иммундық жауап комплемент жүйесінің, пропердиннің, бета-лизиннің, интерферонның, лактоферриннің, трансферриннің, лактопероксидазаның, лизоцимнің қатысумен іске асады. Екіншілік иммундық жауапты антиденелер атқарады.

Slide 11

В-лимфоциттер, олардың дифференциялануы Иммуноглобулиндер

Slide 12

В-лимфоциттердің негізгі қызметтері:

антиденелерді өндіру

антигендерді таныстыру

(презентация)

Slide 13

В-лимфоциттердің жетілу кезеңдері:

Антигенге тәуелсіз

Антигенге тәуелді

Slide 14

Антигенді таныстырушы жасушалар

Slide 15

Бейспецификалық иммунитетке қатысатын жасушалар:

Мононуклеарлық фагоциттер - моноцитттер, ұлпа макрофагтары

Гранулоциттер - нейтрофилдер, эозинофилдер, базофилдер

Киллерлік жасушалар

Slide 16

Мононуклеарлық фагоциттер жүйесі

Плевралық және перитонеалдық макрофагтар

Купфер жасушалары (бауыр )

Альвеолярлық макрофагтар

Айырша безі макрофагтары

Сүйек кемігі макрофагтары

Остеокласттар

Мидың глиалдық жасушалары

Лимфа түйіндері мен көк бауырдың дендритті жасушалары

Тері және шырышты қабаттардың Лангерганс жасушалары

Slide 17

Макрофагтың қызметі:

Фагоцитоз

Секреторлық және синтездеу

Спецификалық иммундық жауапты түзу, өз кезегінде бөлінеді:

антигенді таныстыру немесе презентациялау

иммундық жауапты реттеу

цитотоксикалық қызмет көрсету

Slide 18

Фагоцитоз - омыртқалыларда инфекцияға қарсы бейспецификалық механизм - қарапайымдыларда қоректену қызметін атқарады.

Slide 19

Фагоцитоздың қызметі:

организмнен иммундық комплекстерді шығару

қабыну және некрозды ошақтарды сіңіру

ескі жасушаларды жою

Slide 20

Фагоцитоз кезеңдері

Фагоциттік жасушаның белсенуі (антиген енгеннен кейін)

Хемотаксис - фагоциттік жасушаның бөгде денеге қарай жылжуы

Адгезия - антигенге жабысу

Эндоцитоз немесе пиноцитоз - антигенді жұту

Процессинг - антигенді ыдырату

Элиминация - ағзадан шығару

Презентация - антигендерді есте сақтау жасушаларына таныстыру

Slide 21

Иммунитет теориясы:

Иммунитеттің фагоциттік теориясы

И. Мечников

Slide 22

Иммунитет теориясы:

Иммунитеттің гуморалдық теориясы

П. Эрлих

Slide 23

Иммунитет теориясы:

Клондық -селекциялық теория Ф. Бернет

КЛОН - белгілі антигенге

қарсы бағытталған

лимфоциттер тобы


Ұқсас жұмыстар
Антигендер жалпы сипаттамасы Эритроциттер антигендері
Бағаналы жасушалар
Эпителий жасушалары
Иммунитеттің жасушалық негізі
Қалқанша без функциясы
Иммундық жауап
ҰЛПАЛЫҚ ИНЖЕНЕРИЯ
Иммунды жүйенің шеткі мүшелері
Жасушалардың бөлінуі
Микроорганизмдерді культивирлеу әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz