Бас сүйектердің жалпы ерекшеліктері
Презентация қосу
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы
Қалыпты анатомия кафедрасы
Тақырыбы:Бас сүйектерін жасына байланысты оқып білу.
Орындаған:Ералы Балнұр
Тобы:ЖМҚБ-03-19
Қабылдаған:Джубанишбаева
Гаухар
Жоспар
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
1. Бас сүйектердің жалпы
ерекшеліктері
2. Бассүйектің жасқа байланысты
ерекшеліктері.Жаңа туған
нәрестелердің бас қаңқасындағы
еңбектер.
3. Бассүйектің жыныстық
айырмашылықтары.
ІІІ.Қорытынды
ІV.Қолданылған әдебиет
Бас сүйектердің жалпы
ерекшеліктері
• Бас сүйектің жасына қарай ерекшеліктері:
топографиялық орналасуы сүйектердің бет
сүйек пен ми сауыты сүйегінің
ара қатынасы сүйектің қалыңдығына,
көлеміне,сүйектердің аралығындағы жіктерге
олардың бойындағыеңбектерге және
жасының ерекшеліктеріне тікелей
байланысты. Бас сүйектің жоғарыда айтылып
өткен ерекшеліктері, олардың 5 даму
кезеңдеріне байланысты.
1. Бірінші даму кезеңі, жас нәрестенің
туған кезінен 7 жас аралығында өтеді.
Бұл кезеңде, бас сүйектің қарқынды
түрде дамуы мен қатар қуыстығының
көлемі, ұлғайып,сүйек арқылы жіктер
бірте-бірте тартылып, бас сүйектің
еңбектері,fonticulus, тартылады.
Сонымен қатар, мұрын қуысы мен көз
шарасының сыртқы пішіні айқындала
бастайды.
• 2. Бас сүйегінің екінші даму кезеңі 7 жас пен 14
жастың аралығындағы кезеңде өтеді. Бұл даму
кезеңінде бас сүйектің өркендеп, өсуі, алғашқы
даму кезеңіндей болмағанымен мұрын қуысы
мен көз шарасының көлемі,бастапқы даму
кезеңіне қарағанда едәуір қарқынды түрде
өтеді.
• 3. Үшінші даму кезеңі, ер жеткен кезеңнен
бастап 25 жас аралығында өтеді. Бұл кезеңде
бас сүйектің маңдайы айқындалып, бет
сүйектің көлемі кішірейеді.
• 4. Төртінші даму кезеңі 25-45 жас аралығында өтеді.
Бұл даму кезеңде, бас сүйектердің жіктері бірігіп,
суйектік тканға айналады.Сонымен қатар сагитальді
жіктің ертерек бітісуі бассүйектің домалақтау болып
өсуіне әкеліп соқса,тәж тәрізді жіктің жедел дамып
сүйектенуі бас сүйектің сопақша тәрізді өсуіне ықпал
етеді.
• 5.Бассүйектің бесінші даму мезгілі 45-жастан
бастап,алдымен бет сүйектің,кейіннен ми сауыты
сүйектерінің кері даму кезеңі.Бұл кезеңде бассүйектің
тістері түсіп,бет сүйектің жалпы көлемі кішірейіп,төменгі
жақ сүйектің бұрышы ұлғайып,альвеолярлық өсінділері
кішірейеді.
Бассүйектің жасқа байланысты
ерекшеліктері
• Жаңа туған нәрестелердің бас қаңқасындағы
еңбектер. Жаңа туған нәрестенің бассүйегінде ми
сауыты сүйектеріне қарағанда бет сүйектері біршама
кішілеу келеді.Жаңа туған нәрестенің бассүйегінің
басқа ерекшелігі еңбектері, болады Олардың
бассүйегінде әлі аяқталмаған сүйектенудің үш
сатысының іздері байқалады. Еңбектері,бірінші
жарғақты, сатының қалдықтары болып табылады;
олар сүйектенбеген дәнекер тіннің қалдықтары
сақталған,жіктердің қиылысқан жерінде орналасады.
• Олардың болуының үлкен функционалдық
маңызы бар,себебі бассүйектің шеке
сүйектеріне едәуір ығысып жылжуға мүмкіндік
береді де, соның арқасында бассүйек толғақ
кезінде туу жолының пішіні мен шамасына
бейімделеді. Еңбектердің мынадай түрлерін
ажыратады:
1) алдыңғы еңбек, Fоtісuli аntеrіor, ромб
пішінді, орта сызық бойымен төрт жіктің:
сагиталды, маңдай және тәжді жіктің екі
жартысының қиылысқан жерінде жатады;
2 жаста өсіп-бітеді;
2) артқы еңбек, fоntісuіlus posterior,
үшбұрыш пішінді,сагитталды жіктің артқы
үшында алдындағы екі шеке
сүйегі мен шүйде сүйектің қабыршағы
арасында жатады;
туғаннан кейін 2 айда өсіп-бітіп кетеді;
• 3) бүйір еңбектері, жұп, әр жағынан екеуден,
сонымен бірге алдыңғысы сынатәрізді, fоntісulus
sphenoidalis, ал артқысы -емізіктәрізді, fоntісulis
таstoideus, деп аталады.
• Сынатәрізді еңбек шеке сүйек, маңдай сүйегі,
сынатәрізді сүйектің үлкен қанаты
және самай сүйегінің қабыршағының түйісетін жерінде
орналасқан; туғаннан кейін 2-3 айлығында бітіп кетеді.
Сынатәрізді жөне емізіктәрізді еңбектер көбіне шала
туған (күні жетпеген) балаларда кездеседі, соның
өзінде кейде жетіп туған балаларда шүйде еңбегі
болмайды. Жаңа туған нәрестелерде жіктердің
болмауы және диплоэнің нашар дамуы, бассүйектің
сыртқы бетінде ғана емес, ішкі бетіндегі бедерінің
көмескілігі байқалады.
Бассүйектің жыныстық
айырмашылықтары.
• Еркек бассүйегі орташа алғанда әйел бассүйегінен үлкендеу;
оның сиымдылығы шамамен әйел бассүйегі сиымдылығынан
10% үлкендеу, бұл олардың дене шамаларының
айырмашылықтарына байланысты. Әйел бассүйегінің беті
тегістеу, өйткені бұлшықеттік бұдырлық онша күшті емес. Әйел
бассүйегінің қасүсті доғалары нашарлау дамыған әрі еркектерге
қарағанда маңдайы тіктеу,ал шекесі жайпақтау.Алайда кейде
бассүйекте жыныстық белгілер нашар білінетіндіктен,оларға
қарап нақты адамның жынысын айыру мүмкін емес,оның үстіне
шамамен 20пайыз жағдайда әйел бассүйегінің сиымдылығы
еркек бассүйегінің орташа сиымдылығынан кем болмайды.Әйел
бассүйегінің шамасы еркекпен салыстырғанда кішірек
болуы,еркектен миы аздау дамыған дегенді білдірмейді,әйел
денесінің кішілеу шамасы мен пропорциясына сәйкес келеді.
Қорытынды
• Жаңа туған нәрестенің бассүйегінің басқа ерекшелігі еңбектері,
болады.Олардың бассүйегінде әлі аяқталмаған
сүйектенудің үш сатысының іздері байқалады. Еңбектері,
бірінші жарғақты, сатының қалдықтары болып табылады;
олар сүйектенбеген дәнекер тіннің қалдықтары сақталған,
жіктердің қиылысқан жерінде орналасады.
Бас сүйектің жасына қарай ерекшеліктері: топографиялық
орналасуы сүйектердің бет сүйек пен ми сауыты сүйегінің
ара қатынасы сүйектің қалыңдығына, көлеміне,
сүйектердің аралығындағы жіктерге олардың бойындағы
еңбектерге және жасының ерекшеліктеріне тікелей
байланысты.
Қолданылған әдебиет
• 1.Адам анатомиясы 1.Қ.Р жоғарғы оқу
қауымдастығы.
Алшынбай Рақышев. Алматы 2004ж
2.Атлас.Адам анатомиясы 1
том.Фолиант
баспасы Астана 2005ж
3.Топографиялық анатомия.
4.www.google.kz.
Назар аударғандарыңызға
рахмет!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz