Зерде және ұйқы физиологиясы


Slide 1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ

САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ

Қалыпты және потологиялық физиялогия кафедрасы

Тақырыбы:Үлкен жартышар қызметіенің ассиметриясы. Зерде және ұйқы физиологиясы.

Орындаған: Ералы Б

Тобы: ВЖМҚБ-03-19

Қабылдаған:Мырзамұратова А

Slide 2

Жоспар:

Кіріспе.

Үлкен жартышар қызметінің ассиметриясы

II. Негізгі бөлім.

1. Ұйқы физиологиясы

2. Ұйқы түрлері

3. Ұйқы мен сергектіктің жаратылысы

4. Түс көру

5. Зерде. Түрлері.

III. Қорытынды.

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Кіріспе:

Адам миы симметриялы ағза. Алайда олардың әрекеттері әртүрлі болып, әр алуан ісәрекетті менгереді. Мидың әрекеттік асимметриясы екі жағдайға байланысты: 1) екінше сигналдық жүйенің жүйке орталығында әртрлі орналасуы; 2) адамның бейімделу ісінде оң қолдың алымды үстемдігі болуы. Ми сыңарларының өзара қатынасы симметрия мен доминанта қасиеттеріне негізделген.

Slide 4

Сол және оң ми сыңарларының айырмашылықтары Бұрын мидың сол сыңары тіл, ойлау, қимыл-әрекетіне, кеңістікте дене бағдарланасына жауапты, сондықтан үстемді (доминантты) деп есептелді.

Ал оң сыңары қосалқы ретінде қаралды. Қазіргі кезде әрбір психикалық әрекетті меңгеруде сол немесе оң ми сыңарларының үстемдігі болатындығы анықталды. Мәселен, сол ми сыңарының әрекеті басым адамдар теорияға бейім, сөз қоры мол, оны кеңінен пайдаланғыш, қимылы белсенді, мақсатқа талпынғыш, оқиғаларды болжағыш келеді. Оң ми сыңары нақтылы іс-әрекетке жұмылдырады, ол адам шабан, сөзге сараң, бірақ өте сезімтал және әсерленгіш, меңзей қарауға және еске түсіруге әуес болады. Алайда адамдардың үштен бірінде ми сыңарларының жекеленген анық әрекеттік мамандалысы байқалмайды. Маманданған ми сыңарлырың арасында өзара тежелу болады.

Slide 5

Екі ми сыңары екі түрлі ойлау үрдісін ұйымдастырады. Сол ми сыңары талдау ісіне қатысып, қисынды ойлауды, индукциялық амалды, ал оң ми сыңары нақтылы, бейнелі ойлауды, дедукция амалын басқарады. Сол ми сыңары сөйлеу әрекетін: оны түсіну және құрастыру, сөз символдары мен жұмысты қамтамасыз етеді. Оң ми сыңары кеңістік сигналына жауапты заттарды көру және сипап сезу арқылы таниды. Оған жеткен ақпараттар бір мезгілде және жалпы тәсілмен өңделеді. Оң ми сыңарымен музыкалық қабілеттер байланысты. Ми сыңарлырының асимметриялық ерекшеліктерін көру түйсігінің айырмашылықтарынан байқауға болады.

Slide 6

Ұйқы физиологиясы

Адамдар мен жануарлар тіршілігінде ұйқы өте маңызды орын алады. Олардың ұйқысы мен сергектігі тәулікте оқтын-оқтын алмасып, қайталанып отырады. Мүндай ұйқы біркезді (монофазалық) деп аталады. Ал кейбір жануарларда ұйқы мен сергектіктің мұндай алмасуы бірнеше рет қайталанады. Оны көпкезді (полифазалы) ұйқы дейді. Сонымен бірге маусымдық ұйқы болады. Мұнда кейбір жануарлар (аю, жарқанат, тышқан) организміне жағымсыз жағдайлар әсер еткенде белгілі ұйқылық жағдайға көшеді.

Slide 7

Организмнің ұйқы кезінде көптеген әрекеттері өзінің қарқынын өзгертеді. Мәселен, тынысалу, жүректің соғу жиілігі азаяды, артерия қысымы төмендейді, зат алмасуы мен жүйкенің қозғыштық қарқыны бәсеңдейді. Алайда, ұйқы кезінде кейбір үрдістердің белсенділігі күшейеді, гипоталамус пен ми бағанында канайналымы артады. Соның нәтижесінде мидың температурасы көтеріліп, оттегін қабылдау ұлғаяды, кейбір ферменттердің белсенділігі күшейеді. Жыныстық жетілу кезеңінде жыныс безінің белсенділігін реттейтін гипофиз гормондарының түзілуі үдей түседі.

Slide 8

Ұйқының түрлері

Наркотиктік

Гипноздық

Дерттік және шартты

рефлекс

Қалыпты

Slide 9

¥йқыға мұқтаждық адамның жасына және жеке ерекшеліктеріне байланысты. Жас ұлғайған сайын тәуліктік ұйқының мерзімі қысқарады. Жаңа туған перзент - 21; 6 айлық және 1 жастағы бөбектер шамамен -14; 2-4 жастағы сәбилер -16; 4-8 жастағы бүлдіршіндер -13-12; 8-12 жастағы естиярлар -10-11; 12-16 жастағы жеткіншектер -8-9; ал ересек адамдар тәулігіне шамамен 7-8 сағат ұйықтайды.

Slide 10

Ұйқы мен сергектіктің жаратылысы туралы ұғымдар

1 . Қанайналымдық қағида бойынша, ұйқы мен сергектік ми та-мырларындағы қанайналымына байланысты деп танылды. 2. Гистологиялық қағида ұйқы басуды нейрондардың өзгеруінен организм сыртқы ортадан серпіністер қабылдай алмаудың салдары деп түсіндіреді. З. Химиялық қағида - ұйқы организмнің қажуы нәтижесінде қан мен тіндерде ыдырау өнімдерінің көбеюінен болады деп санайды. Олардың белгілі бір мөлшерге дейін жинақталуы ұйқы туғызады.

Slide 11

4. Гуморалдық қағида ұйқы кезінде қанда және жұлын сұйықтығында "дельта-пептид заты" пайда болатынын анықтады. Сонымен қатар, әдейі ұйықтатпаған жануарлардың миында «ұйқы түрткісі" түзілетіндігі байқалды. Оларды басқа жануарларға еккен кезде ұйқысы ұзартылады. 5. Шартты рефлекстерді толып жаткан зерттеулер нәтижесінде ұйқыға кету және ояну кезеңдерін бақьлаудан ұйкының миқыртыстық қағидасы жасалды. Әсіресе, әлсіз тітіркендірулер, ұзақ уақыт нығайтылмайтын бір сарынды сигналдар ұйыктату әсерін туғызатындығы дәлелденді.

Slide 12

Түс көру

Түс көру - қиял процесінің ұйқы кезіндегі енжар бейнесі. Түс көруді физиологиялық тұрғыда түсіндірген академик И. П. Павловтың пікірі бойынша ұйқы кезінде ми клеткаларының қызметі толық тежелмейді, кейбір бөлімдері ояу қалпындағыдай жұмыс істей береді. Ми қыртысының осындай бөліктерін “күзетші пункт” деп атайды. Күзетші пункттерде адамның бұрынғы көрген, естіген, дәмін татқан нәрселердің бейнелері қайта “тіріледі”. Түсте ақылғасыймайтын бейнелердің туындауын мидағы сигнал жүйелерініңарасындағы байланыстың әлсіреп, бірінші сигнал жүйесінің іске қосылып, екінші сөздік сигналдардың толық тежелуімен түсіндіріледі. Осы түстерде алған әсерлердің болып көрмеген қиысулары ретінде түсіндірген И. М. Сеченов адамның ояу кезіндегі басынан кешкен оқиғалардың есепсіз көп фактілері себеп болады деп білді. Адамның дене мүшелеріндегі жайсыздық та әртүрлі түс көруге себеп болады. Түс көруді зерттеу бейсаналылықтытанудың жолы, адамның жан жүйесін түсінуге ықпал етеді деп білген психоаналитиктертүс көруді физиологиялық, соматикалық емес, психологикалық құбылыс деп білді. Түсте сана ұлғайып, кеңістіктік-уақыттық шектер жойылады, адам өзін басқа уақытта, кеңістікте, әлемде, мүлдем басқа.

Slide 13

Түс көру - бастан өткен әсерлерге негізделетін, әртүрлі, кейде қисынсыз немесе фантастикалық байланысқа түсетін күрделі психикалық құбылыстар. Бұл сергек күйдегі мидың жұмысынан күрт өзгешеленетін ұйқы кезіндегі ми іс-әрекетінің ерекшеліктерімен түсіндіріледі.

Slide 14

Зерде


Ұқсас жұмыстар
Ұйқы және түс көру физиологиясы
Аталық жыныс безі
Жүйке жүйесінің негізгі қызметтері
Еңбек физиологиясының негізі
Зейін қою
Жоғарғы дәрежелі жүйке әрекеті
ГОРМОНДАРЫ КІРІСПЕ
Асқорыту бездерінің гормондары
ЖЕДЕЛ ПАНКРЕАТИТТІҢ КЛИНИКАСЫ
Бауыр және ұйқы безі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz