Конфуцийшылдық және легистік ілімдер: принциптері мен саяси ұстанымдары


Slide 1

КонФУЦИЙШЫЛДЫҚ ІЛІМ. ЛЕГИСТЕР.

Орындаған: Налибаева Зарина

Қабылдаған: магистр, аға оқытушы Паридинова Ботагөз

Slide 2

Ежелгі Қытай философиясы б. д. д. III ғасырда пайда болған. Кейінірек 6 үлкен философиялық мектептерге бөлінген.

Олар: конфуцийшылдық ілім, моизм, заң мектебі (легистер), даосизм, тұрпайы философтар (натурфилософия) және атаулар мектебі.

Slide 3

Конфуцийшылдық ілімнің қалыптасуы мен пайда болуында оның негізін қалаушы Кун-фу-цзыдың ( б. д. д. 551-479) септігі зор.

Кун-фу-цзы кедей отбасында дүниеге келген. Білімге деген құштарлық 15 жасында ғана оянған. Дегенмен, 50 жасында ол өзінің мектебін қалыптастырды.

Оның ізбасарлары өте көп. Олар ұстазы мен өздерінің ой-пікірлерін, қағидаларын ұстанған әрі соның барлығын жинақтап «Әңгімелер мен пікірлер» (Лунь юй) атты кітапты шығарды. Конфуцийшылдардың негізгі шығармасына айналған бұл кітап қытайлықтардың ұрпақтарына үлгі болып, басшылықа алынған.

Slide 4

Кун-фу-цзыдың ілімінше, АСПАН - жаратушы күш, жердегі әділеттілікті қадағалап отырады. Әділеттілік - қоғамдағы теңсіздік, ондағы әртүрлі сатыдағы топтардың болуы . Аспан осы теңсіздікті қорғайды. Кун-фу-цзы өзінің ілімін аспан заңдылықтарын зерттеп, бабалар рухын көтеруге арнамайды. КЕРІСІНШЕ, оның қарастыратын негізгі мәселесі - АДАМДАР АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС ПЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС, ТӘРБИЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ.

Slide 5

ДАО (ДҰРЫС ЖОЛ)

ТЕҢ ОРТА

Адам баласының сабырсыздық пен сақтықтың арасындағы іс - әрекеті. Осы «ортаны» ұстап тұрып, өмірде іс-әрекет жасау оңай емес. Себебі, кей адамдар тым сабырсыз, кейбірі тым сақ келеді.

АДАМГЕРШІЛІК

Адамгершіліктің негізі - «ЖЭНЬ» - «ата-анасын құрметтеу және үлкен ағаларын сыйлау» дегенді білдіреді. Кім де кім шын жүректен адамгершілікке ұмтылса, ол ешқашан жамандық жасамайды.

ӨЗАРА СҮЙІСПЕНШІЛІК

Конфуцийшылдық әдептілік туралы ілімнің негізгі өзекті ұғымы. Бұл әдептілік қағидасы, «өзің қаламаған нәрсені, басқа біреуге жасама» дегенге сайып келеді. Аталған әдептілік қағидаларын тек «ТЕКТІ» адам ғана жасай алады.

Slide 6

Конфуцийшылдық ілімде «текті» адамдарды, «қарапайым» адамдарға қарсы қояды. Себебі:

Текті адамдар заң мен парызды басшылыққа алса, қарапайым адамдар пайданы ғана ойлайды.

Текті адамдарға маңызды жұмыстарды тапсыруға болады, ал қарапайым адамдарға тек ұсақ-түйек дүниелерді ғана тапсырса болады.

Текті адамдар басқалармен келісімді түрде өмір сүрсе де, өзінің жолында жүріп, өзінің деттегеніне жетеді; ал қарапайым адамдар барлығымен келісімді өмір сүреді, дегенмен басқаның артынан еріп, соның айтқанын жасайды.

«ТЕКТІ АДАМ» - БҰЛ ЭТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ САЯСИ ҰҒЫМ.

Ол халықты басқарады. Басқарудың негізгі қайнар көзі - басшының бойындағы әдептілік қаситтерді, қол астындағыларға үлгі етіп, көрсету.

Slide 7

ЛЕГИСТЕР

Негізгі өкілдері : ШАН ЯН (б. д. д. IV ғасыр), ХАНЬ- ФЭЙ-ЦЗЫ (б. д. д. III ғасыр) .

КОНФУЦИЙ ІЛІМІНЕ ҚАРСЫ ІЛІМ.

Конфуцийшылдардың мемлекетті әдептілікке негізделген заң арқылы басқару керек деген пікіріне керісінше пікірді ұстанады : МЕМЛЕКЕТТІ ТЕК ҚАНА ЗАҢҒА СҮЙЕНІП БАСҚАРУ КЕРЕК дейді. Себебі, «мейірімділік пен адамгершілік» - қылмысқа апаратын негізгі жол.

Легистер ар мен ожданның орнына қорқанышты насихаттайды. Мысалы, елде тәртіпсіздік орнамас үшін:

1. МАҚТАУДАН ЖАЗАЛАУ КӨП БОЛУ КЕРЕК

2. АЯМАЙ ЖАЗАЛАУ АРҚЫЛЫ ХАЛЫҚ АРАСЫНДА ҮРЕЙ ТУДЫРУ ҚАЖЕТ

3. ҰСАҚ ҚЫЛМАС ҚЫЛҒАНДАРДЫ АЯМАЙ ЖАЗАЛАСА, ОЛАР ҮЛКЕН ҚАЛМЫСҚА БАРМАЙДЫ.

4. АДАМДАР АРАСЫНДАҒЫ СЕНІМСІЗДІК ТУДЫРУ ҚАЖЕТ. Осы айтылғандар бұлжытпай орындалса ғана, халық айтқанды істейді дейді.


Ұқсас жұмыстар
Мұстафа Шоқай: өмірбаяны, саяси ұстанымдары және эмиграциядағы қызметі
1917 жылғы Бірінші жалпықазақ сиезінің шешімдері мен қоғамдық-саяси ұстанымдары
ХIХ-ХХ ғғ. басындағы Ресейдегі саяси және құқықтық ілімдер: негізгі бағыттар, төңкерісшіл идеялар және декабристік жобалар
Педагогикалық өлшемдердің ұстанымдары мен қызметтері
Педагогиканы оқыту үрдісі мен негізгі ұстанымдары
Дүниетаным және философиялық ілімдер: ежелгі Қытай, адам мәселесі, гносеология мен диалектика
Ислам дінінің пайда болуы мен негізгі ұстанымдары
Софистер мен Сократ: көне Грекия философиясындағы ілімдер мен әдістер
Ұлттық діндер және олардың түрлері: Үндістан (индуизм, сикхизм), Қытай (конфуцийшылдық, даосизм), Жапония (синтоизм), иудаизм
Тұлғаның өзін-өзі дамыту ұстанымдары мен педагогикалық қолдауы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz