Қой мен ешкінің шірікбақайы: қоздырғышы, клиникалық белгілері, емі және алдын алу мен күресу шаралары


Slide 1

Тақырыбы: Шірікбақайды балау және

күресу шаралары

Орындаған: Тундебаева Н вс-516

Slide 2

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім 2. 1 Тұяқ аурулары

2. 2 Шірікбақай ауруы

2. 3 Қоздырушысы, індеттік ерекшеліктері

2. 4 өтуі мен симптомдары, алдын алу шаралары

2. 5 Шірікбақай ауруын дауалау шаралары

2. 6 Негізгі ережелер

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Slide 3

Шірікбақай Шірікбақай (лат. Paronychia contagiosa) - тұяқтың шіруі және аша терісінің болжырауы арқылы ерекшеленетін зооноздық жүқпалы ауру. Тарихи деректер Ауруды ұзақ уақыт бойы некробактериозбен, яғни сарыппен шатастырып келеді. 1910 жылы Францияда Gohier аурудың ерекшеліктерін сипаттады, ал аустралиялық зоолог William Ian Beardmore Beveridge 1941 жылы қоздырушысын бөліп алды. В. Пичугин Орта Азия аймағында бұл аурудың бар екендігін хабарлады. Грипашев Қостанайда шірікбақайдың қоздырушысын бөліп алды.

Slide 4

Қоздырушысы

Қоздырушысы - лат. Bacteroides nodosus - бактериодтар туыстастығына жататын грамтеріс микроб. Түрі таяқша тәрізді түзу немесе аздап йілген, көлемі ірі, қозғалмайды, спора мен қауашақ түзбейді. Екі ұшы аздап жуандаған, түрі гантелге ұқсайды. Бұл ірі таяқшаның айналасында көбінесе ұсақ грам теріс микробтар орналасады. Ауасы бағасыз жағдайда арнайы қоректік орталарда өседі. Сыртқы ортада төзімсіз. Жайылымда 2 аптадан артық сақталмайды

Slide 5

Індеттік ерекшеліктері

Шірікбақайға қой мен ешкінің барлық тұқымдары шалдығады. Әйтседе биязы жүнді қойлар қылшықты жүнділеріне қарағанда жиі ауырады. Жас төл уыздан алған иммунитеттің нәтижесінде жеңіл ауырады. Инфекция қоздырушысының бастауы - ауырған қой мен ешкі. Олар іріңді өліетті экссудатпен микроб бөліп шығарады. Ауырып жазылған малдың зақымданған ұлпасында қоздырушы 3-4 жыл бойы сақталады. Мұндай мал әкелінген отарда індет байқалып, кейіннен тұрақтанып қалады.

Slide 6

Өтуі мен симптомдары

Жасырын кезеңі 3-6 күн. Ауру негізінен созылмалы өтеді. Шірікбақайдың негізгі белгілері: қой мен ешкінің жүргенде ауырсынып, аяғын баса алмай, тұяқ ашасы домбығып, жүні түсіп, терісінің беті көшкінденіп, әртүрлі бозғылт дақтардың пайда бола бастауы. Бұл кезде өзгеше шірік иіс пайда болады. Зақымдану жеңіл-желпі болғанда тұяқтың кейбір жері, әдетте ішкі немесе өкше жағы, босаңсып, қобырайды. Ал зақымдану біршама болғанда тұяқ мүлдем сыдырылып, түсіп қалады. Ауырған мал ақсап, жүре алмай қалады да, жүдеп кетеді. Көп жағдайда шірікбақайға сарып қабаттасып, аралас инфекция түрінде өтеді. Мұндай жағдайда ауру өте асқынып, дерт процесі тереңге кетеді. Астыңғы тарамыстар өліеттеніп, абсцессалар пайда болады. Микробтар мен оның улары қанға түсіп, өлітиюі мүмкін. Буаз саулықтар іш тастайды. Мұндай асқынған жағдайда отардағы малдың 40-70% ауырып, өлім көрсеткіші жоғары болады.

Slide 7

Патологиялық-анатомиялық өзгерістері

Патологиялық-анатомиялық өзгерістер негізінен тұяқта және оның айналасындағы ұлпаларда кездеседі. Тұяқ сыдырылып түсіп қалады, ал түспеген жағдайда жұқарып, жұмсарады. Кейбір тұстары өліеттенеді. Тұяқты қопарып алғанда өліеттенген жердегі ұлпалардың түсі ақшыл-сарғыш келеді, жағымсыз шірік иіс шығады.

Slide 8

Емі

Ауырған малды бөліп алып емдейді немесе сояды. Емдеу үшін зақымданған тұяқты тазалап, хирургиялық шаралар қолданады. ЖЫлы сумен сабындап жуып, өліетті бөлінділерден, жабысқан қыл-қыбырдан әбден тазалайды. Антисептикалық ерітінділермен сүртеді. Тұяқтың өсіп кеткен, өліеттенген, ірі кеулеген жерлерін мұқият жонып, жонылған және кесілген қалдықтарын өртеп жібереді.

Slide 9

Дауалау және күресу шаралары

Аурудың алдын алу үшін малды дұрыс бағып-күтіп, азықтандыру керек. Қойды тек қана бұл аурудан сау шаруашылықтан алуға болады. Сырттан әкелінген қой мен ешкіні бір айлық карантинде ұстайды. Ауруға қарсы ең басты сақтық шара - ретті түрде малдың тұяғын қарап, өсіп кеткенін жонып, арасын тазалап отыру қажет. Дауалық шара ретінде қойларды жылына екі рет аяқ ваннасынан өткізеді. Ванна үшін 10% формалин немесе 5% параформ пайдаланылады. Бұл мақсатта 5-10% тотыяйын, 10-20% цинк сульфаты ерітінділерін қолдануға болады.

Қойлар мен ешкілердің шірік бақайының алдын алу

және жою шаралары туралы Ветеринариялық ережелер

Осы қойдың шірік бақайының алдын алу және жою шаралары туралы Ветеринариялық ережелері (келесіде Ветеринариялық ережелер) Қазақстан Республикасының 26 бабына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың міндетті түрде орындайтын ветеринариялық іс шараларды ұйымдастыру және орындау тәртібін анықтайды.

Slide 10

Қорытынды


Ұқсас жұмыстар
Қой ценурозы: қоздырғышы, даму циклі, клиникалық белгілері, диагностикасы және алдын алу шаралары
Гиподерматоз (оғалақ): қоздырғышы, клиникалық белгілері, диагностикасы, емі және алдын алу шаралары
Парамфистоматоз: қоздырғышы, өмір циклі, клиникалық белгілері, диагностикасы және алдын алу мен емі
Қой брадзотының патоморфологиясы, клиникалық белгілері және алдын алу шаралары
Қарасан ауруы: шығу тарихы, қоздырғышы, клиникалық белгілері, диагностикасы, алдын алу және емі
Жылқылардың вирустық артериті: қоздырғышы, клиникалық белгілері және алдын алу шаралары
Тауық шешегі вирусы: қоздырғышы, клиникалық белгілері, диагностикасы және алдын алу шаралары
Ірі қара цистицеркозы: қоздырғышы, эпизоотологиясы, клиникалық белгілері, диагностика, ем және алдын алу шаралары
Пастереллез: қоздырғышы, клиникалық-патологиялық ерекшеліктері, диагностикасы және емдеу мен алдын алу шаралары
Күнбағыс сұр шірігі: қоздырғышы, белгілері және күресу шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz