Аралық қатардың үлестірімінің сандық сипаттамасы




Презентация қосу
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы

СӨЖ
Тақырыбы:Аралық қатарларды талдау.

Орындаған:Ералы Балнұр
Тобы:ЖМҚБ-03-19
Қабылдаған:Байділдаева Ақмарал
ЖОСПАР

Кіріспе
Негізгі Бөлім
Вариация көрсеткіштері туралы түсінік және оның
міндеттері, түрлері
Аралық қатардың үлестірімінің сандық сипаттамасы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Статистика кең мағынада, табиғат пен қоғамның көптеген құбылыстарының
сапалық ерекшеліктерін айқындау үшін сол құбылыстарға жүргізілетін сандық
талдау туралы ғылым. Статистика жекелеген бірліктерді емес, сол жеке
бірліктердің жиынтығын зерттеу үшін пайдаланылады. Биометрияның негізін
1889 жылы ағылшын ғалымы Ф. Гальтон (Дарвиннің немере інісі) қалаған.
«Варияциалық статистика» термині «биометрия» терминінің синонимі болып
табылады. Бірінші рет бұл терминді ғылымға 1899 Дункер енгізген. Оны
тұқымқулаушылық пен өзгергіштіктің сұрақтары қатты қызықтырған. Ол
адамға зерттеулер жүргізді. Көбінесе адамның дене құрылысындағы сандық
белгілерді зерттеді.
Вариация – бұл зерттелетін жиынтықтың ішіндегі белгілердің
жеке мәндерінің құбылмалылығы (ауытқуы, өзгермелілігі).
Вариация барлық құбылыстар мен процестерге тән.
Вариация көрсеткіштерінің міндеттері мыналар:
1. вариация көрсеткіштері орташа шаманы толықтырады;
2. жиынтықтың біртекті немесе әр текті екендігін анықтау;
3. белгі вариациясының шегін анықтау;
4. көрсеткіштердің арасындағы өзара байланысты анықтау.
Вариация көрсеткіштерінің мынадай түрлері бар:
1. вариация өрісі;
2. орташа сызықты ауытқу;
3. дисперсия;
4. орташа квадраттық ауытқу;
5. осцилляция коэффициенті;
6. салыстырмалы сызықтық ауытқу;
7. вариация коэффициенті.
Олардың әрқайсысы белгілі бір функцияны атқарады және
өзіндік формуласымен есептелінеді
ВАРИАЦИЯ КӨРСЕТКІШТЕРІН ЕСЕПТЕУ ТӘСІЛДЕРІ:

Вариация өрісі деп вариация көрсеткіштерінің ең қарапайым түрін айтады. Бұл
көрсеткіш қатардағы барлық варианттардың орташа шамадан ауытқуын сипаттамайды
ол тек белгінің ең үлкен және ең кіші мәндердің айырмасын көрсетеді. Вариация
өрісін төмендегі формуламен есептейді:

R=max-xmin
Мұндағы R-вариация өрісі;
Xmax- белгінің жоғарғы шегі;
Xmin- белгінің төменгі шегі

Ең жоғарғы және ең төменгі зейнетақы,жалақы және т.с.с көрсекіштердің
айырмасын есептегенде вариация өрісін қолданады.
Вариация коэффициенті (V, Су). Дисперсия және орташа
квадраттық ауытқу бір аттас орташа шамаларды салыстырып
талдау үшін қажет. Ал тәжірибеде әр түрлі өлшем
бірліктермен өлшенген мәліметтердің вариациялық
өзгерістерін бір-бірімен салыстырып талдауға тура келеді.
Осындай жағдайда абсолюттік және салыстырмалы вариация
көрсеткіштері қолданылады.
Вариациялық қатар деп - қарастырылған жиынтықтағы
бірліктердің орналасу заңнамасын көрсететін сандар қатары.
Берілген жиынтықта жекеленген варианттар қанша рет
кездесетінін көрсететін санды жиілік немесе вариант салмағы
деп атайды. Оны р немесе f әріптерімен белгілейміз.
Вариациялық қатарды табу үшін ең алдымен оның классын
анықтау керек, екінші интервалын немесе жиынтықтың
минимальды вариантынан максимальды вариантқа дейінгі
аралығын анықтайды. Класстық интервалдың ұзындығы
жиынтықтың максимальды варианты мен минимальды
вариантының айырмасының топ санының қатынасына
теңдігімен (К) анықталады:
ВАРИАЦИЯ ЛЫҚ Қ АТАР МЫ НАДАЙ ТҮР ГЕ БӨЛІНЕДІ:

Аралық қадамы бірдей вариациялық аралық қатар. Әрбір аралық
вариациялық катардың жоғарғы мәні келесі аралық вариациялық қатардың
төменгі мәніне сәйкес келеді. Мұндай тәсіл өте ыңғайлы және математикалық
статистикада жиі қолданылады;
Аралық қадамы бірдей емес аралық вариациялық қатар тәжірибеде жиі
қолданылмайды. Сондықтан көп жағдайда міндетті түрде аралық кадамы
бірдей вариациялық аралық қатар құрылады. Мүндай тәсіл белгінің
вариациялық заңдылықтарын аңғаруға, вариациялық қатардың қорытынды
сипаттамаларын есептеуге және вариациялық қатарды басқа қатарлармен
салыстыруға көмектеседі.
Аралық қадамы бірдей емес аралық вариациялық қатар тәжірибе-де
жиі қолданылмайды. Сондықтан көп жағдайда міндетті түрде аралық
кадамы бірдей вариациялық аралық қатар құрылады. Мүндай тәсіл
белгінің вариациялық заңдылықтарын аңғаруға, вариациялық
қатардың қорытынды сипаттамаларын есептеуге және вариациялық
қатарды басқа қатарлармен салыстыруға көмектеседі.
Бірдей аралық вариациялык қатарды құру үшін бірінші кезекте
аралық қадамды белгілеу маңызды. Аралық қадам немесе кейде
аралық вариация қатарының ені деп атайды. Әрі қарай тексте кадам
делінеді. Қадам тым үзын немесе қысқа болса, қарастырылып
отырған жиынды сипаттайтын вариациялық заңдылық өзгереді де,
зерттеуші дұрыс шешім қабылдамауы мүмкін. Негізінде қадамның
оптималды мәнін табу үшін сұрыптық жиын, оның максималды және
минималды вариантының аралығында класқа (аралыққа) к бөлінеді.
Ол үшін Стэрджесс формуласы қолданылады:
к =1 + 3,322∙1g п.
Аралық вариация қадамы мына формуламен есептелінеді:

Мұндағы хmax және xmin - максималды және минималды
варианттар;
п - сүрыптық жиын мүшелерінің саны.
ҚОРЫТЫНДЫ

Бақылау нәтижесінде қарастырылып отырған белгінің
жиынтықтағы, әрдір бірлікке қатысты сандық немесе сапалық
өзгерісі туралы мәлімет аламыз. Статистикалық бақылаудың
мақсаты сол жиынтықта белгінің өзгеруін (вариасиясын)
шешу. Ал белгінің мүмкін мәндерін статистикада варианта
деп атайды. Варианталар сандық (дискретті немесе үздіксіз)
болатын мүмкіндігін көрдік
Назарларыңызға
рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Өсіңкілік қатарлары
Вариациялық қатардың түрлері
Абсолютті шамалар
Өсіңкілік (динамикалық) қатарлар
Динамикалық шама түрлері
Орташа шамалар
Өсіңкілік қатардың түрлері
ДИНАМИКАЛЫҚ ҚАТАРЛАР
Өсіңкілік қатарлар
Динамикалық қатарлар туралы түсінік және оның түрлері
Пәндер