Адвокаттардың заңды көмегі
Презентация қосу
Қазақ инновациялық гуманитарлық-
заң университеті
ОЖСӨЖ
Тақырыбы: Адвокатураның рөлі, міндеттері және қазіргі
заманғы маңызы
ОРЫНДАҒАН: КАНАБЕЕВ В.
Жоспар
Адвокатура.
Адвокатураның міндеттері.
Адвокат.
Адвокаттың мәртебесі.
Адвокатура
Адвокатура – құқықтық институт болып, ол адвокаттық қызметпен шұғылданушы
адамдар және жеке адвокаттық операциямен шұғылданушы бөлек кісілердің кәсіптік
бірлесулерін өз ішіне алады.
Адвокатураның атқаратұғын функциялары:
адвокаттар қылмыс процессінде қорғаушы өкіл болып қатыса алады.
адвокаттар коллегиясының қызметкерлері халыққа юридикалық кеңес береді.
адвокаттар арыз, сенімхат, мирасқорлық бланкасын т. б. құқықтық құжаттарды толтырып
береді.
Адвокатұраның басқа мақсаттары:
мекемелерге, қарттар үйіне, қарапайым халыққа жоғарғы дәрежелі жәрдем беру;
Азаматтық құқықтарының сақтануына жәрдем беріу;
Халықты құқықтық нормативтерге тәрбиелеуге жәрдем беру болып табылады.
Адвокатура — заңгерлердің азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды
мүдделерін сақтауға көмектесу, сот әділдігін іске асыру, заңдылық тәртібін нығайту
мақсатында заңдық көмек көрсету үшін ерікті түрде ұйымдасқан бірлестік.
Адвокатураның міндеттері
Адвокатураның міндеттері:
жеке және заңды тұлғаларға заңдық көмек көрсету, құқықтары мен
заңды мүдделерін сақтауға көмектесу, заңдылықты сақтау және
нығайту, жеке адамдардың құқықтарын қандай да болмасын қол
сұғушылықтан қорғау, заңдылық үшін күресу, сот әділдігіне
жәрдемдесу.
Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары шебер, істі
жақсы біліп, біліктілік танытып, құқығы қорғалғанда ғана толық
көлемде жүзеге асырылады. Бұл жағдайда заңды білу ғана емес,
нормативтік-құқықтық актілерді қолдану тәжірибесін білетін білікті
маман керек. Азаматтар, әдетте, заңнаманың негізгі ережелерімен
ғана таныс. Ал субъективтік құқықтарды қорғау үшін заңды неғұрлым
терең білу және оларды қолдану тәртібін меңгеру қажет. Бұл кәсіби
білімі бар заңгерлер мен адвокаттардың көмегін қажет етеді.
Адвокат
Адвокат — адвокаттық қызмет шегінде кәсіптік негізде заңдық көмек көрсететін, адвокаттар алқасының
мүшесі болып табылатын азамат. Қазақстан Республикасында болашақ адвокаттарға белгілі талаптар
қойылады. Болашақ адвокат Қазақстан Республикасының азаматы, жоғары заңдық білімі, заң мамандығы
бойынша екі жылдан кем емес жұмыс өтілімі болуы міндетті. Адвокаттық қызметпен айналысу үшін біліктілік
емтиханын тапсырып, Әділет министрлігінің лицензиясын алуы керек. Адвокат адвокаттар алқасының мүшесі
болуға міндетті.
Адвокаттардың заңды көмегі
Адвокат азаматтар мен ұйымдардың мүдделерін қорғау үшін заңды әдіс-тәсілдер арқылы мынадай заңгерлік
көмек көрсетеді:
кеңестер, түсініктемелер беру;
талап-арыздарын, шағымдар мен қолдау хаттарын толтыру және құқықтық сипаттағы өзге де құжаттарды
толтыру;
тергеу және алдын ала тергеу кезінде қорғау; қылмыстық істер бойынша сотта жәбірленушілерді, азаматтык,
талапкерлерді және азаматтық жауапкерді ұсынады;
азаматтық істер мен әкімшілік заң бұзушылық істері бойынша соттарда және мемлекеттік органдарда өкілдік
қызмет аткарады;
азаматтарға және ұйымдарға заңнамаға қайшы келмейтін заңгерлік көмек көрсетеді.
Адвокаттың қылмыстық іс жүргізуге қатысуы айыптаушыларды (күдіктілерді) қорғау қызметін жүзеге
асыруға байланысты болады. Әрбір ұсталған, тұтқындалған, айыпталған адамның ұсталган, тұтқындалған
немесе айып тағылван сәттен бастап адвокаттың (қорғаушының) көмегін пайдалану құкығы бар.
Адвокаттың мәртебесі
Қазақстан Республикасындағы адвокат
1. Адвокат - жоғары заң білімі бар, адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия
алған, міндетті түрде адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын және осы
Заңмен регламенттелетін адвокаттық қызмет шеңберінде кәсіптік негізде заң
көмегін көрсететін Қазақстан Республикасының азаматы.
2. Сот тәртібімен әрекетке қабілетсіз не әрекет қабілеті шектеулі деп танылған
не өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адам адвокат бола алмайды.
Заңда белгіленген тәртіппен соттылығы өтелген немесе алынған; қасақана
қылмыс жасағаны үшін ақтамайтын негіздер бойынша қылмыстық
жауапкершіліктен босатылған; теріс себептер бойынша мемлекеттік, әскери
қызметтен, прокуратура органдарынан, өзге де құқық қорғау органдарынан,
соттардан және әділет органдарынан босатылған немесе адвокаттар алқасынан
шығарылған; адвокаттық қызметпен айналысуға лицензиясынан айрылған; осы
Заңның 12-бабының 3-тармағында және 5-тармағының 3), 4) және 5)
тармақшаларында көзделген негіздер бойынша лицензиясының қолданысы
тоқтатылған адам - осындай оқиғалар басталғаннан кейін үш жыл бойы адвокат
бола алмайды.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz